
- •Дәрістік кешен
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 3. Тақырыбы: аж-ны ақпараттық қамтамасыз ету
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 5. Тақырыбы: ұйымды басқаруда аж мен ат-дағы ақпараттарды қорғау
- •5.1. Аж мен ат қауіпсіздігіне қатерлердің түрлері
- •5.1.1. Аж мен ат ақпараттық қауіпсіздігін сақтаудың қажеттілігі
- •5.1.2. Ақпараттың қауіпсіздігінің қасақана қатерлерінің түрлері
- •5.2. Аж мен ат басқаруда ақпараттарды қорғау түрлері, әдістері мен құралдары
- •5.2.2. Ақпараттық қауіпсіздік жүйесін (ақж) құру құралдары мен әдістері. Ақж құрылымы
- •5.2.3. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері
- •5.2.4. Экономикалық аж корпоративті желілерінде ақпаратты қорғау
- •5.2.5. Экономикадағы электронды құжат айналымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері
- •Ақпараттық өзара әрекетке қатынасушылардың аутентификациялау (түпнұсқаландыру)
- •3. Желі мен дк ресурстарына, құжаттарға қолжетімділікті белгілеу
- •4. Электронды құжаттарды қорғау
- •5. Байланыс арналары мәліметтерін қорғау
- •6. Ақпараттық технологияларды қорғау
- •7. Мәліметтер ағындарына қолжетімділікті шектеу
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 6. Тақырыбы: қаржылық менеджменттегі ат
- •6.1. Қаржылық менеджментті нарық жағдайында ұйымдастыру
- •6.2. Қаржылық менеджменттің қызметтік міндеттері мен мақсаттарына сипаттама
- •6.3. Қаржылық менеджментті ақпараттық қамтамасыздандыру
- •6.4. Қаржылық шешімдердің программалық қамтамасыз етілуі
- •6.5. Аат жағдайында қаржылық менеджментің есептерін шешу технологиясы
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 7. Тақырыбы: бухгалтерлік есептегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе (баж)
- •7.1. Бухгалтерлік есептегі ақпараттық жүйеге сипаттама
- •7.2. Бухгалтерлік есепті ақпараттық қамту ерекшеліктері
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 8. Тақырыбы: аудиторлық қызметтiң ақпараттық технологиялары
- •8.1. Аудиторлық қызметтiң компьютерлік ақпараттық жүйесiнiң атқарымдық есептерi
- •8.2. Аудиторлық қызметтегі автоматтандырылған ақпараттық технологиялар (аат)
- •8.3. Аудиторлық қызметтегі автоматты ақпараттық технологиялардың программалық қамтамасыз етілуі
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •9.1. Қазіргі заманға сай банк жүйесінің даму кезеңдері
- •Банк қызметін автоматтандыру
- •Банк қызметін ақпараттық қамтамасыз ету
- •Бантктердегі инновациялық процесстер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 10. Тақырыбы: салықтағы деректерді өңдеу аат
- •Салық қызметін басқару жүйесінің ерекшеліктері. «Салық» ааж
- •Қр салық комитетiнiң біріктірілген ақпараттық жүйесi (қр сбаж)
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •11.1. Бюджет процесін басқару негіздері және оны автоматтандырудың қажеттілігі
- •2. Бюджет процесіндегі қатысушылар жұмысын автоматтандыру жүйесін құру
- •11.3. Бюджетті басқару ааж құрылымы
- •11.4. Бюджеттік процестегі мемлекеттік билік органдарының аат
- •«Қаржы» ааж
- •Атқарымдық ішкі жүйелері
- •Бюджетті орындау мен құру автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (боқаж)
- •Атқарымдық ішкі жүйелер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 14. Тақырыбы: ақпараттық қазынашылық жүйе
- •14.1. Қазынашылық органдарындағы ақпараттандыру сипаты
- •Қазынашылық органдар есебінің, аж және ат-да іске асыру ерекшеліктері
- •Аж және ат-дағы атқарымдық мәселелердің қазыналық талаптары
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
6.4. Қаржылық шешімдердің программалық қамтамасыз етілуі
Қаржылық менеджментте ақпараттық технологияларды әзірлеудің ең маңызды проблемаларының бірі – программалық өнімдердің сәйкестігін іріктеу болып табылады. Бұл жерде қаржылық менеджменттің міндетінің әр түрлілігі көбінесе белгіленімі, пайдаланылатын ортадағы қызметтік мүмкіндіктері бойынша түрлі программалық құралдардың пайдаланылу қажеттігін міндеттейді.
Қаржылық шешімдерді қолдау ретінде пайдаланылатын программалық құралдарды мынадай жіктерге бөлуге болады:
кәсіпорындарды басқарудың кешенді интеграцияланған жүйелері;
кестелік процессорлар;
негіздік талдау міндеттерін шешуге арналған пакеттер;
техникалық талдауды шешуге арналған пакетте;
программалардың статистикалық және математикалық пакеті;
жасанды (ЖИ) интеллект жүйелері.
Мұндай бөлулердің шартты екенін атап кету орынды, өйткені, программалық құралдар өзіне бір уақытта бірнеше бөлінген жіктердің мүмкіндіктері мен қасиеттерін үйлестіруі мүмкін, ал басқалары – тек аз ғана мамандандырылған міндеттерді шешуге бағдарлануы мүмкін.
Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін басқарудың интеграцияланған кешенді жүйелерінің мысалдары мынадай шет елдік программалық өнімдер болып табылады: БААН (BANN,США), SAP /R3 (Германия), PLATINUM (США), SCALA (Швеция), MAN/MANX (США) , Champion (США) және басқалар, сондай-ақ отандық өнімдердің қатары: (1С: Предприятие» (ІС, Ресей), БОСС («АйТи», Ресей), «Галактика» («Галактика», Белоруссия) және т.б.
Осыған ұқсас жүйелер қазіргі ақпараттық технорлогиялар базасында қызметкерлерді басқару, бақылау, бухгалтерлік есеп, қаржылар, инвестициялар, өткізу, өндіріс, қамтуды қосқанда кәсіпорынның түрлі қызметтерін басқаруда қазіргі заманғы ақпараттақ технологиялар үдерісінің негізінде интеграцияланады.
Міне, осы жағдайда олар кәсіпорынның тұтастай жұмысын үйлестіруге және бақылауға мүмкіндік береді.
Әдетте, интеграцияланған жүйелер шаруашылық жүргізуші обьектіні басқарудың стандарттық базалық қызметін жүзеге асырады және ұқсас келбеттерді иеленеді. Олардың барлығы да басқа кеңінен тараған программалық өнімдердің мәліметтер алмасуының дейңгейінде интеграцияны қамтамасыз ететді, достық сызбалық интерфейсті иеленеді, шынайы уақыт аралығында пайдаланушылардың көп бөлігіне ақпараттарды өңдеуге мүмкіндік беретін «клиент-сервер» архитектурасы базасында жүзеге асырылған гетерогенді есептеу желілерінде қолдануға бағытталған.
Осындай жүйелердің программалық қамтамасыз етілуі кәсіпорынның қаржыларын басқаруды қолдауды қамтамасыз ететін, арнайы модульдерді немесе қосалқы жүйелерді міндетті түрде қосады.
