Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazak.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
09.01.2020
Размер:
12.34 Mб
Скачать

Мақал-мәтелдер

  1. Екі жақсы қосылса, Ай мен күндей жарасар.

Екі жаман қосылса, Ырылдасып таласар.

  1. Үйдің жылы-суығын қыс түскенде білерсің,

Кімнің жақын-алысын іс түскенде білерсің.

  1. Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені,

Жақындықтың белгісі көп кешікпей келгені.

  1. Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.

  2. Ойнап сөйлесең де ойлап сөйле.

  3. Қайтып келер есікті қатты серіппе.

  4. Кекшіл болма, көпшіл бол.

  5. Жақсы кісінің ашуы, Жібек орамал кепкенше.

  6. Жарлы болсаң да арлы бол.

  7. Өтірік айтып жағынғанша, Шыныңды айтып жалын.

Тапсырма: Мақалдарың мағыналарын түсіндіріңіздер және өздеріңізге ұнаған бесеуін жаттап алыңыздар. Мақал бойынша екі сөйлем құрастырыңыздар.

Чарльз бэббидж

«Егерде тек қана» сөздері Чарльз Бэббидждің өмірімен байланысты айтылған. Егерде тек қана ол сәлірек әрі қарай жүрген болса, егерде тек қана ол өзінің жобаларында салған таңқаларлық машиналарын жасаған болса. Не болар еді? Бэббидж өмір сүрген жылдарда болған технологиялар оның ойлап тапқан компьютер құрылымын жасауға өте күрделі қиындықтар туғызды. Сондықтан Бэббидж компьютер жасай алмаған. Ол дүниеден өткен соң әлем үшін компьютердің пайда болуын 70 жылдай уақыт күтуге тура келді. Компьютер тарихында өшпес аты қалды, себебі ол құрған компьютер схемасы мақсатқа жетуге жақын қалған үлгі еді.

Бэббидж дүниеден өткен соң, он жылдан кейін ғана 1871 жылы, XX ғ. 40-шы жылдарда компьютер тарихының ашылуы оның ерен еңбегінің нәтижесі екені мойындалды. Бэббидж – XIX ғасырдың айрықша өнертапқыштарының бірі. Ол математик, инженер және ең маңыздысы компьютер құрастырушы.

1822 жылы ол машина жобасын жасады, кей деректерде бірінші автоматты есептеу құралы деп қарастырылды. Он жылдан кейін ғана 1834 жылы, өзінің аналитикалық машинасының құрылымын жасай бастады. Жақсы бір жағдай болғанда, ол бірінші әмбебап компьютер жетістігі болар еді . Факт болатын машина жасалып шықпағандықтан, ол нақты бір сызбалық-сұлба ретінде қалды. Чарльз Бэббидж бірінші болып, жалпы компьютер концепциясын құрушы ретінде танымалдылыққа қол жеткізді. Қазіргі компьютердің құрылымындағы барлық қағида, XIX ғасыр өнертапқышының салған ізі. Бэббидж кез келген математикалық тапсырманы шешуге жоспар құратын. Ең маңыздысы, машинамен программалау жүргізудің бірнеше (басқарудың цикл мен программа арқылы жіберілуі) ерекшелікті қарастыра білуі. Перфокарта, ақпаратты жіберу орталығы, соңғы қорытынды бойынша, компьютерде өз орнын тапты, программа енгізуге қолданылды.

Бэббидж, 26 желтоқсанда 1791 жылы, Лондон қаласының маңындағы қазіргі Саутворк қалашығы орналасқан мекенде дүниеге келген. Кішкентай кезінде ауырып қалатын, өте нәзік, ерекше дарынды ойлау қабілеті бай бала болған. Оған ойыншық берсе, қалай құрастырылғанын көру үшін бөлшектеп тастайтын. Банкир әкесінен берілген қасиет болған шығар, Бэббидж математикаға өте ерте назар аударған. Оның балалық сезімталдығы көрегенділікке жол ашатын.

1810 жылы қазанда Бэббидж Кембридж Тринити — колледжіне оқуға түсіп, математика мен химияны меңгерді. Бэббидждің есептеу қабілеті ұстаздарын ерекше таңқалдыратын. Европада пайда болған жаңа ойларға қарамастан, Кембриджде, 200 жыл бұрын дүниеден өткен Ньютонның Математикасына деген құлшыныс сақталды. Бэббидж және оның достары ойшыл әлем қалыптасуына, қолдарынан келетін бар мүмкіндікті жасауға бір-біріне серт беріп “Аналитикалық қоғам” деп аталатын клуб құрды. Қоғам Англияда алгебра әлеміне жаңа ойлар тудыру арқылы, математиканы игеруге деген құлшынысты оятты.

