Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazak.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
12.34 Mб
Скачать

Ақпарат және оны бағалау

Біз осыған дейін ақпарат деген не, ол қайда кездеседі деген сұрақтардың жауабын бердік. Енді ақпаратты қалай бағалайды, оны өлшеудің тәсілдері бар ма деген сұрақтарға жауап беріп көрелік.

Ақпаратты бағалаудың маңызы өте зор. Оны түсіндіру үшін ақпаратты қолданудың «адам» және «техника» деген екі бағытын қарастырамыз.

Адам үшін ақпарат бір нәрсені хабарлау, мәлімет беруді білдіреді. Олай болса кез келген хабар ақпарат бола ма, соны қарастыралық.

1-мысал, Егер біреу «Күндіз – жарық, түнде – қараңғы» десе, бұл хабар тек бізді таң қалдырмас еді. Себебі ол белгілі нәрсе.

Демек хабар ақпарат болуы үшін ол жаңа, адам үшін белгісіз болуы керек.

2-мысал, «Каузалды схема – әлеуметтік қабылдауда талдау, себептілік принциптерін белгілеу үшін қолданылатын ұғым». Бұл «Каузалды схема» ұғымы әлеуметтік психологиядан алынған. Біз бұл ұғымды бірінші рет кездестірсек те, ол біз үшін ақпарат емес, себебі біз әлеуметтік психологиямен таныс емеспіз және оның терминдерін түсінбейміз.

Демек, хабар ақпарат болуы үшін, ол түсінікті болуы керек.

Сонымен ақпарат алу деген бізге жаңа, түсінікті бір нәрсені білуді, яғни білім алуды білдіреді. Мысалы сіздер күнделікті сабақта ақпарат аласыздар. Себебі оқытушы жаңа тақырыпты сіздердің алдыңғы білімдеріңізге сүйеніп, түсіндіреді.

Адам үшін ақпарат тек нұсқаулар мен фактілер емес, ол бізді қуанышқа бөлейтін, қайғыртатын да нәрсе. Сөйлесу барысында алынған мәліметтің жартысынан көбі әңгімелесушінің дауыс ырғағына, оның бет-әлпетінің құбылуына, қолының қимыл қозғалысына, яғни сөйлесудің жалпы жағдайына байланысты бағаланады.

Сонымен ақпарат толық, обьективті, жаңа, пайдалы әрі нақты болса, ол біз үшін бағалы болады.

Ал ең күрделісі – ақпаратты саны жағынан бағалау мәселесі.

Ақпаратты техникалық жағынан өлшеуге болады. Себебі, ақпараттың қанша мөлшері хабар жіберу жүйесі арқылы өтетінін, алдыңғы ақпарат жадыдан қанша орын алғанын, келесі ақпаратқа жадыдан қанша орын бөлінуі керек екенін анықтап отыру керек.

Техникада ақпаратты мағынасы жағынан бағаламай, оны тек сандық жағынан бағалайды.

Техникада сақталатын, өңделетін немесе жіберілетін таңбалар, символдар тізбегі ақпарат деп саналады. Бұл ретте берілетін ақпарат көлемі нақты хабардағы символдар санын санау арқылы анықталады.

Демек хабардың ақпараттық көлемі деп – хабардың ұзындығын, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылған символдар санын айтады.

Есептеуіш техникада кез келген хабар екілік алфавитте жазылады. Ендеше сандағы сақталатын, берілетін ақпарат көлемі ондағы екілік таңбалар санына тең. Осылай қарастырғанда хабардың ең кіші өлшемі бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Одан үлкен өлшем бірлігі – 1 байт. Ол 8 битке тең.

Сонымен хабардың ақпараттық көлемі бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.

Сонымен бірге мынадай үлкен өлшем бірліктері де қолданылады.

1 байт 8 бит

1 Кбайт (килобайт) = 1024 байт

1 Мбайт (мегабайт) = 1024 Кбайт

1 Гбайт (гигабайт) = 1024 Мбайт

Мектеп білім бұлағы. Қанша символ, қанша байт, қанша бит бар.

Мысалы осы оқулықта 200-дей бет бар, бір бетте 38 жол, ал жолда 68 символ бар делік, егер мұнда сурет жоқ деп есептесек, онда кітапта 200*38*68 = 440800 символ болғаны, яғни 440800 байт немесе 441 Кбайт ақпарат бар.

Ақпаратты өлшеу бірлігі белгілі болғаннан кейін, ол қандай жылдамдықпен берілетінін, яғни бір секундта ақпараттың қандай көлемі берілетінін анықтауға болады. Ақпараттың жылдамдығы

Бит/сек, байт/сек, Кбайт/сек, Мбайт/сек, Гбайт/сек

өлшем бірліктерінің біреуімен өлшенеді.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Алынған хабарды қай кезде ақпарат деп есептеуге болады?

  2. Ақпараттың қандай қасиеттері бар?

  3. Ақпараттың көлемі деп нені айтады?

  4. Ақпарат көлемінің өлшем бірліктері қандай?

  5. Ақпараттың берілу жылдамдығының өлшем бірліктері қандай?

  6. Төмендегі схемадан хабардың ақпарат болатынын емес болмайтынын анықтаңыздар.

Ертең математикадан бақылау жұмысы болады.

Периодтық жүйедегі элементтің номері оның ядросындағы протондардың санына тең.

Әлемдегі ақпарат мөлшері әр он жыл сайын екі есе өсіп отырады.

Жаңа жыл 1 қаңтарда келеді.

Түнде кенет суық түсуі күтіледі.

Үздік оқушылар емтиханнан босатылады.

Шілдеде орташа температура 5-10 градус

Тісті екі рет жуу керек – таңертең және кешке

Пингвиндер Антарктидада өмір сүреді.

Жұма күні сабақтан кейін 7а мен 7в сыныптары арасында футбол ойыны болады.

HGJFGH GHGHFF

TYT

Егер бір жерде біреу жоқ болса, онда біреу бір жерде бар болғаны. Бірақ бұл біреу қайда және ол қайда кіріп кетуі мүмкін.

Кешенді сандардың анықтамасына олармен жүргізілетін операцияларға қатысты келісімдер де кіреді.

Помпей – бұл Италияның ең құнарлы әрі әсем бөлігі, ежелгі Кампанияның көптеген қалаларының бірі.

Ағылшын тіліндегі мәтін

Сөзжұмбақ

Тігінен: Көлденеңнен:

1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. 6. Ақпаратпен жасалатын әрекет.

2. Олармен тіл таңбалары көрсетілетін символдар жиыны. 7. Айналадағы дүние туралы мәліметтер.(орысша)

3. Ақпаратпен жасалатын әрекет. 8. Ол арқылы адам немесе құрылғы ақпарат алатын физикалық процесс.

4. Компьютерді құру кезіндегі жүйе 9. Сегіз разрядты екілік сан.

5. Ақпаратпен жасалатын әрекет 10. Белгілі алфавиттің көмегімен ақпаратты көрсету.

3

2

1

6

7

4

8

9

5

10

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]