
- •Ақпарат және информатика
- •Табиғаттағы ақпарат ұғымы. Ақпарттық процестер. Адамның ақпаратты қабылдауы.
- •Ақпараттар әлемі
- •Ақпарат және оны бағалау
- •Есептеуіш техниканың даму тарихы
- •Компьютер
- •Этимология
- •Есептеуіш техниканың даму тарихындағы негізгі белгілер:
- •Үйге тапсырма: Кестені толтыр:
- •Тұрақты тіркестер:
- •Цифрлық немесе аналогтық
- •Екілік, ондық немесе үштік
- •Компьютер бағдарламасы
- •Тұрақты тіркестер:
- •Компьютерлердің қолданылуы
- •Компьютерлерді жүйелеу
- •Есептеу жүйесінің құрамы
- •Тұрақты тіркестер:
- •Дербес компьютер туралы жалпы мәлімет
- •Ұлағатты сөздер
- •Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
- •Жүйелік блок
- •Монитор
- •Пернетақта
- •Мақал-мәтелдер
- •Дербес компьютердің ішкі құрылғылары
- •Процессор
- •Компъютердің жады
- •Қатқыл диск
- •Иілгіш дискілерге арналған дискжетек
- •Жинақы-дискіге арналған дискжетек
- •Бейнекарта
- •Мақал-мәтелдер
- •Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары
- •Енгізу құрылғылары
- •Графиктік мәліметтерді енгізуге арналған құрылғылар
- •Мәліметтерді баспаға шығару құрылғылары
- •Мәліметтерді сақтау құрылғылары
- •Иілгіш дискілер. (дискеттер, флоппи дискілер)
- •Мәліметтермен алмасу құрылғысы
- •Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері
- •Негізгі функциялары
- •Негізгі ұғымдары
- •Windows-тың обьектілері.
- •Windows-тың басқару элементтері.
- •Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері
- •Тұрақты тіркестер:
- •(Ехсел бағдарламасы)
- •Жұмыс кітабы
- •Мәліметтерді өңдеу
- •Мақал-мәтелдер:
- •Компьютерлік вирус
- •Алғаш зерттелуі
- •Компьютерлік вирустардың жіктелуі (топтарға бөлінуі)
- •Мақал-мәтелдер:
- •Интернет
- •Интернет туралы
- •Интернет желісінің тарихы
- •Интернеттің жетістіктері
- •Электронды пошта
- •Мемлекеттік қызметкерлерге арналған электрондық пошта енгізіледі
- •Мақал-мәтелдер
- •Информатикаға үлес қосқан ғалымдар өмірбаянынан августа ада лавлейс (lovelace augusta ada) (Бірінші программист)
- •Мақал-мәтелдер
- •Чарльз бэббидж
- •Тұрақты тіркестер:
- •Академик сергей алексеевич лебедев
- •Тұрақты тіркестер
- •Блез паскаль (Blaise Pascal) (1623–1662), француз ойшылы, математик және физик.
- •Билл гейтс
- •Билл Гейтс туралы қосымша деректер
- •Ұлағатты сөздер
- •Microsoft компаниясының қызметі
- •Қайырымдылық
- •120 Петабайттық жады құрылғысы
- •Мақал-мәтелдер
- •Алан тьюринг
- •С тив джобс
- •Өмірбаяны
- •Ұлағатты сөздер
- •Компьютердің адам психикасына әсері
- •Марк цукерберг
- •Өмір жолы
- •Ұлағатты сөздер
- •Функциялар
- •Қазақстандағы жағдайы
- •Джимми уэйлс
- •Өмірбаяны
- •Ғалымдардың ой-пікірі
- •Линус бенедикт торвальдс
- •Өмір жолы
- •Қызметі
- •Өмір туралы ғалымдардың ой-пікірлері
- •Құрылу тарихы
- •Google компаниясы
- •Қызметі
- •Логотипі
- •Қалта компьютерлерінің тарихы
- •Тұрақты тіркестер
- •Компания туралы
- •It саласы
- •Жетістікке жеткізбейтін 5 кедергі
- •Компьютерлік боттар
- •Дербес компьютерге байланысты берілетін сұрақтар:
- •Информатикаға үлес қосқан ғалымдарға қатысты берілетін сұрақтар:
- •«Топ көшбасшысы» интеллектуалды ойын сұрақтары:
- •Тест сұрақтары
- •Ақпараттану мен есептеу техникасы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі
- •Кәсіби қазақ тілі сабағында қосымша пайдаланатын әдебиеттер:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Тұрақты тіркестер:
КӨҢІЛСІЗДІК ТАТУЛЫҚ
Бас терісі салбырау Айрандай ұйып отыру
Екі иығы салбырау Түтіні бір жерден шығу
Жүзі сынық Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару
Жігері құм болу Қаймағы бұзылмау
Көңілі жүдеу Арадан қыл өтпестей
Көңілі жер болу
Салы суға кету
Тапсырма: Тұрақты тіркестерді жаттап алыңыздар, мамандықтарыңызға қатысты екі сөйлем құраңыздар.
