
- •Ақпарат және информатика
- •Табиғаттағы ақпарат ұғымы. Ақпарттық процестер. Адамның ақпаратты қабылдауы.
- •Ақпараттар әлемі
- •Ақпарат және оны бағалау
- •Есептеуіш техниканың даму тарихы
- •Компьютер
- •Этимология
- •Есептеуіш техниканың даму тарихындағы негізгі белгілер:
- •Үйге тапсырма: Кестені толтыр:
- •Тұрақты тіркестер:
- •Цифрлық немесе аналогтық
- •Екілік, ондық немесе үштік
- •Компьютер бағдарламасы
- •Тұрақты тіркестер:
- •Компьютерлердің қолданылуы
- •Компьютерлерді жүйелеу
- •Есептеу жүйесінің құрамы
- •Тұрақты тіркестер:
- •Дербес компьютер туралы жалпы мәлімет
- •Ұлағатты сөздер
- •Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
- •Жүйелік блок
- •Монитор
- •Пернетақта
- •Мақал-мәтелдер
- •Дербес компьютердің ішкі құрылғылары
- •Процессор
- •Компъютердің жады
- •Қатқыл диск
- •Иілгіш дискілерге арналған дискжетек
- •Жинақы-дискіге арналған дискжетек
- •Бейнекарта
- •Мақал-мәтелдер
- •Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары
- •Енгізу құрылғылары
- •Графиктік мәліметтерді енгізуге арналған құрылғылар
- •Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары
- •Мәліметтерді сақтау құрылғылары
- •Иілгіш дискілер. (дискеттер, флоппи дискілер)
- •Мәліметтермен алмасу құрылғысы
- •Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері
- •Негізгі функциялары
- •Негізгі ұғымдары
- •Windows-тың обьектілері.
- •Windows-тың басқару элементтері.
- •Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері
- •Тұрақты тіркестер:
- •(Ехсел бағдарламасы)
- •Жұмыс кітабы
- •Мәліметтерді өңдеу
- •Мақал-мәтелдер:
- •Компьютерлік вирус
- •Алғаш зерттелуі
- •Компьютерлік вирустардың жіктелуі (топтарға бөлінуі)
- •Мақал-мәтелдер:
- •Интернет
- •Интернет туралы
- •Интернет желісінің тарихы
- •Интернеттің жетістіктері
- •Электронды пошта
- •Мемлекеттік қызметкерлерге арналған электрондық пошта енгізіледі
- •Мақал-мәтелдер
- •Информатикаға үлес қосқан ғалымдар өмірбаянынан августа ада лавлейс (lovelace augusta ada) (Бірінші программист)
- •Мақал-мәтелдер
- •Чарльз бэббидж
- •Тұрақты тіркестер:
- •Академик сергей алексеевич лебедев
- •Тұрақты тіркестер
- •Блез паскаль (Blaise Pascal) (1623–1662), француз ойшылы, математик және физик.
- •Билл гейтс
- •Билл Гейтс туралы қосымша деректер
- •Ұлағатты сөздер
- •Microsoft компаниясының қызметі
- •Қайырымдылық
- •120 Петабайттық жады құрылғысы
- •Мақал-мәтелдер
- •Алан тьюринг
- •С тив джобс
- •Өмірбаяны
- •Ұлағатты сөздер
- •Компьютердің адам психикасына әсері
- •Марк цукерберг
- •Өмір жолы
- •Ұлағатты сөздер
- •Функциялар
- •Қазақстандағы жағдайы
- •Джимми уэйлс
- •Өмірбаяны
- •Ғалымдардың ой-пікірі
- •Линус бенедикт торвальдс
- •Өмір жолы
- •Қызметі
- •Өмір туралы ғалымдардың ой-пікірлері
- •Құрылу тарихы
- •Google компаниясы
- •Қызметі
- •Логотипі
- •Қалта компьютерлерінің тарихы
- •Тұрақты тіркестер
- •Компания туралы
- •It саласы
- •Жетістікке жеткізбейтін 5 кедергі
- •Компьютерлік боттар
- •Дербес компьютерге байланысты берілетін сұрақтар:
- •Информатикаға үлес қосқан ғалымдарға қатысты берілетін сұрақтар:
- •«Топ көшбасшысы» интеллектуалды ойын сұрақтары:
- •Тест сұрақтары
- •Ақпараттану мен есептеу техникасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі
- •Кәсіби қазақ тілі сабағында қосымша пайдаланатын әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Windows-тың обьектілері.
