
- •Дәрістік кешен
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 3. Тақырыбы: аж-ны ақпараттық қамтамасыз ету
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 5. Тақырыбы: ұйымды басқаруда аж мен ат-дағы ақпараттарды қорғау
- •5.1. Аж мен ат қауіпсіздігіне қатерлердің түрлері
- •5.1.1. Аж мен ат ақпараттық қауіпсіздігін сақтаудың қажеттілігі
- •5.1.2. Ақпараттың қауіпсіздігінің қасақана қатерлерінің түрлері
- •5.2. Аж мен ат басқаруда ақпараттарды қорғау түрлері, әдістері мен құралдары
- •5.2.2. Ақпараттық қауіпсіздік жүйесін (ақж) құру құралдары мен әдістері. Ақж құрылымы
- •5.2.3. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері
- •5.2.4. Экономикалық аж корпоративті желілерінде ақпаратты қорғау
- •5.2.5. Экономикадағы электронды құжат айналымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері
- •Ақпараттық өзара әрекетке қатынасушылардың аутентификациялау (түпнұсқаландыру)
- •3. Желі мен дк ресурстарына, құжаттарға қолжетімділікті белгілеу
- •4. Электронды құжаттарды қорғау
- •5. Байланыс арналары мәліметтерін қорғау
- •6. Ақпараттық технологияларды қорғау
- •7. Мәліметтер ағындарына қолжетімділікті шектеу
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 6. Тақырыбы: қаржылық менеджменттегі ат
- •6.1. Қаржылық менеджментті нарық жағдайында ұйымдастыру
- •6.2. Қаржылық менеджменттің қызметтік міндеттері мен мақсаттарына сипаттама
- •6.3. Қаржылық менеджментті ақпараттық қамтамасыздандыру
- •6.4. Қаржылық шешімдердің программалық қамтамасыз етілуі
- •6.5. Аат жағдайында қаржылық менеджментің есептерін шешу технологиясы
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 7. Тақырыбы: бухгалтерлік есептегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе (баж)
- •7.1. Бухгалтерлік есептегі ақпараттық жүйеге сипаттама
- •7.2. Бухгалтерлік есепті ақпараттық қамту ерекшеліктері
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 8. Тақырыбы: аудиторлық қызметтiң ақпараттық технологиялары
- •8.1. Аудиторлық қызметтiң компьютерлік ақпараттық жүйесiнiң атқарымдық есептерi
- •8.2. Аудиторлық қызметтегі автоматтандырылған ақпараттық технологиялар (аат)
- •8.3. Аудиторлық қызметтегі автоматты ақпараттық технологиялардың программалық қамтамасыз етілуі
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •9.1. Қазіргі заманға сай банк жүйесінің даму кезеңдері
- •Банк қызметін автоматтандыру
- •Банк қызметін ақпараттық қамтамасыз ету
- •Бантктердегі инновациялық процесстер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 10. Тақырыбы: салықтағы деректерді өңдеу аат
- •Салық қызметін басқару жүйесінің ерекшеліктері. «Салық» ааж
- •Қр салық комитетiнiң біріктірілген ақпараттық жүйесi (қр сбаж)
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •11.1. Бюджет процесін басқару негіздері және оны автоматтандырудың қажеттілігі
- •2. Бюджет процесіндегі қатысушылар жұмысын автоматтандыру жүйесін құру
- •11.3. Бюджетті басқару ааж құрылымы
- •11.4. Бюджеттік процестегі мемлекеттік билік органдарының аат
- •«Қаржы» ааж
- •Атқарымдық ішкі жүйелері
- •Бюджетті орындау мен құру автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (боқаж)
- •Атқарымдық ішкі жүйелер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 14. Тақырыбы: ақпараттық қазынашылық жүйе
- •14.1. Қазынашылық органдарындағы ақпараттандыру сипаты
- •Қазынашылық органдар есебінің, аж және ат-да іске асыру ерекшеліктері
- •Аж және ат-дағы атқарымдық мәселелердің қазыналық талаптары
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
Банк қызметін ақпараттық қамтамасыз ету
Ақпараттың негізгі көлемінің өңделуін жүзеге асыра отырып, біріктірілген автоматтандырылған банктік жүйе (АБЖ) бүгінгі күнгі банктердің технологиялық базасы болып табылады. Біріктірілген АБЖ - ге барлық процесстердің әрекеттесуі, деректердің бірегей моделі, өңдеудің бірегей технологиясы, ортақ программалық ядро және т.б. тән. Банктің барлық бөлімшелері бірегей ақпараттық кеңістікте әрекет етуі қажет. Бұл, әдетте, аймақты үлестірілген құрылымды, көптеген клиенттермен, ұйымдармен, халықпен түрлі әрекетке түсетін банк басқарымын тиімдірек етеді. Бірегей ақпараттық кеңістік ақпараттың барлық түрлерін ашық, қолжетімділігін, мөлдірлігін, біріктірмелілігін қамтиды.
Ақпараттық қамтамасыздандырудың келесі құрама бөліктері: ақпараттық модель, көрсеткіштер жүйесі, сыныптау мен кодтау жүйесі және мәліметтер базасы, ақпаратты ұйымдастыру тәсілі ретінде.
