- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.И. СӘтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті
- •1.4. Постреквизиттер
- •Студенттің пәндік
- •5В070600 – «Геологиялық барлау» мамандығы үшін
- •Алматы 2012
- •Аңдатпа
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер
- •Пререквизиттер
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі.
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы:
- •2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
- •1 Дәріс тақырыбы.
- •2 Дәріс тақырыбы
- •1. Кәсіпорын – шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізушісі. Кәсіпорындар қалыптастырудың негізгі қағидалары. Кәсіпорынның басты міндеттері және функциялары.
- •3. Банкроттықтың түсінігі және белгілері. Банкроттық және дағдарыс кезіндегі кәсіпорындарды қайта құру және басқару.
- •2. Кәсіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымдары.
- •3 Дәріс тақырыбы
- •4 Дәріс. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •5 Дәріс. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •6 Дәріс. . Айналым капиталы
- •7 Дәріс. Еңбек ресурстары
- •1.Еңбек нарығы: мәні және қызмет ету механизмі. Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы, қалыптастыру көздері. Кадрлардың құрамы және құрылымы.
- •2. Жұмысшылардың еңбек ақы жүйелері және формалары. Мамандардың, жұмыскерлердің, басшылардың еңбек ақысын ұйымдастыру.
- •9 Дәріс. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •10 Дәріс. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары
- •1. Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы, тұрақты және өзгермелі шығындар. Кәсіпорынның шығындарын құрайтын шығындар жіктелуі. Кәсіпорындағы шығындар құрамы.
- •2. Шығындарды есепке алу нақты мен нормативтік әдістері.. Өнімнің өзіндік құнын азайтудың мәні, көздері және факторлары.
- •11 Дәріс. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •12 Дәріс. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •2. Өнімнің, жұмыстың және қызметтердің баға түрлері. Кәсіпорындағы баға құрудың механизмі. Нарықтық экономика жағдайындағы бағаны мемлекеттік реттеу.
- •13 Тақырып. Табыс және өндіріс рентабельділігі
- •1. Табыс – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінің жиынтық көрсеткіші ретінде. Табыстар түрлері. Кәсіпорынның табысын бөлу тәртібі.
- •2. Өндіріс рентабелділігі – кәсіпорын жұмысының тиімділік көрсеткіші ретінде. Рентабельділік деңгейін көтеру жолдары.
- •14 Тақырып. Кәсіпорын қаржысы
- •Тақырып 1. Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы
- •Тақырып 2. Экономиканы мемлекеттік реттеу
- •Тақырып 3. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •Тақырып 4. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Тақырып 5. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •Тақырып 6. Шикізат, материалдық және отын энергетикалық ресурстар
- •Тақырып 7. Айналым капиталы
- •Тақырып 8. Еңбек ресурстары
- •Тақырып 10. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •Тақырып 11. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары
- •Тақырып 12. Кәсіпорын маркетингтік және өндірістік қызметі
- •Тақырып 13. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •Тақырып 14. Табыс және өндіріс рентабельділігі
- •Тақырып 15. Кәсіпорын қаржысы
- •2.4 Оқытушылардың жетекшілігімен орындалатын студенттердің өздік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •Курстық жұмыстардың тақырыптары
- •Бақылау жұмысы сұрақтары:
- •Өздік бақылау үшін тест сұрақтары
- •. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глосарий
- •Әдебиеттер тізімі
2 Дәріс тақырыбы
Кәсіпорын – шаруашылық объектісі ретінде
Жоспар:
1. Кәсіпорын – шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізушісі. Кәсіпорындар қалыптастырудың негізгі қағидалары. Кәсіпорынның басты міндеттері және функциялары.
2. Кәсіпорындар қалыптастырудың негізгі қағидалары. Кәсіпорынның басты міндеттері және функциялары. Кәсіпорынның кәсіпкерлік міндеттемелері және құқықтары. Әр түрлі белгілері және меншік нысандары бойынша кәсіпорынадрдың жіктелуі. Кәсіпорындардың жаңа түрлері – халықтық кәсіпорындар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар.
3. Банкроттықтың түсінігі және белгілері. Банкроттық және дағдарыс кезіндегі кәсіпорындарды қайта құру және басқару.
1. Өндіріс процесіндегі кәсіпорынның маңызы және негізгі мақсаттары. Кәсіпорын - экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және жұмысшы мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз өндірістік-техникалық, ұйымдастыру-әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, ие болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтер көрсетулер арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.
Сыртқы ортаға - экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.
Ішкі ортаға - еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және т.б. жатады.
Кәсіпорынның ңарықтық экономикадағы негізгі мақсаты - бәсекелесуге қабілетті өнім шығару арқылы, неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен, ең жоғарғы пайда табу негізіңде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару болып табылады.
