Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістік кешен (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
07.01.2020
Размер:
484.66 Кб
Скачать

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар

  1. ҚР салық қызметінің органдары жүйесінің иерархиялық құрылымы қандай?

  2. Төменгі деңгейлі салық қызметінің органдары орындайтын қызметтерін сипаттаңыз.

  3. «Салық» ААЖ атқарымдарының мақсаттары неден тұрады?

  4. «Салық» ААЖ-нің құрылымын сипаттаңыз. Қамтамасыз ету бөлігінің құрамын атаңыз.

  5. «Салық» ААЖ-нің атқарымдық бөлігінің құрамы қандай?

  6. «Салық» ААЖ-нің атқарымдық ішкі жүйелерінің тапсырмаларының жүзеге асырылу ретін қалалар мен аймақтардың салықтық инспекцияларының мысалында көрсетіңіз.

  7. АЖО түсінігін беріңіз. Салық инспекцияларында ұйымдастырылатын АЖО-ның құрамын атаңыз.

  8. «Салық» ААЖ-нің машинадан тыс қамтамасыз етудің құрамы қандай?

  9. Салықтық жүйеде қандай сыныптамалар пайдаланылады?

  10. «Салық» ААЖ-нің машина ішілік қамтамасыз етудің құрамын атаңыз.

Дәріс № 11. Тақырыбы: АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН БЮДЖЕТ ПРОЦЕССІ

Мақсаты: Бюджет процесін басқару негіздері және оны автоматтандырудың қажеттілігін қарастыру.

Жоспары:

  • Бюджет процесін басқару негіздері және оны автоматтандырудың қажеттілігі

  • Бюджет процесіндегі қатысушылар жұмысын автоматтандыру жүйесін құру

  • Бюджетті басқару ААЖ құрылымы

  • Бюджеттік процестегі мемлекеттік билік органдарының ААТ

11.1. Бюджет процесін басқару негіздері және оны автоматтандырудың қажеттілігі

Кез келген жүйені құрудың алдында басқару нысанасының шешетін тапсырмалары, сондай-ақ ақпараттық ағымдардың бағдарлы болуын және өзара әрекетін анықтайды. Бұл жағдайда басқарудың нысаны бюджет процесі (БП) болады, ал оның негізгі қатысушылары бюджеттік мекемелер (бюджет алушылар, бюджет үлестірушілер, орындаушы үкіметтің органдары, қаржы органдары).

ҚР-БП автоматтандыру үшін әр түрлі жергілікті және аумақтық мемелекеттік деңгейдегі қорлардың өзара әрекетін қарастыра және біртұтастығын қамтамасыз ете отырып, автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйесі құрылады. Бір деңгейдегі басқару жүйелері алдын ала құрастырылған мәліметтер өңдеудің тәсілдері мен технолногиялары бойынша жеке дара тапсырмалар жиынтығын шешеді. Мекеме неғұрлым бюджетті басқару перамидасында жоғары орналасса онда шешілетін мәселелер аясы соғұрлым кең және де бір бюджет деңгейінде әр түрлі бюджет мекемелері бола алады. ҚР бюджет жүйесіне кіретін бюджеттер дербес және бір-біріне кіріспейді. Қолданыстағы ҚР бюжет құрылымының иерархиясын қарастыра отырып, оны келесі жалпы сұлбамен көрсетуге болады (11.1-сурет).

ҚР-ның бюджет жүйесінің құрылымы ҚР-ның мемелекеттік бюджеті (ҚР МБ) өкіметінің орталық органдарымен орындалатын жалпы мемелекеттік іс шараларды қаржылық қамтамасыз ету үшін құрылады. МБ арқылы жалпы ішкі өнімді үлестірмен қайта үлестіру және халықтық шаруашылық шаралары, аймақтар және тұрғылықты халықтың әлеуметтік топтары арасында мемелекеттің ұлттық кірісін құру процесі жүзеге асырылады. МБ-не жалпы мемелекеттік өкімет органдарын және жергілікті басқаруды қаржыландыру мемелекеттің қорғаныс қабілеттілігін ғылымды дамыту білім, аймақтық арнайы программаларын және т.т. қолдау жүктелген.

11.1-сурет. ҚР-ның бюджет жүйесінің құрылымы

ҚР МБ деңгейінде ақпараттық технологиялар көмегімен шешілетін, келесі атқарымдық тапсырмалар кешендерін бөлуге болады.

