
- •Дәрістік кешен
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 3. Тақырыбы: аж-ны ақпараттық қамтамасыз ету
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 5. Тақырыбы: ұйымды басқаруда аж мен ат-дағы ақпараттарды қорғау
- •5.1. Аж мен ат қауіпсіздігіне қатерлердің түрлері
- •5.1.1. Аж мен ат ақпараттық қауіпсіздігін сақтаудың қажеттілігі
- •5.1.2. Ақпараттың қауіпсіздігінің қасақана қатерлерінің түрлері
- •5.2. Аж мен ат басқаруда ақпараттарды қорғау түрлері, әдістері мен құралдары
- •5.2.2. Ақпараттық қауіпсіздік жүйесін (ақж) құру құралдары мен әдістері. Ақж құрылымы
- •5.2.3. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері
- •5.2.4. Экономикалық аж корпоративті желілерінде ақпаратты қорғау
- •5.2.5. Экономикадағы электронды құжат айналымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері
- •Ақпараттық өзара әрекетке қатынасушылардың аутентификациялау (түпнұсқаландыру)
- •3. Желі мен дк ресурстарына, құжаттарға қолжетімділікті белгілеу
- •4. Электронды құжаттарды қорғау
- •5. Байланыс арналары мәліметтерін қорғау
- •6. Ақпараттық технологияларды қорғау
- •7. Мәліметтер ағындарына қолжетімділікті шектеу
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 6. Тақырыбы: қаржылық менеджменттегі ат
- •6.1. Қаржылық менеджментті нарық жағдайында ұйымдастыру
- •6.2. Қаржылық менеджменттің қызметтік міндеттері мен мақсаттарына сипаттама
- •6.3. Қаржылық менеджментті ақпараттық қамтамасыздандыру
- •6.4. Қаржылық шешімдердің программалық қамтамасыз етілуі
- •6.5. Аат жағдайында қаржылық менеджментің есептерін шешу технологиясы
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 7. Тақырыбы: бухгалтерлік есептегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе (баж)
- •7.1. Бухгалтерлік есептегі ақпараттық жүйеге сипаттама
- •7.2. Бухгалтерлік есепті ақпараттық қамту ерекшеліктері
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 8. Тақырыбы: аудиторлық қызметтiң ақпараттық технологиялары
- •8.1. Аудиторлық қызметтiң компьютерлік ақпараттық жүйесiнiң атқарымдық есептерi
- •8.2. Аудиторлық қызметтегі автоматтандырылған ақпараттық технологиялар (аат)
- •8.3. Аудиторлық қызметтегі автоматты ақпараттық технологиялардың программалық қамтамасыз етілуі
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •9.1. Қазіргі заманға сай банк жүйесінің даму кезеңдері
- •Банк қызметін автоматтандыру
- •Банк қызметін ақпараттық қамтамасыз ету
- •Бантктердегі инновациялық процесстер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 10. Тақырыбы: салықтағы деректерді өңдеу аат
- •Салық қызметін басқару жүйесінің ерекшеліктері. «Салық» ааж
- •Қр салық комитетiнiң біріктірілген ақпараттық жүйесi (қр сбаж)
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •11.1. Бюджет процесін басқару негіздері және оны автоматтандырудың қажеттілігі
- •2. Бюджет процесіндегі қатысушылар жұмысын автоматтандыру жүйесін құру
- •11.3. Бюджетті басқару ааж құрылымы
- •11.4. Бюджеттік процестегі мемлекеттік билік органдарының аат
- •«Қаржы» ааж
- •Атқарымдық ішкі жүйелері
- •Бюджетті орындау мен құру автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (боқаж)
- •Атқарымдық ішкі жүйелер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 14. Тақырыбы: ақпараттық қазынашылық жүйе
- •14.1. Қазынашылық органдарындағы ақпараттандыру сипаты
- •Қазынашылық органдар есебінің, аж және ат-да іске асыру ерекшеліктері
- •Аж және ат-дағы атқарымдық мәселелердің қазыналық талаптары
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
Аудитор шаруашылық субъектілердің ДКӨ жүйесіне аудит жүргізу кезінде қандай есептер шешу керек?
