Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК КЭ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
1.39 Mб
Скачать

6 Дәріс. . Айналым капиталы

Жоспар:

1. Айналым капиталы: оның құрамы және құрылымы. Айналым капиталды қаржыландыру көздері. Айналым қаржылардың айналымдылығын жеделдету факторлары. Кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерін жақсартудағы айналым қаржылардың айналымдылығын жеделдетудің мәні.

2. Кәсіпорындағы айналым қаржылардың элементтерін үнемдеу. Кәсіпорын жұмысының нәтижесіне айналым капиталды басқаруының әсері. Кәсіпорынның айналым қаржыларды пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары.

1. Өндіріс үрдісінде негізгі және айналым капиталы бір-бірімен тығыз байланысты. Негізгі қорды тиімді пайдалану айналым қаржыларын ұтымды пайдалануына ықпалын тигізеді және де керісінше.

Айналым қорлары - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.

Айналым корлары 2 бөлімнен тұрады:

- өндірістік айналым қорлары;

- айналыс қорлары (фонды обращения).

Өндірістік айналым қорлары өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70%, машина өндіру мен металл өңдеуде 80% аса бөлігін құрайды.

Өңдірістік айналым корлары мынадай топтарға бөлінеді:

1. Өндіріс қалдықтары (запастар). Оларға - шикізат, негізгі материалдардың, отынның қосалқы бөлшектердің қалдығы (запастар), бағасы 100 теңгеден кем құнсызданғыш және тозғыш заттар, арнайы құрал-саймандар жатады.

2. Аяқталмаған өндіріс. Оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер.

3. Болашақ кезеңдердің шығындары - жаңа өнімдерді әзірлеуге және игеруге кеткен шығындар.

Айналыс қорларының кұрамына дайын өнім, жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар, банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі, кассалардағы ақша қорлары, бітпеген есептесулердегі ақша құралдары жатады. Айналыс қорларына жатады:

1. Дайын өнім - техникалық бақылаудан өткізілген шығарылған дайын өнім. Олар өндіріс процесі аяқталған соң әрі қарай орап, қораптап сатуға дайындауға дейін қоймаларда сақталады. Дайындау жұмыстары жүргізіліп бітіп, қажетті құжаттар толтырылған соң, дайын өнім тұтынушыға жөнелтіледі.

2. Ақша кұралдары - кәсіпорындардың материалдық ресурстарды сатып алуға, еңбекақы төлеуге, мемлекеттік төлемдерді және басқа да ұйымдар мен мекемелерге атқарған кызметтері үшін төлемдер төлеуіне жұмсалатын қаржысы.

3. Дебиторлық берешек - заңды ұйыммен немесе жеке адаммен шаруашылық өзара арақатынастық қорытындысында, кәсіпорынға, ұйымға, мекемеге есептелген борыштың сомасы. Кәсіпорынның дебиторлық берешегі болуы кәсіпорын қаражатының тікелей көзделген мақсаттан басқа мұқтаждыққа жұмсалғандығы, демек кәсіпорын жұмысындағы елеулі кем-шілік ретінде қаралады.

Нормаланбаған айналым қаражаты - айналым саласында жұмыс істейтін жоспарланбайтын қаражат. Оған мыналар жатады: төлеу мерзімі басталмаған жөнелтілген тауарларға, сатып алушылар мерзімінде төлемеген, жөнелтілген тауарларға, сатып алушылардан жауапкершілікпен сақтауға алынған тауарларға жұмсалған қаражат; банкідегі есеп айырысу шотесебіндегі, кассадағы, аккредитивтердегі, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың жүк айналымы бойынша ерекше шотесептеріндегі ақшалай қаражат, есеп айырысудағы қаражат, т.б.

Кәсіпорынның қаржыларының айналым қорларын нормалау -кәсіпорындарға, ұйымға өздерінің қалыпты жұмыс істеуінің жылдық жоспарлауын қамтамасыз ету үшін қажетті ақшалай қаражатты ең аз қажетсінудің ғылыми тұрғыда негізделген есеп-қисабы. Айналым қаражатын мақсатты түрде үнемдеп пайдалану өндіріс пен айналыста тауар мен материалдық құндылыктардың қосалқы қорларын қысқартуға, өнімді өткізуге, ақшаның қорлануына, шаруашылық органдарының қаржы жағдайының тұрақтылығына және т.б. септігін тигізуге жағдай жасайды.

Бұл арада айналым қаражатының нормативі қолданылады.

