Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК КЭ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.39 Mб
Скачать

10 Дәріс. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары

Жоспар:

1. Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы, тұрақты және өзгермелі шығындар. Кәсіпорынның шығындарын құрайтын шығындар жіктелуі. Кәсіпорындағы шығындар құрамы.

2. Шығындарды есепке алу нақты мен нормативтік әдістері.. Өнімнің өзіндік құнын азайтудың мәні, көздері және факторлары.

1. Кәсіпорын шығындары — өндіріске енгізетін факторларды алуға жұмсалатын шығындар; ресурс өнімдерін өндіруге және өткізуге қолданылатын ақшалай көрініс.

Айкын (бухгалтерлік) шығындар – кәсіпорынның қолданылатын ресурстарға төлемі (шикізат, материал, отын, энергия алуға, еңбекақы төлеуге, өтелімге жұмсалатын шығын, көлік, сақтандыру және басқа да кәсіпорынның ақшалай формада төлейтін шығыстары); нарық бағасымен алынған өндіріс факторларының нақты шығындары.

Айқын емес шығындар - өндірісте кэсіпорын иесіне тиесілі (жер, орын, жеке еңбегі және т.б.) ресурстарды пайдаланудағы көрсетілетін шығындар, кәсіпорын бұл шығындарды төлеу міндетін алады, бірақ анық ақшалай формада емес.

Экономикалық шығындар (бухгалтерлік және айқын емес шығындар жиынтығы) - ресурстарды пайдаланудың («жіберілген мүмкіндіктер шығыны») баламалы жолымен байланысты шығындар. Ол ресурстарды пайдаланудың баламалы нүсқаларының барлық ұтымдысын пайдаланған кезде пайда болатын кұндылық болып табылады.

Өзгермелі шығындар - шығарылатын өнімнің көлемі тікелей үйлесімді өзгеретін және шығарылым құрылымына тәуелді болатын шығындар.

Тұрақты шығындар - қысқа мерзімді кезеңде өндіріс көлемінен және құрылымына тәуелсіз шығындар.

Тікелей шығындар - нақты бір өнім түрін өндірумен байланысты экономикалық бір текті шығыстар.

Жанама шығындар - өнімнің бірнеше түрін дайындаумен немесе оны өңдеудің түрлі кезеңдерімен байланысты болғандықтан жекелеген бұйымдарды тікелей тиісті белгісіне қарай есептеуге болмайтын шығыстар.

Негізгі шығындар - өнімді дайындаудың технологиялық процестерімен тікелей байланысты шығындар.

Өнімсіз шығындар – кәсіпорындардың, бірлестіктердің ұйымдардың өндірістік және шаруашылық – қаржы қызметіндегі бұрмалаушылықтар мен кемшіліктер туғызған шығындар мен ысырап. Оларға ақаулы өнім шығарудан, тапсырыстардың күшін жаңадан немесе құрылысты қысқартудан, жабдықтың қаңтарылып қарап тұруынан болатын шығындар, жұмыс уақытынан тыс мерзімде немесе қалыпты еңбек жағдайынан ауытқы отырып орындалатын жұмыс үшін жұмысшыларға қосымша ақы төлеу; сақтау кезінде материалдық құндылықтардың кем шығуы және бүлінуі; шаруашылық шарттарының бұзылғаны, транспорттың қаңтарылып қарап тұрғаны үшін төленген айып пен тұрақсыздық айыбын өтеу мерзімі кешіктірілген несие бойынша көтеріңкі проценттер, т.б. жатады.

Жөнелтпе (жүкқұжат) шығындары — өндірісті ұйымдастыру, басқару және қызмет көрсету бойынша белгілі бір жұмыс жағдайларының әсерінен (пайда) болатын өнімді дайындаудың технологиялық процестерімен тікелей байланысты емес (байланыссыз) шығыстар.

Смета - болжалды нәтижеге жету үшін қажетті жұмсайтын түрі мен орны бойынша шығындар мөлшерін анықтайтын ақша өлшеуішімен көрінетін жоспар.

Икемді смета - іскер белсенділіктің түрлі деңгейінде есептеумен дайындалған және өңдірістік шығарылым деңгейіндегі өзгерістерге бейімделген болжалды шығын сметасы.

