
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.И. СӘтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Студенттің пәндік
- •5В070600 – «Геологиялық барлау» мамандығы үшін
- •Алматы 2012
- •Аңдатпа
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер
- •Пререквизиттер
- •1.4. Постреквизиттер
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны
- •Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау
- •Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі.
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы:
- •2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақ конспектілері
- •1 Дәріс тақырыбы.
- •2 Дәріс тақырыбы
- •1. Кәсіпорын – шаруашылықты жеке жүргізетін субъект және нарықтық қатынастардың негізгі жүргізушісі. Кәсіпорындар қалыптастырудың негізгі қағидалары. Кәсіпорынның басты міндеттері және функциялары.
- •3. Банкроттықтың түсінігі және белгілері. Банкроттық және дағдарыс кезіндегі кәсіпорындарды қайта құру және басқару.
- •2. Кәсіпорынның түрлері мен ұйымдық құрылымдары.
- •3 Дәріс тақырыбы
- •4 Дәріс. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •5 Дәріс. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар
- •6 Дәріс. . Айналым капиталы
- •7 Дәріс. Еңбек ресурстары
- •1.Еңбек нарығы: мәні және қызмет ету механизмі. Кәсіпорынның еңбек ресурстары, олардың құрамы және құрылымы, қалыптастыру көздері. Кадрлардың құрамы және құрылымы.
- •2. Жұмысшылардың еңбек ақы жүйелері және формалары. Мамандардың, жұмыскерлердің, басшылардың еңбек ақысын ұйымдастыру.
- •9 Дәріс. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •10 Дәріс. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары
- •1. Шығындар түсінігі, түрлері және құрамы, тұрақты және өзгермелі шығындар. Кәсіпорынның шығындарын құрайтын шығындар жіктелуі. Кәсіпорындағы шығындар құрамы.
- •2. Шығындарды есепке алу нақты мен нормативтік әдістері.. Өнімнің өзіндік құнын азайтудың мәні, көздері және факторлары.
- •11 Дәріс. Кәсіпорынның маркетингтік және өндірістік қызметі
- •12 Дәріс. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •2. Өнімнің, жұмыстың және қызметтердің баға түрлері. Кәсіпорындағы баға құрудың механизмі. Нарықтық экономика жағдайындағы бағаны мемлекеттік реттеу.
- •13 Тақырып. Табыс және өндіріс рентабельділігі
- •1. Табыс – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінің жиынтық көрсеткіші ретінде. Табыстар түрлері. Кәсіпорынның табысын бөлу тәртібі.
- •2. Өндіріс рентабелділігі – кәсіпорын жұмысының тиімділік көрсеткіші ретінде. Рентабельділік деңгейін көтеру жолдары.
- •14 Тақырып. Кәсіпорын қаржысы
- •Тақырып 1. Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы
- •Тақырып 2. Экономиканы мемлекеттік реттеу
- •Тақырып 3. Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
- •Тақырып 4. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
- •Тақырып 5. Кәсіпорынның негізгі капиталы
- •Тақырып 6. Шикізат, материалдық және отын энергетикалық ресурстар
- •Тақырып 7. Айналым капиталы
- •Тақырып 8. Еңбек ресурстары
- •Тақырып 10. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық саясаты
- •Тақырып 11. Өнімді өткізу және өндіріс шығындары
- •Тақырып 12. Кәсіпорын маркетингтік және өндірістік қызметі
- •Тақырып 13. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
- •Тақырып 14. Табыс және өндіріс рентабельділігі
- •Тақырып 15. Кәсіпорын қаржысы
- •2.4 Оқытушылардың жетекшілігімен орындалатын студенттердің өздік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •Курстық жұмыстардың тақырыптары
- •Бақылау жұмысы сұрақтары:
- •Өздік бақылау үшін тест сұрақтары
- •. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глосарий
- •Әдебиеттер тізімі
2. Жұмысшылардың еңбек ақы жүйелері және формалары. Мамандардың, жұмыскерлердің, басшылардың еңбек ақысын ұйымдастыру.