«БААН» фирмасының осы мақсатқа арналған әзірлемелерінде екі негізгі қаржылық басқару міндеттерін: талдау мен жоспарлауды жүзеге асыратын «БААН-Қаржылар» қосалқы жүйесі қарастырылған. Есептің қосалқы жүйелерімен, материалдық-техникалық қамтумен және өнімдердің өткізілуі негізінде осындай байланыс қажетті мәліметтерге және құжаттарға жекеленген бөлімшелер деңгейінде ғана емес, сонымен бірге барлық кәсіпорын деңгейінде қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
«БААН-Қаржылар» қосалқы жүйесінің міндеттері мына модулдерден тұрады: «Бас кітап», «Дебиторлармен есеп айырысу», «Жеткізушілермен есеп айырысу», «Шығындарды талдау», «Негізгі құралдар», «Ақша қаржыларын басқару», «Қаржылық жоспарлар», «Қаржылық есептер» (6.2-сурет).
Жоғарыда санамаланған модульдердің белгіленімі мен міндеттері аттарынан көріпін тұр. Қаржылық менеджер үшін бұл жерде соңғы үш модуль негізгі қызығушылық тудырады, олардың қысқаша сипаттамалары төмендегідей.
6.2-сурет. «БААН-Қаржылар» қосалқы жүйесінің құрылымы
«Ақшалай қаржыларды басқару» модулі ағымдағы төлемақылардың өңдеу үдерісін автоматтандыруды, оның ішінде электронды банкілік опеарцияларды жүргізуді қамтиды. Қаржылық менеджмент көзқарасы тұрғысынан модульдің ең маңызды міндеті кәсіпорынның барлық бөлімшелері бойынша ақша ағынының қозғалысын жедел болжау мүмкіндігі болып табылады.
«Қаржылық жоспар» модулі қаржылық жоспарлардың түрлі нұсқаларын салыстыруға және әзірлеуге арналған. Басқа модульдермен және қосалқы жүйелермен тығыз интеграция ағымдағы көрсеткіштерді жоспарлымен автоматты түрде салыстыруға, ауытқуды қадағалауға, кәсіпорынның қаржылық есептілігі мен шаруашылық жүргізуші қызметін талдауда жоспарлы ақпаратты талдауда жоспарлы ақпаратты пайдалануға мүмкіндік береді.
«Қаржылық есептер» модулі сызбалардың, мәліметті кестелердің, түрлі қаржылық есептердің автоматты генерациялануын (таралуын) қамтамасыз етеді. Модульдің арнайы қызметтері кәсіпорынның басқарудың түрлі деңгейінде ақпараттарды жинақтау мен нығайту мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
«БААН-Қаржылар» қосалқы жүйесінің басқа да пайдалы мүмкіндіктеріне күнтізбелердің – салықтық, қаржылық және есептікті автоматты қолдауын жатқызуға болады.
БОСС отандық жүйенің қызметтік мүмкіндіктері мемлекеттік бюджеттік ұйымның да, сонымен бірге коммерциялық кәсіпорындардың да барлық негізгі бизнес-үдерістерін қамтиды.
БОСС жүйесінің қызметтік мүмкіндіктері мыналарға:
қаржылық талдау мен жоспарлауды жүзеге асыруға;
кәсіпорынның ресурстарының басқарушылық және жедел есебін жүргізуге;
материалдық ағындар мен тауарлық-материалдық қорлардың қозғалысын басқаруға;
келісімшарттар жүргізу мен жобаларды жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіруге;
ақпараттық-қорғалған құжат айналымы мен іс қағаздарын жүрг.ізудің бірегей жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Қаржылық менеджердің көзқарасы тұрғысынан, «БОСС-Аналитик» қосалқы жүйесі осы өнімдерге аса үлкен қызығушылық тудыруда.
«БОСС-Аналитик» қосалқы жүйесі күнделікті өзекті ақпарат негізінде дәлелді шешімдер қабылдауы керек барлық деңгейдегі басшылар мен қаржылық бөлімшелердің қызметкерлеріне арналған. «БОСС-Аналитик» талдамалық мәліметтер негізінде тиімді жоспарлауды жүзеге асыруға және тартылған ақпараттарды талдауға, бөлшектеу дәрежесінің керектігімен және олардың көрнекті түрде ұсынуға, БОСС есептік қосымшаларының қажетті мәліметтерін жедел шығарып алуға мүмкіндік береді.
«БОСС-Аналитик» қосалқы жүйесі БОСС басқару жүйесіне кіретін, сонымен бірге барлық кәсіпорынның деңгейінде де, сондай-ақ бөлімшелердің деңгейінде де бөлінген әдіспен негізгі қосымшалармен интеграцияланған және бюджеттер мен болжамдарды жоғарыдан төмен, төменнен жоғары құрастыруға мүмкіндік береді.
«Галактика» жүйесінде мынадай келесі модульдер кіретін әкімшілік басқарудың контур деп аталатындары – маркетинг, қаржыларды жоспарлау, жобаларды басқару және қаржылық талдау жүзеге асырылады.
«Қаржыларды жоспарлау» модулі жоспарлардың құрастырылуын, жоспарлардың орындалуы кезі туралы ақпараттарды жинауды, жоспарларды орындауға талдаулар және олардың түзетілуі туралы шешімдерді қабылдау, сондай-ақ кәсіпорынның экономикалық тиімді қызметіне енгізілетін өзгерістерге әсерлерді келесі талдаумен түрлендіру жоспарларын қамтамасыз етеді.
«Жобаларды басқару» модулінде олардың бизнес-жоспарын әзірлеуді, экономикалық тиімділік бағасын, орындау туралы ақпараттарды жинаутауды, талдамалық есептерді құрастыруды, түзетуді және т.б. қосатын кәсіпорынның инвестициялық жобаларын басқару технологияларын жүзеге асырады.
«Қаржылық талдау» модулі кәсіпорынның қаржылық қызметі туралы сызбалық есептер мен мәтіндік қарастырылуын және басылымдарды, қалыптастыру үшін пайдаланылады. Осындай есептердің екі тобын алуға болады: БҚЖЖ талаптарына сәйкес келетін типтік есептер мен қаржылық талдаудың ағымдағы тұтынуларына сәйкес пайдаланушылармен құрылған есептің еркін нысандары.
Кестелік процессорлар, немесе электрондық кестелердің (ЭК) бизнес саласында қолдануының көне тарихы бар. Excel (Microsoft Inc.), Quattro Pro (Corel Corp.), Lotus (Lotus Development Corp.) cекілді буындары, олдарды шешім қабылдауды қолдаудың қуатты жүйесі ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін, қызметтілік деңгейі мен сапалы жаңа мүмкінлдіктерімен ерекшеленеді (decision support system).
Олардың ең маңыздыларына мыналарды – мәліметтерді математикалық, сызбалық және статистикалық талдаудың кең мүмкіндіктері, «егер болса, не болады» түрінің тиімді үлгілендірілген проблемалары, мәліметтердің сыртқы базасына тікелей қолжетімділік, басқа да кең тараған пакеттермен дамыған интерфейс, пайдаланушылар программаларының тілдерін жоғары деңгейде әзірлеу мүмкіндігі, мультимедиалық құралдарды қолдау, Интернет желісінде жұмыс істейтін аспаптарының болуы және т.б. жатқызуға болады.
ЭК әзірлеушілердің арасындағы қатаң бәсекелестіктің болуына қарамастан бүгінде осы жіктің көшбасшысы ҚПП Excel отбасылық жиынтық болып табылады. ҚПП Excel кең қызметтік мүмкіндіктерінің жанында Visual Basic for Application (VBA) кең тараған тілді программалаудың жоғары деңгейінде меншіктік қосымшаларды әзірлеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта ҚПП Excel құрылымдамалары түрінде орындалған жүздеген түрлі қосымдалар бар және олар матетматикалық және статистикалықтан талдаулардан бастап жасанды интеллект жүйесіне дейін жүзеге асыруға есептердің кең ауқымын шешуге арналған.