Жиынтықтап қаржылық жоспарлау жалпы мемелекеттік және аймақтық деңгейде материалдық және еңбек баланстарымен байланысқан қаржылық жоспар жүйесімен қамтамасыз етеді. Келешектік қаржы жоспары мемелекет әлеуметтік экономикалық даму болжамының көрсеткіштері негізінде құрылады. Ол шығыс баптарын қаржыландырулар мен кірістерді жұмылдыру бойынша бюджет мүмкіншіліктері туралы мәліметтерден тұрады.

Жиынтықтап қаржылық жоспарлау алдағы үрдіс, нақты әлеуметтік-экономикалық шарттар және келешектік бағалаулар негізінде жасақтау мен бюджетті дамытудың ұтымды жолдарын дәйектеуді қарастыратын бюджетті болжаумен тығыз байланысты. Бюджет болжамдарын жасақтауда экономикалық математикалық әдістер қолданылады (мысалы, экстраполяция әдісі, эксперттік бағалаулар әдісі, болжаудың каузалдық әдісі).

ҚР МБ жобасы ҚР үкіметінің тапсырмасы бойынша ҚР қаржы министрлігімен жасалады, Мемелекеттік қызымет және аймақтық қаржы органдары елдің әлеуметті-экономикалық даму болжамы, салық саясаты мен басты бюджет бағыттарын, еркін қаржы баланысы болжамын қаржылық шығындар мөлшерлерін экономиканың муниципальдық секторлары мен мемелекеттік даму жорспарын, ұзақ мерзімді мақсатты программалар және т.т. қамтитын қажетті ақпараттық базамен қамтамасыз етілуі қажет.

МБ орындалуы өкілетті биліктің органдарының қабылдауынан кейін басталады. Қаржылық органдарда бюджеттің орындалуын қымтамасыз ететін бөлімдердің міндеттері анықталатын ұйымдастыру жоспары дайындалды, сондай-ақ биліктің орындалушы органдарымен қабылданатын бюджет көрсеткіштері негізінде бюджеттік шығыс және кіріс нақыштары құрылады.

Бюджетті құралдардың мақсатты қолданылуын бақылау бюджеттік есеп берудің әр түрлі варианттарын қарастырады. Бюджеттің орындалу процесінде қаржылық органдармен жүзеге асырылатын және ұйымдастырылатын барлық кірістер, шығыстар тапшылық сондай-ақ барлық бюджеттік операцияалар бюджеттік есептен көрініс табады. Қаржылық органдар бюджет есептілігін дайындап және оны белгіленген мерзімдерде ҚР үкіметіне ұсынады. Бюджеттің орындалу есептемесі қабылданғаннан кейін оларды ашық баспаға жариялау үшін беріледі.

ҚР-ның бюджеттік жүйелерінің барлық деңгейлеріндегі бюджеттерінің жиынтығы ҚР топтастырылған бюджетін көрсетеді. Ол ҚР-ң субьектілерінің топтастырылған бюджетін (ТБ) көрсетеді МБ-і қамтиды. Өз кезеңінде ҚР субьектісінің топтастырылған бюджеті (ТБ) жергілікті бюджеттер мен аймақтық бюджетті қамтиды. ТБ шығыс және кіріс бойынша құралдардың түсу көздерін және ҚР-ң территориясындағы бүтіндей не оның жеке субъектілерінде қолданылу бағыттары бойынша жинақталған (агрегатталған) мәліметтерді сипаттайтын статистикалық бюджеттер көрсеткішінің жиынтығы болып табылады.

ТБ деңгейлері үшін келесі атқарымдық мәселелер кешеніне бөлу тән (сипатты):

  • ҚР субьектілерінің бюджетіндегі реттеуші налогтар түсімдерінің нормалы шамаларын және әкімшілік жергілікті білімдер бюджеттерінің көлемінің үстемелерін (дотация) қоса есптегендегі өлшемдерін анықтауы;

  • Елдің орталықтандырылған қаржы қорының қолданылуы және қалыптастыру анализі; мемелекеттің шығыстарының және кірістерінің жинақталған қаржылық жоспарлауы;

  • Мемелекет және оның территорияларының экономикалық-әлеуметтік дамуының болжамдарын әзірлеуі;

  • ҚР-ң жекелеген территорияларының жағдайы туралы басқа мемелекеттің көрсеткіштеріне сәйкес салыстырмалы анализ өткізу үшін аймақ және ел тұрғындарының қамтамасыз етілу көрсеткіштерін есептеу.

