
- •Дәрістік кешен
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 3. Тақырыбы: аж-ны ақпараттық қамтамасыз ету
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 5. Тақырыбы: ұйымды басқаруда аж мен ат-дағы ақпараттарды қорғау
- •5.1. Аж мен ат қауіпсіздігіне қатерлердің түрлері
- •5.1.1. Аж мен ат ақпараттық қауіпсіздігін сақтаудың қажеттілігі
- •5.1.2. Ақпараттың қауіпсіздігінің қасақана қатерлерінің түрлері
- •5.2. Аж мен ат басқаруда ақпараттарды қорғау түрлері, әдістері мен құралдары
- •5.2.2. Ақпараттық қауіпсіздік жүйесін (ақж) құру құралдары мен әдістері. Ақж құрылымы
- •5.2.3. Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері
- •5.2.4. Экономикалық аж корпоративті желілерінде ақпаратты қорғау
- •5.2.5. Экономикадағы электронды құжат айналымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері
- •Ақпараттық өзара әрекетке қатынасушылардың аутентификациялау (түпнұсқаландыру)
- •3. Желі мен дк ресурстарына, құжаттарға қолжетімділікті белгілеу
- •4. Электронды құжаттарды қорғау
- •5. Байланыс арналары мәліметтерін қорғау
- •6. Ақпараттық технологияларды қорғау
- •7. Мәліметтер ағындарына қолжетімділікті шектеу
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 6. Тақырыбы: қаржылық менеджменттегі ат
- •6.1. Қаржылық менеджментті нарық жағдайында ұйымдастыру
- •6.2. Қаржылық менеджменттің қызметтік міндеттері мен мақсаттарына сипаттама
- •6.3. Қаржылық менеджментті ақпараттық қамтамасыздандыру
- •6.4. Қаржылық шешімдердің программалық қамтамасыз етілуі
- •6.5. Аат жағдайында қаржылық менеджментің есептерін шешу технологиясы
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 7. Тақырыбы: бухгалтерлік есептегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе (баж)
- •7.1. Бухгалтерлік есептегі ақпараттық жүйеге сипаттама
- •7.2. Бухгалтерлік есепті ақпараттық қамту ерекшеліктері
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 8. Тақырыбы: аудиторлық қызметтiң ақпараттық технологиялары
- •8.1. Аудиторлық қызметтiң компьютерлік ақпараттық жүйесiнiң атқарымдық есептерi
- •8.2. Аудиторлық қызметтегі автоматтандырылған ақпараттық технологиялар (аат)
- •8.3. Аудиторлық қызметтегі автоматты ақпараттық технологиялардың программалық қамтамасыз етілуі
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •9.1. Қазіргі заманға сай банк жүйесінің даму кезеңдері
- •Банк қызметін автоматтандыру
- •Банк қызметін ақпараттық қамтамасыз ету
- •Бантктердегі инновациялық процесстер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 10. Тақырыбы: салықтағы деректерді өңдеу аат
- •Салық қызметін басқару жүйесінің ерекшеліктері. «Салық» ааж
- •Қр салық комитетiнiң біріктірілген ақпараттық жүйесi (қр сбаж)
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •11.1. Бюджет процесін басқару негіздері және оны автоматтандырудың қажеттілігі
- •2. Бюджет процесіндегі қатысушылар жұмысын автоматтандыру жүйесін құру
- •11.3. Бюджетті басқару ааж құрылымы
- •11.4. Бюджеттік процестегі мемлекеттік билік органдарының аат
- •«Қаржы» ааж
- •Атқарымдық ішкі жүйелері
- •Бюджетті орындау мен құру автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (боқаж)
- •Атқарымдық ішкі жүйелер
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
- •Дәріс № 14. Тақырыбы: ақпараттық қазынашылық жүйе
- •14.1. Қазынашылық органдарындағы ақпараттандыру сипаты
- •Қазынашылық органдар есебінің, аж және ат-да іске асыру ерекшеліктері
- •Аж және ат-дағы атқарымдық мәселелердің қазыналық талаптары
- •Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар
Ақпаратқа қауіптердің түрлерін атаңыз, қауіптерге анықтама беріңіз.