1. Өндіріс үрдісіне әсерін тигізетін маңызды мәселенің бірі – бұл еңбек ресурстарының бағасы – жұмысшылардың еңбекақысы.
Жұмысшыларды тиімді пайдалануда ынталандырудың негізгі бір жолы - еңбекақы төлеу.
Еңбекақы төлеу – бұл мемлекеттік кәсіпорында ұлттық табыстың бір бөлігінен әрбір жүмысшының еңбек шығынына қарай, еңбектің саны мен сапасы бойынша бөлінетін ақшалай түрдегі жұмысшыға төленетін еңбекақы.
Еңбекақы төлеу – бұл еңбек үшін берілетін сыйақы.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай түрлері бар. Қызметкерлерге ақшаның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай түрдегі еңбекақы төлеудегі ең басты нышандардың бірі болып саналады. Қазіргі кезде еңбекақы төлеудің заттай нышаны сирек кездеседі. Еңбекақы төлеудің мұндай нышаны ақша айналымының бұзылуы кезінде, экономиканың тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайында кең қолданылады.
Еңбекақыны ұйымдастыру арқылы нарықтық экономиканың екі қозғаушы күштері арасында әлеуметтік әріптестердің қатынастарын дамуына мүмкіндік беретін, жұмыс беруші мен жұмыс істеушілердің арасында келісім-шарт жасалынады.
Еңбекақының көлеміне жұмысшылардың иемденетін ақшасының мөлшері ғана емес, сонымен қатар оның ақшаға сатып алу қабылеті кіреді. Сатып алу қабілеттілігі нақтылы еңбекақы мен көрсетілген еңбекақының арақатынасы арқылы анықталады. Сондықтан, кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысы мемлекет бекіткен ең төменгі деңгейдегі еңбекақы көлемінен кем болмауы тиіс.
2. Сонымен, еңбекақы нақтылы еңбекақы және көрсетілген еңбекақы болып ажыратылады.
Көрсетілген еңбекақы дегеніміз бұл есептелінген және жүмысшылардың белгілі уақыттағы еңбегіне ақшадай төленетін еңбекақысы.
Нақтылы еңбекақы – бұл нақты еңбекақысына белгілі сандағы тауарларды және қызметтерді сатып алуына, ие болуына мүмкіндігі немесе нақты еңбекақы – бұл көрсетілген еңбекақыға нақты заттарды «сатып алу мүмкіндігі». Нақтылы еңбекақы көрсетілген еңбекақы мен сатып алынатын тауардың мөлшеріне байланысты. Мысалы, көрсетілген еңбекақы 15% көбейіп, инфляция осы мерзімде 10% деңгейде болса, нақты еңбекақы тек қана 5%-ға көбейеді. Сонымен инфляцияның артуы көрсетілген еңбекақы мен салыстырғанда нақты еңбекақының төмендеуіне, немесе керісінше болуы мүмкін. Инфляцияның әсері болмаған кезде көрсетілген еңбекақының өсуі нақтылы еңбекақының өсуін білдіреді.
Осымен бірге, егер баға өнім сапасын ескермесе, онда нақты еңбекақы өнім сапасына тікелей тәуелді болады. Сондықтан, еңбекақы жүйесін реттеуде инфляция үрдісіның ықпалы ескерілуі тиіс.
Еңбекақы төлеуді жақсарту саясатында және оны ұйымдастыруда, кәсіпорын төмендегідей принциптерге сүйену керек:
• әділдік, яғни еңбектің күрделілігіне сәйкес төлеу;
• еңбек ақыны мамандық деңгейіне, орындалатын жұмыс күрделілігіне қарай есептеу;
• еңбек жағдайындағы зиянды және еңбектің ауырлығын есепке алу;
• еңбектің сапасын көтеруге және жұмыскердің еңбекке тыңғылықты қатынасын ынталандыру;
• еңбекте сапасыз өнім өндірілген және өзінің жұмысына жауапкерсіз қараған жұмысшыларды материалдық жағынан әкімшілік жазаны қолдану;
• еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, орта еңбекақы төлеудің өсу қарқынынан артуы;
• инфляцияға сәйкес еңбекақыны төлеу деңгейін тиісінше индексация жасау;
• кәсіпорында қазіргі жағдайға сәйкес еңбекақы төлеу жүйесін жақсартып, прогрессивті түрлерін қолдану.
Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.
Негізгі еңбекақы төлеу тәсіліне төмендегідей төлемдер жатады:
• мерзімдік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезіндегі орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;
• еңбекке қалыпты жағдайымен байланысты төлемдер, ағын мерзімнен тыс жұмыстар, түнгі уақыттарға, мереке күндерде т.б. күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;
• сыйлықтар, сыйлықақы үстемелер;
• жұмысшыларға қатысы жоқ себептерден техника мен жабдықтардың тоқтап қалған уақытына төлемдер және т.б.
Қосымша еңбекақы төлеу, еңбек туралы заңда, кәсіпорынның келісім–шартында қарастырылған. Сонымен бірге жұмыс уқытын пайдаланбаған келесі кездердегі төлемдер жатады:
• демалыс уақыттарында ақы төлеу;
• мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;
• декретке шығып, нәресте көрген аналарға, жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;
• кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.
Кәсіпорындарында еңбекақы төлеудің негізгі түрлері мен әртүрлі жүйелері қолданылады. Оның ішінде кең тараған түрі: кесімді еңбекақы мен мерзімді еңбекақы төлеу.
Кесімді еңбекақы төлеу - мұнда еңбекақы өндірілген өнімнің саны мен сапасына сәйкес, оның күрделігі мен еңбек жағдайы ескеріліп, арнаулы бағалау арқылы төленеді.
Кесімді еңбекақы өнімнің саны мен сапасына тәуелді, ол төмендегі формула бойынша анықталады:
Еа = Кб * Өм
мұнда Еа – еңбекақы;
Кб – өнім бірлігінің кесімді бағалануы;
Өм – өндірілген өнімнің (қызметтің) мөлшері.
Кесімді еңбекақыны төмендегідей түрлеріне бөлуге болады:
• тікелей немесе жай кесімді;
• жанама кесімді;
• кесімді – сыйлықты;
• үдемелі – кесімді;
• аккордтты - кесімді.
Жұмысшылардың еңбекақысы жеке және ұжымды болып жүйеленеді.
Тікелей немесе жай кесімді жүйеде еңбекақы өнім өндіру бірлігіндегі бағалау бойынша төленеді. Оны мына формуламен анықтайды:
Ер = Ес / Өс , немесе Ер = Ес * tм,
мұнда Ес – орындалатын жұмысқа тиісті белгіленген разрядтағы, графиктік сағат еңбекақы мөлшері, теңге/с;
Өс – нақты өнімді шығарудағы сағат мөлшері;
tм – өнім (жұмыс) бірлігіне бөлінетін уақыт мөлшері, С.
Жұмысшының жалпы еңбегін кесімді бағалауда есепті мезгілдегі өнімді өндіру санына көбейту арқылы анықталады.
Жанама кесімді еңбекақы төлеу түрі – тікелей еңбек қорытындасына байланысты, кесімді жұмысшылардың істеген еңбегіне қарай еңбекақы көлемі белгіленеді. Бұл жүйе бойынша көмекші жұмысшыларға (реттеушілерге, баптаушыларға т.б.) еңбекақы төленеді.
Жанама кесімді бағалану (Еж) жұмысшының жай қызмет атқаратын өндіру мөлшерін есепке ала отырып және олардың саны формула бойынша есептеледі:
Еж = Ес / Өс * Ж (өнім немесе жұмыс бірлігіне, теңге)
мұнда Ес – қызмет атқаратын жұмысшыға төленетін жанама еңбекақы жүйе бойынша еңбекақы мөлшерінің тарифі, теңге;
Өс – қызмет атқаратын бір жұмысшының (объектілер, агрегаттар) өнім бірлігіне сағаттың өндіру мөлшері (еңбек өнімділігі);
Ж – қызмет атқаратын жұмысшалар саны (объектілер, агрегаттар) - қызмет атқару мөлшері.