«Мәліметтерді компьютерлік өңдеу шартындағы аудит» аудиторлық реттін стандартымен анықталған қандай мақсаттар және аудит есептері бар?
«Компьютер көмегімен аудит жүргізу» аудиторлық стандарттарымен анықталған қандай мақсаттар және аудит есептері бар?
Кезең бойынша аудиті атоматтандыру жүйесін сипаттандар.
Кешенді кезеңдер бойынша аудитті автоматтандыру жүйесі нені ұсынады?
ДКӨ жүйесінде аудитті жоспарлау қандай номативтік құжатқа сүйеніп басшылық етеді? ДКӨ жүйесінде аудитті жоспарлау кезеңінің ерекшеліктері?
ДКӨ жүйесінде аудиторлық дәлелдемелерді алу кезінде қандай нормативтік құжатқа сүйеніп басшылық етеді? ДКӨ жүйесінде аудиторлық дәлелдемелерді алу ерекшеліктері қандай?
Аудиторлық міндеттердің технологиясының төрт түріне сипаттама беріңіз.
«Файл-сервер» көпқолданбалы жүйесінің технологиясы мен «клиент-сервер» технологиясының қандай айырмашылықтары бар?
ДКӨ жүйесіндегі аудиторлық тексерудің машина-бағыттылған процедурасын атап өт және сипаттама бер.
Дәріс № 9. Тақырыбы: БАНК АҚПАРАТ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕ РІ
Мақсаты: Банк әрекеттерін автаматтандыру жүйесін қарастыру
Жоспары:
Қазіргі заманға сай банк жүйесінің даму кезеңдері
Банк әрекеттерін автаматтандыру
Банк қызметін ақпараттық қамтамасыз ету
Банктердегі инновациялық процесстер
9.1. Қазіргі заманға сай банк жүйесінің даму кезеңдері
Қазіргі заманға сай ақпараттық технология (АТ) – банк ісінің дамуының ең маңызды қайнар көзі және құралы болып табылады. Көптеген банк басшылары АТ-ның соңғы жетістіктерін пайдалану, бизнестің жоғары деңгейге көтерілетіндігін және мол пайда әкелетіндігін аңғарды. АТ – ын ұйымдастыру, функциялау және даму процестерінің басты және ең маңызды факторы, бизнеспен тығыз байланыс, белгілі бір банктің жаңалық енгізу стратегиясымен байланыс, бизнес қажеттіліктерін қанағаттандыру мен бизнес мақсаттарына жету болып табылады. АТ әрекетінің өзіндік және ауыспалы аумағы болғандықтан, өзіне тән амал қолданылады. Ақпаратттық жүйе банк технологиясын дамыту көзі болып қана қоймай, бизнес ынтасының бағасын, уақытын, сапасын және сатылымын шектеу құралы болып табылады. АТ үздіксіз жоғары сатыға көтерілуі – бизнестік процестерге жақындаудың және бизнестегі мақсаттарға жетудің кілті болып табылады.
1998ж. кезіндегі дағдарыс, банк жүйелерінің қарқынды дамуы, оның құрылымын және өзіне тән ерекшеліктерін айқындауға әсер етті. Осы аралықта көптеген филиалдары бар сауда банктері ашылды. Дағдарыс алдыңда банктік жүйе банктік қызметке тапшы болды, несие орталықтан үлестірілді, банктер мемлекеттік қысқа мерзімді облигация нарығына тәуелді болды, несие қауіпті жағдайда болды және т.б. Банк жүйесін өзгерту батыс елінің тәжірибесіне жақындатып келеді. Банктік іс – әрекеттеріне арнайы экономикалық нормативтер құрылды. Нормативтер капиталдың жеткіліктігін, несиелік қызметті, ең төменгі өтімділікті, операцияның шоғырлануын, валютаның құлдырауын және т.б. қарастырады.
