
- •Қ.Палеолит кезеңінің зерттелуі.Т.Д еңбек құралдарының және шаруашылықтың эволюциясы.
- •Ежелгі ру тайпалық құрылыстың ыдырауы.Қ. Территория-ғы т.Д. Қоғамдық қатынастың эволюциясы.
- •Қола дәуіріндегі Қазақстан: қоғамдық қатынастың, еңбек құралдарының, шаруашылықтың эволюциясы
- •Андронов мәдениетінің Қазақстандағы ошақтары: кезеңдері, сипаты, ерекшеліктері.
- •Кейінгі қола дәуірінің мәдениеті (Беғазы-Дәндібай). Отырықшы мал шаруашылығынан көшпелі мал шаруашылығына өту.
- •Сақтардың саяси тарихы. Евразия тарихындағы.
- •Сақтардың әлеу. Құрылымы, шар, тұрмысы.
- •Сақтардың материалдық және рухани мәдениеті.
- •Сақтар туралы жазбаша деректер.
- •Үйсіндер және қаңлылар мемлекеті.
- •Ғұндардың саяси тарихы
- •Ғұндардың әлеуметтік құрылымы, шар, тұрмысы.
- •Ғұндардың әскери ұйымы және соғыс өнері
- •Ғұн тайпаларының көшуі және бағыттары. Европадағы ғұндар.
- •Ғұндардың материалдық және рухани мәдениеті.
- •Ұлы Түрік қағанаты (552-603жж.).
- •Көне түркі жазуы және жазба ескерткіштері (Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған т.Б.).
- •Батыс Түрік қағанаты: саяси тарихы 603-704
- •Батыс Түрік қағанатының әкімшілік - қоғамдық жүйесі: «Он оқ бұдұн».
- •Түркеш қағанаты.
- •Қарлұқ: саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.
- •Оғыз және қимақ мемлекеттері.
- •Қарахан: саяси тарихы,шаруашылығы, мәдениеті.
- •Қарахан м-нің қоғамдық-саяси құр-ның ерек-рі.
- •Қыпшақ мемлекеті: құрылуы, саяси тарихы.
- •Қыпшақ территориясы,қоғамдық құрлы, шар-ғы.
- •Найман, Керей және Жалайыр ұлыстары.
- •Тәңіршілдік түріктердің дәстүрлі сенімі. Ислам дінінің Қазақстан территориясында таралуы
- •Моңғол империясының құрылуы және Шыңғысханның жаулаушылығы
- •Қазақстан территориясындағы Монғол ұлыстары: Ақ Орда, Көк Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы
- •Алтын Орда: территориясы, мемлекеттік және әкімшілік басқару жүйесі
- •Ақ Орда, Моғолстан территориясы, саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •Көшпелі өзбек мемлекеті: территориясы, саяси тарихы, қоғамдық құрылысы.
- •Қазақ хандығының қалыптасу кезеңдері. Алғашқы қазақ хандары: Керей және Жәнібек.
- •Қазақ хандығының территориясының кеңеюі және мемлекет ретінде орнығуы: Бұрындық, Қасым хандар.
- •45.Тәуке ханның тұсындағы қазақ хандығы.
- •Қазақ халқының қалыптасуы. Жүздер – қазақ халқының этнотерриториялық ұйымы.
- •«Жеті жарғы» - XVI – XVII ғғ. Қазақ қоғамының құқықтық негізі.
- •Төле, Қазыбек, Айтеке билердің ролі.
- •Қазақтардың XVI-XVIII ғғ. Материалдық және рухани мәдениеті (үй тұрмысы және халықтың салттары, астрологиялық таным түсінігі).
- •Ресейдің сыртқы саясатындағы Қазақстан. Қазақстан мен Ресейдің тарихи және экономикалық қатынастарының бастаулары.
- •Абылай хан: қызметі және тарихта алатын орны.
- •Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы.
- •Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі. Аңрақай шайқасы.
