- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.И. СӘтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Студенттің пәндік
- •5В070600 – «Геологиялық барлау» мамандығы үшін
- •Алматы 2012
- •Аңдатпа
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер
- •Пререквизиттер
- •1.4. Постреквизиттер
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі.
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы:
- •2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
- •1 Дәріс тақырыбы.
- •2 Дәріс тақырыбы
- •1. Кәсіпорын – шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізушісі. Кәсіпорындар қалыптастырудың негізгі қағидалары. Кәсіпорынның басты міндеттері және функциялары.
- •3. Банкроттықтың түсінігі және белгілері. Банкроттық және дағдарыс кезіндегі кәсіпорындарды қайта құру және басқару.
- •2. Кәсіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымдары.
- •3 Дәріс тақырыбы
- •4 Дәріс. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •5 Дәріс. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •6 Дәріс. . Айналым капиталы
- •7 Дәріс. Еңбек ресурстары
- •1.Еңбек нарығы: мәні және қызмет ету механизмі. Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы, қалыптастыру көздері. Кадрлардың құрамы және құрылымы.
- •2. Жұмысшылардың еңбек ақы жүйелері және формалары. Мамандардың, жұмыскерлердің, басшылардың еңбек ақысын ұйымдастыру.
- •9 Дәріс. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •10 Дәріс. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары
- •1. Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы, тұрақты және өзгермелі шығындар. Кәсіпорынның шығындарын құрайтын шығындар жіктелуі. Кәсіпорындағы шығындар құрамы.
- •2. Шығындарды есепке алу нақты мен нормативтік әдістері.. Өнімнің өзіндік құнын азайтудың мәні, көздері және факторлары.
- •11 Дәріс. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •12 Дәріс. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •2. Өнімнің, жұмыстың және қызметтердің баға түрлері. Кәсіпорындағы баға құрудың механизмі. Нарықтық экономика жағдайындағы бағаны мемлекеттік реттеу.
- •13 Тақырып. Табыс және өндіріс рентабельділігі
- •1. Табыс – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінің жиынтық көрсеткіші ретінде. Табыстар түрлері. Кәсіпорынның табысын бөлу тәртібі.
- •2. Өндіріс рентабелділігі – кәсіпорын жұмысының тиімділік көрсеткіші ретінде. Рентабельділік деңгейін көтеру жолдары.
- •14 Тақырып. Кәсіпорын қаржысы
- •Тақырып 1. Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы
- •Тақырып 2. Экономиканы мемлекеттік реттеу
- •Тақырып 3. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •Тақырып 4. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Тақырып 5. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •Тақырып 6. Шикізат, материалдық және отын энергетикалық ресурстар
- •Тақырып 7. Айналым капиталы
- •Тақырып 8. Еңбек ресурстары
- •Тақырып 10. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •Тақырып 11. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары
- •Тақырып 12. Кәсіпорын маркетингтік және өндірістік қызметі
- •Тақырып 13. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •Тақырып 14. Табыс және өндіріс рентабельділігі
- •Тақырып 15. Кәсіпорын қаржысы
- •2.4 Оқытушылардың жетекшілігімен орындалатын студенттердің өздік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •Курстық жұмыстардың тақырыптары
- •Бақылау жұмысы сұрақтары:
- •Өздік бақылау үшін тест сұрақтары
- •. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глосарий
- •Әдебиеттер тізімі
12 Дәріс. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
Жоспар:
1. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі түсінігі, оның деңгейін көтеру бағыттары. Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі. Өнімді стандартқа келтіру. Өнімді сертификациялау. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін өсірудегі бағаның рөлі.
2. Өнімнің, жұмыстың және қызметтердің баға түрлері. Кәсіпорындағы баға құрудың механизмі. Нарықтық экономика жағдайындағы бағаны мемлекеттік реттеу.
1. ХІХ – ғасырдың француз экономисті Жан Батист Сәй (1767 -1832 жылдар) жылдар кәсіпорыннның шаруашылық қызметінің негізгі ережесін қалыптастырды. «Пайданы көбейту үшін өндіріс шығындарын азайту керек».
Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарықтық бәсеке жағдайында бас тартпай жұмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп фирмаларының шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және ткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұрақты рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті. Фирманың стратегиялық мақсаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінің үлесін көбейту болды.
Осы дәуір, еркін бәсеке дәуірі теоретикалық экономикаға баға бәсеке дәуірі ретінде белгілі. Осы уақытта бәсекелестеріне қарағанда сондай өнімге бағасы төмен фирма алға шықты.
