- •Дәрістік кешен
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 3. Тақырыбы: аж-ны ақпараттық қамтамасыз ету
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 5. Тақырыбы: ұйымды басқаруда аж мен ат-дағы ақпараттарды қорғау
- •5.1. Аж мен ат қауіпсіздігіне қатерлердің түрлері
- •5.1.1. Аж мен ат ақпараттық қауіпсіздігін сақтаудың қажеттілігі
- •5.1.2. Ақпараттың қауіпсіздігінің қасақана қатерлерінің түрлері
- •5.2. Аж мен ат басқаруда ақпараттарды қорғау түрлері, әдістері мен құралдары
- •5.2.2. Ақпараттық қауіпсіздік жүйесін (ақж) құру құралдары мен әдістері. Ақж құрылымы
- •5.2.3. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері
- •5.2.4. Экономикалық аж корпоративті желілерінде ақпаратты қорғау
- •5.2.5. Экономикадағы электронды құжат айналымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері
- •Ақпараттық өзара әрекетке қатынасушылардың аутентификациялау (түпнұсқаландыру)
- •3. Желі мен дк ресурстарына, құжаттарға қолжетімділікті белгілеу
- •4. Электронды құжаттарды қорғау
- •5. Байланыс арналары мәліметтерін қорғау
- •6. Ақпараттық технологияларды қорғау
- •7. Мәліметтер ағындарына қолжетімділікті шектеу
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 6. Тақырыбы: қаржылық менеджменттегі ат
- •6.1. Қаржылық менеджментті нарық жағдайында ұйымдастыру
- •6.2. Қаржылық менеджменттің қызметтік міндеттері мен мақсаттарына сипаттама
- •6.3. Қаржылық менеджментті ақпараттық қамтамасыздандыру
- •6.4. Қаржылық шешімдердің программалық қамтамасыз етілуі
- •6.5. Аат жағдайында қаржылық менеджментің есептерін шешу технологиясы
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 7. Тақырыбы: бухгалтерлік есептегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе (баж)
- •7.1. Бухгалтерлік есептегі ақпараттық жүйеге сипаттама
- •7.2. Бухгалтерлік есепті ақпараттық қамту ерекшеліктері
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 8. Тақырыбы: аудиторлық қызметтiң ақпараттық технологиялары
- •8.1. Аудиторлық қызметтiң компьютерлік ақпараттық жүйесiнiң атқарымдық есептерi
- •8.2. Аудиторлық қызметтегі автоматтандырылған ақпараттық технологиялар (аат)
- •8.3. Аудиторлық қызметтегі автоматты ақпараттық технологиялардың программалық қамтамасыз етілуі
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •9.1. Қазіргі заманға сай банк жүйесінің даму кезеңдері
- •Банк қызметін автоматтандыру
- •Банк қызметін ақпараттық қамтамасыз ету
- •Бантктердегі инновациялық процесстер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 10. Тақырыбы: салықтағы деректерді өңдеу аат
- •Салық қызметін басқару жүйесінің ерекшеліктері. «Салық» ааж
- •Қр салық комитетiнiң біріктірілген ақпараттық жүйесi (қр сбаж)
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •11.1. Бюджет процесін басқару негіздері және оны автоматтандырудың қажеттілігі
- •2. Бюджет процесіндегі қатысушылар жұмысын автоматтандыру жүйесін құру
- •11.3. Бюджетті басқару ааж құрылымы
- •11.4. Бюджеттік процестегі мемлекеттік билік органдарының аат
- •«Қаржы» ааж
- •Атқарымдық ішкі жүйелері
- •Бюджетті орындау мен құру автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (боқаж)
- •Атқарымдық ішкі жүйелер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 14. Тақырыбы: ақпараттық қазынашылық жүйе
- •14.1. Қазынашылық органдарындағы ақпараттандыру сипаты
- •Қазынашылық органдар есебінің, аж және ат-да іске асыру ерекшеліктері
- •Аж және ат-дағы атқарымдық мәселелердің қазыналық талаптары
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
Ақпарат ұғымына түсінік беріңіз.
Ақпараттық ресурстар деген не?
Ақпараттандыру ұғымы нені білдіреді?
Ақпарат рыногының құрылымы қандай?