- •1783-1797 Жж. Сырым Датов бастаған Кіші жүздегі ұлт азаттық қозғалыс. Игельстром реформасы.
- •Бөкей Ордасының құрылуы. Жәңгір ханның мемлекеттік - қоғамдық қызметі.
- •Орта Жүздегі хандық биліктің жойылуы: "1822 жылғы Сібір қазақтары туралы жарғы".
- •Кіші жүздегі хандық биліктің жойылуы: 1824 ж. "Орынбор Қазақтары туралы Жарғы" және 1844 жылғы Орынбор қазақтарын басқару туралы "Ереже".
- •1836-1838 Жж. Исатай Тайманов және Махамбет Өтемісов бастаған Кіші жүздегі қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі.
- •Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі.
- •Қазақ халқының XIX ғ. 50 жылдарындағы ұлт азаттық көтерілістері. Ж. Нұрмұхамедов, е. Көтібаров.
- •Ұлы жүзді жаулап алу. Қазақстанның Ресейге қосылу процесінің аяқталуы.
- •Хiх ғ. Аяғы мен хх ғ. Басындағы патша өкіметінің Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару саясаты: мақсаты, негізгі кезеңдері
- •Хiх ғ.Қазақстан өнеркәсібінің пайда болуы және дамуы.
- •Қазақстанда ресейлік қамалдардың салынуы: мақсаты, мәні, маңызы.
- •Патша өкіметінің аграрлық реформасы (хiх ғ.). Столыппиннің аграрлық реформасы
- •Xiх ғ. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.
- •Xiх ғ. Бірінші жартысы хх ғ. Бас. Ағарту ісі.
- •Xiх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы Қазақ халқының музыкалық мәдениеті (Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Ықылас, Біржан, Ақан Сері т.Б.).
- •Ш. Уалиханов - ғылым, ағартушы және оның ғылыми мұралары.
- •Абай Құнанбаев - ұлы ақын және ағартушы және оны отандық әрі дүниежүзілік мәдениеттегі алатын орны.
- •Ы. Алтынсарин - педагаг, ағартушы және балалар әдебиетінің негізін салушы.
- •ХХғ. Басындағы қазақ интеллигенциясы: қалыптасуы, саяси-қоғамдық қызметі (м. Қаратаев, а. Байтұрсынов, а. Бөкейханов, ж. Ақпаев т.Б.)
- •Хх ғасырдың басындағы қазақ мерзімді басылымдар (дала улаяты, Айкап, Абай, Қазақ және т.Б.)
- •Ресейдегі Ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның өмірін демократияландырудағы маңызы.
- •1917 Ж. Қазан төңкерісі. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, ерекшелігі.
- •"Алаш" автономиясы және "Алаш Орда" үкіметі (1917-1919жж.).
- •Қазақ акср-ның құрылуы. Қазақ кеңестік мемлекеттілігінің бастамасы (1919-1925жж.).
- •"Соғыс коммунизм" саясаты және оның Қазақстандағы ерекшелігі (1918-1920жж.).
- •Қазақстан Жаңа экономикалық саясат жылдарында. Жер-су реформасы (1921-1925жж.).
- •Орта Азия және Қазақстан Республикасын ұлттық-территориялық жағынан межелеу. Қазақ жерлерінің Қазақ акср құрамына бірігуі (1920-1925жж.).
- •Голощекиннің Қазақстандағы "Кіші Октябрь" ісі.
- •Қазақстандағы индустрияландыру, ерекшеліктері мен қиыншылықтары.
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: байлардың мүлкін кәмпескелеу, құлақтарды жою, қазақтарды күшпен отырықшыландыру.
- •Ұжымдастыруға қарсы бағытталған шаруалар көтерілістері.
- •Ұлт зиялыларына қарсы жасалған қуғын сүргін саясаты.
- •Крлаг, алжир Қазақстандағы Сталиндік террордың белгісі.
- •Ұлы Отан соғысының басталуы. Экономиканы соғысқа бейімдеу.
- •Қазақстан - майдан арсеналы.
