Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терминдер Экология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
258.56 Кб
Скачать

Геохимиялық

Экология

Биоэкология

Адам экологиясы

Әлеуметтік экология

Қолданбалы экология

Аутэкология

Синэкология

Популяциялық экология

Биогеоценология

Ғаламдық (биосфера туралы ілім )

Қала экологиясы

Халықтар экологиясы

Аркология экологиясы (экологиялық сәулет)

Жеке адам экологиясы

Адамзат экологиясы

Мәдениет экологиясы

Этноэкология

Өнеркәсіптік (инженерлік)

Технологиялық

Ауыл шаруашылық

Медициналық

Кәсіпшілік

Химиялық

Рекреациялық

Табиғатты пайдалану

Геоэкология

Экология:

Құрлық

Тұщы су

Теңіз Жоғары тауарлар

Экология:

Өсімдіктер

Жануарлар

Микроорганизмдер

Су ағзалары

Прямая соединительная линия 117 Прямая соединительная линия 120 Прямая соединительная линия 123 Прямая соединительная линия 133 Прямая соединительная линия 134 Прямая соединительная линия 135

Қазіргі заманғы экологияның құрылымы.

(Н. Ф. Реймерс бойынша, өзгертулермен)

Экологиялық терминдер

1.ТАБИҒИ ЖҮЙЕ(Система природная) —бағыныштылық ұйымының жоғарғы деңгейлерінде функциялы (экологиялық немесе орта түзуші) құрауыштарға топтасушы табиғи жүйелер мен түзілімдерден (ішкі жүйелерден) құрылған жүйе. 2.КӨГАЛДАНДЫРУ(Озеление) — орта сапасын жақсарту үшін елді мекендегі және оның айналасындағы бос жерлерге мәдени не жабайы өсімдіктерді өсіру.К-ға кейде жолдың жағасында, балконда,т.б. жерлерде орнатылған ыдыста отырғызылған өсімдіктерді де жатқызады. 3.РАДИОКТИВТІК ЫДЫРАУ ЗАҢЫ (Закон радиоктивного распада) — радиоктивтік элементтің атом ядроларының саны уақыт өткен сайын мына экспонент бойынша азаяды: N=N0 Е-λt. Мұндағы N—t уақыты аралығында ыдырамаған радоиктивтік элементтің атомдар саны; N0 кез келген уақыттың нөлдік сәті деп қабылданған элементтің атомдар саны; λ— радиоактивтік элементтің(λ=0,693/T½ жартылай ыдырауы кезеңімен T½-ге байланысты атомның уақыт бірлігінде ыдырау ықтималдығы) тұрақты саны; E— натурал логарифмдер негізі.Р.ы.з. ықтималды, яғни ыдырайтын атомдардың өте үлкен сандары ғана үшін дұрыс.Мұның геологиялық тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтау үшін маңызы зор. 4.СУКЦЕССИЯЛЫҚ БӘСЕҢДЕУ ЗАҢЫ (Закон сукцессионного замедления) — тұрақты жағдайдағы, кемеліне келген тепе-теңдік жүйелердегі болып жатқан процесстердің дағдыдағыдай бәсеңдейтін бағыт білдіруі. Шаруашылық шаралары кезінде оның жүйелерін тепе-теңдік жағдайынан шығарып алмай немесе шаруашылық әрекетті жүргізу үшін басқа ерекше жағдай жасамай табиғатты "асықтырудың" келешегі жоқ. Мыс., жаңа түрді жерсіндіру алғашқы кезеңде,әсіресе түр үшін табиғаттың қолайлы антропогендік өзгеруі кезінде( биотехникалық шараларда,т.б.) нәтиже берді.Бірақ содан соң популяциялық күр қсу басылады, экожүйе деңгейінде өзін-өзі реттеу жүреді.Егер түр жаппай зиянкес болмаса, оның шаруашылық мәні бірден төмендейді.Мелиорацияның кез келген түрі алғашқы кезде өнімді ұлғайтады, бірақ содан кейін өсім азаяды да,өнім белгілі бір деңгейде қалыптасады.Табиғи жүйелер тепе-теңдік жағдайынан шығарылып, содан соң оған ұмтылған кезде табиғатты пайдаланудың қатаң әрекеттерін жүзеге асырғанда жаңа тепе-теңдік қалыптасу барысында биологиялық өнімділіктің және пайдаланылатын жердің шаруашылық түсімділігінің біртіндеп төмендеуін ескерген жөн.Бұл жағдай әсіресе экономика үшін қолайсыз тепе-теңдік орныққан кезде өте маңызды болады.Мыс., алқаптарды суармалау кезінде өте жоғары сортаңдануы — олардың тұрақты жолуы мүмкін.Сонымен бірге бұл экожүйе үшін қосымша су келмейтін болса,бірінші кезеңмен салыстырғанда алқаптың әрі қарай сортаңдануы қандай да бір масштабтағы артық шамадан аз жүретін болады.Осыған байланысты Сібір өзендерінің суын Орта Азиядағы алқаптарды суармалау мақсатына алып келудің теориялық та келешегі жоқ,өйткені оны жүзеге асыру едәуір алқаптардың сортаңдануының тұрақты жағдайына әкеліп соғуы мүмкін. 5.ТАБИҒИ ЖҮЙЕНІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЕСЕБІНЕН ДАМУ ЗАҢЫ(Закон развития за счет окружающей среды) — кез келген табиғи жүйе өзін қоршаған ортаның материалдық- энергетикалық және ақпараттық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ғана дамиды.Абсолюттік оқшау даму мүмкін емес. 6.ТАБИҒИ ҚОРЛАРДЫҢ ШЕКТЕУЛІЛІК ЗАҢЫ(Закон органиченности природных ресурсов)—1)жердегі табиғи қорлардың барлығы да шектеулі.Бұл заң мынаған негізделеді: планетаның өзі табиғи шектеулі біртұтас әлем болғандықтан, оның барлық табиғи ресурстары шекті. Заң планета табиғи шектелген тұтастық болғандықтан, онда шектеусіз бөліктері болуы мүмкін емес деген қағидаға негізделген.Олай болса, "сарқылмайтын" табиғи ресурстар санатын ұғынбаудан пайда болған.Бұл ресурстарға мыс., энергетикалық ресурстарды жатқызады.Өйткені, күн энергиясы іс жүзінде пайдалы энергияны алудың сарқылмайтын көзі деп есептеледі.Мұндағы қателік биосфера энергетикасының шектеулері ескерілмейді. Оған антропогендік өзгеруінің бір пайызды ережесі бойынша рауалы шегінен асып кетуі себеп болуы мүмкін.Қазіргі кезде биосфераға энергияны жасанды енгізу мөлшері шектік мәніне жетуге жақын.