Windows-тың обьектілері орналасқан экран – жұмыс столы деп аталады. Яғни жұмыс столында обьектілер мен басқару элементтері орналасады.
Windows-та обьекті болып қапшықтар, файлдар, терезелер, таңбашалар, белгішелер, маус нұсқағышы есептеледі. Әр обьектінің өз қасиеттері болады. Мысалы файл обьектісінің қасиеттеріне оның атауы, типі, өлшемі, құрылған мерзімі жатады.
Обьектілер жұмыс столында әртүрлі белгішелер түрінде бейнеленеді.
Белгішенің бір түрі ол таңбашалар (ярлык). Белгіше өзі обьект болып саналады. Ал таңбаша белгішемен қатынасу үшін қолданылады.
Бірқатар обьектілер белгілі бір белгілері бойынша біріктіріліп, қапшық түсінігі пайдаланылады. Яғни қапшық дегеніміз – бұл обьектілер қоймасы.
Қапшық ішінде файл, белгіше, таңбаша, сонымен бірге басқа қапшық та орналаса алады. Қапшықтар ашық немесе жабық болады. Ашық қапшық терезе түрінде жабық қапшық белгіше түрінде көрінеді.
Windows-тың басқару элементтері.
Олар: Пуск батырмасы, Бас меню, меню жолдары, бағыныңқы меню және командалар жатады.
Команда бұл берілген команданың белгішесінде маусты шерткенде жүретін әрекет.
Команда ұзын немесе қысқа болады.
Қысқа команда деп программа белгісінде шерткенде орындалатын әрекетті айтамыз.
Ұзын команда деп белгілі бір нәтижеге әкелетін нұсқауды айтамыз. Мысалы: Пуск-ПРограммы-Стандартные-Блокнот
Тінтуірмен жұмыс.
Тінтуір обьектілер мен басқару элементтерін іске келтіру үшін қолданылады.
Батырма |
Әрекет |
Әрекет нәтижесі |
Сол жақ батырма |
Обьект бойынша шерту |
Обьектіні белгілейді, яғни қолдануға дайындайды. |
Басқару элементін шерту |
Басқару элементін әрекетке келтіреді |
|
Екі рет шерту |
Обьектілермен операциялар жүргізеді: бағдарлама іске қосылады; қапшық, файл ашылады; дыбыс және бейне файлдар ойналады. |
|
Апару немесе тасу |
Қолданбадағы белгішелер, терезелер, таңбашалар, есеп тақтасы, құралдар тақтасы. |
|
Созу |
Терезенің өлшемін, диагональ, тік және көлбеу бағыттарда өзгертеді. |
|
Оң жақ батырма |
Обьектіні немесе басқару элементін шерту |
Динамикалық (контекстік) менюді шақырады. |
Апару немесе тасу |
Жылжыту, көшіру, таңбашалар жасау командалары бар динамикалық контекстік менюді шақырады. |
Есептер тақтасы.
Экранның төменгі жағындағы Пуск батырмасы орналасқан сұр жолақ – Есептер тақтасы деп аталады. Есептер тақтасы негізгі элемент, себебі оның құрамына:
Пуск батырмасы
Ашық қолданбалардың белгішелері
Қосымша ақпараттар
Пернетақта индикаторы кіреді.
Пуск батырмасы бас менюді іске қосады.
Тірек сөздер: жедел жад, операциялық жүйе, дербес компьютер, перне, маман программалаушы, енгізу-шығару құрылғысы, ішкі жүйе, файлдық жүйе, анықтамалық жүйе, қолданбалы программа, мәліметтерді өңдеу, басқару әрекеті, жұмыс істеу терезесі, айналу сызығы.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Windows жүйесінің басталу уақыты.
Windows жүйесінің негізгі функциялары туралы айтып беріңіз.
Windows бағдарламасы туралы қысқаша әңгімелеңіз.
Жұмыс столы деп нені айтады?
Windows-тың басқару элементтеріне не жатады?
Маус арқылы обьектілермен қандай әрекетер жасауға болады?
Команда дегеніміз не?
Қысқа командаға, ұзын командаға мысал келтіріңіздер.
Есептер тақтасы деп нені айтады?
Мәтіннен бірнеше сын есімдерді алып синонимдерін табыңыз. Мысалы:
жылдам–тез, шапшаң – көзді ашып-жұмғанша – қас пен көздің арасында.
Компьютерлер қазақша сөйлейтін болды» тақырыбына қысқаша мақала жазыңыз.