Экономикалық объектіні басқару жүйесі деген не?
Автоматтандырылған ақпараттық жүйені жіктеңіз.
Автоматтандырылған ақпараттық технология ұғымын жіктеңіз.
Автоматтандырылған жұмыс орнының (АЖО) не үшін тағайындалған және ол қалай қамтамасыз етіледі?
АЖО-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйеде қандай рөл атқарады және оның маңызы қандай?
Дәріс № 2. Тақырыбы: Экономикалық қызметті басқаратын АЖ құрудың әдістемелік негіздері.
Мақсаты: Экономикалық қызметті басқаратын АЖ құрудың сатыларын, әдістері мен үлгілерін қарастыру.
Жоспары:
Құрылымдық-атқарымдықтан процесті басқарып ұйымдастыруға дейін және экономикада ақпараттық жүйелер құрудың әдіснамасының дамуы
● Басқарып ұйымдастыруда ақпараттық жүйе мен ақпараттық технология құру сатылары
● АЖ мен АТ жобалауды ұйымдастыру мен оның әдістерінің ерекшеліктері
● Басқару шешімдерін қалыптастыратын автоматтандырылған жүйе әдістері мен модельдері
● Ақпараттық жүйе (технология) құру мен экономикалық мәселе қоюда пайдаланушының атқаратын рөлі
● Пайдаланушының экономикалық шешімдерді автоматтандыруды кейін жобалау үшін оларды қою тәртібі мен жоспары
АТ-дың технологиялық қамтамасыз етуі құрамы бойынша әр түрлі экономикалық объектілердің АЖ-і үшін біртекті болады, осыған орай ақпараттық жүйелердің жұмыс істеу процесінде үйлесімділік қағидасын іске асыру мүмкін болады. АТ-дың жобаланатын технологиялық қамтамасыз етуінің міндетті элементіне ақпараттық, лингвистикалық, техникалық, программалық, математикалық, ұйымдастыру, құқықтық, эргономикалық элементтер жатады. Осы элменееттердің әрқайсысын толығырақ сипаттайық.
Ақпараттық қамтамасыз ету (АҚ) деп АЖ-же айналатын ақпараттың көлемі, орналасуы, ұйымдастыру нысаны бойынша жобалық шешімдердің жиынтығы аталады. Оған пайдаланушыларға автоматтық қызмет көрсету үшін арнайы ұйымдастырылған ақпарат элементтерінің көрсеткіштерінің, жіктеуіштері мен кодтық белгілерінің жиынтығы, базалардағы, банктер мен дерекқорлардағы сәйкестендірілген құжаттама жүйелері, құжаттама ағындары, көлемді ақпарат, сондай-ақ ақпараттың сенімді сақталуы, уақытылы және сапалы жаңартылуы, оған бекітілген пароль бойынша қол жеткізу кіреді.
Лингвистикалық қамтамасыз ету (ЛҚ) табиғи тілді ресмилендіру, пайдаланушылар есептеу техникасы құралдарымен жұмыс істеу барысында ақпараттық бірліктердің үйлесімін құруға арналған тіл құралдарының жиынтығын біріктіреді. Лингвистикалық қамтамасыз етудің көмегімен адам машинамен тілдеседі. ЛҚ-ге ақпараттық базаның (құжаттардың, көрсеткіштердің, деректемелердің және т.б.) құрылымдық бірліктерін сипаттауға арналған ақпараттық тілдер, ақпараттық-іздеу жүйелерінің тіл құралдары, АЖ мен АТ жобалауды автоматтандырудың тіл құралдары, арнайы диалог тілдері мен басқа тілдер, автоматтандырылған АЖ мен АТ әзірлеу мен олардың жұмыс істеу процесінде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар жүйесі кіреді.
Техникалық қамтамасыз ету (ТҚ) деп АТ-дың жұмысын қамтамасыз ететін техникалық құралдардың (ақпарат жинау, тіркеу, жіберу, өңдеу, көрсету, көбейту техникалық құралдары, оргтехника және т.б. ) техникалық құралдар кешені аталады. Осы техникалоық құралдардың ішінен ДК мен байланыс құралдары негізгі рөл атқарады. Техникалық құралдармен қатар техникалық қамтамасыз етудің құрылымдық элементіне әдістемелік және басшы материалдар,техникалық құжаттама мен оларға қызмет көрсет көрсететін қызметкерлер жатады.