Калькуляциялау - шығын түрлерін тікелей сол шығын жеткізушілеріне жатқызу процесі, ал калькуляция - накты бір өнім түрін өндіруге және өткізуге жұмсалатын шығындарды есептеу.

Калькуляциялық бірлік — калькуляциялау объектісінің өлшеуіші.

Өндіруге және калькуляциялауға жатқызылатын шығындарды есептеу - бұл құжаттамаларды қабылдау және өндірістік| шығындар көрінісінің жиынтығы. Оларды былай топтауға болады:

а) шығынды есептеу объектілері бойынша - процестік, бөлістік, тапсырыстық;

ә) шығынды есептеу толықтығы бойынша - толық өзіндік кұнын калькуляциялау, толық емес өзіндік құнын калькуляциялау;

б) шығынды есептеу және бақылау жеделдігі бойынша нақты және нормативті шығындар есебі.

Өндіріске жұмсалатын шығындар былай топталады:

а) өнімнің өзіндік кұнын есептеу және калькуляцияда көрсету шығындарының бабы бойынша:

  • шикізат және материал;

  • қайтарымды қалдықтар (шегеріледі);

  • сатып алынатын бұйымдар (жартылай өнделген өнім, көмекші материалдар);

  • технологиялық мақсатта отын мен энергия;

  • өндірістік жұмысшылардың негізгі және қосымша еңбекақысы;

  • әлеуметтік сақтандыру аударымдары;

  • өндіруге, дайындауға және меңгеруге жұмсалатын шығыстар;

  • жабдықтарды ұстап тұруға және пайдалануға жұмсалатын шығындар;

  • жалпы өндірістік шығыстар;

  • сапасыз өнім шығындары;

  • өзге де өндірістік шығыстар;

  • коммерциялық шығыстар;

б) экономикалық элементтер бойынша, бұл өндіріске ненің қандай көлемде жұмсалатынын көрсетеді. Өндіріске жұмсалатын шығындар экономикалық элементтер бойынша топтастырылады:

  • материалдық шығындар;

  • еңбекақыға жұмсалатын шығындар;

  • әлеуметтік сақтандыру аударымдары;

  • құрал-жабдықтың тозуы (амортизация);

  • өзге де шығындар.

Қазақстан Республикасында өнім өндіруге және өткізуге жұмсалатын барлық шығындар екі топка бөлінеді:

- өнімнің өзіндік құнына жатқызылатын шығындар, яғни өнімді өндірумен байланысты шығындар (материалдық шығындар, негізгі өндірістік қызметкерлердің еңбекақысы, сақтандыру аударымдары, жүкқұжат щығындары);

- нақты бір өнім түріне байланыссыз, тұрақты деп белгіленген кезең шығыстары (жалпы және басқару шығындары, өткізу шығындары, пайыздық өсім төлеу шығыстары).

- тауарлы -материалдык қорлардың қалдығына жатпайды да жұмсалған кезеңде есептен шығарылады.

Қоғамдағы өндіріс шығындары деп – әдетте өнім өндіруге жұмсалған шығындарды айтады. Шығын – қоғамдық және өндіріс шығыны болып бөлінеді.

Қоғамдық шығынға өнім түріне немесе қоғам өндірісіндегі өнімге толық жұмсалған шығынды айтады. Оған: еңбекақы, түрлі төлемдер, материалды ресурстарды және қосымша өнімнің құны, білім беру, денсаулық, қорғаныс, ұлғаймалы ұдайы өндіріс т.б. қоғамдық мұқтаждарына жұмсалған шығындар жатады.

Өндіріс шығынына: еңбекақы, түрлі төлемдер, материалды ресурстар құны және жыл бойғы негізгі қорлардың тозуы, өнім өндіруге қатысқан техникалар, машиналар, құрал-жабдық, үйлер, ғимараттар т.б. материалдық ресурстар – айналым қоры (жағар – жанар май, отын, химикаттар т.б. құралдар құны) кіреді.