Өнеркәсіп кәсіпорынның функциялары мыналар:
• өндірісте және жекеше тұтынылатын өнім шығару;
• тұтынушыға өнімді жеткізу және сату;
• өнімді сатып болғаннан кейін қызмет атқару;
• кәсіпорындардағы өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау;
• кәсіпорын жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыру және басқару;
кәсіпорындағы өндіру көлемін жан-жақты дамытып, ұлғайту;
салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқа да қаржы ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін орындау;
мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.
2. Кәсіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымдары.
Меншік жағдайына байланысты фирмалар мынадай түрлерге бөлінеді:
—жеке меншік фирмалар;
—ұжымдық фирмалар (жауапкершілігі шектеулі немесе жауапкершілігі шектеусіз серіктестіктер);
акционерлік қоғамдар, корпорациялар;
мемлекеттік кәсіпорындар;
кооперативтер.
Жеке фирмалар жеке-дара кәсіпкерлікпен айналысатын, бизнестен түскен пайданы, табысты толық иемденетін, сонымен бірге оның бар ауыртпашылығын, жауапкершілігі мен тәуекелшілігін өз мойнымен көтеретін жекелеген адам немесе жеке отбасынан кұрылады.
Мұндай фирма иесі фирма шығындарына да жауапты болады. Егер фирманың жұмысы нашар жүрсе немесе фирма күйресе, фирма иесі заң талаптарына сәйкес оның шығынына өзінің барлық жеке мүлкімен жауап береді.
Жеке фирмалар, негізінен, ұйымдастыруға көп қаржы талап етпейді, сондықтан сауда және қызмет көрсету салаларында кеңінен таралған.
Жеке фирмалардың кемшіліктері — қаржы көздерінің шектеулілігі, соңдай-ақ, мұндай фирмалардың тез күйреп кететініне байланысты, коммерциялық банкілер көп мөлшерде несие бермейді. Екіншіден, жеке фирма иесінің өндіріс, қаржы мәселелеріне жан-жақты мамандығының болмауы.
Осындай жеке фирмалардағы жетіспеушіліктерді жою үшін кәсіпкерліктің тағы бір түрі — серіктестіктер құрылады.
Серіктестіктер — бірнеше адамның меншігіндегі фирмалар.
Оның мүшелері өздерінің құрал-жабдықтарын біріктіре, басқа да салымдарын фирмаға қосып, сол фирманың пайының көлеміне байланысты түскен пайдадан өз үлестерін алып отырады. Егер оның бір мүшесінің үлесі бүкіл фирма капиталының 1 пайызын құрайтын болса, онда ол таза пайданың 1 пайызын иеленуге құқылы. Серіктестіктердің міндетті шарттарының бірі — олардың мүшелерінің арасында өзара келісімнің болуы.
Серіктестіктер экономикалық қатынастарға байланысты: жауапкершілігі шектелмеген (толық) және жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып бөлінеді.
Толық серіктестіктерде ұжымының барлық мүшелері фирма міндеттемелері бойынша толық жауапкершілікте болады.
Алынған пайда олардың құрылтайшыларының арасында жарғылық капиталға қосқан үлесіне қарай бөлінеді. Егер толық серіктестік сәтсіздікке ұшыраса, оның мүшелері фирманың барлық қарыздарына өз пайының көлеміне қарамастан, жауап береді.
Сондықтан, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер соңғы кезде кеңінен қолданыла бастады. ЖШС-ті бір немесе бірнеше адам құрады. ЖШС-ке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, бірақ өздерінің қосқан салымдарының шегінде ғана жауапты болады, егер серіктестік күйресе, оның мүшелері тек өздерінің қосқан үлесіне байланысты ғана жауап береді. Серіктестіктің жарғысында серіктестікті басқару органдарының құзіреті, олардың шешімдер қабылдау және серіктестіктер атынан әрекет жасау тәртібі белгіленеді.
ЖШС-тің жалпы жиналысының құзырына жататындар:
серіктестіктің жарғысын өзгерту;
атқарушы органдарын құру және қайта шақыру;
жылдық есебі мен бухгалтерлік балансын бекіту және оның пайдасы мен шығынын бөлу;
серіктестікті қайта құру немесе тарату туралы шешім шығару;
серіктестіктің тексеру комиссиясын сайлау. Бұл мәселелерді серіктестіктің атқарушы органының шешуіне бере алмайды.
Акционерлік қоғамдар да — кәсіпкерлікпен айналысатын занды тұлгалардың бірі. Ақциоиерлік қоғамдардың иесі, басқарушы — осы фирманың акциясын сатып алған азаматтар болып табылады.
