
- •Коммерциялық емес акционерлік қоғам Алматы энергетика және байланыс университеті
- •Ақпараттар теориясы
- •1 Зертханалық жұмыс. Амплитудалық модуляцияны зерттеу
- •1.1 Алдын ала дайындық
- •1.2 Жұмыс тапсырмасы
- •1.1 Сурет - Айнала қоршалған спектрлер (үзік сызық) және ам- сигнал(толық сызық)
- •1.2 Сурет - Аса жоғары емес тасушы жиілікте ам-сигналының спектрі (толық сызық) симметриялы болмауы мүмкін
- •1.7 Сурет
- •1.8 Сурет– Біржолақты модуляция
- •1.9 Сурет
- •2.1 Сурет
- •2.2 Сурет
- •2.2 Жұмыс тапсырмасы
- •2.3 Қарапайым элайзинг
- •2.4 Дискретизацияланған сигналдарды қалпына келтіру
- •2.10 Сурет Қиылған сигналдың sinc формасы (501 таңдау )
- •2.5 Дуобинарлы жаттығу
- •2.11 Сурет
- •3.2 Жұмыс тапсырмасы
- •3.3 Сурет Бұрмалау көзі
- •3.4 Сурет Әділдікке тексеретін кодер-декодердің олық схемасы
- •3.5 Сурет
- •3.6 Сурет
- •3.7 Сурет
- •4.2 Сурет Жиіліктің секірісі арқылы спектрдің кеңейтілу тәсілі
- •4.2 Орындалу тәртібі
- •4.5 Сурет Bluetooth жүйесінің моделдеу схемасы
- •4.6 Сурет Жүйелік уақыт орнату терезесі
- •4.7 Сурет Бөгеуіл көздерін орнату
- •4.8 Сурет
- •5.1 Сурет–Арналық біріншілік сигналдың түрленуі
- •5.2 Сурет– Көпарналы жүйенің арнада жиілікті бөлінумен таралуы
- •5.2 Жұмыс тапсырмасы
- •5.3 Сурет
- •5.4 Сурет – Уақытша принцип бойынша құрастырылған каналдық сигналдар (а-в) және топтастырылған (г)
- •5.4 Қорытынды
- •5.5 Бақылау сұрақтары
- •6 Зертханалық жұмыс. Арналарды код бойынша үлестірілуін зерттеу
- •6.1 Алдын ала дайындық
- •6.2 Жұмыс тапсырмасы
- •6.1 Сурет
- •6.2 Сурет
- •6.3 Сурет
- •6.4 Сурет
- •6.5 Сурет
- •6.3 Қорытынды
- •6.4 Бақылау сұрақтары
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны
Коммерциялық емес акционерлік қоғам Алматы энергетика және байланыс университеті
Автоматты электрбайланыс кафедрасы
Ақпараттар теориясы
Зертханалық жұмыстардың орындалуына арналған әдістемелік нұсқау
(5В070400- “Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету ” мамандығының күндізгі оқу студенттеріне арналған)
Алматы 2011
ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: К.С.Чежимбаева, А.Д.Мухамеджанова, И.Б Кожабаева. Ақпараттар теориясы. Зертханалық жұмыстардың орындалуына арналған әдістемелік нұсқау (5В070400- “Есептеуіш және бағдарламалық қамтамасыз ету техника” мамандығының күндізгі оқу студенттеріне арналған) - Алматы: АЭжБУ. 2011. - 55 б.
Әдістемелік нұсқауда зертханалық жұмыстардың дайындалуы мен рәсімделуі жазылған. Әрбір зертханалық жұмыстың суреттелуі, бақылау сұрақтары және ұсынылатын әдебиет тізімінен тұрады.
Барлық зертханалық жұмыстардың қолдануы, тәжірибелі өткізулері және өңдеулері «System View» үлгілеу пакетінде құрастырылған.
5В070400 - ”Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығының студенттеріне арналған әдістемелік нұсқау
Безен. - 33, кесте - 2, библиогр. - 25 атау.
Рецензент: техн.ғыл.канд., профессор Г.С. Казиева
“Алматы энергетика және байланыс университетінің” 2011ж негізгі жоспарымен басылады
“Алматы энергетика және байланыс университеті”, 2011ж.
Кіріспе
«Ақпараттар теориясы» әдістемелік нұсқауында зертханалық жұмыстардың материялдық тәртібі « SystemView » үлгілеу пакеті арқылы телекоммуникациялық жүйелердің құрылғыларын үлгілеуін төрт негізгі бағыт бойынша негіздейді
«SystemView» бағдарламасының жоспары нақты өте пайдалы, ол байланыс жүйелерін ұсынуға рұқсат етеді, сигналдардың цифрлік өңдеуін ( ЦОС ) және практикалық құрал талдау түрінде мәлім.
«SystemView» пакеті шектелмеген мүмкіншіліктерге ие қуатты интеграцияланған жобалау ортасын сипаттайды:
күрделі сандық сигналдарды қолданатын кеңжолақты байланыс жүйелерінің моделдерін құру;
түрлі бөгеуілдер мен шуыл жағдайында олардың әрекет ету анализі;
сандық адаптивті филтрлердің жұмыс істеу алгоритімінің қызметі.
