Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazak.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
12.34 Mб
Скачать

Джимми уэйлс

Джимми Донал Уэйлс (ағылшынша Jimmy Donal Wales) сол сияқты Джимбо (ағылшынша Jimbo) ретінде танымал. (АҚШ, Алабама, Хантсвилл, 1966 жыл, 7 тамыз) Джимми – американдық ғаламтор-кәсіпкері, уики концепциясының идеологы, Уикипедия негізін қалаушы, Уикимедия Қорының төрағасы (2003-2006). Бүгінгі күнде (2011 жаз айлары) Уикимедия Қорының құрметті төрағасы, Wikia, Inc. компанияларының директоры.

Өмірбаяны

Ө зінің сұхбаттарының бірінде Уэйлс, анасының айтуы бойынша, 1966 жылдың 7 тамызында дүниеге келген екен, алайда ресми туылу мерзімі 8 тамыз болып жарияланған. Джимми Уэйлс (әкесі) азық-түлік дүкенінде менеджер болып жұмыс жасады. Оның анасы Дорис пен әжесі Эрма Мария Монтессоридің әдісі негізіндегі оқыту жүйесін қолданатын «House of Learning» атты (оқу үйі) кішкене жеке меншік мектепке иелік етті. Міне, осы мектепте Джимми Уэйлс үлкен білім жолындағы қадамын аттады. Сонымен қатар, оның туысқандары нағыз педагогтар болған. Олар Уэйлстің дамуын мектеп бағдарламасымен шектеп қалған жоқ. Ал білімге құштарлық Джиммиде ерте кезден-ақ бастап танылды. Ол ерте оқып үйренді және ең бастысы өз бетінше керекті ақпараттарды тауып және пайдаланды. Оның бірінші оқыған кітабы «Бауырсақ» немесе «Қызыл телпек» емес, ол World Book Encyclopaedia (www.worldbook.com) болған еді. Джимми Уэйлске бәрінен бұрын энциклопедияны оқу ұнайтын.

Сегізінші сыныпты бітіргеннен кейін, Джимми Рэндольфтің арнаулы мектебіне ауысты. Бұл оқу орны информатика саласын өте жоғары деңгейде оқытты. Осы оқу орнында Уэйлс орта білім алды. Орта білім алғаннан кейін, Оберн қаласындағы университеттің бакалавриатына түсті, ал осыдан кейін ол Алабама штатының Монтгореми Университетіне түсті. Оны бітіргенде экономика және финанс магистрі дипломын алды. Оның арманы экономика ғылымдарының кандидаты деген ғылыми атақ алу (PhD in finance) болатын. Сол үшін ол аспирантураға ауысты және де Албам мен Индиана университеттерінде сынақ мерзімін өтеуші – ұстаз болып тәжірибе алды.

Алайда, ғылыми атақ туралы арманы орындалмады. Отбасының қаржылық мүмкіндігі оқуды жалғастыруға жетпеді, сондықтан да Уэйлс өмір сүруге қажетті қаражатты өзі тапты. Диссертация жазуды бастамай-ақ 1994 жылы Уэйлс Чикагоға көшіп барды, онда 2000 жылға дейін құнды қағаздарды саудалады және жеткілікті дәрежедегі үлкен табысқа қол жеткізе отырып, Chicago Options Associates компаниясында қызмет етті.

Дәулетті адам болғаннан кейін, Уэйлс ақша табуды екінші жоспарға ысырып қойып, өзіне қызықты нәрсемен айналысты. Оны Интернет қызықтырды, ол онлайнның бастамасымен айналыса бастады. 1996 жылы Уэйлс әр түрлі заттарды сататын Romis іздеу порталының негізін салды. Осыдан кейін жоба өте табысты болды ма, әлде сауда жалықтырып жіберді ме, Джимми Уэйлстің өзінің еңбегіне деген ынтасы тез жоғалды. Оған тағы да жаңа нәрсе қажет болды. Сөйтіп ол технологияның сұрақтарына және Интернеттің ғаламдық торын ұйымдастыруға терең батып, ақыры электрондық энциклопедия құруды жоспарлады.