Негізгі талдау үшін программалық өнімдердің спектрінің жеткілікті кеңдігіне қарамастан, бүгінгі күнде мамандардың орталанған тапсырыстарын орындайтын қабілетті, әмбебап қандай да бір құралдар жоқ. Мұндай жағдай туындаған есептердің күрделілігіне және бәрінен бұрын, алуан түрлілігіне байланысты болады.
Сондықтан қазіргі уақытта негізгі талдаулардың есептерін шешекенде мамандар программалық өнімдердің шартты түрде мынадай бөлінетін бірнеше типтерін пайдалануға мәжбүр болуда:
инвестициялық жобаларды басқару мен бағалауға арналған пакеттер;
кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауға арналған пакеттер;
қаржылық жоспарлау мен бюджеттендіруге арналған пакеттер;
нақтылы есептерді шешуге бағдарланған программалар.
Бағалауды автоматтандыруға, техника-экономикалық негіздемелерді (ТЭН) дайындауға және инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарларын әзірлеуге арналған программалық құралдар отандық нарықта мынадай өнімдермен ұсынылған: COMFAR (ЮНИДО (БҰҰ) халықаралық ұйымының әзірлемесі, Project Expert (PRO-INVEST Consulting), «Альт-Инвест» (Альт»), «Инвестор» (ИНЭК) және т.б.
COMPAR (Computer Model for Feasibilirty Analysis and Reporting) пакеті ЮНИДО халықаралық ұйымының басшылығымен өнеркәсіптегі инвестициялық жобаларды теника-экономикалық негіздемелермен дайындау бойынша негізделеді. Пакеттің орысшаланған жобаларының бар болуына қарамастан, оның қолданылуы халықаралық стандарттардың ұлттық заңдармен және салық кодексімен түйісуінің қажеттігіне құрылған, көптеген қиындықтармен байланысты болуда.
Отандық программалар, сондай-ақ әлемдегі инвестициялық талдаудың жалпы қабылданған әдістемелеріне негізделеді, алайда олар ресейлік ерекшеліктерді де есепке алуға мүмкіндік береді (есеп және салық жүйелерінің ерекшеліктері,заңдылықтар, инфляция және т.б.).
Отандық осы саладағы кеңінен тараған әзірлемелерге Project Expert тектестерін және «Альт-Инвестті» жатқызуға болады. Тұтастай алғанда олар орындалатын міндеттері жағынан ұқсас, бұл өнімдерді құрылымдық шешімдері бойынша ажыратады.
Project Expert пакеті Windows қызмет көрсететін ортасында жеке, жабық қосымша болып табылады; ол программалаудың қазіргі заманғы аспаптық құралдардың есеп айырысуларының жылдамдығы мен жоғары сенімділігін қамтамасыз ететін пайдалануымен жүзеге асырылады.Оның көмегімен инвестициялық жобалар мониторингін және бизнес-жоспарлау дайындауға, талдауды жүзеге асыруға болады. Өнім бірнеше түрлендірулерде – жеңілдетілген (light), кәсібилік (professional) және холдинг (holding) түрлерінде міндеттік мүмкіндіктер мен құн бойынша ерекшеленеді.
Кәсібилік жорамалдар пакеттеріне мынадай блоктар кіреді: үлгілендіру, қаржылық құжаттардың бастылануы, жобалардың топталуы, талдауы, жобалардың жүзеге асырылуын бақылау, есептердің генераторы, сондай-ақ құрастырылмалы модульдер.
Әрбір блок, менеджерге диалогтық тәртіпте мына міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін міндеттік модульдерден тұрады:
кәсіпорынның ағымдағы жағдайын сыртқа орта параметрлерін өзгерту есебімен бөлшектеп сипаттау (инфляция, салықтар, валюталық бағамдар және т.б.);
инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың, қаржылық және еңбек, материалдық ресурстарды рационалды пайдалануды қамтамасыз ететін стратегиялық маркетингтің және өндірістің жобасын әзірлеу;
қаржыландыру жобасының сызбасын анықтау (меншіктік қор, займдық қаржылар, лизинг және т.б.);
оның қаржылық нәтижелеріне әсер етуге қабілетті, жобаны жүзеге асырудың түрлі сценарийлерін ұттыру;
есептіліктің барлық қажетті түрлерін (баланс, пайдалар мен залалдар туралы есеп, болу ағындарының болжамы және т.б.) және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес жобалық құжаттамаларды орыс және ағылшын тілінде, сондай-ақ пайдаланушының сұранысы бойынша басқа да құжаттардың түрлерін автоматты түрде қалыптастыру;
оның қатынасушыларының қиығында жобаның тиімділігі мен сезімталдығына жан-жақты талдау жүргізу (кәсіпорынның, инвесторлардың, банкілердің және т.б.);
жоспарланғаннан нақтылы көрсеткіштердің ауытқуын автоматты түрде айқындаумен түрлі жобалар сатысын жүзеге асыруды бақылау және келесі мониторгингті жүзеге асыру және т.б.
MS Office программалары форматында мәліметтермен алмасу, сондай-ақ IAS бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына сәйкес есептік құжаттарды дайындаудың мүмкіндігі бар. Осы өнімнің тағы бір қызықты ерекшелігі неғұрлым кеңінен таралған еуропалық тілдерге жобалық құжаттарды ресімдеу үшін «ПРОМТ» фирмасының PROMT мәтіндерін автоматты түрде аудару жүйесін пайдалануға мүмкіндік беретін, «Аудармашы» модулін қосу мүмкіндігі болып табылады.
«Альт-Инвест» программалық өнімі маманға есеп айырысулардың орындалған алгоритмдерін өзгертуге мүмкіндік береді. ҚПП Excel қондырмасы түрінде орындалған, ол мәні бойынша АЖО мамандарын программалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру кезінде ашық архитектура тұжырымдамасын пайдалануға ұмтылу болып табылады.
Осы өнімнің көмегімен ТЭН (теника экономикалық негіздеме) қаржылық бөлімдерін және бизнес-жоспарларды тиімді және тез әзірлеуге, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру баламаларына салыстырмалы бағалау жүргізуге, олардың тиімділігі мен сезімталдығына талдау жүргізуге, олардың тәртіптерін түрлі даму сценарийлеріне сәйкес үлгілендіруге болады.
«Альт-Инвест» пакеті инфляциялық үдерістердің есебімен валюталарды және бағалардың алуан түрлерін пайдалануды, есеп айырысулардың әдістерін іріктеудің кең мүмкіндіктерін ұсынады. Жұмыс нәтижесінде пакетті пайдаланушы қаржылық есептіліктің стандартты жиынтықтарын, сондай-ақ жобаны сипаттайтын коэффициенттер мен көрсеткіштерді алады.
Үлгілердің ашықтығын пайдалана отырып, пайдаланушы өздігінен меншіктік кестелер мен сызбалар қалыптастыра алады, қосымша талап етілетін көрсеткіштерді есептей алады және т.б. Есеп айырысулардың соңғы нәтижелері орыс тілінде де, сонымен бірге ағылшын тілінде де ұсынылуы мүмкін.
Басқарудың мемлекеттік және муниципалды органдарымен жобалардың тиімділігін, сондай-ақ СНИП талаптары есебін бағалау мүмкіндігі қарастырылған.