Ақпараттық модель пәндік аймақ объектілерін сипаттап, байланыстырып қызмет етеді. Банкте мұндай объектілер болып, құжаттар, шоттар, клиенттер, келісімшарттар мен операциялар саналады.
Пәндік аймақ объектілерін жүзеге асыру, жүйенің көрсеткіштер мен есептердің, қаржылық құжаттар жиынтығын, түрлі валюталарды жүргізу мүмкіндігін қамту керек. Клиент, келісімішарт, шот, өткізбе, шот жоспары, олардың қасиеттері, қатынастары, ақпарат көлемі, көмекші мінездемелер, әрбір объекті үшін операциялар тізімі секілді объектілерге сипаттама мен демеу болуы қажет.
Бұлардың ішінен технологиялық деңгейлер мен операцияларды жүзеге асырудың бірқатар маңызды факторларын атап өтуге болады:
құжаттардың қозғалу бағыты және олардың сызбанұсқасы;
құжаттар мен келісімшарттарды өңдеу логикасы мен алгоритмдері;
ұйымдастырушылық құрылым элементтері мен объектілері (бөлімшелер, орындаушылар, банктік өнімдер, клиенттер) бойынша шоттар мен лимиттерді қалыптастыру мен қадағалау.
Пәндік аймақтың ақпараттық моделі қолданушылардың жұмыс орындарын ұйымдастырушылық құрылымға жатуына байланысты, атқаратын қызметіне қарай, жауапкершілік дәрежесіне қарай, банктің ішінде қалай болса, онда тыс та, қызмет көрсете алады.
Көрсеткіштер жүйесі банк әрекетінің нақты процесстерін ақпарат ретінде көрсетіп қана қоймай, даму стратегиясын құру, болжау анализінің құралы да болып табылады. Барлығы бірігіп, көрсеткіштер ақпараттық модель сөздігін құрайды. Мамандырылған терминдер мен түсініктер сөздігі мәліметтер базасында көрсеткіштер жүйесін ұйымдастырудың жоғары дәрежесін мінездейді. Сөздік терминологиясы қолдану аймағына жақын әрі түсінікті болуы керек (менеджерлер, специалисттер, төменгі буынғы қолданушылар). Көрсеткіштер құрамында оперативті деректер, есепті, аналитикалық, болжамалық деректер ажыратылады.
Банктік әрекетте, көбінде стратегиялық рөл атқаратын аналитикалық және болжамалық деректерге, әзірше банктік іс мамандарының біліктілігінің төмендігіне байланысты, қол жеткізу мүмкін емес болып отыр.
Банктік әрекет объектілерін кодтау мен классификациялау жүйесі объекттерді, олардың белгілері мен байланыстарын ережеге сай сипаттауға мүмкіндік береді. Жүйе қажетті классификациялық топтамаларды қалыптастырып, классификацияланатын және кодталатын объектілер көлеміне сай болуы керек. Банктер үшін кодтау мен классификациялау жүйесінің маңызды мінездемесі, иілгіштік - классификация құрылымын бұзбай жаңа объектілер мен белгілерді қоса алуы.
Мәліметтер базасы дегеніміз бір-бірімен байланысты деректер топтарының шоғыры. Оның құрылымы мен жұмыс істеуінен АБЖ-нің жұмысы мен банкті басқару тәуелді. Модельдеудің басты мақсаты болып, объектілердің барлық қасиеттерін толық ашып көрсететін, барлық типті қолданушыларға арналған ақпараттық қамтамасыздандыруды құру. Пәндік аймақ спецификациясының болашақта даму мүмкіншілігі жүйенің ақпараттық базасын модельдеу әдістерінің жетілдірілгендігіне байланысты. Мұндай мәселелерді шешу актуальды, толық және сенімді деректермен жұмыс істейтін көп атқарымды жүйелік программаларға негізделеді. Мәліметтер базасында ақпараттық модель пәндік аймақ объектілерінің әрекеттесуін, олардың файлдар, құжаттар, көрсеткіштер, деректемелер деңгейінде құрамы мен құрылымын көрсетеді.
Қолжеткізім
9.1-сурет. Негізгі банк объектілерінің құрамы және байланысы
Деректер қоры үлгісінің мысалы ретінде негізгі банк объектілерінің құрамы және байланысы көрсетілген 9.1-сурет.
Объектілердің әртүрлі процесстерде жұмыс істеуі және олармен жасалатын операциялар есепті шешу алгоритмдері ретінде көрсетіледі. Банктік әрекеттің ерекшелігі болып, бірнеше типті – оперативті, аналитикалық, болжамдық деректерді өңдеуі саналады. АБЖ шеңберінде түрлі мәселелер шешіледі: нақты уақыт тәртібінде үлкен көлемді мәліметтерді өңдеу (процесстердің жүру барысында), аналитикалық жұмыс және келешекте дамуды болжау бойынша мәліметтермен жұмыс істеу. Қолдану мақсатына қарай ақпарат мәліметтер базасы ретінде және сақтаулы мәліметтер ретінде құрылымданады.