Айналым қаражатының нормативі – тауар – материалдық құндылықтардың босалқы қорларының өнімді өндіру мен өткізу жоспарын орындау үшін жеткілікті, экономикалық тұрғыдан негізделген ең аз мөлшері. Әдетте, таяу күндері белгіленеді. Ол кәсіпорынға, бірлестікке, ұйымға өздерінің қалыпты, толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тауар – материалдық құндылықтардың ауыспалы босалқы қорлар құрау үшін қажет. Норматив айналым қаражатының жекелеген элементтері бойынша және жалпы нормаланатын айнымалы қаражаты бойынша айқындалады.

Айналым қаражаттары 2 түрге бөлінеді:

-меншікті айналым қаражаты;

- қарызға берілген айналым қаражаты.

Меншікті айналым қаражат - кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың ресурстар жөніндегі тұрақты ең аз қажеттерді қамтамасыз ету үшін бекітілген нормативтерге сәйкес өздерінің тиесілі айналым қаражатының бір бөлігі.

Айналым қаржылары (капиталы) – бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын жаңа өнімге толық көшірілетін бөлігі. Әдетте, айналым кұралы өзінің заттай түрін өзгертіп немесе жойып, өндіріс үрдісі аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.

Өнеркәсіпте айналым қаржылары негізгі екі топқа - айналым құралы және айналым қорлары болып бөлінеді. Айналым өндіріс қоры өндіріс шеңберінде болып, еңбек бұйымын заттай түрде құрайды: шикізат, негізгі және көмекші материалдар, отын және электроқуат, аяқталып бітпеген өндіріс, алдағы мерзімде жұмсалатын шығын, құнсыз және тез тозатын бұйымдар, тетіктер, жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер т.б. Айналым өндіріс қорын есепке алғанда және жоспарлағанда табиғи және ақшадай көрсеткіште сипатталады.

Айналым қорларының құрамына дайын өнім, жөнелтілген, бірақ ақысы әлі төленбеген тауарлар, банк мекемелеріндегі есеп-шоттардағы, кассадағы ақша, есептесіп бітпеген жердегі ақша қаражаттары жатады.

Айналым құралдары өндіріс саласында қызмет атқаруында үнемі айналымда болып, өндіріс шеңберінен айналым шеңберіне ауысып отырады.

Айналым құралы айналымдық үрдісінде үш сатыдан өтеді: біріншісі – ақша (еңбек бұйымдарын дайындау), екіншісі – өндіріс (өнімді дайындау үрдісі), үшіншісі – тауарлы (дайын өнімді сату), яғни кәсіпорында ресурстар тауарлы өнімге айналып, сатылғаннан кейін жаңа ақша қаражатына айналады (А-А1). Өнімді сатудан түскен жаңа ақшаға кәсіпорын жаңадан еңбек бұйымдарын сатып алып, өндіріс құралдары жаңа айналымдылық шеңберіне ауысады.

Айналым құралы мөлшерлік деңгейде мөлшерленетін және мөлшерленбейтін болып бөлінеді.

Мөлшерленетін айналым құралына өндіріс запастарын құрайтын шикізат, материалдар, ыдыс, аяқталмаған өндіріс, алдағы мерзімде жұмсалатын шығындар т.б. жатады.

Қарызға берілген айналым қаражаты - кәсіпорындардың, бірлестіктердің және ұйымдардың айналым қаражатының қысқа мерзімді банк кредиті және айналымға тартылған қаржы есебінен құралған бөлігі.

2. Айналым қаражаттары әрқашан да қозғалыста болып, ауыспалы айналым жасайды, яғни айналыс сферасынан өндіріс сферасына қайта айналып келіп отырады. Мұндай құбылысты айналым қорларының кезеңі деп атайды.

Айналым каржысының айналымдылығы - айналым қаржысының тиімді пайдалануын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.

Айналымдылық коэффициенті – сатылған өнімнің көлемін ( ) айналым қаражаттарының орташа қалдығына (СО) бөлу арқылы анықталады:

,

Айналым корларының айналымын жылдамдату кәсіпорынның негізгі мақсаты болып табылады және оның мынадай жолдары бар:

- ғылыми-техникалық прогрестің соңғы нәтижелерін қолдану;

- өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру формаларын жетілдіру;

- арзан конструкциялық материалды қолдану;

- шикізат, отын-энергетика ресурстарын үнемді қолдану және т.б.

Айналым қорларын қолдануды ұйымдастырудың негізі мақсаты - өндіріс процесін үзіліссіз жалғастыру және сатуға шығарылған өнімді айналым қорларының ең аз мөлшерімен қамтамасыз ету.

Өз қозғалысында айналым қорлары үш сатыдан өтеді:

- ақшалық;

- өндіргіш;

- тауарлық.