Жұмысшылардың жалпы еңбекақысын, бір жерде қызмет атқарып кесімді ақыдағы көмекші жұмысшылардың еңбекақы мөлшерін орта пайыз орындалған мөлшеріне көбейту арқылы, таза бір жерде жанама кесімді еңбекақы бағалауын қызмет атқаратын жұмысшылардың нақты өнім шығару көлеміне көбейту тәсілінде анықтауға болады:
Ежалп = Ес НкөмУ/100,
мұнда Ежалп – жұмысшының жалпы еңбекақысы, теңге;
Ес – жанама еңбекақы төлеуге көшірілген көмекші жұмысшылардың еңбекақы мөлшерінің сағат тарифы, теңге;
Нкөм – көмекші жұмысшылардың нақты игерген адам – сағат мәлімет саны;
У – объектілерде, агрегаттарда жұмысшылардың қызмет атқарған барлық жұмысшының орта өлшемдегі игеріп орындалған мөлшер пайызы.
Ежалп = ∑Ежан јӨнак Ј,
мұнда, Ежан – қызмет атқарған Ј – і өндірілген өнім бірлігінің жанама кесімді бағалануы, теңге;
Өнак Ј – қызмет атқарған Ј – і жұмысшының тиісті бірлік өлшемінде белгілі мерзімде өндірген өнімнің нақты саны.
Аккордты кесімді еңбекақы төлеу жұмыстың барлық көлеміне төлейтін ақыларды қамтиды. Жұмыстың жеке элементтеріне арналған мөлшерлер бағалымдарды қосып, барлық жұмыстың құнын анықтайды.
Бұл жүйеде еңбекақы жұмыс мезгілін қысқартқаны үшін жұмысшыларға сыйлық ақы төленеді. Мұндай кесімді еңбекақы төлеу жүйесі еңбек өнімділігін арттыруға ынталандырады.
Үдемелі – кесімді еңбекақы төлеу жүйесі – мөлшерді орындағаны үшін тікелей кесімді бағалау бойынша төленетін ақы, ал егер мөлшерден тыс артық орындағаны үшін жоғарғы бағалы төлемге ие болады. Бұл көбінесе жұмысшылардың жаңа техниканы меңгергеніне қолданылатын еңбекақы төлеу тәсілі.
Үдемелі-кесімді еңбекақы төлеуде жұмысшылардың табысы (Еу.к.) қабылданған, үдемелі жүйедегі еңбекақыны (орындалған мөлшерден жоғарғы барлық көлеміне немесе көлемінің бөлігіне) төмендегі формула көмегімен есептеп анықтауға болады:
Еу.к.═ Ен.е.+ [Ен.е. (Jм – Jбаз)qөн]/Jм,
Еу.к.═ Ен.е.+ Ет.ө. (qу – 1)/Jм,
мұнда, Ен.е. – тура кесімді бағалау бойынша жұмысшының негізгі еңбек табысының сомасы, теңге;
Ет.ө. – кесімді-үдемелі еңбекақы төленетін жұмыстың (өнімнің) бөлігіне тура кесімді бағалану бойынша есептелінетін жұмысшыға кесімді ақы төлеу сомасы.
Jм – жұмысшының өнім өндіру мөлшерін орындау деңгейі,%;
Jбаз – көтеріңкі бағалану бойынша қолданатын жоғарғы ақы төлеудегі өндіру мөлшерінің базалық деңгейі,%;
qөн – белгіленген мөлшерден тыс өнімді жоғары өндіргені үшін бағаланудағы кесімді ақыны қаншаға көбейтуді көрсететін коэффициент;
qу – кесімді бағалануда үдемелі қатынасын көрсететін коэффициент (шкала бойынша негізгі кесімді бағалауда бұл коэффициент бірліктен көп).
