
- •Ақпарат және информатика
- •Табиғаттағы ақпарат ұғымы. Ақпарттық процестер. Адамның ақпаратты қабылдауы.
- •Ақпараттар әлемі
- •Ақпарат және оны бағалау
- •Есептеуіш техниканың даму тарихы
- •Компьютер
- •Этимология
- •Есептеуіш техниканың даму тарихындағы негізгі белгілер:
- •Үйге тапсырма: Кестені толтыр:
- •Тұрақты тіркестер:
- •Цифрлық немесе аналогтық
- •Екілік, ондық немесе үштік
- •Компьютер бағдарламасы
- •Тұрақты тіркестер:
- •Компьютерлердің қолданылуы
- •Компьютерлерді жүйелеу
- •Есептеу жүйесінің құрамы
- •Тұрақты тіркестер:
- •Дербес компьютер туралы жалпы мәлімет
- •Ұлағатты сөздер
- •Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
- •Жүйелік блок
- •Монитор
- •Пернетақта
- •Мақал-мәтелдер
- •Дербес компьютердің ішкі құрылғылары
- •Процессор
- •Компъютердің жады
- •Қатқыл диск
- •Иілгіш дискілерге арналған дискжетек
- •Жинақы-дискіге арналған дискжетек
- •Бейнекарта
- •Мақал-мәтелдер
- •Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары
- •Енгізу құрылғылары
- •Графиктік мәліметтерді енгізуге арналған құрылғылар
- •Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары
- •Мәліметтерді сақтау құрылғылары
- •Иілгіш дискілер. (дискеттер, флоппи дискілер)
- •Мәліметтермен алмасу құрылғысы
- •Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері
- •Негізгі функциялары
- •Негізгі ұғымдары
- •Windows-тың обьектілері.
- •Windows-тың басқару элементтері.
- •Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері
- •Тұрақты тіркестер:
- •(Ехсел бағдарламасы)
- •Жұмыс кітабы
- •Мәліметтерді өңдеу
- •Мақал-мәтелдер:
- •Компьютерлік вирус
- •Алғаш зерттелуі
- •Компьютерлік вирустардың жіктелуі (топтарға бөлінуі)
- •Мақал-мәтелдер:
- •Интернет
- •Интернет туралы
- •Интернет желісінің тарихы
- •Интернеттің жетістіктері
- •Электронды пошта
- •Мемлекеттік қызметкерлерге арналған электрондық пошта енгізіледі
- •Мақал-мәтелдер
- •Информатикаға үлес қосқан ғалымдар өмірбаянынан августа ада лавлейс (lovelace augusta ada) (Бірінші программист)
- •Мақал-мәтелдер
- •Чарльз бэббидж
- •Тұрақты тіркестер:
- •Академик сергей алексеевич лебедев
- •Тұрақты тіркестер
- •Блез паскаль (Blaise Pascal) (1623–1662), француз ойшылы, математик және физик.
- •Билл гейтс
- •Билл Гейтс туралы қосымша деректер
- •Ұлағатты сөздер
- •Microsoft компаниясының қызметі
- •Қайырымдылық
- •120 Петабайттық жады құрылғысы
- •Мақал-мәтелдер
- •Алан тьюринг
- •С тив джобс
- •Өмірбаяны
- •Ұлағатты сөздер
- •Компьютердің адам психикасына әсері
- •Марк цукерберг
- •Өмір жолы
- •Ұлағатты сөздер
- •Функциялар
- •Қазақстандағы жағдайы
- •Джимми уэйлс
- •Өмірбаяны
- •Ғалымдардың ой-пікірі
- •Линус бенедикт торвальдс
- •Өмір жолы
- •Қызметі
- •Өмір туралы ғалымдардың ой-пікірлері
- •Құрылу тарихы
- •Google компаниясы
- •Қызметі
- •Логотипі
- •Қалта компьютерлерінің тарихы
- •Тұрақты тіркестер
- •Компания туралы
- •It саласы
- •Жетістікке жеткізбейтін 5 кедергі
- •Компьютерлік боттар
- •Дербес компьютерге байланысты берілетін сұрақтар:
- •Информатикаға үлес қосқан ғалымдарға қатысты берілетін сұрақтар:
- •«Топ көшбасшысы» интеллектуалды ойын сұрақтары:
- •Тест сұрақтары
- •Ақпараттану мен есептеу техникасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі
- •Кәсіби қазақ тілі сабағында қосымша пайдаланатын әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Электронды пошта
Электронды пошта (ағылш. Email, e-mail яғни electronic mail) – технология және оның қайта сілтеу бойынша ұсынылған қызметтері және компьютерлік желінің үлестірілуі бойынша алынған электрондық хабарламалар (соның ішінде ғаламдық). Хабарлама жіберудің басқа жүйелерден айырмашылығы (мысалы, жылдам келетін хабарламалар қызметі) кейінге қалдырылмай жеткізу мүмкіндігі және дамыған жүйемен тәуелсіз пошталық сервер арасындағы қарым-қатынастар болып табылады.
