Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazak.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
12.34 Mб
Скачать

Қазақстандағы жағдайы

Қазіргі таңда, Facebook-тің қазақ тілді нұсқасы әзірше жоқ.

2011 жылдың қараша айына дейінгі көрсеткіш бойынша, SocialBakers атты facebook әлеуметтік желісіне сараптама жасайтын ұйымның хабарлауынша (http://www.socialbakers.com/facebook-statistics/kazakhstan (ағыл.) Қазақстан facebook әлеуметтік желісін қолданатын елдердің ішінде 100-орынға көтерілді. Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда 340 660 адам аталған әлеуметтік желінің қызметін қолданады.

2011 жылдың 6 айында 51 480 қазақстандық facebook әлеуметтік желісіне қосылған. Әлеуметтік желіні Қазақстанда ер адамдарға қарағанда (47%) әйелдер (53%) көбірек қолданады.

Қазіргі кезде Facebook-ке тіркелгенде Mail.Ru-дан достарыңды шақыру қызметі қосылған. Осы қызмет Facebook-те қазақстандық интернет қолданушылар көбеюіне септігін тигізіп отыр. Қазақстанда 18-24 жас аралығындағы азаматтар facebook желісін қолданатындардың ең үлкен тобын құрайды. Қазақстан Орталық Азия елдері ішінде бірінші орынды алып отыр. Соңғы айларда facebook қолданушылар санының көбеюін Mail.Ru акцияларының Лондон Қор биржасында сатылуымен байланыстырушылар бар. Facebook иелері ресейлік ақпараттық-ойын сауықтық порталдың минориталды акциясын сатып алған.

Facebook-тен қазақстандықтар Алматы әуежайын және қонақ үйді көп қарастырса, Kcell компаниясының атауының құны жоғары болып тұр.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Facebook компаниясы туралы не білесіз?

  2. Facebook компаниясының Қазақстандағы жағдайы қандай?

  3. Мәтіннен тірек сөздерді теріп жазыңыз.

  4. Марк Цукерберг пен Facebook компаниясы туралы қосымша материал

қарастырыңыздар.

  1. Ойын. Сіз «Facebook» компьютерлік фирмасының басшысысыз. Болашақта

шетелдік бір фирмамен (Apple) бірігіп, қызмет жасағыңыз келеді. Қазақстандағы сол елдің сауда өкілеттігіне телефон шалып, ұсынысыңызды хабарлайсыз. Жұп болып жұмыс істеңіздер.

Тірек сөздер: а) басшы, қызмет, ақпараттық жүйелер, бағыт, ұсыныс.

ә) хабарлау, соғу, қосу, айналысу, талдау, қабылдау. .

Мұны да біліп алыңыздар

Компьютерді саусақпен басқару

Американдық ғалымдар компьютерді дене қимылдарымен басқару технологиясын ойлап тапты. Хай-тек технологияларымен айналысатын "Leap Motion" компаниясы Leap 3D деп аталатын құрылғыны қалың жұртқа жария қылды. Бұл құрылғының құрамына бәрімізге белгілі USB портымен қосылатын қабылдағыш пен камера кіреді. Сондай-ақ, бірнеше датчиктер де қарастырылған.

Бұл техникалық жабдықтар көлемі 4 шаршы метр болатын үш өлшемді кеңістікті тудырады. Бұл кеңістіктегі сенсорлар қол саусақтары мен басқа да кішкентай өлшемді заттардың қалпын онлайн тәртіпте бақылайды. Технологияның бір артықшылығы - контроллердің "сезімталдылығында". Контроллер кеңістіктегі заттың не болмаса, саусақтың орналасып тұрған жерін жоғары дәлдікпен анықтап алып, оны компьютер түсінетін сигналдарға түрлендіреді. Бұл технологияның көмегімен компьютер адамның кез келген қимылын анықтай алады.

Құрылғыны өз алдыңызға орналастырып алып, сіз веб-парақшаларды ауыстыра аласыз, ойын ойнап, сурет салу мүмкіндігіне ие бола аласыз. Сондай-ақ сізде 3D жобалармен жұмыс істеу мүмкіндігі болады. Желідегі таратылып жатқан сыбыстарға сенетін болсақ, бұл құрылғы Windows 7, 8 бен Mac OS X операционды жүйелермен жұмыс істеуді қолдайтын болады. Техно гаджеттің сатылымы осы жылдың желтоқсан не болмаса, келер жылдың қаңтар айына жоспарланған.

Бұл орайда бір айта кететін жайт бар. "Leap 3D" гаджеті "Microsoft Kinect" контроллеріне айтарлықтай бәсеке көрсете алады. "Майкрософттың" құрылғысына қарағанда, "Leap 3D" жоғары дәлдікпен және арзан бағасымен көзге түсіп отыр. Компанияның ресми сайтында құрылғының бағасы 70 доллар шамасында болса, Xbox ойын приставкасына арналған Kinect 150 доллар тұрады. Компьтерге арналған Kinect-ті 250 АҚШ долларына сатып ала аласыз.

Тұрақты тіркестер

БОС, БОЛБЫР АДАМ САРАҢ

Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсу Аузын қу шөппен сүрту

Бос белбеу Қолы қатты

Сүйегі жасық Қолы тар

Тірі өлік Шық бермес Шығайбай

ҰҚСАС ҰҚСАМАУ

Аузынан түсіп қалғандай Жер мен көктей

Бір судың тамшысындай Үш қайнаса сорпасы қосылмау

Егіздің сыңарындай

Тапсырма: Тұрақты тіркестерді жаттап алыңыздар, мамандықтарыңызға қатыстырып екі сөйлем құраңыздар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]