
- •Ақпарат және информатика
- •Табиғаттағы ақпарат ұғымы. Ақпарттық процестер. Адамның ақпаратты қабылдауы.
- •Ақпараттар әлемі
- •Ақпарат және оны бағалау
- •Есептеуіш техниканың даму тарихы
- •Компьютер
- •Этимология
- •Есептеуіш техниканың даму тарихындағы негізгі белгілер:
- •Үйге тапсырма: Кестені толтыр:
- •Тұрақты тіркестер:
- •Цифрлық немесе аналогтық
- •Екілік, ондық немесе үштік
- •Компьютер бағдарламасы
- •Тұрақты тіркестер:
- •Компьютерлердің қолданылуы
- •Компьютерлерді жүйелеу
- •Есептеу жүйесінің құрамы
- •Тұрақты тіркестер:
- •Дербес компьютер туралы жалпы мәлімет
- •Ұлағатты сөздер
- •Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
- •Жүйелік блок
- •Монитор
- •Пернетақта
- •Мақал-мәтелдер
- •Дербес компьютердің ішкі құрылғылары
- •Процессор
- •Компъютердің жады
- •Қатқыл диск
- •Иілгіш дискілерге арналған дискжетек
- •Жинақы-дискіге арналған дискжетек
- •Бейнекарта
- •Мақал-мәтелдер
- •Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары
- •Енгізу құрылғылары
- •Графиктік мәліметтерді енгізуге арналған құрылғылар
- •Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары
- •Мәліметтерді сақтау құрылғылары
- •Иілгіш дискілер. (дискеттер, флоппи дискілер)
- •Мәліметтермен алмасу құрылғысы
- •Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері
- •Негізгі функциялары
- •Негізгі ұғымдары
- •Windows-тың обьектілері.
- •Windows-тың басқару элементтері.
- •Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері
- •Тұрақты тіркестер:
- •(Ехсел бағдарламасы)
- •Жұмыс кітабы
- •Мәліметтерді өңдеу
- •Мақал-мәтелдер:
- •Компьютерлік вирус
- •Алғаш зерттелуі
- •Компьютерлік вирустардың жіктелуі (топтарға бөлінуі)
- •Мақал-мәтелдер:
- •Интернет
- •Интернет туралы
- •Интернет желісінің тарихы
- •Интернеттің жетістіктері
- •Электронды пошта
- •Мемлекеттік қызметкерлерге арналған электрондық пошта енгізіледі
- •Мақал-мәтелдер
- •Информатикаға үлес қосқан ғалымдар өмірбаянынан августа ада лавлейс (lovelace augusta ada) (Бірінші программист)
- •Мақал-мәтелдер
- •Чарльз бэббидж
- •Тұрақты тіркестер:
- •Академик сергей алексеевич лебедев
- •Тұрақты тіркестер
- •Блез паскаль (Blaise Pascal) (1623–1662), француз ойшылы, математик және физик.
- •Билл гейтс
- •Билл Гейтс туралы қосымша деректер
- •Ұлағатты сөздер
- •Microsoft компаниясының қызметі
- •Қайырымдылық
- •120 Петабайттық жады құрылғысы
- •Мақал-мәтелдер
- •Алан тьюринг
- •С тив джобс
- •Өмірбаяны
- •Ұлағатты сөздер
- •Компьютердің адам психикасына әсері
- •Марк цукерберг
- •Өмір жолы
- •Ұлағатты сөздер
- •Функциялар
- •Қазақстандағы жағдайы
- •Джимми уэйлс
- •Өмірбаяны
- •Ғалымдардың ой-пікірі
- •Линус бенедикт торвальдс
- •Өмір жолы
- •Қызметі
- •Өмір туралы ғалымдардың ой-пікірлері
- •Құрылу тарихы
- •Google компаниясы
- •Қызметі
- •Логотипі
- •Қалта компьютерлерінің тарихы
- •Тұрақты тіркестер
- •Компания туралы
- •It саласы
- •Жетістікке жеткізбейтін 5 кедергі
- •Компьютерлік боттар
- •Дербес компьютерге байланысты берілетін сұрақтар:
- •Информатикаға үлес қосқан ғалымдарға қатысты берілетін сұрақтар:
- •«Топ көшбасшысы» интеллектуалды ойын сұрақтары:
- •Тест сұрақтары
- •Ақпараттану мен есептеу техникасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі
- •Кәсіби қазақ тілі сабағында қосымша пайдаланатын әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Ұлағатты сөздер
Мен бір күнде болса әрекетсіз өмір сүруді қылмыс деп санаймын.
