Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazak.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
09.01.2020
Размер:
12.34 Mб
Скачать

Тұрақты тіркестер

МАҚТАНШАҚ ҚЫЗҒАНЫШ

Ауызбен орақ ору Көре алмау

Жел өкпе Өзегі өртену

Кеппе кеуде Іші жарыла жаздау

Ісіп-кебу Іші күю

Іш тарлық жасау

ЖАЛҚАУЛЫҚ ПЫСЫҚ

Ай қарап, жұлдыз санау Атқа мінер

Жатып ішер Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеу

Қол қусырып қарап отыру Жүзіктің көзінен өту

Мойны жар бермеу Қолды-аяққа тұрмау

Тұяғы қимылдамау

Шөптің басын сындырмау

Тапсырма: Тұрақты тіркестерді жаттап алыңыздар, мамандықтарыңызға қатыстырып екі сөйлем құраңыздар.

Блез паскаль (Blaise Pascal) (1623–1662), француз ойшылы, математик және физик.

Клермон-Ферранде (Овернь провинциясы) 1623 жылы 19 маусымда дүниеге келген. 1626 жылы анасы қайтыс болады. Әкесі – Этьен, корольдің таңдаулы кеңесшісі, ал кейіннен Клермон палата жиынының екінші президенті болған, бірақ ол бұл жұмыстарын тастап, 1631 жылы Парижге көшіп келген соң өмірін білімге арнайды. Этьен меңгерілуі қиын ғылымды 15-16 жастан бастау керек деп санап, Блезді математика сабағынан көп кешіктіретін. 12 жасар баланың ерекше дарыны назар аудартты, өздігінен жеке сөздік пен ойын бөлмесінде салған схеманы пайдалана отырып, Евклидтің бірінші кітабының – үшбұрыштың бұрыштарының саны екі тік бұрыштың санына тең: 32-ші теоремасын, бірнеше геометриялық шешімге тоқтала отырып – дәлелдеуін жасағысы келген. Осыдан кейін ғана әкесі оған Евклидті оқуға рұқсат беріп және Мерсенде жиналатын ғылыми үйірме отырыстарына қатыстыратын. Ол ерте есейіп өз заманының ірі ғалымдарымен тең дәрежеде ғылыми мәселелерді талқылады «Паскаль теоремасы» деп аталатын тәжірибесін ол 16 жасында жазған.

1639 Этьен «Норманди да қаржы» интенданты болып сайланады, кейінірек балалары да осыған қосылды. Финанстық жұмыс есебін жасаудағы қиындықтарын жеңілдетуге балалары да көмек болды, Блез қосындыны есептейтін, сондай-ақ цифрларды келесі разрядқа көшіре отырып, жалпы соманы есептейтін мүмкіндігі бар машина ойлап тапты. Бірнеше жылда арифметикалық машинаның 50 шақты түрін құрастыра отырып, 1649 жылы – «Паскалево колесо» деп атаған құралы үшін корольдің ілтипатына ие болды. Машинаның аяқталған түрі кішірек жәшікте орналастырылып жұмыс істей бастады.

Паскаль 1647 жылы Парижге оралып, Рене Декартпен кездесті және кеңістікке (Expriences nouvelles touchant le vuide) байланысты жаңа нәтижелерін жария етті. 1647 жылдың соңында ол жездесі Флорен Перьеден, Пюи-де-Дом тауының етегі мен шыңында барометриялық тәжірибе жасап көруді сұрайды. Бұл атақты эксперимент, 1648 жылдың қыркүйегінде жүргізілді, гидродинамика және гидростатика облысына жүйелік ізденіске жол ашып, табиғат кеңістіктен «қорқады» деген ескі көзқарасты жойды.

Паскальдың ең терең ғылыми жұмысы, кеңістік туралы трактат, жарияланбаған; ол дүниеден өткен соң бұл еңбегінің кейбір фрагменті ғана табылған. Болашақ ғылыми прогрестің жарқын қорғаны автономды ғылымға шақырып, философия және ескі экспериментті әдістің құндылығына байланысты бекітіп, бұл жұмысы «адам шексіздікке арналған» деген ойды қамтиды.

Ғылыми ізденіс жылдарында, математиканың абстракты әдісті басты образы деп санап және нағыз рационалист ретінде Паскальді Декарттан ажыратып көрсететін. Паскаль үшін ой-қабілет толығымен фактыға бағынуы керек.

Этьен Паскаль 1651 жылы Жаклинде қайтыс болады.

Арада біраз жыл өткен соң, Паскаль ғылыми ізденіс жұмыстарына қайта кірісті. Бұл аралықтар оның сұйықтықтың тепе-теңдігі туралы Трактат пен ауаның массасы туралы Трактаттарын (Traits de l'quilibre des liqueurs et de la psanteur de la masse de l'air, 1663 ж. жарық көрген) қамтиды. Және де осы уақыттарға арифметикалық үшбұрыш туралы Трактаты (Trait du triangle arithmtique avec quelques autres petits traits sur la mme matire, 1654, шыққан жылы 1665) және басқада шағын шығармалары тиесілі.

