- •Қазіргі заманғы экологияның құрылымы.
- •Экологиялық терминдер
- •Экология және тұрақты даму 1-апта
- •Экология және тұрақты даму 2-апта
- •2. Гомойтермді ағзаларды (грек тілінен homois- бірдей) сипаттаңыз.
- •Экология және тұрақты даму соөж-№1
- •4. Биогеоценоз
- •7.Термоклин
- •8.«Ең аз шама» заңы
- •9.Популяциялар саны
- •Экология және тұрақты даму соөж-№2
- •1.Қоректік элементтер айналымы
- •10. Шелфордтың толеранттылық заңы:
Экология және тұрақты даму 1-апта
№1 практика
1.Географиялық экология- географиялық процестерге экологиялық заңдылықтарды қолдануға негізделген экологияның тарауы.
2.Қала экологиясы- адамның қала ортасымен әрекеттестігінің заңдылығын зерттейтін ғылыми пән.
3.Өнеркәсіптік экология- өнеркәсіптің немесе адамның барлық шаруашылық қызметінің табиғатқа әсерін,сондай-ақ табиғаттың кәсіпорындарға кері әсерін немесе барлық шаруашылықты толық зерттейді.
4.Радиациялық экология-биосферада радиоактивті нуклидтердің таралуын,мөлшерін,иондау сәулелердің организмге,олардың популяциясына,биоценозға тигізетін әсерін зерттейтін экология мен радиобиология саласы.
5. ГЕОЭКОЛОГИЯ — ландшафтан биосфераға дейінгі экожүйенің бағыныштылық деңгейлерін зерттейтін экологияның практикалық тарауы.Табиғи ортаның техногендік әсерден аймақтық және жалпы өзгеруін зерттеумен шұғылданады.Нақты практикада Г-ның зерттеу объектісіне экожүйелер немесе олардың құрамдас бөліктері — топырақтар, жер беті және жер асты суы, жер атмосферасы және таужыныстар жатады.Бұл терминнің синонимдері: ландшафтық экология.,кейде биогеоценология.
№2 практика
1.ТАБИҒИ ЖҮЙЕ(Система природная) —бағыныштылық ұйымының жоғарғы деңгейлерінде функциялы (экологиялық немесе орта түзуші) құрауыштарға топтасушы табиғи жүйелер мен түзілімдерден (ішкі жүйелерден) құрылған жүйе.
2.КӨГАЛДАНДЫРУ(Озеление) — орта сапасын жақсарту үшін елді мекендегі және оның айналасындағы бос жерлерге мәдени не жабайы өсімдіктерді өсіру.К-ға кейде жолдың жағасында, балконда,т.б. жерлерде орнатылған ыдыста отырғызылған өсімдіктерді де жатқызады.
3. ӨНДІРІСТІК ЭКОЛОГИЯ — адамзат пен табиғат арасындағы қарым-қатынастарының негізгі ұғымдары мен материалдық қажеттіліктерді өтеу барысындағы туындайтын қарама-қайшылықтармен және табиғи жүйелердің даму заңдылықтары, қоршаған орта ресурстарының және оларды пайдалану ерекшеліктерінен болатын құбылыстар.
4.НООЭКОЛОГИЯ — адам, қоғам, биосфера арасындағы әлеуметтік және экологиялық жағдайлардың қарым-қатынастырды бір-бірімен үйлестіре зерттей отырып, соның нәтижесінде адамзат баласының парасатты ақыл ойымен сана сезімімен байытты проблемаларды шешуді зерттейді. 5.ЭКОЖҮЙЕ — зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы.
№3 практика
1.Әлемдік экология -табиғи және табиғи іс-әрекетінен пайда болатын биосфера шегіндегі күн жүйесіндегі әлемдік экологиялық- биоэкологиялық өзгерістермен құбылыстарды зерттейді.
2.Радиациялық экология -биосферада радиоактивті нуклидтердің таралуын,мөлшерін,иондау сәулелердің организмге,олардың популяциясына,биоценозға тигізетін әсерін зерттейтін экология мен радиобиология саласы.
3.Биотикалық факторлар -бұл бір ағзалардың тіршілік әрекетінің басқаларына тигізетін әсері (бәсекелестік, жыртқыштық ж/е т.б.)
4.Ю.Либихтың минимум заңы.-көп немесе аз болуы өсімдіктердің көп мөлшерде пайдаланатын заттарына, мысалы көміртек қоспасы мен суға, топырақта жеткіліксіз болуына байланысты.Өсімдіктердің өсуі қоректік тізбектегі ең аз пайдаланатынын, табиғатта аз кездесетін элементтерге байланысты. Бұл заңдылық ғылымда либихтың ең аз шама заңы деп атайды. Қазір Либих ережесі шектеуші факторлар заңы немесе Либихтің минимум заңы деп аталады.
5.Су тұздылығы.- 1 л суда еріген минералдық заттардың массасы судың тұздылығы деп аталады. Тұздылықтың өлшем бірлігі промилле (% ) – 1 л судағы 1 г минералдық заттар ерігенін көрсетеді.