Н.Л.Островский
Адамның ісі қандай болса, өзі де сондай.
Гегель
Әрбір істі жақсы істеу үшін оны жақсы көру қажет.
М.Горький
Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.
А.Құнанбаев
Мінез-құлық – әркім өзінің кейпін көрсететін айна.
И.Гете
Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық.
Б.Момышұлы
Ата-бабасын сыйламау - азғындықтың белгісі.
А.С.Пушкин
Баланың жақсысы - әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы; жаманы - қайғысы, азап-соры.
В.А.Сухомлинский
Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды.
Ы.Алтынсарин
Ұлым, саған айтам...
Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе. Жүріп келе жатқан адам отырған адамға, атты адам жаяуға, аз адам көпке сәлем беруге тиіс.
Үлкендер мен ғалым адамдар алдында көп сөйлемеуге тырыс.
Үйге кісі келсе орныңнан тұрып жайдары қарсы ал, киімін іл, төрге шығар. Үлкендерден бұрын тамаққа қолыңды салма.
С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»
Тапсырма:
Ұлағатты сөздерді оқыңыздар, мысалдар арқылы дәлелдеп түсіндіруге тырысыңыздар. Үйден өздеріңіз бірнеше ұлағатты сөздер жаттап келіңіздер.
F
acebook–
әлемдегі ең ірі әрі үлкен әлеуметтік
желі, 2004 жылы Марк Цукерберг пен бірге
оның серіктестері Эдуардо Саверинмен,
Дастин Московицпен және Крис Хьюзбен
біріге отырып Facebook-тың негізін қалаған.
Марк Цукерберг 23 жасында өзінің сайтының
арқасында әлемдегі ең жас миллиардер
болды.
Сайттың алғашқы аты TheFacebook деп аталды және оған Гарвард университетiнiң студенттерiне ғана қол жетімді болды, кейінірек Бостон университетінің студенттеріне де жол ашылды, ал содан соң .edu доменіндегі электрондық мекен-жайы бар АҚШ-тың кез-келген оқу орнындағы студенттерде де тіркеле алды. 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап 13 жастан асқан электрондық поштасы бар ғаламтор пайдаланушыларына қол жетімді болды. Қазіргі уақытта (2012 жыл) Facebookтың пайдаланушылары 900 миллионды құрайды, көбісі ұялы құрылымдардың көмегімен кіреді. Facebook-тың 2009 жылғы қаржы айналымы 700 млн АҚШ доллларын құрады.
Функциялар
Facebook-те өзің туралы фотосуреттер мен мәліметтері бар профиль жасауға, достар шақыруға, хат алмасуға, өз мәртебеңді (статусыңды) өзгертуге, өзіңнің және бөгде адамдардың «қабырғаларына» хабарлама жазып кетуге, фотосуреттер мен бейнежазбаларды жүктеуге, қауымдастықтар құруға (мүдделер бойынша бiрлестiк) мүмкiндiк бередi.
2007 жылы Facebook бағдарламашыларға қосымшалар (ойындар, музыканы айырбастау құралдары, фотосуреттермен және тағы басқалар) құрып және бұдан табыс табуды ұсынады. Бұл мүмкiндiктің арқасында сайттың қатысушылары көбейеді. Facebook қолданушыларына өзара әрекеттесе алатын функциялардың жиынтығын ұсынады. Арасындағы өте әйгiлiлері – виртуалды ымдау, фотоальбомдар және таныс қолданушылардың хабарлама тастап кете алатын «қабырға». Қолданушы өз парақшасында жарияланған ақпаратқа қол жеткiзу деңгейін бақылай алады.