«Альт-Инвест-Прим» осы өнімінің шығатын мәліметтерінің ең төменгі шегінде инвестициялық жобаларды алдын ала бағалауды тездетуге арналған және базалық дәлелдерімен салыстыру бойынша шектелген мүмкіндіктері бар, түрлендірмелері арзан және арнайы болып келеді.
«Инвестор» пакеті факторлардың кең шеңберінің талдамалы негізінде инвестициялық жобаларды тартуға бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ол, сондай-ақ кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен ағымдағы жоспарлауы үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұл жерде талдаудың екі деңгейі – жедел-талдау және ащып көрсетілген талдау қамтамасыз етіледі. Сонімен бірге GAAP стандарттарына сәйкес талдау жүргізу мүмкіндігі бар. Әлемдік нарықта басқа да осыған ұқсас мынадай MS Project, Primavera Project Planner, SureTruck, Business Plan Pro, Smart Business Plan және т.б. әзірлемелер бар. Олардың көпшілігі төлемақылар ағындарын имитациялық үлгілеуге негізделеді және ТЭН әзірлеуге ғана мүмкіндік беріп қоймайды, сонымен бірге жобаның айналаны қоршаған ортаны дамытуына байланысты алуан түрлі бизнес-жоспар нұсқаларын үлгілендіреді.
Неігзі талдамалар үшін өнімдердің келесі тобының арасынан отандық мынадай әзірлемелерді атап өтеміз – Audit Expert (PRO-INVEST Consulting), «Альт-Қаржылар» («Альт»), БЭСТ-Ф («Интеллект-Сервис»), ЭДИП («Центринвестсофт»), АФСП (ИНЭК) және басқалары, кәсіпорынның қаржылық жағдайының диагностикасына және кешенді талдауға арналған.
Audit Expert программалық кешені бухгалтерлік есептіліктің осы стандарттары бойынша кәсіпорынның шаруашылық жүргізуші нәтижелерін және қаржылық жағдайын талдау үшін өзіндік аспаптарды көрсетеді, сондай-ақ өнімнің дәлелдері бойынша қосымша мүмкіндіктердің қатарын таныстырады. Ресейліктің жанында, программа украйн, белорусс, қазақ және өзбек есептілігін талдауға мүмкіндік береді. Мынадай түрлері бар – микро (Micro), жеңілдетілген (Light), стандарттық (Standart) және кәсіби (Proffessional).
Программаның кәсіби жорамалы ең ауқымды мүмкіндіктерді иелене отырып, есептіліктің қайта түзілуінің пайдаланушылық сценарийлерін әзірлеуге қосымша мүмкіндік береді, 70-ке жуық қаржылық көрсеткіштерге есеп айырысулар, қайта бағалаулар мен баланстардың баптарына болжау жүргізеді, бірнеше кәсіпорындардың есептілігінің бірігуін, олардың алуан түрлі өлшемдер бойынша тіркелуін және т.б. жүзеге асырады.
Audit Expert шығатын кестелері MS Excel-ге немесе кез келген бабқа да кестелік процессорға, MS Word форматына, dBase ұрпақтарының ДҚБЖ, HTML форматтарына, мәтіндік файлдарға, сондай-ақ Project Expert программасындағы бастапқы балансты автоматты сипаттау үшін пайдаланылады.
Шығатын мәліметтер, өз кезегінде бухгалтерлік («Парус», «Инфин» және т.б.) және кеңселік программалардың көпшілікке кеңінген тараған форматтарынан, мәтіндік файлдардан автоматты түрде алынуы мүмкін. Осы тізімге басқа программалардың форматтарын қосу мүмкіндігі де қарастырылған.
«Альт-Қаржылар» программалық өнімі кәсіпорынның қызметінің кешенді бағалауларын орындауға, оның дамуының негізгі бағыттарын айқындауға, кредитке қабілеттілігін бағалауға, базалық нормативтерінің есеп айырысуларын жоспарлау мен болжауға арналған.
Excel қондырмасы түріндегі орындалған, программалық өнімнің ашықтығы мен бейімделуі пайдаланушыға нақты шарттарын және өзінің талаптарын есепке ала отырып, есеп айырысу әдістемелерін және алгоритмдердің өзгеруін өзінше енгізу мүмкіндіген ұсынады.
Программада қаржылық талдаудың кең ауқымды таралған мынадай әдістері –тігінен, көлденең, факторлық және коэффициенттер әдістері, қызықтырған обьектінің қаржылық жағдайының суретін сарқа пайдаланып алуға мүмкіндік беруді үйлестіреді.
«БЭСТ-Ф» жүйесі кәсіпорынның коммерциялық және қаржылық қызметін кешенді талдау жүргізуге арналған. Дәстүрлі қаржылық және мүліктік жағдай көрсеткіштерінің жанында, бұл программа сатудың серпіні мен номенклатурасын талдауға, сатып алудың келешек жоспарлынуы үшін қорлардың жағдайын болжауға, жеткізуші-фирмалардың шарттарын салыстаруға және неғұрлым пайдалы серіктес таңдауға, пайдаға әсер ететін факторларды зерттеуге, айналым шығындарының құрылымдық талдауларын жүргізуге мүмкіндік береді.
Осы жіктің барлық қарастырылған өнімдері мәліметтердің көзбен шолуының және іскерлік сызбаның дамыған құралдарына ие болған.
Жоспарлау мен бюджеттеудің міндеттерін шешуге бағдарланған арнайы өнімдердің саны, қазіргі уақытта қарқынды өсіп келеді. Көбірек әйгілі программаларға «БЭСТ-Жоспар», («Интеллект-Сервис»), «Альт-Болжам» («Альт»), «Инталев: Бюджетное Управление» («Инталев»), «Бюджеттік компьютерлік технология» (ИНЭК), сондай-ақ Hyperion фирмасының Pillar Hyperion (США) программалық өнімдері.
Іргелі талдаудың нақтылы міндеттерін шешуге бағдарланған арнайы программалардың мысалы @RISK қаржылық тәуекелдердің бағалау пакеті болып табылады. Ол негізгі басқару стратегиясын алуан түрлі тәуекелдермен (кредиттік, инвестициялық, жойымпаздық және т.б.) жүзеге асырады және айқын емес және төтенше мөлшерлерді операциялауға мүмкіндік береді.
Неғұрлым өкілетті топты түрлі техникалық талдау әдістерін жүзеге асырушы программалар құрайды. Осыған ұқсас программалық құралдардың негізгі пайдаланушылары банкілердің қор бөлімдері, ірі қаржылық, инвестициялық және сақтандыру компаниялары, сондай-ақ тәуелсіз брокерлер болып табылады.
Осы топтың шет елдік және отандық мамандардың арасында кеңінен таралған пакеттерінің типтік өкілі MetaStock (Equis, США). Бұл программаның соңғы үлгісі ең жаңа мүмкіндіктерді және Microsoft Office бірігуін қосқанда Windows операциялық жүйесінің басымдығын және OLE 2.0 мәліметтерін ауыстыру стандарттарын қолдауды пайдалануға мүмкіндік береді.
Программада қазіргі заманғы техникалық талдауда пайдаланылатын әдістер мен іс жүзінде барлық әйгілі индикаторлардың (120-ға жуық) қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Олардың ішіндегі ең қызықтыларына жататындары мыналар: төтенше адасқан индекстер, фрактальді өлшемділіктің полярланған индикаторы, спектральды талдау жүргізу мүмкіндігі және т.б. Бұл жерде 7000 күнге дейін тереңдікпен ұсынылатын қаржылық мәліметтердің 50 түрлі массивтеріне дейін бір уақытта талдау, сондай-ақ тоғыз түрлі графиктердің және мультимедиа жұмысының құрылуы қамтамасыз етіледі. 185-тен астам құрастырылмалы міндеттер алуан түрлі параметрлер арасындағы тәуелсіздікті табуға және құрастырылмалы сараптау жүйесінің пайдаланылуымен олардың даму бағытын талдауға мүмкіндік береді.