7. ТАБИҒИ ФАКТОРЛАРДЫҢ ЖИЫНТЫҚ ӘСЕР ЗАҢЫ (Э.МИТЧЕРЛИХ — А.ТИНЕМАН — Б.БАУЛЕ ЗАҢЫ)(Закон совокупности (совместного) действия природных фактороф Э.Митчерлиха — А.Тинемана — Б.Бауле) өнім мөлшері жеке, тіпті шектейтін факторға емес, бір мезгілде экологиялық факторлардың барлық жиынтығына байланысты болады.Әрбір жеке фактордың "салмағы"әсер коэффициенті), олардың жиынтық әсерлерінде әр түрлі болады және оны есептеуге мүмкіндік бар. Қаралып отырған заңдылық әрбір фактордың жете көрінуі жағдайында, басқаларының қаралған жиынтықта өзгермейтінінде, тек әсердің бірқалыпты әсері үшін дұрыс болады. Ол қолданбалы экологияда және табиғатты пайдалануда өте маңызды. Мұны есепке алу көп факторлы талдау шеңберінде басқа барлық әсерлердің мәндері тұрақты болғанда бір фактордың әсері шыңына жеткеннен кейін төмендейтінін көрсетеді;2) қоршаған табиғи ортадағы биологиялық түрдің популяция тығыздығын (нөлден максимал санына дейін) анықтайтын қажетті фактор.Бұл экологиялық валенттігі аз организмдердің даму сатысына әсер етеді.Сонымен бір түрдің осы даму кезеңіне қажетті оңтайлылығынан қашық мөлшерде және қарқындылықта ықпал жасайды. Мұндай тұжырымда заң қоршаған ортадан организмдер өзіне қажеттіні белсенді түрде таңдамағанда және оны өзгертуге қабілетті болмаған жағдайда ғана дұрыс болады. 8.ТЕКТІК ӘРАЛУАНДЫЛЫҚ ЗАҢЫ (Закон генетического разнообразия) — тіршілік иелерінің бәрі тек жағынан әр түрлі және боилогиялық әртектілігін ұлғайтуға ұмтылады. Дарақтардың біртекті екеуін, табиғатта бірдей түрлерді кездестіру мүмкін емес.Т.ә.з. қарапайым және жалпыға белгілі сияқты. Оның әсері микроорганизмдермен сорттардың таза дақылдарын сақтау кезінде барлық уақытта ескеріледі.Т.ә.з. тірі заттектің физика-химиялық бірлігі заңына қарсы әрекет жасайтын сияқты,бірақ бұл негізгі ережелерді есепке алу арқылы табиғат пайдаланудағы көптеген қате шешімдерден сақтануға болады.

9. ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЗАҢЫ (Закон константности (В.И.Вернадского) — биосфера санының кез келген өзгерісі қалайда аумаға тура сондай көршілес аймаққа әсер етеді,алайда бұл кері әсер болмақ. 10.ҮЙЛЕСІМДІЛІК ЗАҢЫ (Закон корреляции (Ж.Кювье) — организмнің бір бөлігінің немесе жекелеген міндеттерінің өзгерісі басқа бөліктер мен міндеттердің өзгеруіне әкеліп соғады.

11.ШЕКСІЗ ПРОГЕСС ЗАҢЫ(Закон неорганиченности прогресса) — қарапайым қалыптан күрделі қалыпқа қарай дамудың шегі болмайды.Ш.п.з. мәңгілік , үздіксіз және абсолютті қажетті болып түзілуі мүмкін. 12.ІШКІ ДИНАМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ЗАҢЫ(Закон внутренного динамического равновесия) — заттек, энергия, ақпарат және жекелеген табиғи жүйелердің динамикалық сапасы мен олардың бағыныштылығы бір-бірімен байланысты екендігі сондай, аталмыш көрсеткіштердің біреуінің кез келген өзгерісі осы жүйенің заттық- энергетикалық, ақпараттық және динамикалық қасиетін сақтап тұрған жалпы қосындыға бірдей әсер етеді.

13.ЭВОЛЮЦИЯ ЗАҢДАРЫ ("Закон эволюции"(К.Ф.Рулье) — 1) жан-жануарлардың сыртқы дүниемен байланысы немесе тірі элементтердің екіұдайлық заңы: "Даму жолымен толық жүріп өту үшін жан-жануарларға тән элементтің екі түрінің де, сондай-ақ олар үшін сыртқы элементтер болып табылатын элементтердің де қатысуы шарт";2) барлық маңызды тіршіліктің біртіндеп қалыптасу заңы — табиғатта ештеңе де мәңгілік емес, барлық нәрсенің өз тарихы бар: "кейінгінің бәрі де бұрынғының жаңарған жалғасы болып табылады";3)ұйымдастырудың күрделену заңы. 14.ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СӘЙКЕСТІЛІК ЗАҢЫ(Закон экологической кореляции) — кез келген біртұтас табиғи жүйелілік құрылымдарындағыдай экожүйеде де, әсіресе , биотикалық қауымдастықта сол жүйеге енетін тіршілік иелерінің бәрі мен абиотикалық- экологиялық құрауыштар бір-біріне функциялық түрде сәйкес келеді. Жүйенің бір бөлігінің істен шығуы (мыс., бір түрдің жойылуы) міндетті түрде жүйенің осы бөлігімен тығыз байланыстағы басқа бөліктердің жойылуына және біртұтас жүйенің ішкі динамикалық тепе-теңдік аясында функциялық өзгеріске қшырауына әкеледі.

