Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казакстан тарихы шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
06.01.2020
Размер:
280.67 Кб
Скачать
  1. Xiх ғ. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.

ХІХ ғасырдың ортасында Ресей-Қытай қатынасында Қазақстан маңызды рөл атқара бастады. Бұл кезде Орталық Азиядағы Ресей мен Қытай мемлекеттері арасындағы шекераларды белгілеу мәселесі пісіп жетілді. Орталық Азиядағы Қытай мен Ресей арасындағы шекераны жүргізу туралы алғашқы ресми құжат 1860 жылы 2 қарашада қабылданғаан Пекин келісімі болды. Екі мемлекет аралығында шекаралық белгі қойылған кең көлемді аумақ су бөліністерінің негізінде қабылданды: Оңтүстік пен Шығысқа қарай ағатын өзендер мен барлық жерді Қытай елі межелеп алды, ал Солтүстік және Батыс қарай ағатын өзендер мен барлық жерді Ресей елі межелеп алады. Бірақ Ресей мен Қытай арасындағы мемлекеттік территориялар өзара межеленіп түзетілді. Сөйтіп 1869 жылы Хобды хаттамасына, ал 1870 жылы Тарбағатай демократиялық хаттамасына қол қойылды. Цин империясына қарсы Шыңжан ұлт-азаттық қозғалысы осы өлкенің саяси өміріндегі маңызды рөл атқарды. 1864 жылы 7 маусымда Кугар қаласында дүнгендердің көтерілісі басталып, ол бүкіл Шыңжан өлкесін қамтыды. Оған қытай емес халықтар – ұйғырлар, қазақтар, қырғыздар қатысты . Шыңжанда 1865 жылы Маньчжоу билігі құтылып, онда ұйғырлар мен дүнгендердің бірнеше тәуелсіз мемлекеті құрылды.

Ұйғырлар мен дүнгендерді Жетісу және Солтүстік Қырғыз жерлеріне қоныстандыру 1881-1883 жылдары жүзеге асырылды. Барлығы 45 мың ұйғыр және 5 мың дүнген қоныс аударды. Олар Шарын, Шелек, Талғар өзендерінің бойына орналастырылды.

  1. Xiх ғ. Бірінші жартысы хх ғ. Бас. Ағарту ісі.

ХІХ ғасырдың басында Қазақстан жерінде оқытылған діни пәндер:Шариғат, яғни ислам дінінің ережелері. Әптиек, яғни Құран кәрімнің бөлігі. Араб тілі, араб философиясы.Діни қағидалар т.б. Мұсылмандық білімді ауыл молдасынан, Самарқан, Бұқара,Ташкент, Түркістан сияқты қалаларды алды.Білім беру ісіне Ресейдің ықпалы Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдың 30 жылдарынан ХІХ ғасырың 80 жылдарына дейінгі Ресейге қосылу кезеңі білім беру жүйесіне біраз өзгерістер әкелді. 1789 жыл Азиялық училище ашылды. Бұл оқу орнында орта Азиямен, Қытаймен сауда байланысының дамуына қатысқан қытай, монғол, парсы тілдерін меңгерген тілмаштар дайындалды. 1813 жылы патша өкімнтіне қызмет ететін шенеуніктерді даярлау мақсатында Орынбор учиищесі ашылды. 1831 жылы Омбы, Семей қалаларында орысша білім беретін училищелер ашылды. 1836 жылы Өскеменде қазақ балаларына арналған интернат училище ашылды. 1837 ж Сібір кадет курпусы ашылды.1841 ж Бөкей ордасында Жәңгір ханның ұйымдастыруымен қазақ балаларына арналған орысша жіне татарша білім беретн мектеп ашылды.1844 ж Орынбор училищесі негізінде Орынбор Неплюев кадет курпусы ашылды. 1850 ж Орынборда қазақ балаларына орыс тілінде білім беретін мектеп ашылды.