Программалық қамтамасыз етуге (ПҚ) АЖ-дің қызметтері мен міндетін іске асыратын және техникалық құралдар кешенінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін программалар жиынтығы кіреді. Программалық қамтамасыз етудің құрамына жалпы жүйелік және арнайы (қолданбалы) программалар, сондай-ақ программалық қамтамасыз ету құралдарын қолдану жөніндегі нұсқамалық-әдістемелік материалдар мен АТ-ды әзірлеумен және оның өміршеңдік циклының бүкіл кезеңінде оны және сүйемелдеумен айналысатын қызметкерлер кіреді.
Жалпы жүйелік программалық қамтамасыз етуге пайдаланушылардың кең ауқымы пайдаланатын және есептеу процесін ұйымдастыру мен ақпарат өңдеудің жиі кездесетін нұсқаларын орындауға арналған программалар жатады.
Олар компьютерлердің атқарымдық мүмкіндіктерін кеңейтуге, есептейтін роботтардың кезектілігін жоспарлауды автоматтандыруға, сондай-ақ программашылардың жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік береді. Арнайы программалық қамтамасыз ету деп нақты атқарымдық пайдаланыстағы АТ құрған кезде әзірленетін қолданбалы программалар пакеті (ҚПП) жиынтығы аталады. Оны, әдетте, арнайы мамандандырылған әзірлемеші-ұйымдар өндіреді, ол программалық өнімдер рыногында сатылады және АЖ-нің атқарымдық мәселелерін шешкен кезде деректерді ұйымдастыру мен өңдеуді жүзеге асырады.
Математикалық қамтамасыз ету (МҚ) – жобалау жұмыстарын автоматтандыру процесінде атқарымдық мәселелерді шешу кезінде пайдаланылатын ақпаратты өңдеудің математикалық әдістердің, модельдер мен алгоритмдердің жиынтығы. Математикалық қамтамасыз етуге басқару процестерін модельдеу құралдары, басқарудың үлгілік мәселелерін шешу әдістері мен құралдары, зерттелетін басқару процестерін оңтайландыру мен шешім қабылдау әдістері (көп өлшемді оңтайландыру, математикалық программалау, математикалық статистика, жаппай қызмет көрсету теориясының әдістері және т.б.) кіреді. АТ қамтамасыз етудің осы түрі бойынша техникалық құжаттамада есептердің сипаттамасы, алгоритмдеу жөніндегі тапсырмалар, экономикалық-математикалық әдістер мен есептерді шешу үлгілері, оларды шешудің бақылау мысалдары бар. Қызметкерлер объектіні басқаруды ұйымдастыру саласының мамандарынан, атқарымдық мәселелерді қоюшылардан, математиктерден – басқару процестерін үлгілеу және есептеу әдістері жөніндегі мамандардан, АТ жобалаушылардан құралады.
Ұйымдастыруды қамтамасыз ету (ҰҚ) деп АЖ жобалау процесінде құралған, бектіліп, пайдалану негізін қалайтын құжаттар кешені аталады. Құжаттар, нұсқаулықтар АТ, АЕАЖ және ШҚҚЖ жұмыс істейтін жағдайдағы АЖ қызметкерлерінің қызметін реттейді. Басқару мәселесін шешу процесінде қамтамасыз етудің осы түрі басқару қызметі қызметкерлері мен технологиялық қызметкерлердің өзара ықпалдасу ретін анықтайды. Ұйымдастыруды қамтамасыз ету әр түрлі әдістемелік және басшы материалдарда АЖ, АТ, АЕАЖ және ШҚҚЖ әзірлеу, енгізу мен пайдалану сатылары бойынша іске асырылады. Атап айтқанда, ол жобалау алдындағы зерттеу жүргізгенде, жобалаудың техникалық тапсырмасы мен техникалық-экономикалық негіздемесін жасау кезінде, жобалау процесінде жобалық шешім әзірлегенде, автоматтандырылатын есептерді, үлгілік жобалық шешімдер мен қолданбалы программалар пакетін (ҚПП) таңдағанда, қалыптастырылады және техникалық-жұмыс құжаттамада көрсетіледі, ал жүйені енгізу мен пайдалану процесінде нақтыланып, шешілетін мәселелердің ауқымының кеңею шамасына орай толықтырылады.
