Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәрістік кешен (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
484.66 Кб
Скачать

Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар

  1. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесіне жалпы сипаттама беріңіз және нарықтық экономика шартында оның ролі қандай?

  2. Есепберу тапсырмаларын компьютерлеу кезінде есептеуіш техникасын қолданудың қандай ұйымдастырылған формасы қажет?

  3. Бухгалтерлік есеп кешеніне сипаттама беріңіз; өнеркәсіптің экономикалық есептерін кешенді өңдеу шартында олардың қалыптасу ерекшелігін белгілеңіз.

  4. Есеп кешенінің ақпараттық байланысын атаңыз.

  5. Есеп кешенінің негізгі өңдеу фазасын қарастырыңыз.

  6. Бухгалтерлік есепте ақпараттық қамтамасыз етудің құрамын атап өтіңіз.

  7. Есепберу құжаттамасына сипаттама беріңіз.

  8. Бухгалтерлік жұмыста қандай сыныптамалар қолданылады?

  9. Есептік тапсырмаларды өңдеудің технологиялық процесінің сатылары қандай және олардың мазмұнын ашыңыз.

  10. Кіші, орта және ірі кәсіпорындарда қолданылатын бухгалтерлік есептің функционалды пакетін сипаттаңыз.

Дәріс № 8. Тақырыбы: аудиторлық қызметтiң ақпараттық технологиялары

Мақсаты: Аудиторлық қызметтегі автоматтандырылған ақпараттық технологиялар туралы түсінік беру

Жоспары:

  • Аудиторлық қызметтiң компьютерлік ақпараттық жүйесiнiң (КАЖ) атқарымдық есептерi

  • Аудиторлық қызметтегі автоматтандырылған ақпараттық технологиялар (ААТ)

  • Аудиторлық қызметтегі автоматтандырылған ақпараттық технологияларды (ААТ) программалық қамтамасыз ету

8.1. Аудиторлық қызметтiң компьютерлік ақпараттық жүйесiнiң атқарымдық есептерi

«Аудитті компьютердің көмегімен жүргізу» ережесіне (стандартқа) сәйкес аудитта компьютерді пайдаланудың негізгі мақсаты – адам мен компьютердің ара қатынасының көмегімен аудиторлық әрекеттердің тиімділігін арттыру. Аудитті компьютердің көмегімен жүгізу барысында аудиттің методологиясының негізгі элементтері мен мақсаты қатаң сақталады. Аудиторлық қызметтің ақпараттық жүйесін (АЖ) жобалауда (АҚ КАЖ) құру принциптері ерекшеліктері қатаң сақталады.

Тәжірибе жүзінде аудиторлық қызметтің компьютерлік ақпараттық жүйесі екі айырмашылығы бар тәсілдің пайда болуымен жүргізіледі

  1. Бухгалтерлік есептің осы және басқа да ережелерін тұрақты ақпараттарды (ИЯ немесе ЖОҚ) енгізуге тесттер жинағын пайдалануға бағытталған. Сонымен қатар клиенттің бухгалтерлік ақпараты толық немесе бір бөлігі кері қайтарылады. Бұл амал қателерді жіберу қауіпіне алып келуі мүмкін, сондықтан екінші тәсіл ыңғайлы болады.

  2. Шаруашылық қызметте синтетикалық және аналитикалық деңгейде байқалған клиенттің алғашқы ақпаратына бағдарланады. Бұл жағдайда клиент туралы мәліметтерді енгізуге бірталай уақыт кетеді.

Екінші жағдайда АҚ КАЖ құруда екі тәсіл болуы мүмкін.

  • Кезеңдер бойынша аудитті компьютерлендіру жүйесі;

  • Тапсырмалар кешендері бойынша аудитті компьютерлендіру жүйесі.

Аудитті кезеңдер бойынша компьютерлендіру жүйесі жүйенің қолданушылары сәйкес деңгейдің тіркелген қол жетімділігіне ие болатын желілік сәулет пен бірыңғай базада сақталатын барлық ақпараттарды қолдануды ұсынады. Пайдаланушыларға жүйемен жұмыс барысында қарапайым түрде екі деңгейде бөлінген құқықтар беріледі: тексеруді басқарушы және аудиторлар. Мәліметтер қорында жазылған барлық ақпарат бір уақытта аудиторлық топтың барлық мүшелеріне қолжетімді болуы қажет.

АҚ КАЖ шарттарындағы аудитор жұмысы технологияларының үш кезеңі ерекшеленеді:

  • дайындық кезеңі;

  • тексеру жүргізу;

  • аяқтау кезеңі.

Дайындық кезеңінде мәліметтер базасына клиент туралы ақпарат, негізгі кітаптағы мәліметтер, бухгалтерлік есептің көрсеткіштері және т.б. ақпараттар жазылады. Бухгалтерлік есеп жүйесі және аудит жүргізілетін тұлғаны ішкі бақылауларды деректерді компьютерлік өңдеу жүйесі (ДКӨ) арқылы аудитор орындайды.

ДКӨ жүйесі арқылы өткізген аудитті жүргізу әдістерін анықтаудың негізгі қадамдары мен мақсаты сақталады. Алайда ДКӨ жүйесі аудиторлық бухгалтерлік есеп жүйесі және аудит жүргізілетін тұлғаның ішкі бақылауын зерттеуге әсерін тигізеді.

ДКӨ ортасында жұмыс істегенде, аудитор мәліметтерді өңдеудің ұйымдастыруымен формасын, бухгалтерлік есепберу формасын және оның автоматтандырылған бөлімдерін, деректерді өңдеудің желілік және жергілікті қолдану нұсқасын қолдануды, деректерді сақтау және архивтеуді қамтамасыз етуін сипаттауы керек. Аудитор сонымен қатар оның техникалық, ақпараттық технологиялық ДКӨ-дің қамтамасыз етілуін сипаттап беруі керек. Ол компьютерлік жүйенің мүмкіндіктерін бағалайды, оның шаруашылық заңдылыққа байланысты көзқарасын, жеңіл әрекетін, өзгеруін, басқару есебінің реттелуін, аналитикалық жоспардың жүргізілуін, ақпараттық технология аясында есептік біліктілігін көрсетеді.

ДКӨ жүйесінде аудит жүргізгенде келесі мәселелерді жүзеге асыру керек.

  1. Міндетті түрде деректерді өңдеуді ұйымдастыру формасымен және оның автоматтандырылған басқару есебі, оның ішінде бухгалтерлік есеп берумен танысу т.б.

  2. Деректерді өңдеудің ақпараттандыру технологиясын дұрыс жолға қойылуына есептеу бөлімшелерінде, жұмыс орындарында аудитор баға беріп әрі оның ақпаратты өңдеуде үлкен нәтижеге ие болатынын ескеру керек. Бұл жерде ескеретін бір жағдай автоматтандыратын жүйесі бірінші бөлімнің ең жүктемелі бөлімшелерінде болу керек. Сонымен бірге автоматтандыру ең алдымен есеп және девиторлық берешекті талдауға қолданылуы керек.

  3. Тексеру барысында аудитор құжат-алмасу жүйесінің ұйымдастырылуымен таныстырылып оған баға беруде: қалыптастыру реті, тіркеу, сақтау, құжаттарды өңдеу және алғашқы құжаттарды түрлендіруде бухгалтерлік шот жүйесінде болуы. Сонымен бірге алғашқы мәліметтердің пайда болуы және тіркелуі жағдайын қадағалау үшін аудитор автоматтандырылған жұмыс орындарын (АЖО) басқару схемасымен толық танысу керек.

  4. Аудитор шаруашылық операцияларды қалыптастыру мәліметтерді кіргізу әдістерәне сипаттама беруі керек. Автоматтандырылған және бухгалтерлік жазбаларды және операциялық тұрпатты өткізбелер электронды өткізбелер, электронды формасында құжаттарда қателіктер болмайды. Дегенмен электронды формадағы құжаттарда кететін қателерге көңіл болінуі керек. Шаруашылық операциялардағы ақпаратты сақтауды ұйымдастыру , ақпаратты тез алу оны шығару жолдарын қадағалау.

  5. Бухгалтерлік есептегі (ДКӨ) жүйесінде кіретін деректерге сыныптама жүргізу аудиторлық процедураларға жүктеледі. Бұл процедуралар құжаттар сыныптамасының толықтығын «қағаз» нұсқасы және электронды формалардың жүйедегі сәйкестігін көрсетеді. Егер бұл сәйкестіктер бір бірінен алшақ болса есеп беру шындыққа жеткіліксіз деген сөз. Аудиторлық процедуралар міндетіне берілген деректкрдің бухгалтерлік есебі (ДКӨ) жүйесінде жүргізілуі керек.

  6. Аудитор ақпараттық жүйеде деректердің сақталуы қамтамасыз етілгенін, оған қол жеткізудің оңайлығы және ықпал шарасыз енуге шектеу бар екеніне күмәнсіз болуы керек.

  7. Деректерді компьютерлік өңдеуде (ДКӨ) – де сенімді ішкі контроль бар екендігіне тексеріс кезінде артықша көңіл бөлінеді. Аудитор міндетті түрде компьютерлік есеп жүйесінде кемшіліктерді қарау аппараттық және программалық орта контролі, ұйымдастырудағы, вирустардың болмауын қадағалау т.б. Сонымен бірге аудитор көп айналымды желілік жүйедегі ақпаратты беру процесіне көңіл бөлуі керек.

  8. Аудитор –есеп айырысу алгоритмін дұрыстығын тиянақты тексеруі керек. Егер есеп айырысу алгоритмінде қателік болса қолдануда көп айналымды қайталанатын шаруашылық операцияларында, шаруашылық қызметтің нәтижесінде бұрмалаушылық болуы мүмкін.

Осы жағдайлардың тәртібінде алынған ақпарат, алдын ала қаржылық анализ жүргізіліп, бағалаудың мәнділік деңгейі және аудиторлық тәуелділік аудиттің жалпы жоспары әзірленеді және аудиторларға өз міндеттемелері бөлінеді.

Аудиттің жалпы жоспары мен программасын құрғанда ақпараттық технологияларды қолданған экономикалық субъект есептік ақпаратты өңдеуде автоматтандыру дәрежесін есепке алу қажет. ДКӨ жүйесін қолдану арқылы аудит процедураларын орындау және аудитті жоспарлау құжаттарында аудиторға компьютерлік есеп беру жүйесінен форма жеке жақтары бойынша бағалау мен есеп беру жүзеге асырылады. Ары қарай аудиторлар тапсырма бойынша бухгалтерлік жазуларға өз бетінше талдау жасайды. Соның арқасында типтік емес және түсініксіз операцияларды анықтап экономикалық субъект ерекшеліктерін есепке ала отырып аудит программасы құрылады.

Бақылауды жүргізу мұнда аудитор шаруашылық операциялар жиынтығын зерттейді. Жиынтық көлемі фирма ішілік стандарттарға сәйкес анықталады. Жеке шаруашылық операцияларды зерттегенде аудитор келесідей мүмкіндіктерге ие болуы қажет: жұмыс барысында өз бөлімі бойынша жергілікті қор дайындық кезеңі; жинақталған ережелерге жүгіну қажеттілігі; мәліметтер базасында барлық тексерілген операциялар мен өз ескертпелерін тіркеу; бухгалтерлік есептің жекеленген ережелерінің сақталуы немесе сақталмауы жайлы өз профессионалдық ойларын жергілікті қорында тіркеу.

Аяқтау кезеніңде аудитор аудит жүргізу барысында алынған ақпаратты талдау және бағалауды жасайды. Автоматтау процессі анықталған бұзушылықтарды жөндеуге мүмкіндік береді. Аудитор үшін бөлімді тексеру нәтижесі болып тексерілген бөлімнің дұрыстығы жайлы пікір, тексерістің құжатталуы және басқарушыға есеп беруді дайындау болып табылады. ДКӨ жүйесінде аудит құжаттамасында «Аудитті құжаттау» стандартына сәйкес жасалуы қажет.

Аудитті есептер комплексі бойынша компьютерлеу жүйесі екі класқа бөлінеді:

  • ішкі аудиттің компьютерлік жүйесі;

  • сыртқы аудиттің компьютерлік жүйесі.

Ішкі аудиттің компьютерлік жүйесі маманданған және ол белгілі бір ұйымдардың ерекшеліктерін көрсетеді. Жүйе екі есептік кешеннен тұрады:

  • «Құжаттама» комплексі, бухгалтерлік құжаттамалар мен есеп берулердегі қаржылық-шаруашылық операцияларды тексеру дұрыстығын сипаттауға арналған.

  • «Кеңес беру» кешені, кәсіпорының есеп беруі негізінде оның даму бағытын анықтауға мүмкіндік береді.

Сыртқы аудиттің компьютерлік жүйесі әмбебаптығымен ерекшеленеді. Ол кез келген обьектке сыртынан жүгінеді, сондықтан жалпы стандарттарды ескеріп, клиент компьютерлерде операциялық ортаны баптау қабілеттілігіне ие болуы қажет. Кез келген ақпараттық жүйе сияқты атқарымдық және жабдықтау бөлімдерінен тұрады.

Жүйенің атқарымдық бөлігі төрт кешендік есепті құрайды:

  • «Әкімшілік» кешені, есеп беру кезіңде ағымдағы шешімдерді және қаржылық-шаруашылық қызметті басқару шарттарын бағалау маңызды қызметін іске асыруға арналған.

  • «Қызметкерлер» кешені, кәсіпорындағы қаржылық-шаруашылық тіркеу жүйесін бағалау, сонымен қатар есептік қызметкерлердің арнайы немесе кездейсоқ жіберген қателерін анықтау бағытында жұмыс істейді. Қызметкерлер комплексінің мақсатын екі топқа бөлуге болады: баланстың жеке бөлімдеріне қатысты бухгалтерлік құжаттаманы тексеру, аудит бөлімдері бойынша қаржылық операцияларды талдау.

  • «Есеп беру» кешені, қаржылық есепті тексеру, есептік құжаттама көрсеткіштерінің келісімін, шоттар дұрыстығын бақылау мен қамтамасыз ету.

  • «Кеңес беру» кешені, келесі кезеңге әкімшілік іс-әрекеттерін негіздеу және құрастыруға арналған. Бұл комплекстің құрамы «Әкімшілік» кешені есептер құрамы мен анықталады, бірақ бір уақытта келесі кезеңге арналған жағдайды жақсарту үшін консультациялық кеңестер құрастырылады.