Ол, 1814 жылы 2 шілдеде Джорджиан Витморға үйленді. 1815-1820 жылдар аралығында Бэббидж математикамен ерекше айналысады. Алгебраны игерді және функциялар теориясы тақырыбында ғылыми мақала жазды. 13 жыл аралығында Бэббиджде 8 бала болса, үшеуі кәмелеттік жасқа толмай дүниеден өткен. Бэббидж еш алаңсыз жаңалық ашу, ізденіс жұмыстарымен айналысуға бос уақыты болу үшін, әйеліне балаларды өзі бағып, тәрбиелеуіне тура келді.

Ол дүние салған соң ұзақ уақыттан кейін дәлелденген, қазіргі таңда қалған еңбегі – облысты есептеу механикасы.

Бірде Бэббидж кешкілік аналитикалық қоғам бөлмесінде ұйқылы-ояу логарифм таблицасына қарап отырғанын көріп, қоғамның бір мүшесі келіп ол нені армандайтынын сұрайды. Бэббидж жоғары қарап, машинамен барлық кестені шешудің мүмкіндік жолын табу –деп жауап береді. Сөйтіп, қажымас еңбегінің нәтижесінде, 1822 жылы навигацияға қажет таблицаларды есептейтін, кішкентай құрылғы – машина жобасын жасайды.

Ойға алған жобаны жасап шығару мақсатында талмай тер төкті, бір сызбаны бірнеше рет сызуға және бір бөлшекті қайта жасауға, жұмысшыларға қиындық туғызған ауыр еңбек етуге тура келді. Жұмыс барысындағы себептермен 1833 жылы бұл машинаны жасау жобасы тоқтап қалды. Оның кішкентай ұлы Чарльз 1827 маусымда, әйелі осы жылдың тамыз айында қайтыс болады. Қалған балаларының күтімін жасауды өз анасына тапсырады. Екінші рет үйленбеген. Соңғы жылдарын шекарадан тыс елде өмір сүрген.

Ол бірінші әйел программалаушы - Августа Ада Лавлейстпен таныс болған.

Оның құрастырған машинасына Лондонның ғылыми музейінде демонстрация жасалып, Бэббидж машинаның жұмыс істеу әрекетін өзі таныстырды.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Чарльз Бэббидж дегеніміз кім, ол туралы не білдіңіз?

  2. Чарльз Бэббидж информатикаға қандай еңбек сіңірді деп ойлайсыз?

  3. Чарльз Бэббидж қазіргі заманда өмірге келсе жетер жетістігі қаншалықты болар еді деп ойлайсыз? (өз ойыңыз)

  4. Мәтіннен синоним болатын бірнеше сөздерді теріп жазып, синонимдік қатар құрыңыз.

  5. Чарльз Бэббиджге байланысты қосымша материалдар қарастырып келіңіз.

Мұны да біліп алыңыздар:

Ең ұлы ұстаз – уақыт. Ұлы ойшылдардың уақыт туралы айтқан қанатты сөздерін оқып, түсініп алыңыздар:

  • Уақыт біреуге ұзақ, біреуге қысқа болып көрінуі мүмкін. Бұл оның қандай іспен, не тірлікпен толтырылғандығына байланысты. Самуил Маршак

  • Көп адам өмір сүру үшін уақытының басым бөлігін жұмыс істеуге жұмсайды. Ал қалған бос уақытта бойындағы стресстен арылуға тырысып күн кешіп жүр. Иоганн Вольфганг Гете

  • Уақыт бізге берілген үлкен сый. Бізді ақылдылыққа, талаптылыққа, жігерлілікке үйрететін басты ұстазымыз - осы. Томас Манн

  • Уақыт жақсы ұстаз. Бірақ бір өкініштісі ол барлық шәкірттерін өлтірмей тынбайды. Гектор Берлиоз

  • Уақыт біздің ойымыздан да жүйрік. Анжелика Миропольцева

  • Дерттердің басты емшісі - уақыт. Аврелий Августин

  • Уақыт күтпейді. Вальтер Скотт

  • Уақыт бір орында тұрған нәрсе. Оның жанынан біз жүгіріп бара жатқандықтан ғана ол жүйіткіп бара жатқандай көрінеді. Пьер Буаст

  • Уақыт ақша секілді нәрсе. Оны пайдасыз жойып, жоқ қылмаңыз. Сонда сізден артық уақытқа бай адам болмайды. Гастон Левис

  • Уақыт бәрін алып кетеді. Бәрінің иесі сол. Публий Вергилий

  • Тарих әрқашан қайталанып отырады. Фрэнсис Бэкон

  • Күндеріміз сондай ұзақ! Жылдарымыз сондай жүйрік! Альфонс Доде

  • Уақыттың қадірін білмейтін адам құрметке лайық емес. Люк де Клапье Вовенарг

  • Уақытты босқа жіберіп алудан артық өкініш жоқ. Иоганн Вольфганг Гете

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]