Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терминдер Экология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
258.56 Кб
Скачать

Экология және тұрақты даму соөж-№1

1.Комменсализм- кейбір түрлер басқа түрмен өмір сүріп, оның пайдасын көрседі, ал екіншісіне бәрі-бір болады. Мысалы, гендер жолбарыстың тапқан тамығының қалдықтарымен өмір сүреді.

2.Симбиоз (селбесу) дегеніміз - әр түрге жататын даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі. Жануарлардағы симбиозға мысал – шаян мен актинияның бірігіп тіршілік етуі жатады.

3.Гидробионттар -сулы ортада мекендейтін ағзалар.

4. Биогеоценоз

Кез келген биоценоз биотоппен бірігіп одан да жоғары деңгейдегі биологиялық жүйе – биогеоценозды түзеді. «Биогеоценоз» ұғымын 1940 жылы В. Н. Сукачев ұсынған.

В.Н.Сукачев (1880-1967) биогеоценозға мынадай анықтама берген – «жер бетінің белгілі бір бөлігінде табиғи жағдайлары біртекті (атмосфера, тау жыныстары, өсімдіктер, жануарлар әлемі, микроорганизмдер дүниесі, топырақ және гидрологиялық жағдайлар) бірлестік, ол өзін құрайтын компонеттердің өзара әсерлесу ерекшеліктерімен, белгілі бір зат және энергия алмасуымен, басқа да табиғат құбылыстарымен, ішкі қарама – қайшылықты біртұтастықпен сипатталатын, үнемі қозғаыста, дамуда болатын жиынтық».

5. Экожүйе

1935 жылы А. Тенсли ұсынған «Экожүйе» ұғымына жақын. Экожүйе дегеніміз – зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы

6.Биосфера экологиясы- биосферадағы экожүйені,оның тұрақтылығын,оның тұрақтылығын ,ондағы жүріп жатқан процестер мен адам факторының маңызын зерттейтің ғылым.

7.Термоклин

Су 3 қабатқа бөлінеді: жоғары қабатында температураның маусымдық ауытқуы үлкен, ортаңғы қабаты- термоклин деп аталады, ал төменгі қабатта температураның жылдық ауытқуы болмайды деуге болады.

8.«Ең аз шама» заңы

Өнімнің көп немесе аз болуы өсімдіктердің көп мөлшерде пайдаланатын заттарына, мысалы көміртек қоспасы мен суға, топырақта жеткіліксіз болуына байланысты.

Өсімдіктердің өсуі қоректік тізбектегі ең аз пайдаланатынын, табиғатта аз кездесетін элементтерге байланысты. Бұл заңдылық ғылымда либихтың ең аз шама заңы деп атайды.

9.Популяциялар саны

берілген территория немесе көлем бірлігіндегі даралардың жалпы саны.

10.Экологиялық пирамидалар (сандар, биомасса, энергия пирамидасы). Жалпы жағдайда трофтық құрылымды кезекті трофтық деңгейлердегі уақыт бірлігіндегі аудан бірлігіне шаққан энергия шамасымен анықтауға болады. Оларды экологиялық пирамида түрінде кескіндеуге болады. Бұл құбылысты зерттеген Ч. Элтон (1927ж.) экологиялық пирамиданың үш негізгі типін бөліп көрсететеді

11. Климаттық фактордың жануар мен өсімдіктердің өмірінде жүріп жатқан периодтық процестермен байланысын фенология ғылымы (грек тілінен phainomena – құбылыс) зерттейді

12. Ағзалардың морфологилық, биохимиялық және физиологиялық қасиеттері мен функцияларының жарықтың кезектесуі мен ұзақтығына байланысты ырғақты өзгеруі- фотопериодизм деп аталады.

13.Эктопаразиттер- иесінің денесінің бетінде мекендейтін, сыртқы паразиттер

Экология және тұрақты даму соөж-№2