Ақшалық сатыда дайындық жұмыстары жүргізіледі. Айналыс сферасында ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Өндіргіш сатыда өндіріс процесі басталады. Өндіргіш сатыда дайын өнім шығарылып, сату сатысы басталады, яғни өндіргіш капитал тауар капиталына айналады да, тауар сатысы басталады. Схема түрінде алсақ,

А – Т ... Ө ... - ,

Мұндағы: А – кәсіпорынның ақша құралдары;

Т - өндіріс құралдары;

Ө - өндіріс;

- дайын өнім;

- өнімді сатудан түскен ақша құралдары

Кәсіпорындағы айналым қорларыкәсіпорынның өз қорларынан және қарызға алынған ресурстардан тұрады.

Айналым қорларының көздеріне пайда, несие, жарғы қоры, бюджеттік қорлар, кредиторлық берешек т.б. жатады.

Өндірісте әліде болса өңдеуден өтпеген (көмір, мұнай, мақта, ағаш т.с.с.) еңбек бұйымдарын шикізаттар деп айтуға болады. Шикізат, материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі материалға жаңа өнім кұрамындағы басты затты сипаттайтын материалды жатқызамыз (машина жасау зауытында метал, нан пісіретін наубайханада ұн т.б.). Ал көмекші материалдарға жаңа өнімге керекті және оған сырт түрі мен оның құрамының талапқа сай болуын (лак, сыр, тұз, қант, май) немесе техниканың жұмысы дұрыс атқарылуын қамтамасыз ететін керекті заттарды жатқызамыз.

Аяқталмаған өндіріс – бұл еңбек бұйымы, өндіріс цехтарының өңдеу үрдісінде болған, бөлімшелерде, әртүрлі деңгейдегі дайындықта жатқан, цех қоймаларындағы бұйымдар мен бөлшектер. Аяқталмаған өнімге кеткен материалдарға, отынға, электроқуатқа, еңбек ақыға белгілі көлемде шығындар жұмсалады, бірақ олар әліде болса өңдеуден толығымен өтпеген, сол себептен оларды сатуға болмайды.

Айналым құралын мөлшерлеуде табиғи және ақшадай түрдегі көрсеткіштер қолданылады.

Кәсіпорында барлық материалдық ресурстарды пайдалану деңгейін анықтауға арналған жинақтаушы маңызды көрсеткіш – материал сиымдылығы (Мс) және оның кері көрсеткіші – өнімнің материал қайтарымдылығын көрсетеді.

Материал сиымдылығы (Мс) және өнімнің материал қайтарымдылығы (Мқ) тауарлы өнім көлеміне (Тө) есептегенде төмендегі формуламен анықталады.

сатылған өнім көлеміне (Сө)есептегенде:

Кәсіпорында айналым құралдарын пайдаланудың маңызды көрсеткіштеріне келесілер жатады:

• айналым құралының айналым коэффициенті;

• айналым құралының жүктеу коэффициенті;

• айналым құралының айналу жылдамдығы.

А йналым құралының айналым коэффициенті (Ка) – бір жыл ішіндегі айналым құралының айналымдылығымен сипатталынады; яғни сатылған өнімнің құнын немесе айналым сомасын (ай, тоқсан, бір жыл) тиісінше осы уақыт ішіндегі айналым кұралының орташа қалдығына бөлу арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш сатылған өнім көлемінің айналым құралының бір теңгесіне шаққандағы мөлшерін көрсетеді:

мұнда Ка – айналым құралының айналым коффициенті;

Сө – сатылған өнім көлемі, теңге;

Ақ – айналым қорының орташа жылдық құны, теңге.

Айналым коэффициенті жоғары болғаны - айналым құралы тиімді пайдаланғанын көрсетеді.

Айналым құралын тиімді пайдалануда маңызды көрсеткіш – айналым құралын жүктеу коэффициенті болып табылады, айналым коэффициентінің өлшемінің кері қатынасын көрсетеді. Ол айналым құралының сомасына, сатылған өнімге жұмсалған шығындардың бір теңгесімен сипатталынады:

мұнда Кж – айналым құралының жүктеу коэффициенті.

Неғұрлым айналым құралының жүктеу коэффициенті аз болған сайын, кәсіпорында соншама айналым құралы тиімді пайдаланып, оның қаржылық жағдайы жақсарғанын көрсетеді.

Кәсіпорында айналым құралының айналымдылығы келесі факторларға байланысты болып келеді: өндіріс циклінің ұзақтығына, шығарылатын өнімнің сапасына және оның бәсекеге төтеп беруіне, өнімнің материал сиымдылығын төмендету жолдарына, жабдықтау тәсілі және өнімді өткізу әдістеріне, айналым құралын тиімді пайдалану бағыттарын жетілдіруге.