15. ЭНЕРГИЯНЫ МАКСИМАЛДАУ ЗАҢЫ (Закон максимизации энергии (Г и Э.Одумов) — басқа жүйелерімен бәсекелестікте олардың ішінен энергияның түсуіне жақсы ықпал ететін және оның көп бөлігін тиімді тәсілмен пайдалана білетіндері тірі (сақталып) қалады. 16.ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОҢТАЙЛЫЛЫҚ ЕРЕЖЕСІ(Правила географического оптимума) — түр таралған аймақ орталығында түрдің тіршілігі үшін ең қолайлы жағдай болады, бұл жағдай шеткі аймақтарда нашарлай түседі. 17.ЕҢ ЖОҒАРҒЫ "ТІРШІЛІК ҚЫСЫМЫ" ЕРЕЖЕСІ (Правило максимального "давления жизни") — организмдер өздерінің санын брынша көбейтуді қамтамасыз ететін қарқындылықпен көбейеді. 18.К.БЕРГМАН ЕРЕЖЕСІ (Правило К.Бергмана) — географиялық өзгерістерге бейімделген жылы қанды жануарлар дарақтарының денесі статистикалық тұрғыдан түрдің таралу аймағының суықтау бөлігінде тіршілік ететін популяцияға қарағанда кішкене болады.Бұл жануарлардың әр түрлі климат жағдайларында денесінің тұрақтв температурасын сақтауын білдіреді, яғни жануар неғұрлым ірі болса, оған жылу сақтау соғұрлым жеңіл болады.Мыс., Арктиканың ақ аюының салмағы 1000 кг-ға дейін, қоңыржай ормандардағы қоңыр аю — 760 кг,Антрактиданың императорлық пингвинінің бойы 120 см-ге дейін, ең кіші галапагос пингвинінің бойы — 40 см болады.К.Бергман ережесі жануарлар экологиясында қолданылады. 19.ҚОРЕКТІК ӨЗАРА ТӘУЕЛДІЛІК ЕРЕЖЕСІ (Правило пищевой кореляции) — эволюция барысында көбею жылдамдығы өздері өмір сүріп отырған азық ресурстарының санымен үйлесімді популяциялар ғана сақталады. Солай бола тұра көбею жылдамдығы қашан да максималды мүмкіндіктен төмен болады және азықтық ресурстар қоры әрдайым қалып отврады.Бұл ережеден ауытқу популяциялардың азықсыз қалып, тіршілігін тоқтауына немесе көбею қарқынын бәсеңдетуіне апарып соқтырады.

20. К.МЕБИУС — Г.Ф. МОРОЗОВТЫҢ ӨЗАРА БЕЙІМДЕЛУ ЕРЕЖЕСІ (Правило взаимоприспособленности К.Мебиуса — Г.Ф.Морозов) — биоценоздағы түрлердің бір-біріне бейімделгені соншалықты олардың қауымдастығы ішкі қайшылықта болғанымен, біртұтас және өзара үйлестірілген жүйелі тұтастық құрайды, пайдалы және зиянды жәндіктер тіршілік етпейді,бұнда барлығы бір-біріне қызмет етеді және өзара бейімделген қ. Зиянкес,Зиянды жануар, Зиянды өсімдік.