Дербес компьютер туралы жалпы мәлімет
Ғылыми-техникалық прогресс әр түрлі есептеу машиналарын құруға себепші болды. Олар өздерінің арналуы және функционалдық мүмкіндіктеріне қарай үлкен ЭЕМ-дерге, мини-ЭЕМ-дерге, микро-ЭЕМ-дерге және дербес компьютерлерге (ДК) бөлінеді.
Үлкен ЭЕМ-дер – бұл өте қуатты компьютерлер (суперкомпьютерлер), олар ірі мекемелерге, кәсіпорындарға немесе халық шаруашылығының тұтастай салаларына жұмыс істеу үшін қолданылады. Үлкен ЭЕМ-дерді пайдалану үшін көптеген қызметкерлері бар есептеу орталықтары құрылады. Үлкен ЭЕМ-дер қызмет көрсетуі мен құрал-жабдықтары құнының қымбаттығымен ерекшеленеді. Олар бірнеше міндеттерді қатар шешіп, бірнеше пайдаланушымен қатар жұмыс істей алады. Мини ЭЕМ-дердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда, өлшемдері шағын және өнімділігі мен құны да төмен. Мини ЭЕМ-дер өндірістік процестерді басқаруда, ғылыми мекемелерде, ғылыми жұмыстарды оқу ісімен үйлестіретін жоғары оқу орындарында қолданылады. Мини ЭЕМ-дердің жұмысын ұйымдастыру үшін де арнайы шағын есептеу орталығы қажет. Микро ЭЕМ-дердің өнімділігі үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда төмен және олар негізінде деректер дайындау, программалық қамтамасыз етуін жетілдіру бойынша көмекші операциялар орындайды. Микро ЭЕМ-дер үшін құрамында бірнеше адамы бар шағын лаборатория да жеткілікті. Дербес компьютерлер соңғы 20 жылда қарқынды дамып келеді. Олар пайдаланушы деп аталатын бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Дербес компьютермен жұмыс істегенде пайдаланушының арнайы программалау тілін білуі қажет емес. Қазіргі дербес компьютерлер көлемі шағын, құны жоғары емес бола тұрып, 70-жылдардың үлкен ЭЕМ-деріне, 80-жылдардың мини ЭЕМ-деріне және 90-жылдардың бірінші жартысының микро ЭЕМ-деріне қарағанда, өнімділіктері жоғары. Қазіргі кезде дербес компьютерлер адам әрекетінің барлық салаларында қолданылады.
Дербес компьютер пайдаланушымен диалогтік режимде жеке жұмыс істеу үшін арналған. ДК негізінен қарапайым құжаттарды бастап, баспа беттеріне дейін әр түрлі мәтін дайындау, есептеулерді орындау, деректер базасын жасау, ақпарат іздеу және т.с.с. жұмыстарға арналған.
1) адамның компьютермен қатынас жасау тәсілінің қолайлылығы;
2) құнының арзандығы;
3) көлемінің шағындығы мен қоршаған орта жағдайына арнайы талап қоймайтындығы (кез-келген жерде орнатуға болады);
4) құрылымының «ашықтығы» нәтижесінде пайдаланушылар әр түрлі шалғай құрылғылар қосып және компьютер жетілдіре отырып, ДК-нің мүмкіндіктерін кеңіте алады;
5) жаңа нұсқалары мен модельдерінің программалық және құрылғылық үйлесімділігі;
6) әр түрлі қолдану салаларына арналған программмалық құралдарының мол болуы;
7) жұмыс істеудегі жоғары сенімділігі;
Қазіргі уақытта алғашқы модельдері 1981 жылы пайда болған IBM класының дербес компьютерлері кеңінен қолданылады. Таралуы бойынша екінші орын алатын Apple фирмасының Macintosh дербес компьютерлері жоғарыдағыға қарағанда танымалдылығы жағынан кейін қалады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Есептеу машиналарының түрлерін атаңыз.
Үлкен ЭЕМ-дер туралы не білесіз?
Мини ЭЕМ-дердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда айырмашылығы қандай?
Микро ЭЕМ-дердің ерекшелігіне тоқталыңыз.
Дербес компьютердің артықшылығына тоқталып өтіңіз.
Қазіргі кезде компьютердің қай түрі жиі қолданылады деп ойлайсыз?
Дербес компьютьерлер туралы жаңалық тауып келіңіздер.