Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazak.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
12.34 Mб
Скачать

Тұрақты тіркестер:

КӨҢІЛДЕНУ РЕНЖУ, РЕНЖІСУ

Бойы сергу Араға от түсу

Бір жасап қалу Жүз көріспеу

Жаны жайлану Көз аларту

Көңілі жай табу Көңілі қалу

Көңілі орнына түсу Қабақ шытысу

Қабағы ашылу Іші мұздау

Көңіліне алу

Тапсырма: Тұрақты тіркестерді жаттап алыңыздар, мамандықтарыңызға қатыстырып екі сөйлем құраңыздар.

Академик сергей алексеевич лебедев

( 2 қараша 1902 ж. – 3 шілде 1974 ж.)

С . А. Лебедев 2 қарашада 1902 жылы Новгородта дүниеге келген. В.Лебедев 1921 жылы МВТУ-ға электротехника факультетіне оқуға қабылданып, аталмыш оқу орнын 1928 жылы инженер-электрик маманы болып тамамдады. Оның жұмыстарының нәтижесін отандық жоғарғы волтты өткізу желілерін эксплутациялауда және электростанция құруда қолданды. Лебедев 1939 жылы «Жасанды энергияның тұрақтылығы» тақырыбында ғылыми диссертациясын қорғады.

1945 жылы Лебедев АН УССР-дың мүшесі болып сайланып, кейіннен АН УССР Электротехника Институтының директоры болып қызмет атқарды. 1947 жылдың соңында бұл институтта сандық электронды есептеу машинасының макеті құрастырыла бастады және 1950 жылы 6 қарашада алғашқы байқау өткізілді. Сынақ барысында машина натурал сандар факториалы мен парабол теңдеулерін шешуді есептеді

Москвада, Лебедев лабораторияда бір мезетте № 1 ИТМ және ВТ - «жылдам электронды есептеу машинасын» құрастыру барысында жұмыс жасады. Лебедевтің бұл жобасы 1953 жылы сәуірде нәтижелі аяқталды.

1953 жылы маусымда Лебедев ИТМ және ВТ-ның директоры болып тағайындалды. ИТМ және ВТ 1975 жылдан бастап Лебедев есімімен аталады. 1953 жылы 23 қазанда Лебедев СССР ғылым Академиясының, физика-математика ғылымдары Бөлімінің мүшесі болып сайланды. Ол «санау құрылғылары» мамандығы бойынша бірінші академик. Сандық Электронды Есептеу Машинасын құрастырғаны үшін Лебедев 1954 жылы Ленин орденімен марапатталған. 1955 жылы қазанда Дармштадта (ФРГ) өткізілген Халықаралық конференцияда, электронды есептеу машинасы бойынша шет елдік мамандармен Лебедевтің ЖЭЕМ-ы жайлы баяндама оқылды. Бұл баяндаманың ашқан жаңалығы: Леведевтің «Жылдам Электронды Есептеу Машинасын» Европадағы ең үздік ЭЕМ деп танығаны болды.

«Жылдам Электронды Есептеу Машинасы» жетістігінен кейін, Лебедев әлемдегі ең жылдам болуы керек деп ойлаған, жаңа ЭЕМ М-20 архитектурасы мен жүйесін жобалай бастады. Бұл ЭЕМ мен жұмыс жасау бойынша көптеген оқулықтар жазылды, ВУЗ бағдарламаларына М-20-ны меңгерту бойынша курстар қосылды және бағдарламалау оқытылды.

Лебедевтің әмбебап ЭЕМ жасаудағы отандық, әлемге танымал болған ЖЭСМ-6 ЭЕМ (1967 ж.) еңбегінің шыңы болып табылады. Оның еңбектерінің нәтижесінде кейіннен бірнеше ЭЕМ құрастырылған.

С. А. Лебедев 1974 жылы 3 шілдеде дүниеден өтті. Сөйтіп ол кейін шыққан жаңа машиналармен, МВК Эльбрус 2 есептеу құралын көре алмады.

Басқа да маңызды қорытынды болған, көпмашиналық ақпараттық-есептеу комплексі шынайы уақыт АС-6 ғарыштық ұшу аппараттарын басқару орталығында кеңінен қолданылды.