Осы бойынша америка ғылымы, экономист, П. Самуэльсон: «Тауар өндірушілер бағалар бәсекесіне қарсы тұра алады және өздерінің пайдасын максимум деңгейге дейін көтере алады, тек қана шығындарды минумум деңгейге дейін азайтқанда, бұл өз кезегінде өндірістің ең тиімді әдістерін ендіргенде ғана қол жеткізіледі» - деп жазды.
Қазіргі жетілмеген, бағалық емес бәсеке жағдайында өндірістің шығындары азайту арқылы пайданы көбейту жолын іздеу әрекеті, әсіресе фирмалар арасында бәсеке болғанда ерте ме кеш не фирма үшін төлем төлей алмау әкеледі.
Әлемдік қауымдастықтың қазіргі экономикасы өтпелі экономика ретінде сипатталады: бір елдер, бұрынғы социалистік елдерді қосып алып нарықтық экономикаға өтуде, дамушы елдердің бір қатары дамудың индустриалдыға дейінгі деңгейіннен индустриалды дәуірге өтуде, индустриалды дамыған елдер индустриалдықтан ақпараттық дәуірге өтуде.
Ақпараттық дәуірде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен сұраныстары көн қырлы және ұлттық рыноктар рамкаларынан алыстауда, сұраныстар мінезі өзіндік сипат алып және де өзінің құрылымы бойынша әр түрлі болуда.
Фирма, егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылы емес, сату көлемін арттыру болса да.
Жалпы қабылдағандай, фирма басшысы білімді және жан – жақты болса да, менеджерлер мен инженерлердің қандай таланттары мен қабілеттері болғанымен, бағалық емес, қатаң бәсеке жағдайларында, яғни тұтынушылар сұраныстарының құрылымында бірінші орынға жаңашылдық, сапа, дизайн, жиі жаңарту мен әр алуан ассортимент, сатудан кейінгі жоғары деңгейдегі сервис қойылғанда, өз фирмасында өндірістік шығындар деңгейін белгілі бір шекарасынан төмен азайту мүмкін еместігіне көзі жетеді.
Микроэкономика саласындағы мамандардың бағалауынша кез – келген фирма үшін кез – келген экономика үшін шаруашылық қызметтің бағдары болып әлемдік сыныпты қазіргі заманға сай кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастыруы болуы тиіс және мына параметрлерге сәйкес келуі тиіс:
үлкен икемділігі, өнім ассортиментін тез өзгертуге және өнімді жиі жаңарту қабілеттер болуы керек. Стандартталған өнімнің қатаң стандартқа негізделген жаппай өндірісі тұтынушылардың тез өзгеретін сұраныстарына бейімделуге қабілетсіз және оның салдары төлем төлей алмауға әкеледі;
фирма жаңа технология мен өндірісті ұйымдастырудың жаңа нышандарына көшуге ұмтылуы тиіс. Өндіріс технологиясы күрделі екені соншалықты, қазір еңбек бөлінісі мен ұйымдастырудың басқа да нышандарын әсіресе фирма өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселе шынымен қойылған жағдайда қажет етеді;
фирмаға өзінің өнімінің сапасын және сатудан кейінгі сервистің деңгейіне көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек. Тұтынушылардың өнім сапасына деген талаптары бүгін тек, өсіп қана қойған жоқ, және де өзінің сипатын түбірмен өзгертті. Қазір жақсы өнімді шығару аз, сонымен бірге сатудан кейінгі сервисті ұйымдастыруды, тұтынушылардың жоғары деңгейдегі өзіндік сұраныстарына қосымша фирмалық қызметтерді көрсету туралы ойлау керек.
Экономикалық бизнес саласындағы кәсіпкер жетістігін, олардың бизнес жүргізу мүмкіндігін ашу қабілеттілігі және оны қолдану шеберлігімен байланыстырады. Жалпы кәсіпорын кәсіпкер ретінде мынаны шешуі қажет:
1. нарықтық тұтыныстардың құрылымын дұрыс бағалау керек және олардың ішінен табысын қалай максимилизацияласа, сатып алушылардың пайдалылығын да солай арттыру қажет;
2. кәсіпорынның мақсатын анықтап, адамдады соған қол жеткізу үшін ұйымдастыру керек. Ол үшін оған ынталандыру мен мотивация құрылады. Сондай – ақ осыдан туындайтын нарықтық экономиканың жаңа жағдайында кәсіпорынға басқада бірнеше қызметтерді жүзеге асыруға тура келеді;
3. нарықтық ортаның жағдайында кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттілігін қолдау;
4. менеджмент жүйесін қолдана отырып, ішкі ортаны басқару қызметі және қазіргі маркетингтік жүйені қолданып, сыртқы нарықтық ортына басқару қызметі.
