Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazak.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
09.01.2020
Размер:
12.34 Mб
Скачать

Тұрақты тіркестер:

СҮЙЕНІШ ТӘУЕКЕЛ

Медеу көру (ету) Алды- артына қарамау

Арқа сүйеу Бағын сынау

Арқа тұту Нар тәуекелге басу

Көңілге тоқ санау Тәуекелге бел байлау

Қанат болу Өлімге бас тігу

Тапсырма: Мамандықтарыңызбен байланыстырып тұрақты тіркестен екі сөйлем құраңыз.

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖАЛПЫ МАҚСАТТАҒЫ КОМПЬЮТЕР

Қазіргі заманғы компьютерлерді қарастырған кезде, олардың бұрынғы есептеуіш машиналардан бір маңызды ерекшелігін байқаймыз: қажетті бағдарламаларды қолдану арқылы кез-келген компьютер басқа бір компьютердің әрекеттерін орындай алады (әрине, бұл мүмкіндік мәліметтерді сақтау құрылғыларының сыйымдылығымен және жылдамдықпен шектеледі). Осылайша, қазіргі заманғы компьютерлер болашақта құрылатын кез-келген есептеуіш техниканың жұмысын эмуляциялай алады деп есептеледі. Бұл қабілет арқылы жалпы мақсаттағы компьютерлерді және арнайы мақсаттағы құрылғыларды ажыратуға болады.

Компьютерлердің қолданылуы

Алғашқы компьютерлер тек қана есептеулер үшін қолданылған болатын ("компьютер" және "ЭЕМ" терминдерінің шығу тегі де осыған байланысты). Ең қарапайым деген компьютерлердің өзі бұл салада адамдардан асып түседі. Ең алғашқы шыққан бағдарламалау тілі – Фортран тілі де осы себепті тек қана есептеулер шығаруға арналған болатын.

Екінші жолы – мәліметтер базасы үшін. Бірінші кезекте бұлар үкіметтерге және банктерге қажет болатын. Мәліметтер базасын басқару үшін күрделі компьютерлер және ақпаратты енгізу-шығару, сақтауға қажетті күрделі жүйелер қажет болды. Осы мақсаттарда Кобол тілі пайда болды. Кейінірек пайда болған мәліметтер базасын басқару жүйелерінің өз бағдарламалау тілдері бар болатын.

Үшінші жолы – әр түрлі құрылғылармен бірге қолдану. Даму жолы арнайы мамандандырылған (көп жағдайда аналогтық) құрылғылардан стандартты компьютерлік жүйеге дейін болды. Сонымен қатар, күн өткен сайын, техниканың көп бөлігі компьютерден тұратын болды.

Ақырында, компьютерлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдаланыла бастады. Яғни, ақпаратпен орындалатын кез-келген жұмыс (мәтінді енгізу, фильм қарау) компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болды. Осы тұжырымды ақпаратты сақтауға да, тасымалдауға да байланысты айтуға болады.

Компьютерлер қолданылатын салалардың ішіндегі ең күрделі, ең аз дамыған саласы жасанды интеллект – компьютерлерді белгілі бір алгоритм жоқ жерде пайдалану болып табылады. Бұл салаға мысал ретінде мәтінді аудару, эксперттің жүйелерді айтуға болады.

Тірек сөздер: бағдарламалау тілі, Фортран тілі, мәліметтер базасы, күрделі компьютер, ақпаратты енгізу-шығару, ақпаратты сақтау, күрделі жүйелер, арнайы мамандандырылған құрылғы, стандартты компьютерлік жүйе, ақпараттық құрал.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Компьютерлер қандай мақсатта қолданылады?

  2. Компьютер маманы болу үшін ең негізгі нені білу қажет деп ойлайсыз?

  3. Компьютерде қай жастан бастап жұмыс істеген дұрыс (өз ойыңыз)

  4. Тірек сөздерді пайдаланып 4-5 сөйлем құрастырыңыздар.

  5. Мәтіннен кәсіби сөздерді теріп жазыңыз

Мұны да біліп алыңыздар:

Компьютерде жұмыс істеу үшiн 14 кеңес.

1. Өзiңізге қолайлы жұмыс орнын жасаңыз.

2. Егер сiз компьютерде 2 сағаттан артық отыратын болсаңыз, ноутбукке арналған арнайы тығыршықты қолданыңыз.

3. Монитор мен сiздiң көздерiңiздiң арасындағы қашықтық 50 см-ден кем болмауы керек.

4. Жоғарғы бөлiгi сiздiң көзiңiздің деңгейінде орналасатындай биiктiк бойынша монитор күйiн келтiрiңiз.

5. Сiзге терезе немесе жарық сәулелері кедергі жасамайтындай етiп монитор күйiн келтiрiңiз.

6. Егер бұл жарықтың дұрыс түсуіне мүмкiндiк бермесе, мониторды 10-20 градусқа артқа қисайтыңыз.

7. Биiктiгі бойынша пернетақта сiздiң шынтақтарыңыздың деңгейінде болуы керек.

8. 10 градусқа пернетақтаны артқа қисайтыңыз. Сонда сiздiң қолдарыңыз жинақы болады.

9. Реттелетiн кресло немесе орындықты қолданыңыз.

10. Өз көздерiңе демалыс беру үшін, түкпiрдегі объектілерге көзқарасты мезгіл-мезгіл шоғырландыра берiңiз.

11. Әлсiн-әлсiн креслодан тұрыңыз және арқаның бұлшық етiн асықпай тартыңыз.

12. Монитор тiкелей сiздің алдыңызда болуы керек. Бұл бастың тұрақты бұрылыстарына мүмкiндiк бередi.

13. Сіздің жұмыс орныңыз көңілді, жақсы болса, деңеңіз бір қалыпты болып, шаршамайсыз. Сондықтан мониторды, пернетақтаны, креслоны мерзімінде түзетіңіз.

14. Сiз компьютерде өткiзетiн уақытты азайтуға тырысыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]