Уэйлс өзінің ойын жалғыз іске асыра алмас еді. 2000 жылдың басында Интернетке ынталы философияның докторы Ларри Сэнгермен танысты. Сэнгер Уэйлстің ұсынған жаңа энциклопедия жасайық деген ұсынысына ризашылықпен жауап берді. Сол жылы көктемде 2000 жылдың наурыз айында «Нупедия» еркін энциклопедиясы жарыққа шықты. Оның бас редакторы болып Сэнгер тағайындалды. Джимми мен Ларри көптеген атақты оқымыстыларға жобаға қатысыңыздар деген хаттар жіберді. Олардың көпшілігі ризашылықтарын білдірді. Әртүрлі ғалымдардың өз еркімен «Нупедияға» мақалаларын жазғандығы және олардың материалдары экспортпен бағаланды.

Дегенмен ортақ проектінің өсуі ауыр және баяу алға өрледі. Жарыққа шығатын материалдың сапасы керемет болғанмен, дайындалатын уақыты өте баяу болуы қатты кедергісін тигізді. Мақала жазудың бастапқы әдісі «Нупедияның» барлық артықшылығын жоққа шығарды. Бұл мәселені кездейсоқтық шешті. Досы Бен Ковицпен тамақтанып отырып, Ларри одан «вики» (wiki) технологиясын естіді. Осы әдіс арқылы пайданушылар өз бетімен сайттың мазмұнын редакциялай алады. Сэнгер бұл технологияны пайдалану энциклопедияны құтқару деп ойлады. Ол Уэйлспен өзінің идеясын бөлісті, ал ол оны қуанышпен қабылдады. «Вики» арқылы «Нупедияның» алдында басқы есіктер ашылды.

Енгізілген жаңа әдістер өзін ақтады: адамзатқа қажетті материалдар, әр түрлі жаңалықтар тәрізді түрлі материалдар қосылды. Сонымен қатар, мақалаларды түзету, ақпараттың жеделдігі мен нақтылығын қамтамасыз ету және басқа да техникалық сұрақтарды жаңа деңгейге көтерді.

«Нупедия» кескінін өте тез өзгерте бастады. Джимми Уэйлстің ұсынысы бойынша «Нупедияның» базасында жаңа энциклопедия құрылды. 2001 жылдың 15 қаңтар энциклопедияның ресми туған күні деп айтуға болады. Уэйлс және Сенгер жаңа энциклопедияны іске қосты. Осы энциклопедия «вики» технологиясында құрылған. Тез арада Википедия «Нупедияның» жалғасы емес екенін, керісінше оның қарама-қарсы екені байқалды. Эксперттер өздерінің мақалаларына күнде жаңа түзетулер енгізілгенін байқады. Бірақ та оның сапасын ешкім қадағаламады. Барлық тұтынушылар өзара тең болды. Мақалалардың мазмұнына байланысты пікір таласта қозғалып отырған пәнді жақсы білетіндер емес, керісінше өз көзқарасын қаттырақ қорғаған адам немесе агрессивті болған адам жеңіп отырған.