21.ҚОСЫМША ОҢТАЙЛЫ ҚҰРАМДАС БӨЛІК ЕРЕЖЕСІ (Правило оптимальной компонентной дополнительности) — экологиялық құраушытарының бірі жасанды түрде молайтылған немесе, керісінше, азайтылған ешқандай экожүйе өздігінен тіршілік ете алмайды (қосымша оңтайлы құрамдас бөлік ережесі 100%-дық толықтырылған жағдайларда, әдетте,есепке алынбайды.Өйткені су экожүйесі тек сулы ортада ғана дамиды).Экологиялық құрауыштың "нормасы" деп белгілі бір типтің экологиялық тепе-теңдігін сақтайтындарын ғана айтамыз. 22.ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР (Правило экологическое) — табиғи-тарихи заңдардың,нормативтердің белгісін білдіретін және организмдердің қоршаған ортамен өзара байланысын анықтайтын заңдардың тобы. 23.ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУДЫҢ БҮКІЛ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СТРАТЕГИЯСЫ — Табиғат пен табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі халықаралық одақ 1980ж ЮНЕП-тің қолдауымен дайындаған халықаралық құжат.Адамзаттың биосфераны, экожүйелер мен табиғи ресурстардың түрлерін пайдалануын мұның өзі қазіргі кездегі ұрпаққа тұрақты пайда келтіретіндей етіп және мұнымен бірге болашақ ұрпақтардың мұқтаждары мен талаптарына сай келетін әлеуетін сақтайтындай етіп пайдаланудан басқаруға бағытталған.

24. ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ (Природопользование) — 1)табиғи ресурстық әлеуетті пайдаланудың және оны сақтау шараларының барлық түрлерінің жиынтығы. Бұларға табиғи ресурстарды алу және өңдеу, оларды жаңарту және қалпына келтіру, тіршілік ортасының табиғи жағдайларын пайдалану және қорғау, табиғи жүйелердің баланысын сақтау, қайта қалпына келтіру және тиімді өзгерту жатады;2)адамзат пайдаланулардың жалпы ұстанымдарын зерттейтін кешенді ғылыми пән. 25.ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ АҚПАРАТ (Информация в природопользовании; лат.rationalis — дұрыс, жөнді) — табиғи ресурстар мен жүйелердің сандық, сапалық және динамикалық жағдайлары, олардың өзара байланыстары, шаруашылықтың бар түрі үшін (сондай-ақ болжамдағы)адамзаттың өмірі мен мәдениеттің дамуы үшін қажеттілігі туралы мәліметтердің жиынтығы. 26.ТАБИҒИ ЕСКЕРТКІШ — жаратылысына немесе адам қолымен ежелден өзгертілген табиғи аумақ; ерекше қорғалатын телім ретінде ерекше ғылыми не мәдени, сондай-ақ әлеуметтік (көбіне жалпы дүниежүзілік) мән-маңызы болады. Т.е –тің аумағы, әдетте, әжептәуір болады, оларға ұлттық саябақтар, қорықтар және басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қамтылады. 27.ТАБИҒИ ЛАСТАНУ (Природное (естественное) загрязнение) — қоршаған ортаға ластағыш табиғи заттектердің түсуі. Бұл жағдай ғарыштық бөлшектердің, жанартау күлінің, топырақ зрозиясы кезінде түзілетін шаңның, өсімдік тозаңының, теңіз тұзының, орман өрттерінің түтінінің,т.б. ортаға түсуіне байланысты. 28.ТАБИҒИ РЕСУРСТАР (Природное ресурсы) — қоғамныі материалдық және мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қолданылатын адамзатты қоршаған табиғи ортаның ең маңызды құрауыштары (жер, орман, жануарлар әлемінің ресурстары т.б.)Т.р. сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді.Сарқылмайтын Т.р-ға күн энергиясы, жел, су толысуы,ағын су жатады.Сарқылатын Т.р. қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді.Қалпына келетін Т.р-ға таза ауа, тұщы су,құнарлы топырақ, өсімдіктер мен жануарлар жатады.Қалпына келмейтін Т.р-ға қазынды отын, металдық минералды шикі заттар (темір, мыс т.б.), бейметалдық минералды шикізаттар (құм, саз, фофаттар т.б.)кіреді. 29.ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ЖІКТЕУ (Классификация природных ресурсов) — 1) көздері және орналасуы бойынша жіктеледі.2)сарқылу жылдамдығы бойынша: тез — сарқылатын,баяу — сарқылмайтын;3)өздігінен қалпына келу және енгізу мүмкіндігі брйынша; қалпына келетін және қалпына келмейтін;4) экономикалық орнын толтыру қарқыны бойынша;5) бір ресурстарды басқасымен ауыстыру мүмкіндігі бойынша; алмастыратын және алмастырмайтын. 30.ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ — (Восстановление природных ресурсов) — табиғи ресурстардың қандай да бір түрін бұрынғыға шамалас мөлшерінде алуға бағытталған кешенді шаралар.Ресурстардың толық немесе жартылай таусылуы кезінде жасанды шаралар арқылы іске асырылады (мыс., өсімдіктерді және жануарларды қайтадан жерсіндіру, ормандарды қалпына келтіру, т.б.). 31.АУТЭКОЛОГИЯ(грекше autos — өзім және экология) —жеке организмдердің қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі. Аутоэкология ұғымын алғаш рет 1896ж Шредер особьтар экологиясы үшін қолданды.Аутоэкология алдымен организмдердің өлі материядан айырмашылығын зат алмасу,көбею, өзгергіштік және тұқым қуалаушылық, өсуі мен дамуы, тітіркенгіштігі, қозғалысы және бейімдеушілік қасиеттері бар тіршілік иелері ретінде қарастырады. 32.ДЕМЭКОЛОГИЯ (грекше demos — халық) немесе популяциялар экологиясы — қоршаған орта факторларының популяцияға әсерін,популяция санының өзгеруін зерттейді. 33.СИНЭКОЛОГИЯ (грек.syn — бірге)және экология) — популяцияның, қауымдастық пен экожүйенің қоршаған ортамен өзара қатынасын зерттейтін экология бөлімі,С. Халықаралық ботаникалық конгресте экологияның бөлімі ретінде бөлінді(1910). Бұл терминді швейцариялық ботаник К.Шердер ұсынды (1902) 34.ПОПУЛЯЦИЯ (populus— халық) — бір-бірімен және қоршаған ортамен байланыста болатын, өзіне ұқсас топтардан әртүрлі дәрежеде оқшау тіршілік ететін бір түрге жататын особьтар жиынтығы. 35.ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯ (Социальная экология) — 1)қоғам-табиғат жүйесіндегі қарым-қатынастарды қарастыратын ғылыми пән.Адам қоғамның табиғи ортамен өзара әрекетә мен байланысын зерттейді және табиғатты оңтайлы пайдаланудың негіздерін талдап белгілейді:2)қоғамның географиялық,әлеуметтік және мәдени орталармен арақатынасын қарастыратын ғылыми пән.3)қоғамның әлеуметтік топтарының табиғатпен қарым-қатынасын адам экологиясының бір тарауы. 36.ГЕОЭКОЛОГИЯ — ландшафтан биосфераға дейінгі экожүйенің бағыныштылық деңгейлерін зерттейтін экологияның практикалық тарауы.Табиғи ортаның техногендік әсерден аймақтық және жалпы өзгеруін зерттеумен шұғылданады.Нақты практикада Г-ның зерттеу объектісіне экожүйелер немесе олардың құрамдас бөліктері — топырақтар, жер беті және жер асты суы, жер атмосферасы және таужыныстар жатады.Бұл терминнің синонимдері: ландшафтық экология.,кейде биогеоценология. 37.ҚАЛА ЭКОЛОГИЯСЫ (Экология города)— адамның қала ортасымен әрекеттестігінің заңдылығын зерттейтін пән.Бүкіл дүние жүзінде кенттену процессі қарқынды жүруде.Қазіргі кезде ірі қалалар мен өнеркәсіптік қалаларда өте қолайсыз экологиялық жағдай орналасқан.Атмосфералық ауада едәуір мөлшерде зиянды құрауыштар(шаң-тозаң,күкір диоксиді,бензапирен,азот оксидтері, ауыр металдар, диоксин және т.б.)