Электронды пошта немесе e-mail – Интернеттің недәуір жиі қолданылатын мүмкіндіктерінің бірі. Күн сайын дүниежүзі бойынша миллиондаған хабарламалар жөнелтіліп, қабылдап алынып жатады. Интернетке қол жеткізу мүмкіндігі бар кез келген адам e-mail деген атпен белгілі хабарламаларды жөнелтіп, қабылдай алады.
Төмендегі суретте электронды хабарламаның жалпы көрінісі келтірілген.
Электронды пошта қалай жұмыс істейді? Электронды пошта жұмысы кәдімгі поштаға өте ұқсас. Онда да жеткізу қызметі, пошта жәшіктері, мекенжайлар мен хаттар бар. Электронды хат санаулы секундтар ішінде жеткізіледі.
Электронды хабарламаларды жіберіп, қабылдай алу үшін сізге Электронды поштамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалық жабдықтар қажет. Ол не бүкіләлемдік торап құрамына кіреді, не сіздің компьютеріңіздегі бөлек бағдарлама болып табылады, мысалы, Microsoft Outlook. Бағдарламалық жабдықтың екі түрі де бірдей жұмыс істейді және мынадай қадамдарды көздейді:
· Сіз хат жазасыз.
· Жөнелту батырмасын шертесіз. Сіздің бағдарламаңыз хабарламаны сандық пішімге ауыстырады.
· Сандық хабарлама Интернет арқылы пошталық серверге жетеді.
· Пошталық сервер қабылданған поштаны жинап, сұрыптайды да, жекелеген адресаттарға жібереді.
Электронды хаттарды жөнелтіп, қабылдап ала алу үшін Сізге электронды пошта мекен жайы (электронды поштаның тіркеулік жазбасы) қажет. Электронды хаттарды тегін жөнелтіп, қабылдай алу үшін электронды поштаның тіркеулік жазбасын жасауға мүмкіндік беретін веб-сайттар қызметіне жүгінуге болады: http://mail.kz, http://mail.ru, http://hotmail және т.б.
Электронды поштаның әрбір тіркеулік жазбасы үшін Сіз бірегей пайдаланушы аты мен құпия сөз аласыз, бұлар Сізге электронды поштаны әр тексерген сайын қажет болып отырады. Сізге біреу электрондық хат жіберсе, ол Сіздің бірегей пошта мекен жайыңыз арқылы тек Сізге ғана жетеді.
Тірек сөздер: электронды пошта, ақпарат алу, тез, жылдам жеткізу, бірден жіберу, уақыт үнемдеу, қолайлы, тиімді, е-поштаны тіркеу, тегін ашу, жасырын нөмір, поштамен ақпарат жіберу, хатты алғаны туралы мәлімет алу, пошта арқылы достасу, 10 Мб-дейін ақпарат қабылдау немесе жіберу.
Төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты толықтырыңыз.
1. e-mail дегеніміз не?
2. Электронды пошта қандай хабарламаларды жеткізуге мүмкіндік береді?
3. Электронды пошта қалай жұмыс істейді?
4. Қандай пошта серверлерін білесіз?
5. Outlook Express бағдарламасы қандай қызмет атқарады?
6. Өз пошта жәшігіңізді қалай жасауға болады?
7. Электронды пошта абонентінің пошта жәшігі деген не?
8. Internet желісінің электронды пошта жәшігіне қалай кіруге болады?
9. Электронды хаттарды жазу кезіндегі қандай сыпайылық ережелерін білесіз?
10. Электронды поштаны жөнелткеннен кейін Сіздің хатыңыз қайда сақталады?
11. «Интернеттің пайдасы мен зияны» тақырыбына мақала жазыңыз.
Мәтінді оқыңыздар:
Электронды пошта тарихы 1965 жылдан басталады. Массачусет технологиялық институтының қызметкерлері Ноэль Моррис пен Том Ван Влек CTSS операциялық жүйеге негізделген MAIL бағдарламасын ойлап тапты. Бұл бағдарлама IBM 7090/7094 компьютеріне орнатылған болатын. .Ең басында қарапайым ғана қызмет атқаратын бұл бағдарлама қазір үлкен қолданысқа ие болды. Е-поштаның қызметін көптеген адамдар қолданады. Е-пошта арқылы тез ақпарат алуға болады. Достарыңмен де байланысқа жылдам шыға аласың. Олардың фотосуреттерін де көре аласың. Мереке кезінде сыйлықтар да жібере аласың. Е-поштамен жұмыс істеген тиімді.
Тапсырма:
Досыңыз е-поштасына өзінің жаңа фото суреттерін салыпты. Суретті сын есімдерді қатыстыра отырып, сипаттауға тырысыңыз.
Мерекеге қарсы досыңыз е-пошта арқылы сізге сыйлық жіберді. Қалай қуанғаныңызды көңіл-күй одағайын пайдалана отырып, айтыңыз.
Мұны да біліп алыңыздар: