Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістік кешен (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
484.66 Кб
Скачать

8.2. Аудиторлық қызметтегі автоматтандырылған ақпараттық технологиялар (аат)

ААТ АҚ – технологияның төрт түрінің біреуін пайдаланады.

  1. Жергілікті атқарымдық жұмыс орны. Бұл технологияда әрбір жұмыс орнындағы компьютерлер толық дербес автономды жұмыс істейді әрі әрқайсысында тұтас деректер қоры сақталады. Деректер бірігуі магниттік тасығыштар т.б. арқылы алмасып отырады.

  2. «Файл-сервер» технологиясы. Бұл технологияны пайдалануда ақпараттарды өңдеу жұмыс орындарындағы жеке компьютерлерге орталықтандырылған. Егер программаға басқа компьютердегі (желілік сервердегі) деректер қажет болса, олар желілік каналы арқылы беріледі.

  3. «Клиент-сервер» технологиясы. Бұл технология үлкен көлемдегі өнімсіз ақпараттың ағымдарын желі арқылы өткізіп отыру. Бұған қол жеткізу программаның екі бөлігінде орындалады:

  • клиенттік;

  • серверлік.

Клиенттік бөлігі (клиент) жұмыс орнындағы компьютерде, ал серверлік бөлігі – желілік серверде орнықтырылған. Егер клиентке қандай да бір дерек керек болса серверге сұрау түсіріп тек керекті деректі ғана алады.

  1. Толық ортақталындырылған оңдеу моделі. Модельде барлық есептің шешу тәртібі ортақтандырылған компьютерде орындалады. Жұмыс істеу жүйесі үлкен ЭЕМ-де орындалады. Оған көптеген терминалдар, клавиатуралар т.б. қосылады.

Машиналық бағдарлану тәртібі аудиторлық тексеру жүйесі компьютерде деректерді өңдеу (КДӨ-де) келесі аудиторлық құралдарды қолданады.

  • Аудиттағы программалық құрал-жабдықтар клиенттердің компьютерлік файл мазмұнын тексеруге арналған.

  • Тексерілген деректер клиент туралы нақты деректер немесе бақылау мәліметтері яғни бұлар негізгі сынақ болып табылады.

Машиналық – бағдарлау тәртібі аудиторлық тексеруде келесі тәсілдерді қолданады.

  • КДӨ жүйесін сынақтау;

  • арифметикалық тексеру;

  • программалық талдау негізінде бақылау тәсілі.

КДӨ жүйесін сынақтау компьютерлік сынақтама жүргізудің үш әдісін ұсынады:

  • компьютердің көмегімен кейбір операцияларды іріктеп алып, қолымен тексеру;

  • еліктеме (иммитациялық) деректер көмегімен тұрақталған жүйені бақылау, тексеру;

  • аудиторлық өңделген программалық құралдармен, нақты деректер көмегімен тұрақталған жүйені бақылау, тексеру.

КДӨ жүйесінде арифметикалық тексеру орындалуы мүмкін.

Аудитор сонымен бірге программалық талдау негізінде бақылау әдісін қолданады. Компьютер көмегімен аудит жүргізу, аудиторлық дәлелдердің жоғары бағалығын көрсетеді.

Аудитордың көмегі:

  • бухгалтерлік есеп-қисап операцияларының бір келкі үлкен көлемдегі бөліктерін тексеруде көрінеді;

  • тексерудің экономикалық субъектісінің сәйкестерілген стандарттық жүйесінің бухгалтерлік есеп-қисабын ресімдеу;

  • ақпаратты іздеу жүйесінде алғашқы түскен құжаттардын сәйкестігін ажырату, нақтылау, бухгалтерлік есеп-қисаптың тіркелімінде қолданылады;

  • автоматтандырылған бақылау жүйелері міндеттелген есептің сәйкестілігінің реттелген шешімінің бекітілуін орындауда қолданылады.

Компьютерді қолдану аудит өткізуде келесі процедураларды қолданады:

  • сыныптама операцияларымен компьютерлік деректер қорының қалдық шоты;

  • деректер қорында кейбір параметрлерді қолдануға байланысты ауытқуларды анықтау үшін талдамалы процедураларын қолдану;

  • экономикалық субъектіні тексеру бағытында ақпараттық деректерге сынақтама жүргізу;

  • экономикалық субъектіні тексеру бағытында ақпараттық математикалық, программалық және техникалық қамтамасыз етуге сынақтама жүргізу.

Аудиттағы ақпараттық қамтамасыз етуге компьютерді пайдаланудың негізгі екі көзіне сүйенеміз:

  • экономикалық субъектіде бухгалтерлік есеп-қисаптың деректері қағаз жүзіндегі тасығыштармен немесе бухгалтерлік деректердің қоры түрінде болуы;

  • нормативті-анықтамалық қор мен аудиторлық құжаттардың жұмыс формасы.

Тексеру жүргізілген экономикалық субъектіде КДӨ жүйесінде дайындалған аудиторлық дәлелденген деректер таблица-ведомость, есеп-қисап тіркемелері болады. Жұмыс құжаттары машиналық тасығыштарда дайындалып, аудиторлық файл архивінде сақталады.

Аудитор алынған ақпараттың дұрыстығын, қорғалуын қамтамасыз ету керек.