Банк жүйесінің дағдарыстан кейінгі стратегиясына төмендегілер кіреді:
Бухгалтерлік есеп және есеп беруде халықаралық норманы қабылдау,
Қаржы туралы ақпаратты мөлдір тарату механизмін енгізу,
Банк ісін қадағалау және т.б.
Мұндай әрекеттер ҚР банктік жүйесін жаңа сапалы деңгейге шығару үшін, кешенді проблемасын шешуді талап ететін қиын әрі көп сатылы процесс. Коммерциялық банктердің Қазақстандық бухгалтерлік есептер стандарттарынан бухгалтерлік есептің халықаралық стандартарына (БЕХС) ауысу үшін банктің бухгалтерлік есебінің халықаралық нормасымен келісімге келуі тиіс. Көптеген банктерге халықаралық стандартта жұмыс істеу нарықтан кетуге немесе кішігірім банктердің ірі банктермен қосылуына мәжбүрлейді.
Банктің халықаралық стандартқа сай қалыптасуының маңызды мәселесі, ақпараттық технологиясын өңдеу және кадрлар дайындаумен байланысты.
Банктік жүйені қатаң және тұрақты реттеу қажеттілігі оның елдің экономикалық, әлеуметтік, саяси өмірінде латын статусымен шартталған. Банк жүйесі бірнеше маңызды функциялар атқарады:
Халықтық төлем жүйесін қалыпта ұстай отырып, шаруашылық құрылымын басқарушы органдар, тұрғындар арасында уақытылы және нақты есеп жүргізуді қолдайды.
Қор жинау және инвестицияның негізі болып, экономиканың дамуына үлес қосады.
Қаржылық және басқа нарықтық тербелісті төмендетіп, экономиканың көтерілуін қалыптастыра отырып ақшалай ұсыныс деңгейін басқарады.
Халықтың валюта курсын қажет деңгейде ұстап, инфляцияны төмендете отырып ұлттық өндірушілердің бәсеке қабілеттігін арттыру.
Банк жүйесінің бүтінділігі мен қалыптылығының бұзылуы экономикаға, тұрғындарға және мемлекетке қауіп төндіреді.
Банк жүйесін басқарудың негізгі бағыттары:
депозиттерді сақтандыру;
банктердің капиталына қойылатын талаптарды жоғарылату;
коммерциялық банк ісін қадағалау (мониторинг);
құнды қағаздарды қолдануды шектеу (портфельдік шектеулер).
Банк жүйесінің (сондай-ақ депозиттердің де) пассивтерінің маңызды бөлігі конъюктуралық тербелістерге душар және тым тұрақсыз көз болып табылады, сондықтан оларды сақтандыру қажет.
Депозиттерді сақтандыру жүйесінің қызметі мынадай, сақтандыру премиясын төлеу арқылы ұйымдастырылған арнайы фондтан, банк банкротқа ұшыраған жағдайда салымшыларға төленеді. Сәйкесінше, салымшы салымның қайтарылатындығына кепілдік алады.
Капиталға талап қою дағдарысқа ұшырамау үшін, меншік пен қарыз арасында қолайлы байланыс орнатуға бағытталған. Меншікті капитал деңгейі капиталдың тек қаржылық жағынан қауіпті реттейді, орташа және ұзақ мерзімді өтемділік қабілеттін жоғарлатады.
Банк реттейтін тағы бір элемент, банк жағдайының мониторингі (қадағалау), әкімшілік және оперативті шара қолдану арқылы қауіп деңгейін төмендету. Мониторингтің мақсаты нәтиже алу ғана емес, банк міндеттемелерін сапалы бағалау. Егер мониторинг шығынынан өтімділік көп болса, онда мониторинг енгізу қолайлы болады.
Қоржындық шектеу құнды қағаздар нарығында сауда банктерінің әрекеттеріне қауіп келтірмес үшін қолданады. Сондықтан көптеген банктер инвестициялық және саудалық болып бөлінеді.