- •Қазақстандықтар - Ұлы Отан соғысының майдандарында.
- •Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынас. Жекелеген халықтарды Қазақстанға депортациялау.
- •Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда. Мәдени шығармашылық өзгерістер.
- •Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру: пайдасы мен зияны.
- •Жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жоюдың алғашқы нәтижелері және хх ғ. Соңғы 50 жылдарында қоғамды демократияландыру.
- •Арал теңізінің трагедиясы: тарихы және қазіргі жағдайы.
- •Қонаев д.А. - мемлекеттік және қоғамдық - саяси қайраткер.
- •Қазақстан қайта құру кезеңінде: алғашқы қадамдар, қиыншылықтар.
- •1986Ж. Алматыдағы желтоқсан оқиғасы. Қазіргі көзқарас.
- •Ксро-ның ыдырауы. Тмд-ның құрылуы.
- •Қазақстанның Егемен, Тәуелсіз мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуы.
- •Республикадағы экономикалық реформалар: нарыққа көшудің қиыншылықтары.
- •Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы. Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар
- •Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәзімдері.
- •Қазақстан - халықаралық қатынаста тәуелсіз субъект.
- •Қазақстандағы ұлтаралық қатынас. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы.
- •1995Ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы: сипаты, нысаны.
- •Хх ғ. Қазақстан Астанасын көшірудің тарихы мен болашағы.
- •Қазақстан Республикасының Ұлттық теңгесінің жасалу тарихы
- •Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың қазіргі қоғамның дамуындағы ролі.
- •Қазіргі қоғамның даму барысындағы мемлекетіміздің жастар туралы саясаты.
- •Қазақстан Республикасы көпұлтты және көп діни ағымды мемлекет ретінде. Алматыда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер форумы.
- •Қазақстан Республикасының жаңа саяси жүйесін қайта құрудағы Елбасының қосқан үлесі.
- •Нарықтық экономикаға көшу және экономикалық реформаны ұйымдастырудағы н.Ә.Назарбаевтың рөлі. Қазақстанның 2030 жылға арналған даму стратегиясы.
- •Қазақстан Республикасының Президенті н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатын қалыптастырудағы еңбегі.
- •Президенттің Қазақстан халқына үндеуі – «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндігі» (29.02.10ж.).
- •Ұлттық бірлік туралы Доктрина.
- •Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті – ұлт көшбасшысы.
- •Қазақстан Республикасы Президентінің 28.01.2001 жылғы «болашақты бірге құрайық !» Қазақстан халқына үндеуі
Ресейдегі Ақпан төңкерісі және оның Қазақстанның өмірін демократияландырудағы маңызы.
Ақпан революциясы — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан революциясы нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан революциясының жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан революциясы жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан революциясы монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.Кенесарин Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды.
1917 Ж. Қазан төңкерісі. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы, ерекшелігі.
Петроградтағы Қазан төңкерісі. 1917 жылы қазан айында елде жалпы ұлттық дағдарыс қалыптасты.
Оның себептері:
1) Монархияның ауыр мұрасы
2) Уақытша үкімет бітім, 8 сағаттық жұмыс күні, ұлттар теңдігі мәселелерін шешпеді.
3) Елде жайлаған ашаршылық пен күйзеліс.
Петроградта 1917 жылғы 24-25 қазанда Ленин бастаған революциялық күштердің жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің Қеңестердің қолына көшкені туралы хабар бүкіл Россияны ғана емес, дүниежүзін, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиға болды.
Кеңес өкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:
1. Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.
2. Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.
1917 жылғы желтоқсан – 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. Иманов, Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және т. б күрескерлер елеулі үлес қосты.
1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады.
Сөйтіп, наурыздың 2–не 3–не қараған түні Верныйда әскери – революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп «әскри үкіметтің» тірегі болған қамалды, қару – жарақ қоймаларын, почта – телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты. Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, көкектің бас кезінде Лепсіде орнады.Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.