Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazak.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
12.34 Mб
Скачать

Мақал-мәтелдер

  1. Тең-теңімен, тезек қабымен.

  2. Қызым саған айтам, Келінім сен тыңда.

  3. Атаңа не қылсаң, Алдыңа сол келер.

  4. Атасын сыйлаған абыройға бөленер.

  5. Тісі шыққан балаға, Шайнап берген ас болмас.

  6. Жорғаның тері кеппес, Еркенің көз жасы кеппес.

  7. Асқанға аспан да аласа.

  8. Көзі соқырдан қорықпа, Көңілі соқырдан қорық.

  9. Көке бір кісі ұшады, Етегіне мың кісі сияды.

  10. «Әй» дейтін әже жоқ, «Қой» дейтін қожа жоқ.

Тапсырма: Мақалдардың мағыналарын түсіндіріңіздер және өздеріңізге ұнаған бесеуін жаттап алыңыздар. Мақал бойынша екі сөйлем құрастырыңыздар.

Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары

Компьютердің сыртқы құрылғылары оның жүйелік блогына қосылып, көмекші қызмет атқарады. Сыртқы құрылғыларды келесідей төрт топқа бөлуге болады:

• мәліметтерді енгізу құрылғылары;

• мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары;

• мәліметтерді сақтау құрылғылары;

• мәліметтермен алмасу құрылғылары.

Енгізу құрылғылары

Мәліметтерді енгізудің ең негізгі құрылғысы пернетақта болып табылады. Одан басқа да енгізу құрылғыларына тінтуір, джойстик, трекбол және т.б. жатады. Джойстик – компьютерлік ойындарда колданылатын қолмен басқарылатын құрылғы. Трекболдың тінтуірден айырмашылығы оның қорапқа орнатылған кішкене шары алақанмен козғалысқа келтіріледі және ол жазық бетті қажет етпейді, сондықтан ол ықшам компьютерлерде қолданылады.

Графиктік мәліметтерді енгізуге арналған құрылғылар

Графиктік мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер (дигитайзерлер) және цифрлы фотокамералар қолданылады. Сканерлердің көмегімен символдардан тұратын мәліметтерді де енгізуге болады. Бұл жағдайда берілген материал графиктік түрде енгізіледі, сонан соң арнаулы программалық құралдардың көмегімен өңделеді. Сканерлер парақ бетіндегі мәліметтерді оқып, оны компьютерге енгізеді.

Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары

Мәліметтерді баспаға шығару үшін мониторға қосымша принтер деп аталатын баспаға шығару құралы қолданылады. Принтердің көмегімен экрандағы құжаттың көшірмесін қағазға басып шығара аламыз. Принтерлерді жұмыс істеу принциптеріне қарай матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш деп бөледі.

Матрицалық принтерлер – бұл қарапайым басу құрылғылары. Деректер қағазға инелердің бояйтын таспа арқылы соғуының нәтижесінде пайда болатын оттисктер түрінде шығарылады.

Сия бүріккіш принтерлер – кескін бояудың тамшыларының қағазға түсуінің нәтижесінде пайда болған дақтардан қалыптасады. Басу сапасы лазерліккке қарағанда төмен, және сапа тамшы көлеміне, оның пішініне, бояғыштың қоюлығына және қағаз сапасына тәуелді. Бұлар түрлі-түсті баспада кең қолданылады.

Лазерлік принтерлер – полиграфиялық баспадан кем емес баспа сапасын қамтамасыз етеді. Мұнда қағаз ионизацияланады, яғни электр өрісінің әсерімен арнайы жасалған ұнтақ (порошок-тонер) қағазға тартылады да, қатты қызып, оған жабысады.

Мәліметтерді сақтау құрылғылары

Магниттік дискілер мен лазерлік дискілерге косымша мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларына стримерлер, ZІР-тасуыштар және НіҒD-тасуыштары жатады.

Стримерлер – мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғылар. Стримерлерге арналған магниттік таспалардың (картридж) көлемі жүздеген мегабайтқа жетеді.

ZІР - тасуыштарды мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларын жасауға негізделген Lomega компаниясы шығарады. Бұл құрылғы өлшемдері стандарттық иілгіш дискіден сәл ғана үлкен және сыйымдылығы 100-ден 250 Мбайт болатын дискілермен жұмыс жасайды. ZІР -тасуыштардың негізгі кемшілігі олардың 3,5 дюймдік иілгіш дискілермен үйлесімсіздігінде.

Sony компаниясы жасап шығарған НіҒD құрылғысы кәдімгі стандарттық иілгіш дискілермен үйлесімді болып келеді. Олар сыйымдылығы 200 Мбайт болатын арнайы тасуыштармен де, кәдімгі иілгіш дискілермен де жұмыс істеуге бейімделген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]