MetaStock ену мәліметтері Word және Excel пакеттерінің форматында файлдардың, мәтіндік кестелерден, сондай-ақ қаржылық ақпараттардың таратушыларынан, тікелей фирмалар форматтарынан алуға болады. Smart DownLoader арнайы пайдаға асыруды қамтамасыз ететін, Reuters, Bloomberg, Dow Jones, Tenfore. Marketscan, Telescan және т.б. ақпараттарды жеткізудің жетекші әлемдік форматтарында қабылдауға қабілетті соңғы мүмкіндік. Қазіргі уақытта осы пайдаға асыруға RTS Service PACK арнайы қосымшасы әзірленген, онда MetaStock ортасында шынайы уақытта РТС саудадан тікелей алынатын мәліметтерді өңдеуге және алуға мүмкіндік береді.
Басқа да кең тараған техникалық талдаудың пакеттері арасынан бір сауда күнгі үдерісінде 150 индикатормен жұмысты қамтамасыз ететін Windows on Wall Street Professional (Market Arts, США) программасын және Super Charts, Wall Sreet Analyst Trade Station (Omega Research, США) жанұяларының өнімдерін атап өтуге болады.
Техникалық талдаудың қазіргі заманғы программалық құралдарының дамуында басты бағыттардың бірі шынайы уақытта жұмыс мүмкіндіген жүзеге асыру болып табылады. Осыған ұқсас программалар түскен мәліметтердің ағынын кедергісіз қабылдауға тиіс, оларды көрнекі нысанда бейнелеуге, әрекеттердің ұсынылатын сценарийлерін әп-сәтте беруі және түрлі жағдайларды талдауы тиіс. Сондықтан қазіргі уақытта қажетті программалық өнімдердің жиынтығын қосатын, кешенді жүйелерді жетекші әзірлеудің ұсынылу бағыты байқалады. Мысалы, жоғарыда аталып өткен Equis фирмасы Investor,s PowerPack кешенді жүйесін таратады, Reuter жүйесінен шынайы уақытта мәліметтерді алу) Reuters Money Network және Pulse Portfolio (биржалық қоржынның сипаттамасын оңтайландыру), Smart DownLoader (мәліметтер конверторы) ,MetaStock (техникалық талдау) пакеті енетін, қаржылық компаниялардың, банкілердің, брокерлік фирмалардың және т.б. қор бөлімдерін жарақтандыруға арналған. Осындай кешенді тәсілді пайдалану ақша мен уақытты ғана емес, сонымен бірге бірігу проблемаларынан да аулақтатады.
«Оружие элиты» (Банкіаралық қаржылық үй» МФД) программалық кешенінің осыған ұқсас отандық әзірлемесіне талдамалық пакеттер, конвертор мен МФД ақпараттық жүйесінен шынайы уақытта мәліметтерді жүктеу программасы енеді. Бұл жеткізушінің басқа бір әзірлемесі – «Дикси-Плюс» кешені – нақты тұлғалар мен ұсақ кәсіпорындар үшін қор операцияларын қолжетімді жасайтын, «НТВ-плюс» теледидар компаниясының әдетте, спутниктік тәрелкесінен шынайы уақытта ақпаратты қабылдауға мүмкіндік береді.
Статистикалық және математикалық талдауды қаржылық үдерістерді үлгілендіру үшін қолдану аз ғана дәстүрлі болып табылады. Сонымен бірге осыған ұқсас неғұрлым тиімді пакеттерді пайдаланудың шешімдері үшін міндеттер қатары бар.
Ресейлік нарықта статистикалық талдау программаларынан ең көп тараған шет елдік әзірлемелер aлғандар мыналар: SPSS (SPSS Inc., США), Statistica (StatSoft, США), сондай-ақ отандық пакеттер: «Эвриста» (МГУ), «ОЛИМП:СтатЭксперт» (РОС-ЭКСПЕРТИЗА), «Оракул-2» («Неософт»), «Статистик-Консультант» («Тандем») және т.б. Әдетте, қаржылық менеджментте олар негізінен уақыттық қатарларды, тәуекелдер талдауын және мәліметтерді жіктемелеудің және топтастыру міндеттерін шешуде қолданылады.
Жоғарыда санамаланған міндеттік мүмкіндіктері бойынша пакеттер арасынан SPSS отбасылық программасы ең қуатты болып табылады. Отандық программалар арасында, біздің көзқарасымызша, «Эвриста» ерекше қызығушылық тудырады, онда бір текті емес шарттармен маусымдық емес авторегрессияларда және маусымдық бойынша уақыттық қатарларды болжау мүмкіндігін жүзеге асыратын 100 әр түрлі алгоритмдері қатары бар (ARCH).
MS Excel құрылымы ретінде орындалған, «ОЛИМП:СтатЭксперт» өнімін де атап өту қажет. Программаға мәліметтердің талдауының барлық бағыты математикалық статистика әдістерінің көмегімен іс жүзінде жүзеге асырады, ал жұмыс мүмкіндігі Excel ортасында талдаушылардың кең шеңбері үшін айрықша қолайлы программаны жасайды.
Ресейлік нарықта математикалық талдау программаларын іріктеу аса көп емес және шет елдік фирмалардың – МаthCAD PLUS (Math Soft, США), Mathematika (Wolfram Rese Inc., США), MatLaB (MathWorks Inc., США), Mapple (Waterloo Mapple Inc., Канада) пакеттерін әзірлеумен шектеледі. Қаржылық менеджментте ұқсас пакеттер тәуекелдер талдауы үшін, сондай-ақ көрсеткіштер арасындағы желісіз тәуелділіктерді сипаттау және зерттеуге пайдаланылады. Бұл жерде Financial Toolbox қаржылық есеп айырысудың арнайы пакеттері құрамына енетін Matlab жүйесі ең көп қызығушылық тудыруда. Пакет кез келген күрделілікте қаржылық талдауды жүргізуде мәліметтерді өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін 151 мамандандырылған міндетті қосады, сондай-ақ сапалы сызбаларды иеленген. MS Excel кестелік процессорының кең тараған пакеттері міндеттеріне тікелей айналуға деген мүмкіндігі де бар.
Өндірістік жоспарлардың параметрлерін оңтайландыруға және қалыптастырудың сатысында инвестициялық қоржынның сипаттамасында жиі математикалық программалаудың әдістерін пайдалану қажеттігі туындайды. Мамандандырылған программалардың арасында, әсіресе математикалық программалаудың міндеттерін шешуге арналғандардың ішіндегі ең алдыңғы қатарлы өнімдер мыналар болып табылады: MPSX (IBM, США), APEX IV (Control Data Corporation, Ұлыбритания), Scion (Scion Ltd, Ұлыбритания) және т.б. Бұл жерде осыған ұқсас өнімдердің мәнді құны барын, пайдаланушыдан математикалық пәндер аумағында арнайы дайындықты талап ететінін және техникалық параметрлер мен компьютердің құрылыман көтеріңкі талаптар қоятынын атап өткен жөн болады.
Қаржылық менеджмент үшін программалық құралдарды қарастыруды аяқтай отырып, бұл жерде жасанды интеллект (зиялылық) (ИЖ) жүйесі көбірек қолдану табатынын атап өтеміз.