Құқықтық қамтамасыз ету (ҚҚ) деп АЖ мен АТ құру мен енгізу кезіндегі құқықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы аталады. АЖ мен АТ әзірлеудің осы сатысында құқықтық қамтамасыз етуге осы процестің барысындағы әр түрлі ауытқуларды құқықтық реттейтін, сондай-ақ әр түрлі ресурстар түрімен АЖ менАТ әзірлеу процесін қамтамасыз ету қажет болуына орай әзірлеуші мен тапсырыс берушінің шарттық міндеттемелерімен байланысты нормативтік актілер кіреді. АЖ мен АТ жұмыс істеуінің осы сатысына олардың мәртебесін, құқықтық жағдайы мен ұйымдағы АЖ мен АТ-дың буындарының құзыреттерін, қызметкерлердің құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, АЖ-де ақпаратты қалыптастыру, пайдалану мен қорғау тәртібін, оны тіркеу, жинау, сақтау, тарату мен өңдеу процедураларын, есептеу және телекоммуникациялық құралдарды және басқа да техникалық құралдарды, сатып алу мен пайдалану тәртібін, математикалық және программалық қамтамасыз етуді сатып алу мен пайдалану тәртібін анықтау кіреді.
Эргономикалық қамтамасыз ету (ЭҚ) АЖ мен АТ әзірлеу мен олардың жұмыс істеуінің әр түрлі сатысында пайдаланылатын әдістер мен құралдардың жиынтығы ретінде адамның жоғары сапалы, жоғары тиімді және қатесіз жұмыс істеуі үшін оңтайлы жағдай жасауға арналған. АТ-ны эргономикалық қамтамасыз ету құрамына жұмыс орнына, ақпараттық үлгілерге, қызметкерлердің жұмыс істеу жағдайына қойылатын эргономикалық талаптар бар құжаттар кешені, сондай-ақ осы талаптарды жүзеге асыру мен олардың іске асырылу деңгейін эргономикалық сараптауды жүзеге асыру жиынтығы; қызметкерлерді даярлау деңгейіне, сондай-ақ АТ қызметкерлерін іріктеу мен даярлау жүйесін қалыптастыруға қойылатын талаптарды негіздеу мен қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік құжаттамалар мен техникалық құралдардың әдістер жиынтығы; АТ-ғы қызметкерлердің қызметінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін әдістер мен әдістемелердің кешені кіреді.
Бастапқыда академик В.М. Глушков қалыптастырған жалпы мемлекеттіңк атвоматтандырылған ақпараттық жүйе (ЖМАЖ) жөніндегі ғылыми-әдістемелік ережелер мен практикалық ұсыныстар ретіндегі әдістемелік тәсілдемелерде жүйелілік, даму, ақпараттық, үйлесімділік, стандарттау мен сәйкестендіру, декомпозиция (бөлшектеп байланыстыру) мен тиімділік сияқты қағидаларға негізделеді.
Жүйелелік қағидасы АЖ құруда, қолдану мен дамуда ең маңызды болы болып табылады. Ол зерттелетін экономикалық объектіні (ұйымды) біртұтас ретінде қарастырып, осының арқасында жүйенің тұтастығын қамтамасыз ететін әр түрлі байланыс түрлерін анықтауға, ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің бағыттары мен ол іске асыратын нақты қызметтерді анықтауға мүмкіндік береді. Жүйелілік қағидасында ұйымда макро- және микроталдау деп аталатын екі аспектілік талдау ұйымдастыру қарастырылады.
Даму қағидасында АЖ жүйенің қызметтері мен оны қамтамасыз ету түрлерін ұдайы толықтыру мен жаңарту мүмкіндігі ескереріліп құрылады. Аталмыш қағидада экономикалық объектілердің өндірістік және басқару процестері дамиды, олардың ұйымдастыру құрылымдары күрделінп, қайта құрылыды деп қарастырылады, сол себептен оларды АЖ—дің есептеу қуатын өсіріп, шешілетін мәселелерді ұдайы толықтырып, жаңарту, сонымен бірге дерекқор мен дерек қоймалар, білім базасы түрінде құрылатын ақпараттық қорды кеңейтуге арналған жаңа техникалық және программалық құралдармен жарақтандыру қажет.