38.ӨНДІРІСТІК ЭКОЛОГИЯ — адамзат пен табиғат арасындағы қарым-қатынастарының негізгі ұғымдары мен материалдық қажеттіліктерді өтеу барысындағы туындайтын қарама-қайшылықтармен және табиғи жүйелердің даму заңдылықтары, қоршаған орта ресурстарының және оларды пайдалану ерекшеліктерінен болатын құбылыстар. 39.НООЭКОЛОГИЯ — адам, қоғам, биосфера арасындағы әлеуметтік және экологиялық жағдайлардың қарым-қатынастырды бір-бірімен үйлестіре зерттей отырып, соның нәтижесінде адамзат баласының парасатты ақыл ойымен сана сезімімен байытты проблемаларды шешуді зерттейді. 40.ЭКОЖҮЙЕ — зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы. 41.ПОЙКИЛОТЕРІМДІ (грек.poikilos— әртүрлі, tһerme— жылу) немесе суық қанды организмдердің денесінің температурасы қоршаған орта температурасына байланысты.Яғни қоршаған орта температурасы төмендесе организмнің дене температурасы да төмендейді.Бұларға құстар мен сүт қоректілерден басқа организмдер жатады. 42.ГОМОЙТЕРІМДІ (грек.homoios— бірдей,therme—жылу) немесе жылы қанды организмдердің дене температурасы қоршаған орта температурасына байланысты болмай, үнемі бір қалыпта болады.Сүт қоректілерде дене температурасы +35С0 ... +38С0-ты, ал көптеген құстарда +41С0 ... +43С0-ты құрайды. 43.ГИДРОФИТТЕР(грек.hydor— су) жартылай суда,яғни өзен,көл,теңіз жағалауларында, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер(қамыс,қоға) 44.МЕЗОФИТТЕР(грек.mesos— орташа аралық)— ылғалдылығы орташа ортаның өсімдіктері.Бұларға көптеген шалғындық, орман өсімдіктері, жапырақты ағаштар, ауыл шаруашылық дақылдары мен арам шөптер жатады. 45.МЕЗОФИЛДЕР — орташа ылғалдылықта тіршілік ететін жануарлардың үлкен тобы. 46.БИОГЕОЦЕНОЗ — 1)эволюциялық қалыптасқан, кеңістігі шектеулі, тіршіліктері бір-бірімен байланысты, іштей біркелкі тірі организмдер мен оларды қоршаған абиотикалық ортаның табиғи жүйесі.Өзіне тиісті энергетикалық жағдайымен, заттек және ақпарат алмасу жылдамдығымен сипатталады.Экожүйелік таксономикалық мәніндегі түсінік бойыншаБ.—элементарлық экожүйе және геожүйе;2)В.Н.Сукачевтің алғашқы анықтамасы бойынша,Б.— жер бетінің нақты бір бөлігіндегі біртекті табиғи элементтердің жиынтығы. 3)биосфераның үлескісі, ол арқылы ешқанддай маңызды биоценоздық, микроклиматтық,гидрогеологиялық,топырақтық,геоморфологиялық және геохимиялық шекаралар өтпейді,яғни биосфераның элементарлық биохорологиялық бір өлшемі. 47.ГЕОФИЛЬДЕР—тіршіліктің біраз бөлігі топырақпен байланысты организмдер.Оларға: шегірткелер,қоңыздар, ұзынаяқтылар,масаоар және т.б. жатады. 48.ГЕОБИОНТТАР — топырақтың тұрақты тіршілік иелері.Олардың барлық тіршілігі топырақта өтеді.Негізгі өкілдері микроорганизмдер,қарапайымдар,ұсақ жәндіктер, жауын құрттары және т.б. 49.ГИДРОФИЛЬДЕР — ылғалы мол жерлерде тіршілік етуге бейімделген жануарлар.Тіршілік ортасына байланысты денесінде суды реттеу механизмі нашар жетілге, су қорын жинамайтын жануарлар.Оларға: маса, бұзаубас,инелік, қырықаяқтылар және т.б. жатады. 50.БИОЦЕНОЗ — қоршаған ортаның бірдей жағдайда, бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер популяциларының жиынтығы.