Бағдарламаның тұтынушылық интерфейсі қолданыста қарапайым және интуитивті. Пакеттің негізін түрлі мамандандырылған кітапханалар қосылған базалық модуль құрайды. Бұл кітапханалар модельдерді құрастырыушыларды барлық қажетті функционалдық блоктармен қамтамсыз етеді.
1-суретте «SystemView» модельдеу терезесі көрсетілген. Жобалау терезесінің негізгі элементтері саймандар панелі, қалып жолы және панельдер моделі болып табылады.
Меню жолында негізгі функциялар: File (Файл), Edit (Өңдеу), View (Түр), Preferences (Құрам), NotePads (Блокноттар), Connections (Байланыс), Compiler (Компилятор), System (Жүйе), Tokens (Моделдер), Tools (Құралдар) және Help (Анықтама).
Саймандар панелі келесідей функцияларды орындайтын кнопкалардан тұрады:
жобалау терезесінде моделдерді және моделдер тобын басқару;
моделдеуді бастау мен тоқтату;
анализ терезесіне және басқа да сервистік қызметтерге қол жекізуді қамтамасыз ету.
Кітапхана панелі моделдермен немесе моделдер тобымен түрлі әрекеттерді орындауда қолданылады. Таңдалынған моделді жылжыту үшін қажет:
қажетті кнопканы тышканмен екі рет басу;
тышканды басып, басулы күйде ұстап ерекшеленген моделмен курсорды жобалау терезсінің алаңына алмастыру.
Саймандар панелі мен кітапхана панелінің әрқайсысы үшін қысқаша ақпарат қолжетімді. Ақпартты көру үшін сілтемені қажетті кнопкаға апару керек, содан соң терезеде сәйкес кнопка туралы ақпарат пайда болады.
1 Сурет - «SystemView» жобалау терезесі
Зертханалық жұмыстарда қолданылатын барлық схемалар каталогта орналастырылған.
C:\ДПВ\.
Моделдеу процесін іске қосу үшін нақты бір моделдерді қосып жаңа жоба жасау немесе бар жобаны ашу қажет. Бар жобаны ашу үшін “File“ (Файл) менюін шертіп, “Open Existing System“ жолын таңдау керек. Экранда таңдалынған құрылғы немесе жүйенің схемасы шығады.
Моделдеу процесін іске қосу үшін саймандар панеліндегі Run (Пуск) кнопкасын басамыз. Моделдеу барысында сол жак төменгі қалып жолында жылжымалы жолақ пайда болады. Ол моделдеу процесінің қай этапта екенін анықтайды.
Моделдеу нәтижесі анализ терезесінде көрсетіледі. Аналаз терезесіне өту үшін Analysis Window (Анализ терезі) кнопкасын басу керек.
Analysis Window (Анализ терезесі) зерттеуде және алынған мәлімет анализін алуда негізгі құрал болып табылады. «SystemView» зерттелініп жатқан жүйені жан жақты талдауға мүмкіндік беретін түрлі функцияларға ие. Анализ терезесі 2-суретте көрсетілген.
2 Сурет - «SystemView» анализдер терезесі
Анализ терезесінің ерекшеліктерінің бірі кез келген графиктің қарапаймы өзгеру мүмкіндігі. Қандай да бір облысты қарастыру үшін қажетті облысты тышқанмен ерекшелеп алу жеткілікті. Суретті бастапқы күйіне келтіру үшін саймандар панеліндегі Reset Scale батырмасын басып немесе тышқанның оң жағын шертіп контексті менюді шақыртып, Rescale операциясын таңдау. Бұл жағдайда графикалық сурет бастапқы күйіне қайтып келеді.
Координаттарды бейнелеу режимін басқару LogY и LogX кнопкалары арқылы жүзеге асады. Осы жағдайда графиктің координат остері логарифмдік масштабта көрінеді.
Терезелердің орналасуын Tile Vertical (Тігінен орналастыру), Tile Horizontal (Көлденең орналастыру) и Tile cascade (Каскад ты оналастыру) кнопкалары арқылы өзгертуге болады.
«SystemView» қуатты қондырылған калькуляторға ие. Калькуляторды шақыру анализ терезесінің оң жақ төменгі жағында орналасқан Sink Calculator кнопкасы арқылы жүзеге асады.
«SystemView» телекоммунмкациялық системалардың моделдеу пакеттері туралы ақпартты [1] –ден аламыз.
Жалпы мәлімет
1 Студенттер сәйкес зертханалық жұмысты орындау тапсырмасын алдыңғы сабақта алады.
2 Студенттер зертханалық жұмыста берілген сұрақтарға өз бетінше дайындалады.
3 Алғашқы сабакта студенттер қауіпсіздік техникасынан инструктажды өтеді.
4 Тәжірибелік бөлімді орындамас бұрын студенттер сұрақарға жауап беріп, жұмысқа жіберілуі үшін есеп береді.
5 Алдыңғы жұмысты себепсіз орындамаған студент келесі жұмысты орындауға жіберілмейді.
6 Зертханалық жұмыс есебі индивидуалды болуы тиіс және әр студент жеке қорғауы тиіс.
7 Есепе келесілер болуы тиіс:
а) Титулды парақ.
б) Жұмыс атауы мен нөмірі.
в) Жұмыстың мақсаты.
г) Жұмыс тапсырмасы.
д) Зерттеу схемалары.
е) Сигналдардың экранды суреттері мен олардың спектрі.
ж) Алынған нәтижелердің анализі.
з) Жұмыс қорытындысы.