Интеллектуалдық жүйенің мынадай басты ерекшеліктері бөліп көрсетіледі: икемді бейімділік; толық емес және айқын емес ақпараттармен жұмыс мүмкіндігі; алынған шешімдерді түсіндіру мүмкіндігі; «шикі» мәліметтерден жаңа білім алуға қабілеттілік және т.б.
Қазіргі уақытта ИЖ алуан түрлі технологиялары бар. Бірақ талдау қаржылық менеджментте іс жүзінде нейрондық желі (болжау, жағдайды тану, білімді шығару), тектік алгоритмдер (инвестициялық қоржынды оңтайландыру), айқын емес логика (тәуекелдерді талдау), сараптамалық жүйелер (жоспарлау, талдау, аудит) пайдаланылатынын көрсетті.
Нейрон желісі (НЖ) қысқа уақыт аралығында (қор нарықтарындағы алаяқтық операциялар, бағамдардың қысқа мерзімді болжамданулары, техникалық талдау және т.б.) шешімдерді қабылдау мен ақпараттардың үлкен көлемдерін өңдеумен байланысты болжамдар мен бағалау алуды талап ететін қаржылық және инвестициялық менеджменттің аумақтарында кең қолдау тапқан. НЖ мынадай жетістіктерін бөліп көрсетеді: желісіз үдерістерді болжамдау және үлгілендіру мүмкіндігі; шулы мәліметтермен жұмыс істеуге қабілеттілік; сыртқа ортаның өзгерістеріне икемді бейімділік.
НЖ шығулар мен енулердің қара жәшігі ретінде қарастырған қолайлы болады. Ену мәндері ауыспалы желі ішінде өңделеді және нәтижелері шығуларда бейнеленеді. Мұндай жүйенің шешуші айырмашылығы, енетін ақпараттарды өңдеу үдерісінде ішкі құрылым желісінде, яғни қайта өзгеру алгоритмінде өзгеріс өтетіндігінде. Бұл үдеріс оқыту деп аталады және НЖ қатаң программалық жүйелерден түбірімен ерекшелендіреді. Оқыту үдерісінде желілерде мәліметтердің енетін мысалдары көрсетіледі, ал алынған мәліметтердің шығуында эталондармен салыстырылады. Оқыту үдерісі кейбір қолданбалы нәтижеге қол жеткізуде (қате деңгейінде) аяқталады. Егер жауаптар сәйкес келмесе, желі құрылымы қатені азайтуға ауыстырылады. Оқыту үдерісі кейбір қолайлы нәтижеге (қате деңгейіне) қол жеткізуде аяқталады. Мұндай тетік «кері таратылу алгоритмі» (back-propagation algorethm) деген атау алған.
Нейрожелілік пакеттердің қаржылық-кредиттік саласындағы міндеттерін шешуге арналған барлық спектрінен және батыс пен отандық нарықта ұсынылғандарының ішіндегі ең кеңінен тарағаны Brain Maker Pro (California Scientific Software, США) және AI Trilogy фирмасының Ward Systems ұрпақтарының программалары болып табылады.
Brain Maker Pro қаржылық болжау пакеті – өзінің негізгі міндетін орындаумен бірге, ақпараттардың мынадай жан-жақтылық талдамалық өңдеуін жүргізуге мүмкіндік береді – ену және шығу параметрлері арасындағы тәуелділікеті табу, мәліметтердің толықтығы мен қайшы келмейтіндігін табу, кезеңділікті талдау және т.б. Пакет Excel, Lotus, dBase сияқты кеңінен тараған программалармен бірге, сондай-ақ жоғарыда келтірілген MetaStock техникалық талдау жүйесімен интерфейсі бар. Бұдан басқа, Brain Maker Pro жеткізу жиынтығы меншіктік кешендер базасында оны құруға мүмкіндік беретін, Си тілінде нейрожелілік алгоритмде шығатын мәтінді мазмұндайды.
AI Trilogy программалық өнімдерінің ұрпақтарында ең қымбат тұратын және қуатты нейрожелілік құрал болып табылады. Пакет үш өзіндік компоненттерден – NeuroShell нейрондық желілерін әзірлеуге арналған аспаптық жүйеден, NeuroWindows қосымшаларын әзірлеуге арналған кітапханалардан, GeneHunter тектік алгоритмдерді пайдаланумен оңтайландыру программаларынан тұрады. Ол мәні бойынша әзірлікке арналған конструкторды көрсетеді. 15 нейрожелілік алгортмдердің қасында жүйеде мәліметтердің мәтіндерін өңдеу, айқын түрдегі ережелер, техникалық индикаторлармен жұмыстар, тектік алгоримтдерді қолдануы бар оңтайлы міндеттерді шешу және т.б. мүмкіндігін жүзеге асырады.Visual Basic, Visual C++, Delphi кітапханалық міндеттері пайдалануға қарапайым және қолайлы,түрлі аумақтық нейрожелілік түпнұсқалық қосымшаларда тиімді және тез жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
НЖ жүзеге асыратын программалық өнімдердің арасында жалпы сызбалық интерфейсті Си тілінде негізгі нейроды желілер алгоритмінде 20 шығатын мәтіндерді мазмұндайтын OWL (HuperLogik Co., США) кітапханасының барын атап өткен жөн.
Бизнес саласында НЖ қолдануға келешекті тәсіл Excel және Lotus кестелік процессорлары үшін құрылым түрінде оларды жүзеге асыру болып табылады. Бүгінгі күні мұндай жүзеге асырылулардың бірнеше түрлері – мысалы, Braincel (Palisade Co.,США ), Neuralyst (Cheshire Engineering, США), Excel Neural Package (NeurOk,Ресей) ұрпақтарының өнімдері және т.б. бар.
Excel Neural Package ұрпақтарының өнімдері – Winnet 3,0 және Kohonen Map 1,0 екі тәуелсіз компоненттерінен тұрады.
Winnet 3,0 компоненті кеңінен таралған нейрон желісінің архитектурасын – көпқабатты персептронды программалық жүзеге асырады. Ол айқын түрду талдамалық тәуелсіздіктері белгісіз, ақпараттың көптеген санды массивтеріне жасырын тәуелді үлгілендіруге және іздеуге арналған. Программа оқыту үдерістерін бақылаудың орасан мүмкіндіктерін иеленген.
Kohonen Map 1,0 компоненті Кохонен карталарын өздері ұйымдастыратын талдау және құру үшін өзіндік программалық аспапты көрсетеді. Оның негізгі қолданылуы –көп шаралы ақпаратты көзбен шолу міндетін шешу. Пайдаланушы мәліметтердің барлық массивін екі өлшемді түрлі-түсті карталарда көрсетуі мүмкін және оны қызықтырған сипаттамаларды көзбен шолады.
НЖ тиісті кемшіліктердің қатарын да атап өтейік. Ең негізгілерінің бірі – өзінің әрекеттерін түсіндіруге қабілетсіздігі. Сонымен бірге қойылған міндетті тиімді шешу үшін қажетті НЖ архитектурасын дұрыс таңдау да әрқашан қолайлы бола бермейді. НЖ жүзеге асыру проблемасын ресейлік нарықтарда талдау үшін оқыту мен қондырмаға қажетті тарихи мәліметтердің ауқымды көлемінің болмауын жатқызуға болады. Ақырында, Ресейдегі НЖ жарнамаларының ар-ұятпен жасалмайтыны проблемасы да, мәліметтер технологиясын барлық қасіреттің басы ретінде мәні бойынша ұсынатынын, нейрожелілік парадигма тұтастай алғанда міндеттердің қатаң шектелген шеңберіндегі шешімдерді бағдарланған, болжамдар мен жіктелулер әдістерінің статистикалық алуан түрлілігі болып табылатынын назардан тыс қалдыруға болмайды.