Айналым құралының айналу жылдамдығы немесе ұзақтығы күнмен есептелінеді. Бұл көрсеткіш айналым құралы неше уақытта толық айналымнан өтетінін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш өндіріс циклінің ұзақтығын (К) айналым коэффициентіне (Ка) қатынасын көрсетеді, немесе мезгілдегі күн санын, айналым коэффициентіне (Ка) бөлу арқылы анықталады:

мұнда К – мезгілдегі күн саны (360, 90, 30)

Айналым құралының айналым ұзақтығы азайған сайын немесе сондай жағдайдағы көлемде, сондай өнімді сатуда, оның жасаған айналымдылық саны көбейсе, соншама айналым құралын аз қажет етеді және керісінше, неғүрлым айналым құралы тезірек айналымдылықты жасаса, соншама оларды тиімді пайдаланады.

Айналым құралдарының айналымдылығын тездету - кәсіпорынның бірінші кезектегі мәселесі, оны орындауды келесі жолдармен іске асырады.

1. Өндіріс запастарын құрау сатысында – ғылыми түрде негізделген запас мөлшерін ендіру; тұтынушыларға шикізатты, жартылай фабрикаттарды, жабдықтаушы бұйымдарды т.б. қамтамасыз етушілерге жақындату; тұрақты ұзақ байланыстарды кеңінен пайдалану; материалдық-техникалық жүйесін қамтамасыз етуде қойманы кеңейту, материалдар мен жабдықтардың тиеу-түсіру жұмыстарын механизациялау және автоматтандыру.

2. Аяқталмаған өндіріс сатысында – ғылыми-техникалық прогресті (алдыңғы қатарлы техниканы және технологияны, әсіресе қалдықсыз, аз қалдықсыз, роботтық кешендерді, роторлық желілерді, өндірісті химияландыру т.с.с.) тездету, үлгіге салу, үйлестіруді, өндіріс үлгісін дамыту; өнеркәсіп өндірісінің ұйымдастыру түрлерін жаңалау, арзан құрастырылған, құны төмен материалдарды қолдану; экономикалық ынталандыру жүйесін жетілдіру; шикізат және отын-энергетикалық ресурстарды пайдалануды үнемдеу: көтеріңкі сұраныстағы өнімнің үлес салмағын көбейту.

3. Айналым сатысында – өнімді өндірушілерді тұтынушыларға жақындату, есептесу жүйесін жаңалау, тыңғылықты және өз уақытысында партиялар, ассортименттер, транзиттық мөлшерде жасасқан келісім-шарт бойынша өте қатаң түрде өнімді тиеп жіберу.

Кәсіпорында материалдық ресурстарын пайдалану деңгейі айтарлықтай мөлшерлік базасының жағдайымен анықталады.

Мөлшерлік база дегеніміз – кәсіпорында материалдық ресурстардың шығысын жоспарлағанда және талдағанда қолданатын мөлшерліктер мен барлық мөлшер жиынтығы.

Материалдық ресурстардың мөлшер шығыны – бұл өнім бірлігін өндіруге (немесе жұмыс) жұмсалатын шикізатты (материалдар немесе отын т.б.) жоспардан тыс барынша шығыс көлемі.

Материалдық ресурстардың шығын мөлшерін келесі түрде көрсетуге болады:

мұнда Мш – мөлшерлік шығыс көлемі;

qш – баға массасы, немесе пайдалы шығыс;

Σq1 - технологиялық калдық және жоғалту соммасы;

Σq2 - басқадай ұйымдастыру – техникалық қалдықтар мен жоғалтулар.

Бірінші және негізгі элемент мөлшері – бұйымның таза массасы, яғни өнімді өндіруге жұмсалған материалдық ресурстарды пайдалы тұтыну деңгейі немесе жұмыс көлемі.

Екінші элемент мөлшері – өнім өндіру үрдісінде технологиялық ерекшелігіне сәйкес қосымша материал шығынын ескереді.

Қалдық – бұл негізгі материалдан қалған, оны өндірісте қолданып, сондай өнім өндіруден пайда болған қалдық. Қалдықты өзінің өзгешілік пайдалану мүмкіндігіне қарай қолданылатын (қайтарылатын) және қолданылмайтын (қайтарылмайтын) болып жіктеледі.

Қайтарылатын қалдық – бұл материалдық ресурстардың қалдығы, оны кәсіпорында пайдалануға немесе оны басқа кәсіпорынға немесе халыққа сатуға болады.