Ақпараттарды қорғаудың қандай тәсілдері бар?
Ақпаратты қорғаудың тәсілі ретінде қолжетімділікті басқаруды сипаттаңыздар. Оның рөлі мен мәні қандай?
Ақпараттарды қорғаудың криптографиялық әдістерінің мәні неде? Оларды санамалап көрсетіңіздер.
Аутентификация мен санды қол қоюға түсінік беріңіздер. Олардың мәні неде?
Желідегі ақпаратты қорғау мәселелерін және олардың шешілу мүмкіндігін талқылаңыздар.
Ақпаратты технологияда интеграциялар тұжырымдарын және кешенді шешу, жүйелі тәсілмен ақпараттарды қорғаудың стратегиялық ерекшеліктерін ашып көрсетіңіздер.
Ақпараттарды қорғау жүйелерінің құрылу кезеңдерін санамалап көрсетіңіздер.
Электронды құжат айналымы технологияларын техникалық қорғауды жүзеге асыру үшін қандай шаралар қажет?
Мультипликативті тәсілдің мәні неде?
Электронды құжат айналымын қорғау жүйесін орындау үшін қандай тәртіптемелер қажет?
Желілік экран қандай міндеттерді атқарады?
Дәріс № 6. Тақырыбы: қаржылық менеджменттегі ат
Мақсаты: Нарық жағдайындағы қаржылық менелжментті ұйымдастыру тәсілін қарастыру.
Жоспары:
Нарық жағдайындағы қаржылық менелжментті ұйымдастыру
Қаржылық менеджменттің мақсаттары және қызметтік міндеттері
Қаржылық менеджментті ақпараттық қамтамасыздандыру
Қаржылық менеджментті программалық қамтамасыздандыру
ААТ жағдайындағы типтік міндеттерді шешу технологиясы
6.1. Қаржылық менеджментті нарық жағдайында ұйымдастыру
Нарықтық экономикада қаржыны басқару оның қызметінің ауқымына және саласына, ұйымдастыру нысанына қарамастан кез келген кәсіпорынның алдында тұрған негізгі және басымдылықты міндеттердің бірі. Экономикалық обьектіні басқару мақсаттарында жүйедегі осы бағыттың артықшылығы кез келген аз ғана уақыт аралығында: негізгі және айналым құралдарымен, жұмыс күшімен және т.б. тікелей тасымалдауға қабілетті, ресурстардың бір ғана түрін ұсынатын, қаржылардың ерекше рөліне бекітілген. Осыған ұқсас өзгерістердің рационалдылығы, мақсатқа сәйкестігі және тиімділігі көбінесе кәсіпорынның, оның қызметкерлері мен меншік иелерінің экономикалық әл-ауқатын анықтайды. Уақытша бос немесе басы артық қаржылық ресурстар кәсіпорынның экономикасында қызметтің өзіндік саласын олардың басқаруымен бөліп көрсетудің қажеттігіне жағдай жасайды.
Кәсіпорынның экономикасындағы қаржылық ресурстарды шешуші рөлі олардың қызметінің өзіндік саласында басқару міндеттерін бөліп көрсетудің қажеттігін айқындайды. Қазіргі уақытта ұйым осыған ұқсас қызметтерді қаржылық менеджмент деген атау алған арнайы басқару жүйесі шеңберінде жүзеге асырады.
Кез келген жүйе сияқты, қаржылық менеджмент басқару обьектісі мен субьектісінен, яғни басқараылатын және басқаратын қосымша жүйелерден тұрады (6.1-сурет).
Бұл жүйедегі басқарудың обьектісі ретінде қаржылық жүйенің әр түрлі буындарының, шаруашылық жүргізуші субьектілердің арасындағы қаржылық ресурстар мен қаржылық қатынастар қызмет етеді.