С. А. Лебедев өмірінің соңына дейін ғылыми кадрлар даярлады, жеке үлгісімен жастарды тәрбиеледі. Ол, МФТИ-дың ЭВМ кафедрасын басқарды, дәрістер оқыды, көптеген дипломдық ғылыми жұмыстар мен аспиранттардың жетекшісі болды. Жиырма жыл ішінде оның басқаруымен 15 жоғары өнімдегі ЭЕМ жасалды.

МЭСМ, БЭСМ, М-20 машиналарын жасап шығаруды эксплуатациялаудағы жобалау процесінде, бас конструктор, инженер ретінде атсалысып, егер қажет болған жағдайда тіптен техник-монтажник қызметтерін шебер атқарған. Кейіннен, жан-жақты шыңдалған мамандар даярланғанда, Лебедев ЭВМ-нің құрылымы мен параметрлері жобасында өз жұмысының маңызды бөлігін сеніп тапсырып, өзіне ең күрделі теориямен шешілетін, жаңа ой қозғауды талап ететін бөлімін қалдыратын.

1996 жылы С.А.Лебедевке бірінші кеңестік ЭЕМ авторы ретінде «Компьютер құрастырушы пионер» атағы берілді.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. С. А. Лебедевтің өмірі туралы айтыңыз.

  2. С.А. Лебедевтің алғаш жасаған жобасы қандай?

  3. С.А. Лебедевтің информатиткаға қосқан үлесі туралы әңгімелеңіз.

  4. С.А. Лебедев өз еліне еңбегін сіңіре алды ма, қай деңгейде деп ойлайсыз?

  5. Мәтіннен қысқарған сөздерді теріп жазып, мағынасын қарастырыңыздар және күрделі зат есімдерді дәптерлеріңізге жазыңыздар.

  6. Ойын. Сіз программиссіз және тікелей эфирде отырсыз. Сізге төмендегідей сұрақ қойылды. Қалай жауап берер едіңіз? «Мен _________. Ұнаған пәнімнен жасаған шығармашылық жұмысымды қай программадан анимация түрінде көрсетуге болады?» (Ойланып алып, жауап беріңіз.)

  7. Үйден осындай бірнеше сұрақтар жасап келіңіз.

Мұны да біліп алыңыздар:

Сәттіліктің сыры неде, жақсы өмір сүру үшін қандай болуымыз керек?

Мінез табиғаттан беріледі десек те, көбі адамның өзіне де байланысты. Сәттілік шыңына қонақтап, бедерлі белестерді бағындыратын адамдарда қандай қасиеттер болуы керек?

1. Сәттілікке ұмтылатын адам үнемі мүмкіндік іздейді. Мысалы, ақша жетпей жатса, оның көзін іздеп, тапқанша тыным таппайды. Білімінің, қабілет-қарымының аздығына қарамастан, жалқаулығын жеңіп, тырбана береді. Темірдей төзімді, еңбекқор болады. Әлбетте, "1 пайыз талант, 99 пайыз еңбек" деген сөз дәлелденгелі қашан?..

2. Жағдайының бұдан да жақсы болғанын қалайды. Яғни, бір орында тоқырап қалмай, алға ұмтыла береді. Сүрінсе де, орнынан қайтып тұрады. Адамзатқа әйгілі адамдар тағдырында қиындық, дағдарыс дегендер аз болмаған.

3. Сәттілікке ұмтылатын адам өз-өзіне күш-қуат беріп, өз-өзін ынталандырып отырады.

4. Тәуекел түбі - жел қайық. Сәттілікке жететіндер басын бәйгеге тігуге әзір. Көбіне үлкен шаруаларды былай қойғанда, күнделікті күйбең тірлікте әлдебір шешім қабылдау үшін тәуекелге бара алмай жатамыз. Соның кесірінен көбіне таяқ та жейміз. Дегенмен, он ойланып, тоқсан толғанған соң, тәуекелге барған жөн...

5. Армандай білу. Таңғалатын шығарсыз, бірақ армансыз адам да болады. Ал бұл адамның кемел өмір сүруінің ең басты қасіреті. Армандай алмау... Ал сәттілікке ұмтылатын адам армандай біледі. Өмірден не нәрсені қалайтыны өзіне анық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]