Википедияның атағының өсе бастауымен бірге оны құрған адамдар арасында келіспеушіліктер пайда болды. Уэйлс Википедияның басшылығын өз қолына ала бастады, ал Сингер болса екеуінің жағдайы бірдей деп ойлап, Уэйлстің іс-әрекеттерін көп сынай бастады. Осы бақталастықтың қаншаға созылатыны белгісіз еді. Егер де өзінің бір сөз сөйлеуінде энциклопедияны «вики» механизімінде құруға көмектескен досы Сингер емес, Джереми Розенвельд деп айтты. Бұндай соққыға шыдай алмаған Ларри сол мезетте жұмыстан шығуға өтініш білдірді. Сонымен қатар, ол өзінің өтінішін жекеменшік сайтында жариялады. Кешірек, 2004 жылы Сингер мақала жазды. Осы мақалада, оның пікірі бойынша, энциклопедияда көңіл бөлерлік проблемалар бар деп жария етті. Оның айтуы бойынша зиянкес авторлардың кесірінен тұтынушы адамдар арасында жағымсыз ойлар енген. Ал осының ең басты себебі – энциклопедия басшыларының эксперттердің профессионалдығын сыйламағандық. Әрине, осы мақала интернет-қауымында үлкен толқулар туғызды және ақпараттық құрылымдарда көрсетілді.

Ал Уэйлс ше? Сэнгердің кетуінен кейін, Википедияның жалғыз басшысы болып қалды. Ол Википедияны өзінің жоспарлаған бағыты бойынша дамытуын жалғастырды. 2003 жылдың ортасында коммерциялық емес Wikimedia Foundati мекемесін құрды. Ол болса, Википедия мен оған туыстық құрылымдарды қолдауды жүзеге асырды. Бір жылдан кейін, Уэйлс Викиге байланысты проектілерді құру арқылы, жарты миллион доллар пайда тапқанын жария етті. Кейін Wikiа атты коммерциялық компания құрылды. Оның мақсаты «вики сайттарды» басқару болды. 2005 жылдың соңында Уэйлс Socialtext компаниясының атқарушы комитетінің құрамына енді. Ол болса, қазірге дейін Wiki технологиясын басқа мекемелерге жүргізіп тұрады.

Википедияның үлкен танымалдығына қарамастан бір сұрақ туындайды: ондағы ақпараттардың дәлдігі күмән тудыра ма? Егер логикаға сенетін болсақ, жоқ деуімізге болады, себебі онда кез келген адам яғни, бес жастағы баладан қарияға дейін, өз материалдарын қалдыра алады.

Бір қызық жайт бар: бірнеше жылдар бұрын «Nature» журналы өзінің зерттеулерін жарыққа шығарды. Оның мақсаты: Википедиядағы ақпараттарды әлемге мәлім Encyclopaedia Britannica ақпараттарымен салыстырды. Осы зерттеудің қорытындысы бойынша, екі энциклопедия өзара тең дәрежеде екені анықталды. Бар жоғы көңілге аларлық сегіз қате табылды (екі жағы төрт-төрттен) және Википедияның 162 кішкене қателіктеріне – Encyclopaedia Britannica – 123 кішкене қатесі табылды. Сондықтан да бұл мәселе – әлі ашық.

Бір затты мойындамасқа болмас: егер сізге қысқа уақыт аралығында белгілі бір ақпарат қажет болса, сіз әлемге танымал Википедия энциклопедиясын қолдана аласыз.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Джимми Уэйлс туралы не білесіз?

  2. Уэйлстің өмірі туралы баяндаңыз.

  3. Джимми Уэйлстің білім жолы туралы не білдіңіз?

  4. Джимми үлкен табысқа қалай қол жеткізді?

  5. «Нупедия» еркін энциклопедиясы жарыққа қалай шықты?

  6. Википедия қалай жұмыс істейді?

  7. Сіз өзіңіз Википедия сайтын қолданасыз ба? Қолдансаңыз қандай мақсатта?

  8. Сайт туралы өз ойыңызды айтыңыз.

  9. Қазақстанда қандай сайт ашу қажет деп ойлайсыз?

  10. Джимми Уэйлс және Википедия туралы қосымша материалдар қарастырыңыздар.

  11. Қызықты тапсырма. Сізге белгісіз компания сайт ашуға оны жетілдіруге қомақты қаражат бөлді. Сіз қандай сайт ашар едіңіз? Кіммен және қалай жұмыс істейсіз. (Үйден жоспарларыңызды дайындап келіңіздер)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]