Қаржылық менеджменттің басқарушы қосалқы жүйелері |
||||||
Заңдық Қамтамасыз ету |
Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету |
Әдістемелік қамтамасыз ету |
Маманмен қамтамасыз ету |
Ақпараттық қамтамасыз ету |
Техникалық қамтамасыз ету |
Программалық қамтамасыз ету |
Басқару объектісі |
|
Қаржылық ресурстар
•Құралдардың көздері (меншіктік және тартылған)
•Құралдарды бөлу (негізгі және айналымдық қор, материалдық емес, қаржылық және басқа да активтер)
•Сыртқы және ішкі төлемақылар (ағымдағы есеп айырысулар, еңбекақы, бюджетке және басқа қорға қаржы бөлу,дивидендтер, займ бойынша пайыздар және т.б.)
|
Қаржылық қатынастар
•Кәсіпорынның ішінде
•Басқа кәсіпорындармен (жеткізушілер, сатып алушылар, көліктік және құрылыс компаниялары және т.б.)
•Барлық деңгейдегі бюджеттермен •Нарық институттарымен (банкілер, биржалар, инвестициялық және сақтандыру компаниялары және т.б.) |
6.1-сурет. Қаржылық менеждмент жүйесінің құрылымы
Басқару обьектісінің қызметінің түрлерінің ауқымына және әртүрлілігіне қарай оның басқарушы қосымша жүйесі жеткілікті күрделі құраламды болуы мүмкін. Жалпы жағдайда оның құрамынан заңдық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, мамандық, ақпараттық, техникалық және программалық қамтамасыздандыруларды бөліп көрсетуге болады.
Экономикада кез келген жүйені басқарудың міндеті ҚР заңдарына, Президенттің жарлығына, үкіметтің қаулыларына, министрліктер мен мекемелердің нормативтік актілеріне, лицензияларына, сондай-ақ нақтылы кәсіпорынның жұмысының тәртібін белгілейтін жарғылық құжаттарға, ережелер мен нұсқаулықтарға қатысты әрекет етуші заңдық қамтамасыз етулердің шеңберінде жүзеге асырылады.
Ұйымдастырушылық қамтамасыз етулер нақтылы кәсіпорындарда қаржыларды басқарудың жалпы құрылымын, сондай-ақ оның шеңберінде жекеленген мамандар мен бөлімшелердің, қызметтердің сәйкесті міндеттері мен қызметтерін анықтайды.
Қаржылық менеджменттің әдістемелік қамтамасыз етулерінің негізін шаруашылық обьектінің қаржылық ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған жалпы экономикалық, талдамалық және арнайы тәсілдер, әдістер мен үлгілеулер құрайды.
Қаржылық элементтің басқарушы қосымша жүйесінің орталық элементі (басқару субьектісі) мамандармен қамтамасыз ету, яғни арнайы тәсілдер мен әдістердің құралымен адамдардың обьектіге мақсатты басқаруға бағытталған әсер етулерін әзірлейтін және жүзеге асыратын адамдардың (қаржылық директор, менеджерлер мен т.б.) тобы.
Басқарушы әсер етулерді әзірлеу мен жүзеге асыруға басқарушылық шешімдерді қабылдауға және жүзеге асыруға, сондай-ақ обьекті туралы қажетті ақпараттарды өңдеуге, жинауға және беруге әсер ететін басқаруды жүзеге асыратын және әзірлейтін үдерістер енеді.
Осыған байланысты қаржыларды басқарудың қазіргі жүйелерінің маңызды және бөлінбейтін элементтері оның ақпараттық, техникалық және программалық қамтамасыз етілуі болып табылады.
Кез келген экономикалық обьектіні басқару оның құрылымдық элементтері мен айналаны қоршаған орта арасындағы ақпараттармен алмасумен тығыз байланысты болады. Бұл ақпараттардың өз уақыттылығы, толықтығы, нақтылығы және айқындығы қазіргі бизнесте табысты анықтайтын шешуші факторлардың бірі болып табылады.
Әсіресе қаржылық басқару саласында ақпараттардың рөлі өте жоғары болады. Кең мағынада қаржылық менеджменттің ақпараттық қамтамасыз етулеріне басқарушы шешімдерді қабылдау үдерісіне пайдаланылатын, кез келген ақпаратты жатқызуға болады.Мұндай ақпараттардың бөлігі кәсіпорынның ішкі бөлімшелерімен (бухгалтерия, өндіріс бөлімі, материалдық-техникалық қамту, өткізу, маркетинг және т.б.), ал екінші бөлігі обьектіден тыс, тіпті ақпараттық нарықтан да алынып, қалыптастырылады. Қаржылық менеджменттің ақпараттық қамтамасыздандыруларының құрамы 6.3-тармақта бөлшектеп қарастырылған.