Ағымдағы мәліметтерді оперативті өңдеу үшін OLTP (On - Line Translation Processing – процессы транзакций в линий связи) жүйесіндегі мәліметтер базасы қолданылады. Олар базадағы ақпараттың әрдайым жаңартылуына негізделеді, мәліметтер әрдайым қосылып, жойылып, түзетіледі. Маңызды мақсаты болып транзакцияны сенімді қамтамасыздандыру болып табылады. Транзакция дегеніміз базадағы мәліметтер құрамының қысқа уақыт ішінде өзгеруі мен байланыс линияларымен (сұраныс – орындау – жауап) әрекеттесуі.
Сақтау орны (хранилище) – пәндік аймаққа бағдарланған, мәліметтерді теру хронологиясы демейтін, өзгермейтін, біріктірілген. Ол мәліметтер базасымен салыстырғанда мәліметтердің неғұрлым үлкен көлемімен жұмыс істейді де, ұйымдардың күрделірек жүйесіне ие. Сақтау орны технологиясы, ең алдымен, банк әрекетін жан-жақты, терең анализдеу.
Аналитикалық мәселелерді шешу кезінде жоғары деңгей қолданушыларына есептерді (әкімшілік, менеджерлер, мамандар) бірқатар сипаттар бойынша орталықтандырылған мәліметтер қажет болады. Мұндай талаптарға мәліметтерді аналитикалық өңдеу жүйелері OLТP (On-Line Analitic Processing – процессы анализа в линии связи) сай келеді.
OLAP жүйесі келесідей базалық принциптер негізінде:
шешім қабылдауға қажет мәліметтер;
ақпараттық ұйым оған қолжетімділіктің тез болуын қамтамасыз етеді;
мәліметтерді манипулирлеу тілі бизнес-түсінікті қолдануға негізделген.
Олар қолданушыға таныс. Мысалы, ақпарат бизнес-процесс бойынша таңдалады және банктегі нақтылы бағыттары бойынша анализдеріне мамандардың нақтылы көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді.
Бизнесті жүргізу шарттарының өзгеруі, ақпараттық технологияларда өзгерістерге әкеледі, ең алдымен ақпараттық қамтамасыздандыруда. Ақпараттық қамсыздандырудың эволюциялық дамуының шекарасы бизнес - процесстің адаптивті қасиеттері мен ақпараттық базаға тәуелді. Базаның жаңа жағдайға адаптациялану және даму қабілеті база моделіне жаңа объектілерді, сонымен бірге қасиеттер мен байланыстар еңгізу мүмкіндігін білдіреді.
Мәліметтер базасын пайдалану кезіндегі ең басты қиыншылық, қолданушылардың ақпараттық талаптарының өзгеруі, ол өз кезегінде концептуалды негіздің өзгеруіне әкеледі, оның салдарынан модельдің өзгеруінің қажеттілігі пайда болады. Мұндай жағдайда бизнес - логиканы қайта құрып, база файлдарын қайта құрылымдау, алгоритмдерді жаңарту, интерфейсті қайта күйге келтіру және т.б. қажеттілігі пайда болады.
Жаңа немесе өзгеріп отыратын бизнес - процессті автоматизациялау барысында, бар мәліметтердің мәселелерін шешу қажет, яғни енгізу, өңдеу, сақтау және шығару. Мәліметтер құрылымын жобалау және қортындылау АБЖ-ның құрылу баптарындағана емес, жұмыстың жаңа талаптарына мәліметтердің бейімделуі ақпараттық қамсыздандырудың қілттік кезеңі болып табылады. Сонымен, банк жүйесінде қызмет көрсету үшін АЖ, АТ-ның қамтылуы қажет және олардың іске асырылуы мәліметтер қорындағы объектілер құрамы ғана емес олардың кеңейтілуі мен өзгертулері болуы тиіс.
Банк қызметінің моделі мен бизнес – процессті құраған кезде қарыз алушылар жөнінде ақпарат жинайды (банктен кредит алатын клиенттер). Кредит беретін ұйымдарда осындай ақпараттар ала алады. Сондықтанда жаңа технолгияларды өндіру мен енгізу банк өнімдерінің жаңа түрлерінің пайда болуына ықпал етеді, банктер үшін оны жинау мен қолдануға мүмкіндік туады. Ақпаратты жинаудың шығымы технолгиялық өзгерудің өңделуімен таратылуына байланысты төмендеп отырады. Жаңа база мен технологияларға өту қызметтердің, клиенттердің, контрагенттердің, келісім - шарттармен операциялардың көбею барысында жүзеге асады. Ақпараттық қамтамасыз ету барысында, қазіргі кездегі технологиялар негізінен көптеген, күрделі жүйелер өнеркәсібін көптеген мамандардың арқасында жүзеге асады. Корпаративті АБЖ ірі арнайы фирмаларда, яғни банктік ақпараттық технологияларды өндірушілер, ғылыми базасы мен жоғары квалификациядағы мамандар жаңа ақпараттық технологияларды өндіріеді.