Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терминдер Экология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
258.56 Кб
Скачать

Экология және тұрақты даму 2-апта

4 практика

1. Популяция -бір бірімен өзара қарым-қатынаста және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы.

2. Гомойтермді ағзаларды (грек тілінен homois- бірдей) сипаттаңыз.

Гомойтермді ағзаларға (грек тілінен homois- бірдей)- зат алмасу деңгейі жоғары ж/е тұрақты, зат алмасу нәтижесінде жылу реттелуі жүзеге асырылады.

3. Синэкология бірлестіктер экологиясы (биоценология, фитоценология) ретінде әртүрлі түрлерге жататын популяциялар (өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар) жиынтығын бір тұтас ағзалар ретінде зерттейді.

4.Нооэкология адам-қоғам-биосфера арасындағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдайлардың, қарым-қатынастары бір-бірімен үлестіре зерттей отырып, соның нәтижесінде адамзат баласының парасатты ақыл – оймен, сана-сезімімен байланысты проблемаларды зерттейді.

5. Антропогендік фактор адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің жиынтығы (зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы, топырақ қабатының бұзылуы, табиғи ландшафтардың бұзылуы ж/е т.б.)

5 практика

1.Аутэкология- жеке ағзалар (особь) арасындағы қарым-қатынастарды, оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді.

2. Қолданбалы экология- экология ғылымы жүргізген ғылыми- зерттеу жұмыстарынан қорытындыларды қалай пайдаланудың тәсілдерін көрсетіп беруді қарастырады. Адамзат баласының әлеуметтік мұқтажын өтеу барысындағы табиғи ортаның ластануы, өнеркәсіп,ауылшаруашылық, химиялық, медициналық, биохимиялық және тағыда басқа өндіріс орындарының жағдайы, айналаны қоршаған ортаға тигізетін әсері, өндіріске жаңа технологияны енгізу, ластау көздеріне мониторинг қою туралы ғылыми жұмыстарын жүргізді.

3. Әлеуметтік экология-– табиғи және табиғи іс-әрекетінен пайда болатын биосфера шегіндегі күн жүйесіндегі әлемдік экологиялық- биоэкологиялық өзгерістермен құбылыстарды зерттейді.

4. Редуценттер-(латын тілінен аудар,анда – қалпына келтіруші, деструкторлар) органикалық заттарды ыдыратушы және оларды бейорганикалық заттарға айналдырушы ағзалар.

5. Нейтрализм- бір аймақта екі түрдің бірігіп өмір сүруі.

6 практика

1.Пойкилотермді ағзалардың (грек тілінен poikilos –алуан түрлі) зат алмасу деңгейі тұрақсыз, денесінің температуарсы тұрақсыз, жылу реттеу механизмдері жоқ дерлік. Оларға омыртқасыздар, балықтар, қосмекенділер жатады.

2. Планктон - (грек тілінен planktos - қалықтаушы)- негізінен су ағысының көмегімен қозғалатын, жүзетін ағзалардың жиынтығы. Негізінен бұлар ұсақ жануарлар- зоопланктон және өсімдіктер- фитопланктон.

3. Қоректену тізбегі- биоценоздардағы қоректік торлар көптеген қысқа қатарлардан түзіледі. Бұл қатарларда ағзалар бір-біріне заттар мен жасыл өсімдіктер жинаған энергияны беріп отырады. Алдыңғы түр келесі түр үшін азық болып табылатын қатарларды атайды.

4. Бентос (грек тілінен benthos - тереңдік )- су қоймаларының __________ мекендейтін ағзалардың жиынтығы. Ол фитобентос, зообентос және ___________________ бөлінеді.

5.ЮНЕСКО - ЮНЕСКО (бiлiм, ғылым және мәдениеттiң сұрақтары бойынша Бiрiккен Ұлттар ұйымы) қызметтiң алғашқы өз жылдарында ендi 1945 жылда құрастырылған ғылыми әрекеттер және қоғамдық табиғат қорғау қозғалыстарын қолдады. Юнеско қызметтерде өте белгiлi табиғат қорғау бағыты адам және бұл ұйымның XVI Бас конференциясындағы 1970 жыл қабылданған (Маб ) биосфера ғылыми бағдарлама болып табылады. 100 шақты елдердiң бастап қойылымен Мабты бағдарламаларды орындауға кірісті.