Акционерлік қоғамның капиталы акцияларды шығару мен оны сату арқылы құрылады. Акция иесі осы компанияның пайдасының бір бөлігін, яғни дивиденд алуға құқылы. Әрбір акция оның иесіне акционерлер жиналысында 1 дауыс бере алады. Акционерлік қоғамды басқару мүмкіндігін беретін акция бақылау пакеті деп аталады. Бақылау пакетінің ең жоғарғы мөлшері — 50 пайыз акция. Акционерлік қоғам басшылығы жыл сайын өз акционерлерінің арасындағы алынған пайданың бір бөлігін дивиденд түрінде алады, ал бір бөлігін өндірісті кеңейтуге жұмсайды. Дивиденттер акцияның құнына байланысты пайыз түрінде беріледі. Мысалы, 1 акцияның номиналды құны 1000 теңге болса, және дивиденд 5 пайыз мөлшерінде бөлінсе, онда акция иесі 50 теңге алады. Егер акционерлік қоғам жыл аяғында шығынмен шықса, онда дивиденттер төленбейді. Қаржы тек ондірісті кеңейтуге жұмсалады.
Акционерлік қоғамның акционерлері кез келген уақытта өз акциясын басқа біреуге сатып, қоғамнан шығуына болады.
Өндіріс кооперативтерінде өндіріс құрал-жабдықтары кооператив меншігі болып табылады. Кооперативтер оның материалдық және акшалай жарналары есебінен ұйымдасады немесе олар шығарған өнімдерді сату не одан түскен табыстар есебінен де құрылады.
Кооперативке кіру, шығу еркіңдігі, оның мүшелерінің басқару ісіне қатысуға, шешім қабылдауға дербестігі бар. Кооперативтің пайдасы олардың мүшелерінің арасыңда кооперативке қосқан үлесіне, пайына қарай бөлінеді. Кооператив әдетте ұсақ өндірушілер негізінде құрылады.
Қазіргі дүниежүзілік тәжірибеде франчайзинг кең таратылуда. Бұл бір жағынан, ірі фирма, екінші жағынан, шағын фирмалар немесе дербес бизнесмендер арасында жасалатын келісім. Осы келісімге сәйкес аналық (басты) компания (франчайзер) бағынатын фирмаға беріледі. Франчайзер шағын фирманы немесе бизнесменді айтылған аумақ шегінде өз тауарларымен қамтамасыз етеді. Бұл үшін франчайзинг франчайзерге менеджмент және маркетинг саласында қызмет көрсетеді, өз капиталының бір бөлігін инвестиция ретінде осы компанияға салуға міндеттенеді.
3. Нарықты экономика үшін кәсіпорынның банкроттығы бәсекелестіктің ажырағысыз ерекше белгісі және нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар оны кәсіпорынның өркендету күші деп атаса да болады. Нарық экономикасы дамыған елдерде жылына мыңдаған кәсіпорындар өз жұмысын қойып, оның орнына басқалар келіп жатады және бұны табиғи үдеріс деп санайды.
Сонымен, нарықтық қарым-қатынастардың жағдайында кәсіпорынның банкроттығы, әдеттегі, пайдалы құбылыс, себебі ең ақырында ол ұлттық экономиканы жақсарту және тиімдірек жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Нарық экономикасы дамыған елдерде банкроттық институттар жұмыс істейді, олар бұл салада іс-әрекетті заң түрінде реттейді.
1997 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті беткіткен «Банкрот туралы» заңы шықты. Осы заңның арқасында біздің ел банкроттық өркениетті институт құруға қадам басты.
Экономикалық әдебиеттерде банкроттықтың ұғымы көбінесе әр түрлі айтылады. Алайда экономистердтің көбісі банкроттық ұғымды келесідей түсіндіреді. Банкроттық (немісше Bankrott, италиянша Bankarotta) – кредиторлар тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің ақысын төлеу туралы талаптарын қанағаттандыруға дәрменсіздігі, сонымен қатар бюджет және бюджеттен тыс қорлар алдындағы міндетті төлемдерді өтеуге қабілетсіздігі, себебі қарыздар кәсіпорынның қарыз міндеттемелері оның мүлкінен әлде қайда артық болады.
«Банкрот туралы» заңда банкроттық ұғымы былайша түсіндіріледі. «Банкроттық» - борышкердің сот шешімімен танылған немесе несие берушілермен келісім бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланған, оны таратуға негіз болатын дәрмесіздігі».
Дәрменсіздік – борышкердің несие берушілердің ақшалай міндеттемелері бойынша талаптарын, еңбекақы төлеу туралы талаптарды қоса алғанда, сондай-ақ бюджетке және бюджеттен тыс қорларға мәндетті төлемдерді өзіне тиесілі мүлік есебінен өтеуді қамтамасыз ету қабілетттілігі.