Мерзімді еңбекақы төлеу – мұнда істелген уақыт санына байланысты сый беру және жұмысшыға басқадай ақшадай түрде, нақты атқарылған жұмысқа бекітілген тариф немесе еңбекақы бойынша төленетін жалақының бір түрі.
Мұнда еңбек жай және күрделі, төменгі және жоғарғы мамандықта болуы мүмкін. Бұл жағдайда еңбекақы төлену жұмысы тариф арқылы жіктелініп іске асады.
Нақты істелінген уақыт (сағат) мерзімін тарифті еңбекақы мөлшеріне көбейту жолымен еңбекақыны анықтайды.
• Тарифтік еңбекақы мөлшері – жұмысшының бір сағат, бір күн немесе бір ай ішінде алатын жалақысының көлемін белгілеу. Сағаттық, күндік және айлық тарифтік еңбекақы мөлшері еңбектің мөлшерленуіне және түрлі жағдайда әртүрлі есептелетіндігіне байланысты болады.
• Жұмысшылардың әртүрлі квалификациясына қарай еңбекақы төлеудің біркелкі тарифтік торы қолданылады.
1993 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай тарифтік тор халық шаруашылығындағы қызметкерлердің барлық дәрежесіне қолданыла бастады. Мұнда, тиісінше коэффициент және белгілі разряд саны көрсетілген. Тарифтік коэффициентінің ең төменгі разряды бірге тең. Тарифтік коэффициентінің келесі разряды тариф ставкасының тиісінше әрі қарай бірінші разрядтан жоғарлап өсуін көрсетеді.
Бірыңғай тарифтік торда 21 тарифтік разряды бар. Бұл жүйе шаруашылықты жүргізу нышанына, меншік нышанына және бюджеттік ұйымдарға тәуелсіз барлық кәсіпорындарға арналған:
• 1– 8 разрядтар бойынша – жұмысшыларға төлемдер;
• 6 – 15 разрядтар бойынша – линиялық қызметкерлердің төлемдері;
• 4 – 11 разрядтар бойынша – орта білімді мамандардың төлемдері;
• 7 – 15 разрядтар бойынша – жоғары білімді мамандардың төлемдері;
• 10 – 20 разрядтар бойынша – кәсіпорынның басшылары, бөлімдердің, функционалдық қызметтер басшыларының төлемдері;
• 9 – 21 разрядтар бойынша – ғылыми қызметкерлердің төлемдері.
Қазақстан Республикасының бюджеттік салаларындағы қызметкерлердің еңбекақыларына арналған бірыңғай тарифтік тор қызметкерлердің дәрежесін, міндетін, разрядтар санын (21) және разрядтарға қатысты тарифтік коэффициенттерін қамтиды, оны төмендегі кестеден көруге болады.
Мерзімді еңбекақы төлеудің екі түрі бар:
а) қарапайым мерзімді түрі - мұнда еңбекақы тарифке және жұмыс уақытына қарай төленеді.
Жұмысшының қарапайым мерзімді жүйесіндегі еңбекақысы (Еқ) жұмысшының сол разрядтағы (Ес) еңбекақы мөлшерінің тарифі сағат, күндікті, сол істелінген мерзімдегі уақытқа (tжұм) (тиісінше сағат немесе жұмыс күніне) көбейту арқылы анықталады:
Еқ = Ес * tжұм.
Жұмысшының мерзімді еңбекақы төлеудегі айлық ақысын төмендегі формуламен анықтаймыз:
Еай = Еа/ t1жұм tжұм.;
мұнда Еай – жұмысшының айлық мерзімді еңбекақысы, теңге;
t1жұм – жұмысшының нақты істеген сағат саны;
tжұм – айдағы кесте бойынша жұмысшының сағат саны.
б) Еңбекке мерзімді – сыйақы төлеу – қызметкерлерге тариф бойынша төленетін жалақыдан басқа нақты көрсеткіштерді орындағаны және асыра орындағаны үшін мерзімді сыйақы төленеді. Мысалы, жабдықтардың бос тұрып қалуын қысқарту, жұмысты мерзімінде және сапалы орындау, жарамсыз өнімді қысқарту т.б.