Қаржылық менеджменттің басқарушы қосымша жүйелерінің техникалық қамтамасыздандырылулары ақпаратты түзу, беру және жинау үдерістерін жаңартуға және ең жоғары деңгейде оңтайландыруға мүмкіндік беретін қызіргі заманғы есептеу және телебайланыстық техникаларды құрайды. Қазіргі уақытта экономикалық бақсару жүйелерін автоматтандыруды құру кезіндегі техникалық шешімдердің негізі пайдаланушылардың түрлі санаттары арасындағы ақпараттық және есептеу ресурстарын тиімді бөлуді қамтамасыз ететін, желіге біріктірілген не жеке қызмет ететін және АЖО жүзеге асырушы мамандардың, өнімділігі жоғары жекеше ЭЕМ болып табылады.
Көп пайдаланушылы желілерді жүзеге асырудың кең тараған технология-ларының бірі – мәліметтерді әкімгерлеу мен қорғауды, түзетуді, жаңартуды жүзеге асыратын, сондай-ақ қуатты сервермен және пайдаланушы-маманның қызметтік міндеттемелері шешілетін, екі компьютер – жұмыс станциясы (клиент) арасындағы ақпараттарды өңдеуді бөлуді ұсынуды болжайтын, «клиент-сервер» архитектурасын пайдалану болып табылады.
Қазіргі уақытта Интернет жаһандық желісінің рөлінің күннен-күнге өсуі қазіргі заманғы қоғамның барлық қызметінде корпоративтік желіні жүзеге асыруда оның технологияларын кеңінен қолдануда. Мұндай желілерді интранет, немесе интражелі деп атау қабылданған. Интранет технологиясы жаһандық желіде қолданылатын ТСР/ІР желілік хаттамасына негізделеді және мәліметтерге пайдаланушылардың қолжетімділіген ұйымдастыру үшін браузер-программаларды (Internet Explorer, Netscape Navigator, Opera, Mozilla Firefox) пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, ол ақпараттың қауіпсіздік проблемасы – Интернетжаһандық желісін негізгі шектеудің алдын алуға мүмкіндік береді.
Қаржылық менджменттің қосалық жүйесін басқаратын программалық қамтамасыздандыру (ПҚ) ЭЕМ маман-пайдаланушыларының өзара әрекеті мен қызметті міндеттерін шешетін, оның техникалық кешенінің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Программалық қамтамасыз етуді жалпы (жүйелік) және арнайы (қолданбалы) деп бөледі. Жүйелі ПҚ жеке немесе желіде жұмыс істейтін, ЭЕМ есептеу үдерістерін жүзеге асыруға және жалпы басқаруға арналған. Әдетте, бұл жерге енетіндері: бір пайдаланушылық (MS DOS, Windows, Linux түрлі жорамалдары) және желілік (Novell Netware, Windows Server, UNIX) операциялық жүйелері, программалаудың жабдықтық құралдар мен тілдері (Visual Basic, С++, Java, Delphi, PowerBuilder) үстел үстілік (Access, Visual Foxpo, Paradox, түрлі клондар dBase) және серверлік (Oracle, Sybase, Infosmix, Interbase, Ingress) мәліметтердің базасын басқарудың жүйелері, сервистік және ПҚ басқа да түрлері.
Арнайы ПҚ пайдаланушының нақтылы міндеттерін шешуге арналған. Қазіргі уақытта адамның қызметтерінің түрлі салаларында өте әр түрлі міндеттерді шешуді жүзеге асыратын, көптеген жеке программалар мен программалық кешендер бар.
Осындай программалық кешендердің маңызды жіктері кеңсе қызметін автоматтандырудың қолоданбалы программаларының пакеті (ҚПП) мыналар –Microsoft Office, Lotus Notes, Star Office болып табылады.
Қаржылық менеджменттің қызметтік міндеттерін шешуде қолданатын программалық құралдардың бөлшектік сипаттары 6.4-тармақта берілетін болады.