Шекті рауалы деңгей-шекті рауалы концентрация секілді,бірақ ортаны шу,радиоактивтік,электромагниттік сәулелену және т.б арнайы физикалық ластағыштармен ластауға байланысты қолданылатын ұғым.

Шекті рауалы доза- зиянды агенттің организмге не олардың қауымдастықтарына өткенде(демалу,тамақпен бірге және т.б) оларға әлі құртатындай ықпал жасамайтын ең көп мөлшері.

Шекті рауалы жүктеме-экожүйені экологиялық сыйымдылық шегінен шығарып жібермейтіндей,табиғи ортаға кешенді және қисынды барынша жоғары қарқынды әсер етудің барлық антропогнедік факторларының жиынтығы.

Шекті рауалы концентрация-зиянды агенттің организмге не олардың қауымдастықтарына өткенде (демалу,тамақпен бірге)оларға мазасыздық пен денсаулығына қатер туғызбайтын және құртатындай ықпал жасамайтын ең көп мөлшері.

Шекті рауалы тәуелкел деңгейі-шаруашылық іс-әрекеттен оқшауланған,бірақ одан асып кетпейтін,жалпы қоғамның осындай экономикалық және әлеуметтік артықшылық қызметінен тәуелсіз жеке тәуекел деңгейі.

Шекті рауалы төгінді – бақылау пунктіндегі судың сапасын қамтамасыз ету мақсатында белгілі су обьектісінде,келісімді уақыт ішінде бекітілген режим бойынша барынша жоғары рауалы жіберілімді ақаба судағы заттек массасы.

Шекті рауалы шығарынды-жермен астасқан ауа қабатындағы негізден не негіздер тобынан түскен ластағыш заттектің шамасы тұрғындарға,жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне арналған сапасының нормативінен аспайтындай етіп белігіленген ғылыми-техникалық норматив.

Қазіргі кездегі экологиялық мәселелер:

- озон қабатының жұқаруы

-жылыжай эффектісі

-қышқыл жауындар

-әлемдік шөлдену

-әлемдік мұхиттың ластануы

Қоршаған ортаны бақылаудың халыаралық ұйымдары:

-Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ)

-Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ)

-Халықаралық ғалымдар одағы (МСНС)

-Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағы (МСОП)

-Әлемдік экологиялық мониторинг жүйесі (ГСМОС)

Әлемдік экологиялық мәселелер туралы халықаралық құжаттар:

-1987ж-МОНРЕАЛЬ Конвенциясы

-1990ж-КИОТО протоколы

-1992ж-РИО-де ЖАНЕЙРО декларациясы

-1992ж-РАМА конвенциясы

-1997ж-Тұрақты даму

Әлемдік жылынуды төмендету шаралары:

-Көмірқышқыл газы мөлшерін төмендету

-Озон қабатын бұзатын заттарды шығаруға тыйым салу

-Қалдықсыз технологияны енгізу

-Энергияның алудың экологиялық таза жолдарын пайдалану

-Сусыз технологияларды енгізу

-Ормандарды, жасыл-желектерді көбейту

-Экологиялық тәрбие мен білім беру.

Экологиялық аудит-жобаларға немесе компанияларға экологиялық тұрғыдан тексеру жүргізу.Жұмыс істеп тұрған обьектілердің қоршаған ортаға тигізетін әсерін бақылау,нормативтік талаппен табиғатты қорғау заңдарын тәуелсіз түрде тексеру.