Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістік кешен (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
07.01.2020
Размер:
484.66 Кб
Скачать
  1. 2. Бюджет процесіндегі қатысушылар жұмысын автоматтандыру жүйесін құру

Бюджеттік сфера ұжымдарының мәселелерін автоматтандырудың маңызды мәселелері тек белгілі деңгейдегі бюджетті құрастыру және орындауды бақылау, смета мен есептілік нысандарын құру, мәселелерін компьютерге арту ғана емес, сондай-ақ әр түрлі деңгейдегі не біреуінің шегіндегі барлық бюджеттік жүйе органдарының өзара әрекеттестік автоматтандырылған интерфейсін сонымен бірге басқа сыртқы құрылымдармен әрекеттесу мүмкіндігін құру.

Қаржы жүйесінде ақпараттық технологиялар жетістіктерін координациялауды аумақтық, аймақтық және жергілікті қаржы органдарында ақпараттандыру мен автоматтандыру бөлімшелері бар мемелекеттік қаржылық-бюджеттік қадағалау қызметі жүзеге асырады. Ұжымның осындай жүйесі арқасында қазынашылық органдармен, мемелекеттік салық комитетімен сақтандыруды қадағалау қызыметі және қаржылық маниторинг қызыметімен ақпараттық және технологиялық өзара әректтестігі қамтамасыз етіледі. Қаржылық бюджеттік қадағалау қызыметі аумақтық, қаржылық органдарға мүмкіншілік беретін ведмоствалық алгоритмдер мен программалар қорын құруға жауап береді. Сонымен бірге ол қаржылық органдардың қарекеттерінің барлық сфераларына АТ (ақпараттық технологиялар) жетістгін ендіру жұмысын ұйымдастырады және дамудың стратегиялық бағыттарын анықтайды. Деңгейлер арасындағы ақпараттар алмасу мәселелерін кешендік шешу әдістемелік және нормативті құқтық базасын құрады. ҚР бюджеттік жүйесін автоматтандыру қиындығы біріншіден оның жеке органдарының (салық, қазынашылық, мемелекеттік басқару және т.т.) шешетін мәселерінің ерекшелігі мен бұл органдардың өздерінің арасындағы өзара әректтесу мүмкіншілігін қарастыра отырып автоматтандыру жүйесін құру қажеттігінде. Жекелеп алғандағы бюджеттік процесс деңгейінің ақпараттық және қаржылық ағымдарының қарым-қатынас механизмі көрсетілген (11.3 - сурет).

Әрбір қатысушы белгіленген, оған бөлінген қызметтерді орындайды және ақпараттық технологияларды енгізу мен автоматтандырудың жеке объектілері ретінде қарастырылады.

Мемлекеттік билік органдары ҚР бюджетін басқару мен жоспарлауды жүзеге асырады. МБ-ны жоспарлау үшін ҚР қаржылық-бюджеттік қадағалау қызыметінің жұмыскерлері орталық апаратта және аумақтық органдарда істейтін АЖО (автоматтандырылған жұмыс орны) мамандарын бірлестіретін, аумақтық үлестірілген автоматтандырылған ақпараттық «Қаржы» жүйесін қолданады.

Мемлекеттік басқару органдары

(бюджетті жоспарлау және басқару)

Қазыналық органдар

(бюджет шығынын қадағалау)

Қазақстан банкі

және несиелік ұйымдар

(бюджеттік шоттарға қызмет көрсету)

Салық органдары

(бюджет кірісін қадағалау)

Бюджеталушылар

(бюджеттік ұйымдар)

(бюджеттік қорларды тұтыну)

Салықтөлеушілер

(бюджеттік қорды қалыптастыру)

11.3-сурет. Бюджет процессі қатынасушыларының ақпараттық және қаржылық қарым қатынасы және олардың қызметтерінің тәсімі

Аймақ бюджеттерін қарастыру мен орындау үшін аймақтық құрылымдар бюджеті бойынша жиынтық-топталған есеп, аналитикалық есеп-қисаптарын құрастыратын бюджетті құру орындау автоматтандырылған жүйесі (БҚОАЖ) қолданылады.

ҚР ұлттық банкі және кредит ұжымдары арқылы бюджеттен қаржыландырылатын (мемелекеттік, аумақтық, жергілікті) есеп–шоттарға қызымет көрсетіледі. Бұл үшін банктың ішкі жүйелері қолданылады, ал клиенттермен байланыс «клиент-банк» программалық-техникалық кешені негізінде ұйымдастырылады.

Салық органдары бюджет кірістерін құрастыруды бақылауды қамтамасыз етеді. Осы мақсатта салық қызметі органдарында бюджет пен бюджеттен сырт қорлардың басқа міндеттік түсімдері мен салықтық жиындардың автоматты талдау және басқаруды қамтамасыз ететін «Салық» ААЖ қолданылады.

Салық төлеушілер жергілікті, аймақтық, териториялық билік органдарымен анықталатын әр текті салықтар есебінен барлық деңгейдегі бюджет биліктерінің, кірісін құрастырады. Салық төлеушілер кәсіпорындары өздерінің қарекеттерінің сферасы мен масштабына байланысты қаржылық басқаруды автоматтандыру үшін ірі кәсіпорында осы сәтте әйгілі «Галактика» фирмасының өнімі, шағын және орта кәсіпорындарда - «1С» қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ электрондық кеңсе (кесте процесорлары, сұлба т.т.) өнімдер қолданылуы мүмкін. Салық есебі мен есептілігін жүргізу әдетте, қолданылатын программалық өнімде қарастырылған, не оған қосымша модуль мен қондырма түрінде іске асырылады.

Қазынашылық ұжымдар бюджет шоттары және әртүлі деңгейдегі бюджет шығындарының баптары бойынша ақша қозғалысын бақылайды. Қазынашылық ААЖ құрамына екі программалық кешен кіреді:

1. МБ кірісін есептейтін және әтүрлі деңгейлер бюджеттері арасындағы қалыптандыру салықтарын үлестіретін «КАЗНА».

2. МБ-тен шығыстарын есептейтін және аймақтық қазынашылық органдарымен ұйымдастырылған бюджет алушыларын қаржыландыратын «СМЕТА-W», «СМЕТА-F».

Қала бюджетін құрастыру процестерін автоматтандыру үшін және оның қаржы комитеті бөлімшелері және аумақтық қаржы басқармаларында, қала әкімшілігінің салық пен аумақтық басқарма органдарында орындалуын автоматтандыру үшін, сондай-ақ қаланың бюджеттік ұжымдары деңгейінде бюджетті процестің ААЖ-электрондық қазынашылық қолданылады (БПААЖ-ЭҚ).

Бюджеттік ұжымдар бюджет жиынтығын, олардың бюджетте қарастырылған тармақтарына және бекітілген сметасына сәйкес шығындайды. Бюджеттік кәсіпорындар мен ұжымдардағы қаржылық пен бухгалтерлік есепті және қаржылық есептілікті автоматтандыру үшін өздерінің программалық жасаулары және жиі кездесетін «Галактика», «Парус», «1С», «Интеллект-сервис» өнімдері қолданылады.