Әрбір кешен мәселелері шешімінде әдетте, бір мезгілде әр түрлі БП қатысушалары қатыстырылған. Бұл БП-ның оны автоматтандыру тұрғысынан қарағанда ақпараттық және ұйымдастырушылық күрделілігін айқындайды.

Автоматизациялау сұрақтарының ең маңыздысы бюджетті жоспарлау сондай-ақ оның орындалуын бақылау мәселелерін шешетін қаржы министрліктері мен қаржы органдарының басқармалары алдында тұр.

Автоматтандыруға қатысты ең төменгі, бірақ қиындығы жетерлік бұл бюджеттің бас пайдаланушылар (распориядительей) деңгейі. Осы деңгейде бюджеттік құралдардың ведомоствалық мекемелер бойынша қолданылуын бақылау, үлестіру және жоспарлау мен байланысты мәселелерді шешу қажет. Әдетте қаржыландырудың әр түрлі деңгейі бойынша: республикалық, аймақтық және т.т. бойынша есеп жүргізіледі. Сонымен бірге жоғарғырақ деңгейдегі қолданылатын автоматтандыру жүйесімен біріктіру мәселесі де тұрады.

Бюджеттердің түрлі деңгейлеріндегі шығыстары және кірістері, құрамы мен құрылымы өзара өзгеше, жүйенің әр деңгейіндегі ААТ шешетін атқарымдық мәселелерінің де айырмашылығы бар, бірақ бұл ретте бюджет саласының барлық деңгейлеріне тән кезеңдер қатарын бөлуге болады (11.2 - сурет).

Жоспарланған кезеңге бюджет жобасын жасау

Бюджет жобасын

бекіту

Ағымдағы бюджет

кірісінің есебі

Бюджет орындалуын қадағалау

Ағымдағы бюджет

шығысының есебі

Бюджет орндалуының

есеп беруі

Ағымдағы бюджет кірісімен шығысының өзара және жобамен келісуі

Бюджеттің орындалуы және бюджеттік көрсеткіштер ауытқуын талдау

11.2-сурет. Кезкелген денгейдегі бюджет процессінің міндетті кезеңдері

Бюджет есебінде бюджет орындалуын қадағалау кезеңі маңыздырақ болады. Оның негізінде шаруашылық есебінің құрамдас бөлігі болып табылатын және қазынашылық, қаржылық пен салықтық органдардағы бюджеттердің орындалу есебінен және мекемелердің бюджеттік шығыстары мен кірістерінің сметаларының орындалу есебінен тұратын бюджеттік есеп жатыр. Бюджеттік есептің обьектілері бюджеттердің кірістері және шығыстары, бюджеттік ұжымдардың материалдық құндылықтары банкте сақталған қолма-қол ақшалар бюджеттер арасындағы есеп айрысу құралдары оның орындалу үрдісінде бюджетке құрылған қорлар, резервтер болып табылады.

Бюджеттік есептің бірлігіне министрліктер мен бір типті мекмелердің жиынтық сметасы бойынша анализ өткізуге мүмкіндік беретін бюджеттік сыныптамалар құралдарымен қол жеткізіледі. Бюджеттік есеп үш түрден тұрады: оперативті, бухгалтерлік, статистикалық. Бухгалтерлік есеп бюджеттің орындалуында үлкен рөл атқарады және міндеттемелер туралы ақша көрсеткішімен, бюджеттің орындалу үрдісіндегі құралдар қозғалысын біріңғай, үздіксіз және құжатталған есеп көмегімен ақпарат алу, өңдеу және тіркеу реттелген жүйесі болып табылады. Дегенмен басқару жүйесін құру кезінде тек бухгалтерлік еспті автоматтандырумен шектелмеу керек. Барлық бюджеттік мекеме мәселелер шешімін кешенді түрде және жоғарғы мекемелердің автоматтандырылған жүйелерімен өзара әрекеттесу мүмкіншілігін қарастыру керек. Жеке бюджеттік процес қатысушыларының жұмысын автоматтандыру жүйесінің құрылымы.