Қайтарылмайтын қалдыққа жататыны - өндірісте қолдануға жарамайтын қалдық, бірақ оны екінші кезектегі ресурс ретінде қолдануға болады (жаңқа, метал сынықтары, қиқым, макулатура т.б.).

Шығын – бұл өндірісті техникалық дамыту кезеңінде қолдануға жарамайтын материал бөлігі. Оған жататыны - материалдық ысырап шығыны.

Үшінші элемент мөлшеріне – технологиялық үрдіске байланысты емес, басқадай себептерден туындаған материалдық ресурстардың шығыны және ұйымдастыру–техникалық қалдық шығындары жатады.

Шығын мөлшерінің құрылымы, өнімді өндіру бірлігіндегі материал ресурстарының шығын мөлшерін құрастыруға, жеке элементтердің сандық қатынасы мен құрамын түсіндіреді. Мөлшерден басқа "мөлшерлену" түсінігі бар. Дегенмен, мөлшер және мөлшерлену екі түсінік, белгілі бір бағытты және жоспар шарасында сандық шығынын көрсетсе, олардың мазмұны әртүрлі әдістемелердегі есептеуде мағнасына қарап ажыратылады.

Шығын мөлшері – бұл элементтері бойынша мөлшер құрастырылады. Материал шығындарының маңызын жинақталып айтылыуын, физикалық бірлік өлшемінде (м3, м2, метр бойы, тонна) немесе техникалық параметрде (қуаттылық бірлікте, жүк көтергіштігі, эксковатор ковшінің сиымдылығы, жүрісі және көлік құралының жұмысы т.б.) есептеу.

Шығын мөлшері "мөлшерлену" түсінігімен айырмашылығын салыстырмалы нақты өнім бірлігі бойынша ажыратылады. Бұлардың міндетіне кіретіні, мөлшерді белгілеу немесе мөлшер ретінде шығып, сол немесе басқадай материалдық ресурстар бірлігінде шығынды анықтауда оның ұзындығы, беті, салмағы т.б. белгіленеді. Сонымен шығын мөлшері олардың орындалатын функциясының айырмашылығына және техникалық құралдарының арналу ерекшелігін есепке ала отырып, шығын мөлшерін белгілейді. Мысалы, жұмыс және күш машиналарының материал шығындары бойынша есептегі қуаттылық бірлігіне (кг/ат күші) қарай шығын мөлшері болуы мүмкін; көлік құралдары – қуаттылық бірлігіне және тонна–шақырымдылық жұмысқа (кг/ат күші, т/шақырым); жүк көтеретін машиналар – жүк көтеру бірлігіне (кг/т); эксковаторлар – ковш көлемінің бірлігі және жүкті орналастыру (кг/м3, м) қашықтығына сәйкес есептеледі.

Айналым құралын жоспарлағанда және оған деген қажеттілікті үш әдіспен анықтайды: талдау, коэффициенттік және тура есеп әдістері.

Талдау әдісте өндіріс көлемінің өсуін, айналым құралдарының орташа нақты қалдық мөлшерін ескеріп, қажеттілікті анықтауды болжайды. Сонымен қатар, осы мәселеде алдағы жылдардағы нақты жұмыс жағдайы ескерілуі тиіс. Бұл әдіс қаржы материалдық құндылыққа көп шығын жұмсайтын, айналым құралдарының жалпы сомасында үлкен үлесі бар кәсіпорындарында қолданылады.

Коэффициенттік әдісте өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей тәуелді запастар мен шығындар (шикізат, материалдар, аяқталып бітпеген өндіріс шығындары, қоймадағы дайын өнім) және оған тәуелсіз (запас бөлшектер, құнсыз және тез тозатын бұйымдар, алдағы мезгілде жұмсалатын шығындар) болып бөлінеді.

Керекті жағдайда талдау және коэффициенттік әдістер үйлесімді пайдалануға болады. Алдымен талдау әдіспен айналым құралына қажеттілікті, өндіріс көлеміне байланыстылығын анықтап, одан кейін коэффициент әдісінің көмегімен өндіріс көлемінің өзгеруін ескереді.

Тура есеп әдісі өзара кәсіпорындардың тәжірибе жұмыстарындағы есептері, тауар-материалдық құндықтарды тасымалдау, кәсіпорындардың ұйымдастыру-техникалық даму деңгейлерінің барлық өзгеруін есепке ала отырып айналым құралының әрбір элементтерінің запасын дәлелдеген есепте алдын ала ескерілуі тиіс. Бұл әдісті қолданған кезде, оның еңбекті көп керек ететін жұмыс екенін еске алу керек.