Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazak.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
09.01.2020
Размер:
12.34 Mб
Скачать

Ұлағатты сөздер

Бөгде адамның жетістігіне қуана білмеген адамға әлеуметтік өмірдің мақсаты да жат.

А.П.Чехов

Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген адам.

Эпиктет

Қазақ тілінде «таза» адам деген сөз үсті-басының тазалығымен бірге, ар-ұятының тазалығын да көрсетіп тұрады.

Ғ.Мүсірепов

Біреудің жақсы ісін көрсең, оны ардақтай біл, күнәліні кешіре біл... Өзіңе де, өзгеге де жақсылық тіле...

Ахмед Йүгнеки

Жақсылыққа үлгі көрсетіп жетпесе, уағыз айтумен жету қиын.

Сенека

Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қарекеттің дертімен былғанудан сақтануы керек.

М.Әуезов

Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі.

М.Әуезов

Тапсырма: Берілген ұлағатты сөздерді оқып, мазмұнын түсіндіріңіздер.

Дербес компьютердің негізгі құрылғылары

Дербес компьютердің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды. Негізгі конфигурация үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде келесі төрт құрылғы негізгі конфигурация ретінде қарастырылады:

• жүйелік блок;

• дисплей немесе монитор;

• пернетақта;

• тінтуір.

Жүйелік блок

Компьютердің ең негізгі кұрылғысы — жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына процессор, жедел жад (RАМ), тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогы, енгізу-шығару порттары және ақпарат тасуыштар енеді.

Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.

Монитор

Монитор — мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы. Компьютерден кез-келген мәліметті монитордың экранына шығаруға болады. Монитор негізгі шығару құрылғыларының бірі болып табылады. Оның негізгі тұтыну параметрлері: экранның мөлшері, экран қалқасының қадымы, бейнені жаңартудың максималдық жиілігі, қорғау класы.

Экранның мөлшері оның диагоналінің өлшемімен анықталады. Өлшеу бірлігі ретінде дюйм қабылданған. Экранның стандартты мөлшерлері: 14", 15", 17", 19", 20", 21". Қазіргі кезде мөлшерлері 15, 17 дюйм болатын мониторлар кеңінен тараған. Ал графиктік кескіндермен жұмыс істеу үшін 19-21 дюймді мониторларды пайдаланған тиімді.

Кейбір мониторлар бейненің айқындылығын күшейтетін тік сымдардан тұратын қалқамен жабдықталған. Осы тік сымдар арасындағы қадым (экран қалқасының қадымы) неғұрлым кішкене болған сайын, алынатын бейне соғұрлым анық болады. Қалқа қадымы миллиметрмен өлшенеді. Қазіргі кездегі ең көп тараған мониторлардың қалқа қадымы 0,25 - 0,27 мм.

Монитор бейнелеу түсі бойынша: Монохромды және түрлі-түсті болып бөлінеді.

Монохромды тек ақ-қара түстерді көрсете алады.

Монитор шығаратын ақпараты бойынша: Символдық және графикалық болып бөлінеді.

Символдық монитор тек мәтіндік ақпарат шығара алады. Ал, графикалық монитор символдық ақпараттан басқа әртүрлі графиктер мен суреттерді де кескіндей алады.

Мониторда кескін кішкентай нүктелерден тұрады. Мұндай нүктелерді пиксельдер деп атайды. Яғни пиксель дегеніміз – монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер. Түрлі түсті монитор экранында әр пиксель қызыл, жасыл немесе көк түстердің бірімен боялған үш ұсақ нүктелерден тұрады.

Тік және көлденең жолда орналасқан пиксельдер саны монитордың ажырату қабілетін көрсетеді. Монитор экранында орналасқан пиксельдер саны көп болған сайын, оның ажырату қабілеті де жоғары, монитор да жақсы болады.

Алғашқы түрлі түсті монитор 1982 жылы жасалды, оны CGA-320x200 (Color graphic adapter-түрлі түсті графикалық адаптер) пиксельді монитор деп атады.

Ал 1984 жылы ЕGA-640x350 (Enhanced graphic adapter-жетілдірелген графикалық адаптер) пиксельді монитор шықты.

Қазіргі компьютерлерде VGA-640x480 (Video graphic adapter-Графикалық бейне адаптер) немесе SVGA-(800x600 – ден 1248х1024-ке дейін) (Super video graphic adapter-Графикалық супер бейне адаптер) мониторлар қолданылады.

Монитор сонымен бірге құрылысына қарай: электронды-сәулелі түтікшелі (ЭСТ) монитор және сұйық кристалды монитор болып бөлінеді.

Экран алдында көп отыруға болмайды, себебі:

  1. Көз тез шаршайды.

  2. Дисплей жұмысы кезінде электр магниттік және ультракүлгін сәулелері таратылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]