Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК КЭ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.39 Mб
Скачать

Тақырып 8. Еңбек ресурстары

Сабақтың мазмұны: Өнекәсіптегі кәсіптік дайындығы және жұмыс тәжірбиесі бар еңбеккерлер шаруашылықтың маңызды саласын құрайды.

Еңбек өнімділігі белгілі бір уақытта өнімнің шығару мөлшерін сипаттайды.

Өнеркәсіпте еңбек өнімділігін өлшеу үшін екі көрсеткіш қолданылады: өнімділік және еңбек сыйымдылығы.

Тапсырма 1. Егер есепті жылда жұмысшылар саны 300 адам болса, жұмысшылардың жоспар бойынша санын есептеңіздер. Өнім көлемі 4 млн теңгені құрайды.

Бір жұмысшыға шаққандағы өнімділік 9% және өнім көлемін 12% өсіру жоспарлануда.

Тапсырма 2. Кәсіпорында жыл бойы жұмысшылардың орта тізімдегі саны 600 адам. Жыл бойы өз еркімен 37 адам жұмыстан кетті, еңбек тәртібін бұзғаны үшін 5 адам жұмыстан шығарылады, 11 адам зейнетке шықты, жоғарғы және басқадай оқу орындарына, армия қатарына 13 адам кетті, кәсіпорынның басқа бөлімшелеріне және басқа жұмысқа 30 адамдарды ауыстырды.

Осы мәліметтерді қолдана отырып анықтау керек:

1) кадрлардың кету коэффициентін (%)

2) кадрлардың тұрақсыздық коэффициентін (%):

Тақырып 9. Еңбекақы төлеу

Сабақтың мазмұны: Еңбекақы жұмысшының өндіріс саласындағы өз еңбегінің саны мен сапасы үшін берілген ақшалай құралдарының сомасы.Өнеркәсіпте еңбекақы төлеуді ұйымдастыруды тарифтік жүйеге негізделген.Тарифтік жүйенің негізгі элементтері: тарифтік қойылым, тарифтік тор және тарифтік ­ біліктілік анықтама.

. Тапсырма 1. Цехта мерзімді жұмыста, еңбектің бірқалыпты жағдайында 200 жұмысшы жұмыс істейді, соның ішінде 40 жұмысшы II разрядпен, 55 ­ III, 65­ IV, 20­ V, 20 ­VI, разрядпен жұмыс істейді.

Цех жұмысшысының жұмыста орта сағаттық қойылым және орташа тарифтік разрядпен есептеңіз.

Тапсырма 2. IV разрядты аппаратшының бір аусымдағы өнімділік мөлшері 0,45 тонна. Ал, факт бойынша ол 0,51 тонна өнім өндіріледі. Еңбек жағдайы зиянды. Аппаратшының күндік кесімді жалақысын және өнімдік мөлшерін орындау пайызын есептеңіз.

Еңбегі мерзімді ­ сыйлықтық жүйе бойынша төленетін V разрядты кезекші слесарьдың айлық жалақысын есептеңіз.

Цехтағы құрал ­ жабдықтардың тоқтап тұруы 10% ­ ға төмендеді. құрал ­ жабдықтардың тоқтап тұру төмендеуінің әр бір пайызы үшін тарифтік жалақының 2,5% мөлшерінде сыйлйқ төленді. Ауысым ұзақтығы 8 сағат. Еңбек ету жағдайы ауыр.

Тақырып 10. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты

Сабақтың мазмұны: Өндірісті инновациялық деңгейде жүргізу деп ғылыми және техника жетістіктер негізінде тиімді, пайдалы өсім беретін, тұтынушылардың талабын жаңа әдіспен қамтамасыз етілуін айтамыз.

Тапсырма 1. Инвестициялық жобаны төмендегі мәлімет бойынша іске асыру қорытындысында келтірілген (дисконттірленген) тиімділіктерінің сомасын (мың теңге) анықтау керек:

Көрсеткіштер

Инвестициялық жобаны іске асырудағы қадам есебі (жылдар):

1

2

3

4

Өнімді сату көлемі (ҚСС)

-

12000

24000

30000

Сатылған өнімнің өзіндік құны, оның ішінде амортизация

-

8000

600

15000

1100

18000

1900

Салық және басқадай аудару

-

900

1400

2700

Дисконт мөлшері

-

0,10

0,10

0,10

Тапсырма 2.

Жыл бойы эшелондырылған әртүрлі өндіріс қорына күрделі қаржы салудың үш түрі салыстырылады. Дисконттің 0,2 мөлшеріндегі түрі бойынша күрделі қаржы салуды толық (дисконттеуді) анықтау керек.

Түрлері

Жылдар бойынша күрделі қаржы салу көлемі:

Күрделі қаржы бөлудің көлемі, сомасы

1-ші жыл

2-ші жыл

3-ші жыл

4-ші жыл

I

10

10

10

10

40

II

20

15

10

45

III

30

20

50