Тектік алгоритмдер ИЖ оңтайлы шешімдерді іздеуге арналған биологиялық эволюцияның тетігін пайдаланатын, салыстырмалы жаңа бағытын көрсетеді. Оңтайландырудың дәстүрлі әдістеріне қарағанда тектік алгоритмдер нақты емес, ал күрделі, оның ішінде желісіз, қомақты мөлшерлі міндеттерді шешуге қолайлы шешімдер табуға мүмкіндік береді.
Тектік алгоритмдер жалпы жағдайда көптеген шығатын нүктелерден бір уақытта тегістікті абстрактылы зерттегенде, ауқымды түсетін алуан түрлі әдістерді көрсетеді. Оңтайландырудың әрбір қадамында өзгермелі түрлі мәндердің қындастырылуына сәйкес жаңа көптеген шығатын нүктелердің тууы (жаңа таратылу) өтеді. Бұл жерде тоғысудың/мұра етудің (crossover параметрі) талап етілген деңгейі міндеттеледі, мысалы –0,8, яғни әрбір нүкте үшін берілгеннен қатенің ағымдағы мәнінің ауытқуы (сәйкестік функциясы деп аталатын) есептеледі және оңтайландырудың келесі қадамы қателерді азайту мағынасында ең үздік көрсеткіштер көрсеткен алдыңғы нүктелердің 80%-ы жүргізілетін болады.
Міне, осы жағдайда мутация факторы (mutation параметрі), мысалы 0,20 міндеттелінеді. Яғни, оңтайландырудың әрбір қадамында (жаңа таралымда) 20%- да ауыспалы сәйкесті мәндердің өзгеру қаыстық заңы бойынша жүргізілетін болады. Қаншалықты әрбір келесі ұрпақ алдыңғылардың ең жақсы белгілерін мұра ететіндіктен, бұл жағдайда – (кезеңдік мутация есебімен аз ғана қате жағынан қоғалыс бағытымен), ең соңында қорытындысында мақсатты қызметтен ауытқу үшін кейбір көптеген нүктелер алады.
Бұл жерде, тектік алгоритмді оңтайландыру көптеген-ықтималдықтар болып табылады, яғни шығатын шарттарға жуық сәйкесетін көптеген мәндер табуға мүмкіндік береді. Бұл жағдай максимум немесе минимум айқын емес бейнеленген маңызды есептерді шешуге арналған.
Қазіргі уақытта тектік алгоритмдерді жеткілікті тиімді жүзеге асыратын бірнеше программалық өнімдер бар. Олардың ішіндегі қаржылық-кредиттік саладағы ең кеңінен танымалы – Evoler (Palisade Corp.,США ) GeneHunter (Ward Systems, США), Omega (KiQ and CAP, США) өнімдері болып табылады. Ең қызығы, алғашқы екеуі MS Excel қондырмасы түрінде жүзеге асырылған және Visual for applications (VBA) тілінде жазылған. Өнімдердің екеуі де тұтастай алғанда өзінің қызметтік мүмкіндіктері бойынша ұқсас.
Evoler пакеті алты тектік оңтайландыру алгоритмдерін жүзеге асырады және мына мүмкіндіктерді ұсынады: оңтайландыру үдерісінде шектеуші жағдайларды енгізу; будандастыру мен мутациялау (ұрпақ ауыстыру) параметрінің айқын есептелуі; мақсатты қызметтің (минимум, максимум, мәні) оңтайландыру және ауыспалы өлшемдерінің алуан типтерін пайдалану; есептеулерді көзбен шола бақылау және т.б. Жеткізу жиынтығына меншіктік қосымшаларды әзірлеуге арналған Developer Kit кітапханасы енеді.
Omega өнімі қаржылық қосымшаларда тікелей пайдалануға бағдарланған. Жеткізу жиынтығы қаржылық және инвестициялық талдауда, маркетингте, жаоспарлауда және т.б. тектік алгоритмді қолданудың дайын көптеген мысалдарын мазмұндайды. Құралдық жүйенің арасында Си-мәтіндер EnGENEer (Logeca,США ) және Pegasus (German National Research Genter,Германия), кітапханаларды, сондай-ақ арнайы сырты қабығынан, кітапханалардан және шығатын модульдерден тұратын тектік конструкторды Splicer (NASA, США) атап өтеміз.
Қаржылық менеджментте тектік алгоритмдерді іс жүзінде қолданудың келешегі зор бағыттарының бірі – әсіресе, өндіретін құралдар мазмұндалған (опциондар, фьчерстер және т.б.) бағалы қағаздардың қоржынын оңтайландыру болып табылады.
Қаржылық-кредиттік салада тектік алгоритмдерді пайдалану – әрі қарай да зерттеуді талап ететін жаңа және аз зерттелген бағыт екенін атап өткен орынды. Шешімдерді алу жетістігі бұл жерде алғашқы рет іріктелген (кеңінен таралу) сызбаға аса байланысты болады, бұл жерде ешқандай да ғылыми негізделген ұс ынылымдар болмайды. Мутацияның оңтайлы өлшемдерін іріктеу проблемасы аз ғана өзекті болып табылады. Осыған байланыста осы технологияны пайдалану саналы сақтықты және әрі қарай зерттеуді талап етеді.
Айқын емес логика (fuzzy logik) табиғи тілде бейнеленген, сапалы білімдер мен түсініктерді құрылымдық құралдар ретінде 1960-жылдардың ортасында туындаған.
Айқын емес логиканың негізгі түсінігі ретінде, сонымен бірге жасанды не табиғи тілде ұсыныс немесе сөз ғана емес және тек мәндері ауыстырмалы (айқын емес) лингвистикалық сан да болып табылады. Айқын емес ауыспалы көптеген жол берілетін мәндер онда терм-көпшілік деп аталады. Мұндай ауыспалылар бес компонентті жиынтықтан тұрады <A, T (A),U, G.M >, бұл жерде A – ауыспалының аты; T(A) – A терм-жиыны, U – анықтау аумағы А; G – А ауыспалының а туынды мәнін өндіретін операция; M – Ха айқын емес көпшілігінде А ауыспалы а мәнін бейнелеу өтуінің көмегімен және кері болатын, ережелер жиынтығы.
M енетін, бейнелеу құруға қажет сапалы сипаттауларды көшуді қалыпқа түсіреді. Мұндай көрсетілімдер жабдықтардың қызметі деген атау алған. Айқын емес логикада жабдықтардың қызметі «жатады /жатпайды» түрін қатаң бейнелемейтінін көрсетеді, ал 0-ден 1-ге дейінгі анықталған қиықтағы үздіксіз қисықты көрсетеді. Бірегей аралықтың кез келген жағдайды бейнелеуі былай өтеді, аралық нүктесі кейбір қасиеттердің айқындалу дәрежесін сипаттайды (0- қасиеттердің болмауы, 1+қасиеттердің айқындалуының ең жоғары шегі). Бұл жерде құрал-жабдықтар қызметі бір адамның да, сонымен бірге сараптамашылар тобының да пікірін білдіруі мүмкін.
Айқын емес логикаға негізделген ИЖ жүйесі, шынайы әлемнің жағдайларына ең жақсы бейімделетін және неғұрлым қолжетімді мамандарды иеленген, есептерді шешуде олар сапалы түсініктермен операцияланады. Осыған ұқсас жүйелердің екінші бір қасиеті –қаржылық салада есептерді шешуде жиі кездесетін толық емес мәліметтермен және айқын емес өлшемдермен жұмыс істеу мүмкіндігі. Айқын емес логика тәуекелдерді бағалауда, нарықтарды қысқа мерзім аралығында болжауда, биржалық алаяқтықта және т.б. пайдаланылады.