Ақпараттылық қағидасында экономикалық объектіні басқару процесімен қатар жүретін ақпарат пен ақпараттық процестерді егжей-тегжей әрі жан-жақты зерттеу қарастырылады, яғни ақпарат семантикалық (мазмұны), синтаксистік (белгі) және прагматикалық (пайдалылық) жағынан зерттеледі. Ақпарат теориялық тұрғымен қатар мәліметтердің көлемі, мазмұны негіз қалаушы болып табылатын АЖО-ды, ақпарат тарату, сақтау мен өңдеу жүйесін жобалау үшін зерттеледі.
Қазіргі уақытта қолданылатын ақпараттық процестерді үлгілеу мен жобалау жұмыстарын автоматтандырудың объектілік-бағдарлық әдісі басқару процестерін талдау мен электрондық құжат айналымы түрінде ақпарат ағынын жобалауда қолданылатын ақпараттық тәсілдемеге негізделеді.
Үйлесімділік қағидасында экономикалық объектілердің жұмыс сітеу процесінде әр түрдегі, деңгейдегі АЖ-дің өзара ықпалдасу қабілетін қамтамасыз ету қарастырылады. Сондықтан жобалау процесінде жаңадан құрылатын және пайдалануға берілетін басқару АЖ-дің ақпараттық, техникалық, программалық үйлесімділік мәселелерін шешетін әдістемелік тәсілдемелердің жүйелік біртұтастығы қамтамасыз етілуге тиіс. Әдістемелік тәсілдемелердің біртұтастығы АЖ әзірлеу, құжаттау, пайдалануға қабылдау процесін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарда іске асырылады. Бұған халықаралық және отандық стандарттар (Гостстандарт), салалық және ведомстволық нормативтік материалдар, ұйымның регламенттері, хаттамалары, стандарттары жатады.
Мысалы, еліміздің мемлекеттік стандарттарының арасынан «Ақпараттық технология» стандарттар мен басшы құжаттар кешені (34 сериялы Гостстандарт), автоматтандырылған бірыңғай басқару жүйесінің стандарттары (24 сериялы Гостстандарт), программалық бірыңғай құжаттама жүйесі (ПБҚЖ – 19 сериялы Гостстандарт) және т.б. атауға болады. Қарқынды дамып келе жатқан ақпараттандыру жағдайында АЖ жобалау мен жұмыс істеу әдістемесіне бірыңғай тәсілдеме құруға халықаралық ұйымдар, оның ішінде OSI ашық жүйелердің халықаралық стандарттарының (Open Systems Interconnection) кең кешенін әзірлеудің негізін қалаған ISO Халықаралық стандарттау ұйымы (International Organization for Standardization) зор үлес қосуда.
Ақпараттық өңдеудің тіл құралдарын, коммуникациялық технологиялар мен есептеуді ұйымдастыруды, объектілердің арасындағы өзара ықпалдасу мен т.б. реттейтін стандарттар кең қолданылады.
Стандарттау мен сәйкестендіру стандарттарында АЖ жұмыс істейтін үлгілік, сәйкестендірілген және стандартталған элементтерін қолдану қажеттілігі қарастырылады. Бұл ең алдымен ақпараттық технологияның ішкі жүйелерін қамтамасыз ететін ақпараттық, техникалық және стандартталған құрамдастарына қатысты. Осы қағидадағы АЖ-ні құрып, оларды дамытуды іс жүзіне енгізудің арқасында жобалық шешімдерді қалыптастыру мен жобалау жұмыстарын автоматтандыруда жинақталған тәжірибені барынша ықтимал пайдалану АЖ-ні құруға жұмсалатын уақыт, еңбек және құн шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді және АЖ-дің көп жақты өзара ықпалдасуын қамтамасыз етеді.