  1. Xiх ғ. Екінші жартысы мен хх ғ. Басындағы Қазақ халқының музыкалық мәдениеті (Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Ықылас, Біржан, Ақан Сері т.Б.).

Құрмангазы Сагырбайулы(1818-1889) 1818 жылы Бөкей ордасындагы Жиделі деген жерде туған күйші, сазгер. Музыка өнеріндегі алгашқы ұстазы Ханбазар болған. Курманғазы артына көп күйлер қалдырған (60).«Кішкентай» күйі Исатай Тайманұлына арналған. «Сарыарқа» күйі қазвқтын кең өлкесін, халык өмірін сипаттайды.•Кызылкайын», «Балбьрауын" куйлер! би күйлер! болып есептеледі. Курмангазыньң будан баска «Адай», «Көбік: шашкан», «Турмеден кашкан», «Ақсақ киік», «Акбай» т.б. күйлер! бізге жеткен. Курмангазы жаламен Иркутск, Орынбор, Орал түрмелерінде отырған. Өмірінің соңы Астрахань жерінде өткен. Оның Дина, Ерғали, Сүгірәлі, Шора, Көкбала, Меңдіғали сияқты белгілі шәкірттері болған.

Дэулеткерей Шығайулы(1820-1887) 1820 жылы дүниеге келген күйші, сазгер. Бөкей ордасының жерінде өмір сүрген. Исатай Тайманұлы баскарған шаруалар көтерілісі оның шығармашылығына әсер етеді. Дәулеткерей Мәскеу, Петербург, Орынбор калаларында болады. Дәулеткерейдің 40-қа жуық күйі бізге,жеткен.Күйлері: «Желдірме», «Құдаша», «Жұмабике», «Ыскырма», «Косалқа», «Тартыс», «Акбала кыз».Орыс әскери маршы әсерінен туындаған күйлері:«Ващенко», «Топан», «Коңыр», «Косішек»Тәттімбет Қазанғапулы(1815-1862) 1815 жылы дуниеге келген күйші. Күйлерінің саны 40-тан астам. Тәттімбет «Бестөре» күйінде карапайым халыкты езген аксуйектерді сынайды.Күйлері: «Балбырауын», «Сал қоңыр», «Былқылдақ», «Алшағыр» т.б.1855 жылы Петербург каласында ұйымдастырылған өнерлік сайыста Тәттімбет күміс медальға ие болады.Ықылас Дүкенұлы (1843-1916)1843 жылы дүниеге келген күйші, қобызшы, сазгер. Кобызда ойнауды жаксы көрген.«Жарым патша» куйі - патша укіметі шенеуніктерін сынайтын туынды. Онын күйлері: «Қорқыт», «Коңыр күй», т.б. Біржан Сал Кожагулулы (1834-1897) 1834 жылы Көкшетау жерінде дүниеге келген ақын, әнші, сазгер. Оның 40-қа жуық әні сакталған. 1865 жылы Біржанның. Абаймен кездесуі оның әншілік, сазгерлік өнерінің дамуына әсер етеді.Біржан әндері: «Жанбота», «Айтбай», «Ғашығым», «Біржан сал» т.б. Біржанның суырыпсалма акындық. өнерінің дәлелі - оның Сарамен айтысы. Біржан шәкірттері: Акан сері, Үкілі Ыбырай, т.б.Ақан Сері Қорамсаұлы (1843-1913) 1843 жылы Көкшетау жерінде дүннеге келген әнші, сазгер» акын. Ол өзінің қасына әнші, өнерпаз адамдарды жинай білген. Сонысымен ол сері атанған. Әншілік өнері 16 жасынан басталды. Акан өмірінің соңы трагедияларға толы. Акын өзі заманының үстем тап өкілдеріне батыл қарсы шыға алатын тұлға болды.

Аканның әндері»: «Манмаңгер*. «Кұлагер», «Балқадиша». «Сырымбет», «Сұрағанға», Көкшетау», «Шағырмаққа», «Смағұлға» т.б.Акан, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ. Естай, Біржан сал сияқты әншілер-мен дос болған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]