Айқын емес ережелермен сараптаушы жүйе түрінде айқын емес логика әдістерін жүзеге асырушы аса әйгілі программалық өнім CubiCals (Hyper Logic, США) пакеті болып табылады. Оның саясатта, экономикада және қаржыларда да оқиғалық үлгілендіру үшін кеңінен қолданылатынын зерттеушілер дәлелдеген. CubiCals программасы пакеттік те, сонымен бірге интерактивті тәртіпте де жұмыс істеуі мүмкін. Жобалаудың құрастырылған құралдары шығатын мәтінде (Си тілі сияқты) және сызбалық ұсынылымдарда айқын емес ережелерді редакциялауға мүмкіндік береді. Пакет дамитын интерфейсті иеленген және Windows DDE хаттамасы бойынша мәліметтермен алмастыра отырып, күрделі программалар кешенінің құрамында пайдаланылуы мүмкін. 2.0 RTS CubiCals хабары Си тілінде шығатын басты түрде шешілген есепті ресімдеуге мүмкіндік береді.
Алайда екінші бір әзірлеме қаржылық-кредиттік салада ауқымы кеңінен таралған, көп пайдаланатыны –FusiCalc (Fuzi Ware, США) өнімі болып табылады. Бұл пакет айқын емес белгілі сандармен есептеуді жүргізуге мүмкіндік беретін, кестелік процессорды көрсетеді. Бұл аумақтағы басқа әзірлемелердің арасында айқын емес логика базасында өнімдерді әзірлеуге арналған құралдық жүйенің қажеттігін атап өткен жөн: FuzzyTECH (Inform Software, США) және SieFuzzy (Siemans,Германия).
Сараптаушы жүйе (СЖ) кейбір заттық аумақта есептерді шешу үшін мамандардың қалыптасқан білімін пайдаланатын өзіндік компьютерлік программаларды көрсетеді. Жоғарыда қарастырған ИЖ технологиялардың ішінде осы технология теориялық жүзінде де, сонымен бірге іс жүзіндегі аспектіде де ең көп зерттелгені болып табылады.
СЖ жалпы жағдайда мынадай негізгі компоненттерді қосады: білім қоры (БҚ), логикалық шығару тетігі және пайдаланушылық интерфейсі. БҚ шешімдер қабылдау үдерісінде осы ақпаратты пайдаланушы ережелердің жиынтығы мен алуан түрлі мәліметтердің, бақылаулардың фактілері түрінде заттық аумақ туралы ақпаратты мазмұндайды. СЖ әдетте, білімнің қалыптасуының не олардың қосындысында, логикалық , саментикалық желілерде, өнімділік және фреймдік мына үлгілеулерінде қолданылады. СЖ ең көп тараған түрлері, «ЕГЕР (шарттассаң – ОНДА әрекет) түріндегі ережені жүзеге асыратын өнімділік үлгілеріне негізделген.
Проблемаларды шешуге арналған бар фактілер пайдаланылғанда, интерпретатордың ережесінің мәні бойынша логикалық пайымдау тетіктері болып табылады. Логикалық пайымдаудың ең әйгілі әдістері тікелей тіркесу (тік шығу) және кері тіркесу (кері шығу) болып табылады. Дамыған СЖ, әдетте, екі әдіс те қолданылады.
СЖ негізгі басымдықтарына жаңа БҚ (білім қоры) ережелерімен және фактілерімен толықтыру, сондай-ақ алынған шешімдерді түсіндіру қабылеттілігі мүмкіндегін есептеу қабылданған. СЖ іс жүзінде қолданудың алғашқы табыстары (геологияда,медицинада, техникалық диагностикада) бизнес саласы шешімдерін қабылдауда қолдау жүйесі ретінде оларды пайдалануға мәнді қызығушылық тудырған. Зерттеулер қазіргі уақытта СЖ қаржылық-кредиттік саланың – жоспарлау, тәуекелдерді талдау, сақтандыру, кеңес беру және т.б. есептерін шешуде қолданатынын көрсетті.
Кейбір қаржылық менеджменттің алуан түрлі есептерін шешуде пайдаланылатын СЖ мысалдары 6.2-кестеде ұсынылған.
6.2-кесте. СЖ қаржылық-кредиттік салада
Өнім |
Өндіруші |
Белгіленімі |
PMIDSS |
New York University |
Бағалы қағаздар қоржынын таңдау, инвестицияны ұзақ мерзімді жоспарлау |
Splendors |
Intelligent System Inc. |
Шынайы уақытта бағалы қағаздардың қоржынын басқару жүйесі |
Le Courtier |
Cognitive System Inc. |
Инвестициялық мақсатты анықтауда, қоржынды басқаруда инвесторларға көмек |
PMA |
Athena Group |
Қоржынды қалыптастыру, қоржынды шығарып салу бойынша ұсыныстар көрсету |
Intelligent Hedger |
New York University |
Тәуекелдің әр түрлерін сақтандыру міндеттерін шешу |
ISL |
University of Tokyo |
Инвестиция стратегиясын таңдау үшін шешімдер қабылдауды қолдау жүйесі |
ISPMS |
City Bank |
Марковица үлгілеуі, фирмалар және салалар бойынша білім мен мәліметтер базасы негізінде бағалы қағаздар қоржынын басқару жүйесі |
Жоғарыда қарастырылған технологиялардың әрқайсысына тән кемшіліктерді жою жолдарының бірі буданды жүйені құру болып табылады. Талдау әзірлемелердің осы аумақта жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Осындай текті жүйелерді іс жүзінде пайдалану мысалдары да бар. Алайда осыған ұқсас жүйелерді әзірлеу кезінде маңызды проблема сәйкесті құрал-жабдықтық программалық құралдардың болмауы болып табылады.
Қорытындыда ҚР-да, сонымен бірге шет елдерде де қаржылық шешімдерді қолдау үшін программалық құралдарды дамытудың негізі бетбұрысы оның сұраныстарын толықтай қанағаттандыру мақсатында тұтынушыға өнімдердің әр түрлі өздерінің жіктері арасындағы өзара әрекетті және сыйымдылықты кешенді ұсынуға жетекші әзірлемелер дайындауға ұмтылу болып табылады. Алдыңғы қатарлы отандық әзірлеушілердің кеңінен тараған өнімдерінің кейбір кешендері 6.3-кестеде келтірілген.
Қаржылық менеджерлер мен талдамашылардың еңбегін автоматтандыру проблемаларын шешу кезінде көп дәрежеде нақтылы кәсіпорынның ерекшеліктері мен талаптарын қанағаттандырушы бір өндірушінің өнімдерінің желісін пайдалану мақсатқа сай келеді.
6.3-кесте. Қаржылық шешімдерді қолдаудың программалық өнімдері
Қолдану аумағы |
Pro Invest Consulting |
Альт |
Интеллект – Сервис |
Инвестициялық жобаларды бағалау және талдау |
Project Expert |
«Альт-Инвест» |
– |
Қаржылық-шаруашылық қызметті талдау |
Audit Expert |
«Альт – Финансы» |
БЭСТ-Қаржылар |
Қаржылық жоспарлау |
– |
«Альт–Прогноз» |
БЭСТ- Жоспар |
Маркетинг |
Marketing Expert |
– |
БЭСТ-Маркетинг |