Бөлшектеп байланыстыру (декомпозиция) қағидасы элементтер мен жалпы жүйенің де ерекшеліктерін, сондай-ақ жаңа ақпараттық-технологиялық базада АЖ құрған кезде зерттеуде пайдаланылады. Қағида жүйені бөліктерге бөлуде және жеке жұмыстар кешенін жеке бөлуге негізделеді. Ол басқару қызметінің қазіргі жай-күйін неғұрлым тиімді талдауға, басқару қызметінің нақты аспектілерін кейін үлгілеу үшін атқарымдық мәселелерді шешудің ерекшеліктерін зерттеп, оны автоматтандырылған технологияға көшіру үшін жағдай жасайды.
Тиімділік қағидасында АЖ құру мен ол жұмыс істеген кездегі мақсатты нәтижеге жұмсалатын шығынның арасындағы ұтымды арақатынасқа жету қарастырылады.
Әдетте, негіз қалаушы қағидалармен қоса тиімді басқару үшін жалпы қағидаларды толықтыратын, сондай-ақ қолдануы ақпараттық технологияларды жобалау мен оның жұмысын ұйымдастыру әдістемесін жетілдіретін бағытталған ұйымдастыру-технологиялық қағидалар ( ақпарат ағындары мен құжат айналымын автоматтандырудың, жобалауды автоматтандырудың жаңа мәселелері) пайдаланылады. Осы орайда пайдаланылатын регламенттер бизнес-процестер баяндалатын ресмилендірілген әдістерді негіздеуге, деректерді құрылымдауға. Жаңа ақпараттық-технологиялық ортада жұмыс істеу үшін пайдаланушыға интерфейстік қолайлы жағдай жасауды ғана емес, сонымен бірге АЖ құруға жұмсалатын шығынды барынша азайтып әр түрлі АЖ арасында ақпараттық-технологиялық ықпалдасуды және АЖ мен АТ жұмыс істеген кезде құн/сапа өлшемінің сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.
Экономикалық объектілерді басқаруда АЖ мен АТ құрудың тәжірибесі ұйымның жұмыс істеуінің тиімділігі ақпараттық процестердің автоматтандыру деңгейіне емес, басқару қызметі процедураларының мақсатқа сәйкестігіне, олардың талдануына, ретке келтірілуіне, сонымен бірге мамандар (экономистер, менеджерлер, басшылар) қабылдайтын шешімдердің негізділігіне байланысты екенін көрсетеді. Сондықтан ең алдымен атқарымдық мәселелерді шешетін, талдау мен шешім қабылдауды дайындаудың реттелген технологиясын құрудың, ұйымды басқарудың мақсатқа сәйкес ғылыми-негізделген процедураларын енгізудің әдістемесін әзірлеу керек. Мұндай технологияға жүйелік-техникалық, инженерлік тәсілдемеге негізделген жобалау процесінде қол жеткізіледі. Шет елде 1980 жылы ДК-ді енгізуден бастау алған экономикада басқару процестерін осы әдістеме бойынша жобалау бизнес-инжиниринг деп аталады 42.
Бизнес-инжиниринг деп ұйымда (кәсіпорында, фирмада) басқарудың қолданылатын құрылымын өзгертпей бизнесті басқарудың әдістері мен процедураларын әзірлеу жөніндегі жобалау жұмыстарын кешені оның қаржылық жай-күйін жақсартуға қол жеткізіп орындау болады.
Бизнес-инжинирингтің мақсаты өндірістің тиімділігіне жету, жобаланатын жұмыстардың өзіндік құнын төмендету, ішкі шығындарды қысқарту, кәсіби даярлықты, жауапкершілікті, қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыру, ал нәтижесінде сату көлемін арттыру мақсатында маманға (экономистке, менеджерге, басшыға) қолайлы жұмыс істеу жағдайын қамтамасыз ету болып табылады. Бизнес-инжиниринг өндірістік және шаруашылық процестерін жетілдіру үшін жобалауда АЖ мен АТ құрған кезде қолданылатын жүйелі-техникалық және құрылымдық-атқарымдық тәсілдемелерді қолданады. Бұл басқару қызметінде табысқа жетіп, тәуекелдерге жол бермеу үшін жаңа ақпараттық технологиялар мен адам ресурстарының артықшылықтарын неғұрлым нәтижелі пайдалануға мүмкіндік береді.