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылган өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал онімнің сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.
Өнімнің сапа деңгейі оның сапалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.
Сапаның көрсеткішін анықтау оның саңдық маңызын өзін өзі түсіну болып табылады. Ол үшін мына төмендегі әдістер пайдаланылады:
өлшеуші әдіс (аснаитар, приборлардың көмегімен);
тіркеу әдісі — бұл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы мүмкін;
есептеу әдісі — өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдануға негізделеді;
органолептік әдіс — адам мүшесін сезу-көру, есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дәлдігі және растылығы адамдардың біліктілігі, даңдылығына және қабілеттілігіне байланысты;
социологиялық әдіс — өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады;
сарапшылық әдіс — мамандар тобы арқылы іске асырылады. Мысалы, дизайнерлер, дәм айырушылар.
Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы сапада немесе кәсіпорындарда өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке жататындар:
• сұрыптылығы;
• маркасы;
• жүктелімі;
• пайдалы заттың мазмұны;
• өнімнің дүниежүзілік стандартына сай үлесі, т.б. жеке көрсеткіштер тым әр түрлі және не ол, не бұл өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады.
Нарықтық жағдайда тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзінің ерекшелігінің жиынтығы сатын алу сату актісінде көрінеді Мұндай ерекшеліктің үйлесті өндіруші мен тұтынушының мүдделерінің сақталуы негізінде тауарлар және тұтынушылар талабының сипаттамасын, сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық сәйкестігін бәсекенің жарамдылығы деп атайды.
Өнімнің бәсекеге жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруына мүмкіндік беретін тұтыну кешенінің (сапалық және сандық) сипаттамасын анықтайды. Бәсекеге жарамдылығы өнім рынокта жеңіл және тез сатылады. Әрбір сатып алушы өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген қанағаттанушылық деңгейінде жеке дара көрсеткіштер пікір жиынтығын құрайды, оның тағы да нарықтың пайда болу қарасында қалыптасады.
Сонымен, тауарға бәсекенің жарамдылығын, оның сапалың және құндық сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады. Ол сатып алушының нақтылы мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушы үшін тиімділігі ұқсас тауар — бәсекелестер ерекшеленеді.
Бұл маңызды көрсеткішті анықтаудың бірнеше тәсілдері белгілі. Олардың ең көп таралғандарына қысқаша тоқталайық.
Бірінші тәсіл. Техникаға бәсекенің жарамдылығын анықтайтын белгісі - бұл тауарды тұтыну бағаны болып табылады. Ол мынадай формуламен анықталады:
Бт = Бс Шт
мұнда, Бт — тұтыну бағасы
Бс — сатылу бағасы
Шт — бұл өнімді тұтынушылардың шығындары (оның барлық норматавтік мерзім ішіндегі қызметі)
Екінші тәсіл. Тауардың бәсекелестік жарамдылығын анықтағанда бұл тәсіл екі өлшемді еске алуы мүмкін; өнімнің өзіндік құны, тауарды сату және оның сапалылық деңгейі. Сөзсіз, бәсекеге жарамдылығы артытырақ болатын тауар оны өндіруге, сатуға кеткен шығындар ең төмен, ал сапа деңгейі бәсекелес тауарға қарағанда жоғарылау болатын болса.
Үшінші тәсіл. Бұл тәсіл техниканың деңгейін және сату бағасын есепке ала отырып, бәсекелестік тауарларды қалыптастыруға негізделген. Бұл тәсілге сәйкес басымда салыстырмалы сапаның сандық көрсеткіштерінің деңгейі және базалық үлгілер (тауар) мына формуламен анықталады:
КК = ККэ ККт ККс
мұнда, КК — тауар деңгейінің кешенді көрсеткіші;
ККэ — эстетико-аргономикалық деңгейінің кешенді көрсеткіші;
ККт — техникалық деңгейдің кешенді көрсеткіші;
КҚс — көрсеткіш кешенінің сектімділігі.