1654 жылдары ол өмір мен ғылым жолындағы жұмыстарынан бас тартып, ішкі дүниесінде өзгерістер пайда болып Исус Христосқа табынып бет бұра бастайды. Бұл туралы ол дүниеден өткен соң ғана белгілі болған, кеудешесінің қалтасынан жазбалары табылған.

Паскаль 1662 жылы 19 тамызда Парижде қайтыс болады. Паскальдің басты жұмысы аяқталмай қалды. Оның ой қолжазбасы Парижде ұлттық кітапханада сақталған.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Блез Паскаль туралы не білесіз?

  2. Паскальдың еңбегіне қысқаша тоқталыңыз.

  3. Ғалымның 15 жаста жазған теоремасы туралы не білесіз және ғалым туралы өз пікіріңді айтыңыз.

  4. 1654 жылдары ол өмір мен ғылым жолындағы жұмыстарынан бас тартып, ішкі дүниесінің өзгеруіне не ықпал етті деп ойлайсыз?

  5. Ескі көзқарасты жою, ізденіске жол ашу, терең ғылыми жұмыс деген сөздердің тура мағынасын табыңыз. Мәтіннен осындай ауыспалы мағыналарды теріп жазыңыз.

  6. Ойын. Сіз программиссіз және тікелей эфирде отырсыз. Сізге төмендегідей сұрақ қойылды. Қалай жауап берер едіңіз? «Модельдеуді қалай жасауға болады, тест, калькуляторды қандай программадан құруға болады?» (Ойыңызды жинақтап алып жауап беріңіз)

  7. Бір-біріңізге қою үшін осындай сұрақ жасап келіңіздер.

  8. Блез Паскальдың еңбегі туралы қосымша материалдар қарастырыңыз.

Мұны да біліп алыңыздар:

Позитивті өмір сүр

Үнемі жадырап, жымиып жүретін адамдарға қарап, «Осының өмірінде қиындық болмай ма екен?» деп жатамыз. Кез келген адамның өмірі тұтастай қиындықтан, не тұтастай қуаныштан құралмайтын болғандықтан, әр адамның басында әлдебір ауыртпашылықтың болатыны рас. Бұл жердегі басты мәселе – қиындықты кімнің қалай қабылдайтындығында. Кездескен кедергіге морт сынып қала беретін болсаңыз, бақыт атты бал мекен көзден бұлбұл ұшты дей беріңіз. Бақытты болудың ең алғашқы сатысы – позитивті өмір сүру. Бұл сіздің де қолыңыздан келеді. Біз ұсынып отырған мына кеңестер өміріңізге қуаныштың ұшқынын себеді деген сенімдеміз.

Оптимист болыңыз. Басыңызға түскен кез келген жағдайдың жақсы жағын көруге ұмтылыңыз. Тұра алмастай тұралап жатсаңыз да, «Бәрі жақсы болады әлі» деуден танбаңыз. Басыңызға бұлт неғұрлым қалың болып үйірілсе, сіздің бұлтты серпігеннен кейінгі қуанышыңыз соғұрлым үлкен болмақ. Өмір ақ пен қара жолақты екенін ұмытпаңыз.

"Жанның күлкісі" деген ұғымды қалай түсінесіз? Данагөйлер адам жаны тыныштықта өмір сүріп, өмірдің қуанышын сезінсе, ішкі жан-дүние адам келбетіне әсер етіп, күлкі содан туады дейді. Ал дәрігерлер адамның күлкісі бүкіл ағзамыздың жұмысын жақсарта алады деген пікірде. Психологтар болса, үнемі жымиып, күліп жүретін адам сәттілік сатысына оңай көтеріледі дегенді айтады.

Қанағат етіңіз. Күпірлік қылғанша, шүкіршілік етіңіз. Он екі мүшеңіз сау екеніне, өміріңіздің бірқалыпты ырғақпен болса да, тыныштықта өтіп жатқаны үшін шүкір деңіз. Қанағат қарын тойғызады. Ашкөзділік ешқашан адамды мұратына жеткізбейді. Риза болып, қанағат ету жүрегіңізді қуанышқа толтырады.

Әзіл-қалжың жаттап, оларды орайы келгенде айтып жүріңіз. Кез келген әзілді өміріңізбен байланыстырыңыз. Қатты ашуланғанда да, сол әзілдерді еске түсіріңіз. «Ашуланғанда мына әзілді еске түсірем» деген талпынысыңыздың өзінде күлкі тұрған жоқ па? Әлбетте...

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]