Еңбекақы төлеудің разрядтары |
Тарифтік коэффициенттер |
Еңбекақы төлеудің разрядтары |
Тарифтік коэффициенттер |
1 |
1,0 |
12 |
2,20 |
2 |
1,07 |
13 |
2,37 |
3 |
1,05 |
14 |
2,55 |
4 |
1,24 |
15 |
2,74 |
5 |
1,33 |
16 |
2,95 |
6 |
1,43 |
17 |
3,17 |
7 |
1,54 |
18 |
3,43 |
8 |
1,66 |
19 |
3,67 |
9 |
1,78 |
20 |
3,94 |
10 |
1,91 |
21 |
4,24 |
11 |
2,05 |
|
|
Еңбекақы төлеуде басшыларға, мамандарға және қызметкерлерге лауазымды жалақы белгіленеді. Лауазымды жалақы – бұл лауазымды жұмысқа орналасқан орнына сәйкес, белгіленген нақты еңбекақыны төлеу көлемі.
Еңбекақы төлеудің кең тараған түрі – мердігерлік еңбекақы. Мұның негізгі жолы екі жақты келісім–шарт бойынша, бірінші жағы белгіленген жұмысты орындауды міндетіне алса, ал екінші жағы, яғни тапсырыс беруші, жұмыстың соңында еңбекақы төлеуді өзінің міндетіне алады.
Бригада жұмысшыларының еңбек табысы (Ебр) өндірілген өнім бірлігін кесімді бағалауды (Екесбр) бригаданың орындалған жұмыс көлеміне (Онакбрі) көбейту арқылы анықталады:
Ебр = Екесбр * Онақбрі
Егер бригада әртүрлі жұмысты атқарған болса, онда бағаланатын, әртүрлі бағалану бойынша есеп жасауда төмендегі формуланы қолданады:
Мұндағы есеп тәсілі алдыңғы формула сияқты, ал индексі нақты жұмыс түрін және сол жұмыс түрінің бағалануын көрсетеді.
Еңбекақы төлеудің аралас жүйесі мерзімдік және кесімді еңбекақы төлеудің негізгі артықшылықтарын қамтиды және еңбекақы мөлшерінің жеке қызметкерлер мен кәсіпорын қызметінің нәтижесімен икемді байланысын қамтамасыз етеді. Мұндай жүйелерге қазіргі кезде тарифсіз жүйе жатады.
Тарифсіз жүйедегі еңбекақы төлеудің түрінде қызметкерлердің табыстары ұжым жұмысының соңғы нәтижелеріне тікелей тәуелді. Тарифсіз жүйе еңбекақы қорындағы барлық ұжымның тапқан табысындағы өзінің үлесін көрсетеді. Осындай жүйеде тарифтік еңбекақы мөлшері немесе тұрақты жалақы белгіленбейді, ол ереже бойынша мұндай үлес еңбекақыға қатысу деңгейін, жұмысшыға белгіленген тұрақты коэффициент арқылы анықталады.
Кейбір кәсіпорындарда тарифсіз еңбекақы төлеу жүйесін қолдануда, яғни коэффиценттер белгілеп, тиісті жұмысшының жалақысын көрсетіп, және оның төменгі еңбекақысының көлемі келтіріледі. Әрбір жұмысшының (жұмыс орнының) еңбекақысы кәсіпорын бойынша төменгі көлемдегі мөлшерімен салыстырылып, еңбекақы төлеу коэффициентін пайдалану арқылы еңбекақының көлемін келесі формула бойынша анықтайды:
мұнда Еі – і-ге жұмысшының еңбекақы төлемі, теңге;
Кі – і-ге жұмысшының коэффициенті;
∑Кі – барлық жұмысшылар бойынша коэффициенттердің сомасы;
Қ – еңбекақы төлеуге бөлінген қаржы көлемі.