Барлық салаларда өнімнің өзіндік құны жанды еңбек, өткендегі не болмаса мүліктенген еңбек шығындары болып бөлінеді. Өткендегі мүліктенген еңбек шығындары дегеніміз өндіріс құралдарын жасауға кеткен еңбек шығындары. Жанды еңбек шығындары дегеніміз – жұмысшылардың белгілі бір өнімді өндіруге нақтылы жұмсаған шығындарын айтады. Мысалы, өнеркәсіпте керекті мүліктенген еңбек шығынына: түрлі станоктар, техникалар, машиналар, жағар – жанар май, химикаттар т.б. шығындар кірсе, жанды еңбек шығынына: әрбір технологиялық өндірістің жұмыстарына жататын, мысалы: шикізатты қабылдаудан бастап, өнім бұйымдарын шығаруға дейінгі шығындары кіреді.

Сонымен, мүліктенген және жанды өндірістік еңбек шығындарының біріккен жиынтығы – қоғамның өндіріс шығынын құрайды. Өз кезегімен өндірістің қоғамдық шығыны тауардың құнын құрайды.

Тауардың өзіндік құнын тауар қүнының бір бөлігі деуге болады. Ол құн төмендегідей үш бөлімнен тұрады:

баға = С + Ү + М,

мұнда: С – өндірісте тұтынған, еңбек арқылы өндіріс факторларының өнімге айналған түрінің құны;

Ү – өнімнің қажетті еңбек арқылы (өзіміз үшін) келген бөлігінің құны;

М – өнімнің үстеме еңбек арқылы (қоғам үшін) келген бөлімнің құны.

Өнім өндіруге жұмсалған шығынды сол өнімнің әрбір бірлігіне бөлу арқылы өнімнің өзіндік құнын анықтайды. Өнеркәсіпте өзіндік құн динамикасы көп ретте өңделетін шикізаттың сапасына, өндіріс технологиясының қазіргі талапқа сай деңгейіне байланысты.

Әр жерден дайындалған тіпті бір типтес шикізаттарды, материалдарды өңдеуге бірдей шыққан шығынның өзінде де қортындысы әртүрлі болуы мүмкін. Бұл жағдайда өзіндік құнның мөлшері де әртүрлі болады, яғни жұмсалған шығынға сәйкес келмейді. Ол өндіріс салаларының бағытына, өндірісті ұйымдастыруына, шикізат, материалдар сапасына, еңбек ресурстарын дұрыс басқару және мамандардың қабілетіне тікелей байланысты болып келеді.

Өнімнің өзіндік құнын есептеуді калькуляция дейді. Жоспарлы және нақты өзіндік құнды ажыратады. Өнімнің жоспарлы өзіндік құны мөлшерлі, есептеу және жоспарлы көрсеткіштің негізінде анықталады. Ал нақты өзіндік құнды бухгалтерлік есеп беру мәліметтері бойынша нақты шығын арқылы анықтайды. Өнімге жұмсалған шығындардың қалыптасу кезеңдеріне байланысты өзіндік құнды үш түрге бөлуге болады:

• технологиялық өзіндік құн;

• өндірістік өзіндік құн;

• коммерциялық (немесе толық) өзіндік құн.

Технологиялық (цехтық шығындар) өзіндік құнға – өнімнің технологиялық үрдісінде пайда болған шығындар, сонымен бірге оның құрамына өндірісті ұйымдастыру мен басқаруға кеткен шығындар кіреді.

Өндірістік (жалпы зауыттық шығындар) өзіндік құнға – өнім өндіруге байланысты жұмсалған барлық шығын және өнімді цехтар арасында тасымалдауға жұмсалған шығынның бәрі кіреді.

Коммерциялық (толық) өзіндік құнға өндірістік өзіндік құн, оған қосымша транспорт шығындары және өнімді сатуға байланысты басқа да шығындар кіреді.

Өнімнің өзіндік құнына кіретін барлық өндіріс шығындары өзінің әртүрлі белгісімен жіктеледі.

Негізгі белгісі бойынша жіктелу екіге ажыратылады:

а) шығынның бастапқы элементтері бойынша (экономикалық маңызда);

б) шығынның пайда болу түріне және мақсатына қарай (калькуляция баптары бойынша).