ҚР және бүкіл әлемдегі экономикалық жағдай үнемі өзгеріс үстінде. Нарықтағылар арасында үлесті қайта үлестіруде. Клиенттер талабы өсіп, нарыққа жаңадан қызмет көрсету түрлері шығарылып жатыр. Банктер бұл жағдайға көңіл бөлулері тиіс.
Көбінде мұндай жағдайлар банк құрылымын және бизнес-процесстерді, олардың байланысын, басқару тәсілдерін өзгерту арқылы шешіледі. Бұл жаңа технологияларды енгізуді талап етеді.
Банктердің өзекті мәселелерінің бірі жаңа технология енгізу болып табылады. Ғылым мен тәжірибенің соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, оның шешімін табуға болады.
Банктер жаңалықтарды зерттеп, ашумен айналыспай оны енгізіп, ары қарай дамытумен айналысады. Сондықтан банктердегі екі маңызды технологиялық даму іскерлікте аспектілерін бөліп қарауға болады:
Болжау әдістерін, банк талаптарын сараптау әдістерін қолдану арқылы жаңа технологиясын енгізу.
Жоба жасау арқылы, құрылым өзгерісін дайындау арқылы, қаржылық, материалдық, еңбек, ақпараттық ресурстар құрамы мен көлеміне байланысты оңтайландыру арқылы жаңа технологияларын енгізуді ұйымдастыру.
Банк істері мен технологиясының дамуының маңызды факторлары:
қызмет көрсету сапасын клиент позициясынан бағалау;
банктер мен банктердің қызмет көрсетуінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау;
нарық талабын айқындау мен банк жүйесінің даму болжамын жүзеге асыру;
банктің ішкі процесстерінің сапасын талдау, банктік іскерлікте тар орындарды анықтау.
Жаңалықтар бойынша ұсыныстар кіріс пен шығыс бағалайтын бизнес-жобалар түрінде рәсімдейді. Мұндай жағдай жоғары сапалы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Инновациялық және стратегиялық принциптердің бірігуі, банктің нарықтағы бәсекелестік қабілетін арттыру.
Банк қызметінің дамуы тұтынушылық несиелеуде қарқынды дамуда. Жекеленген қызмет көрсетуді автоматтандыру жобалары жасалу үстінде. Ресей банктерінің жекелеп сатуға қызығушылығымен тұтынушылардың банктің қызмет көрсетулеріне қызығушылығы екі жаққа да пайдалы болып отыр. Қазіргі таңда банк карталары және оларға қатысты жабдықтар да дамыған, мысалы банкомат. Оларға тапсырыс беру көлемі артып, көп функционалды құрылғыларға қызығушылық танытылуда. Банкомат – тек автомат қана емес, сонымен қатар көптеген функцияларды (төлем және депозит қабылдау, алдын ала төленген карточкалар мен купондар сату және т.б.) орындайды. Автоматтандырылған банк филиалдарының алғашқы жобалары шығарылуда. Оларға банк операцияларының тек бір бөлігін орындауға рұқсат етілген. Ірі сауда орталықтарында банктің өзіндік қызмет көрсету кешендері қарастырылып жатыр.
Банк тұрақтылығын бағалаудың маңызды параметрі капитал көлемі. Капитал көлемі арқылы клиенттің, құрылғыларымен операция жүргізу мүмкіншілігі анықталады. Кішігірім банктің ірі банктермен қарқынды жұмыс істеу процесі байқалады. Банк капиталының артуына байланысты қайта үлестіріледі.
Жоғарыда көрсетілген банк процесстерінің жоғары сатыға көтеру мен даму әдістері банктің ақпараттық технологияларының инфрақұрылымын жоспарлаумен байланысты. Автоматтандырылған банк технологиясын құру, құрылым ерекшеліктерін және банк қызметінің көлемін есепке алуды қажет етеді. Барлық банк бөлімшелерінің өзара қарым-қатынасының ерекшелігі – банктің көп деңгейлі, әр түрлі бағыттағы, кұрделі ақпараттық байланысы бар жүйе жоспарлау болып табылады.