
- •Қосымшаларды өңдеу интегралданған ортасымен танысу.
- •Жұмыстың мақсаты
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •1 Кезең. Delphi бағдарламасын жүктеу
- •2Кезең. Интегралданған ортаны оқып үйрену
- •3 Кезең. Жоба мен модуль файлын құру және сақтау.
- •4 Кезең. Компоненттерді қосымшаға кірістіру
- •5 Кезең. Формада компоненттерді редакциялау.
- •6 Кезең. Қасиеттердегі мәндерді өзгерту
- •7 Кезең. Іс әрекетті орындаушысын анықтау
- •Оқиғаларды өңдеу
- •Жұмыс мақсаты:
- •Жұмыстың орындалу тәртібі:
- •1 Кезең. Delphi бағдарламасын жүктеу
- •Delphi бағдарламасын жүктеңіз.
- •2 Кезең. Қосымшаға компоненттерді қою
- •3 Этап. Оқиғаларды өңдеу процедурасын құру
- •4 Кезең. Жаңа жобаны құру
- •«Сұхбат» атты жобаны құру
- •1 Кезең. Delphi бағдарламасын жүктеу және жоба құру
- •2 Кезең. Қосымшаға компонеттерді орналастыру
- •3 Кезең. Компонеттер қасиеттерән Редакциялаужәне оқиғаны өңдеуші процодурасын құру.
- •4 Кезең. Бағдарламаны сақтау және іске қосу
- •5 Кезең. Компоненттер қасиеттерін өзгерту
- •«Анықтама» атты жобасын құру
- •1 Кезең. Delphi бағдарламасын жүктеу және жобаны құру
- •2 Кезең. Формаға компоненттерді енгізу
- •3Кезең. Компоненттердің қасиеттеріне түзетулерді енгізу және оқиғаларды өңдеу процедурасын құру
- •4Кезең.Бағдарламаны сақтау және іске қосу
- •5Кезең. ListBox1 компонентімен жұмыс жасау
- •6 Кезең. Компоненттердің қасиеттерін өзгерту
- •Sdi (Single Document Interface) қосымшасын құру Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •Mdi (Multiple Document Interface) қосымшасын құру Орындау уақыты: 2сағат Рейтинг: 1 балл
- •Қолданбалы интерфейсінің құрылысы Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •Анимация және графиктерді көрсететін компоненттермен жұмыс Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •Delphi бағдарламасын жүктеңіз.
- •Delphi жабыңыз.
- •Бақылау сұрақтары
- •Графиктерді бейнелеу және анимациялау үшін компоненттерімен жұмыс Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •Деректер қорымен жұмыс Орындау уақыты: 4 сағат Рейтинг: 2 балла
- •"Топ тізімі" атты кестесі
- •Деректер базасындағы навигация Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •Sql тілі. TQuery компоненті Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •Тілдер және бағдарламалау технологиясы
- •Бақылау сұрақтары
Оқиғаларды өңдеу
Орындау уақыты: 4 сағат Рейтинг: 1 балл
Жұмыс мақсаты:
Стандартты және стандарты емес оқиғаны өңдеуіштен оқып үйрену.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
1 Кезең. Delphi бағдарламасын жүктеу
Delphi бағдарламасын жүктеңіз.
Жаңа жобаны құрыңыз.
2 Кезең. Қосымшаға компоненттерді қою
Standard компоненттер панелі парағынан Form1 формасына үш компонент Label1, Edit1 и CheckBox1 қосыңыз.
UNIT1.PAS модулінде компоненттердің көрсетілуін бақылаңыз.
3 Этап. Оқиғаларды өңдеу процедурасын құру
Егер CheckBox1 опциясы орнатылған болса, міндетті Edit1 компонентіне сан енгізілуі керек екенін көрсету болып танылатын Label1 компонентін Form1 формасында қарастырайық. Онда программаны келесідей түрде құру керек.
CheckBox1 шерткенде Label1 компонентіндегі жазу сан енгізіңіз деген жазуға өзгереді. Қолданушымен орындалған CheckBox1 шерту қосымша үшін оқиға болып табылады. Бұл оқиғаны стандартты өңдеуші OnClick шақырады. CheckBox1 компонентінің OnClick оқиғаны өңдеушісі объектілер инапекторының Events вкладкасының бірінші жолында орналасқан. OnClick оқиғаны өңдеу процедурасын құру үшін өрісте оқиға атының қасында екі рет шертіңіз. Бұған жауап ретінде код редакторы жұмыс істей бастайды, ал мезегіш қажетті бағдарламалық кодты орнатуға арналған жолдың басына ауысады. Төменде берілген мәтінді енгізіңіз:
procedure TForm1.CheckBox1Click (Sender: TObject);
begin
if CheckBox1.Checked = True then
Label1.Caption:=’Введите число’
else
Label1.Caption:=’ ‘;
end;
Егер бағдарламаны орындалу уақытында CheckBox1 опциясында шерту орындалса Delphi TForm1.CheckBox1Click (Sender: TObject) процедурасын орындайды.
Бағдарлама кодын және жобаны fam2.pas и Pr_fam2.dpr аттарымен сақтаңыз.
Жобаның орындалуын тексеріңіз және орындауға жіберіңіз. Ол үшін келесі іс-әрекеттердің біреуін орындаңыз: Run мәзіріндегі Run командасын таңдаңыз, <F9> пернесін басыңыз, немесе саймандар тақтасындағы Run батырмасын шертіңіз.
4 Кезең. Жаңа жобаны құру
Келесі әрекеттерді орындайындайтын бағдаламаны құрыңыз. Бағдарламаны іске қосқаннан кейін «Сәлемдеме» батырмасына тышқанмен шертсе «Алғашқы жетістіктер!» деген хабарлама шығады. Бағдаламадан шығу үшін «Шығу» батырмасын шерту керек.
Жаңа жоба құрыңыз (File – New – Application).
Формада компонент батырмаларын: Label белгісін және екі Button батырмасын орналастырыңыз.
Button2 батырмасын ерекшелеңіз, Объектілер инспекторындағы (Object Inspector) Қасиеттер (Properties) вкладкасына ауысыңыз, Тақырып (Caption заголовок) қасиетін табыңыз және Button2 тақырыбын «Шығу» тақырыбына өзгертіңіз.
Object Inspector терезесінің Events вкладкасына ауысыңыз, OnClick оқиғасын тауып, оның оң жағында екі рет тышқанмен шертіңіз. Тек бір ғана команда енгізіңіз: Close; (Close сөзінен кейін міндетті түрде нүктелі үтір қойыңыз).
Бағдарлама кодын және жобаны fam2.pas және pr_fam2.dpr аттарымен сақтаңыз.
Бағдарламаны іске қосыңыз. Сосын «Шығу» батырмасын шерту арқылы жоба терезесін жабығыз.
Форманы ерекшелеңіз және Object Inspector терезесінің Caption қасиетінде Form1 формасының атын «Жоба-2» ауыстырыңыз. Бұл бағдарламаның негізгі терезесінің тақырыбы болады.
Button1 батырмасын ерекшелеп, Object Inspector терезесін Caption қасиетінде Button1 батырмасының атын «Сәлемдеме» деген атқа ауыстырыңыз. Қажет болған жағдайда батырма ұзындығын ұзартыңыз.
Object Inspector терезесінің Events вкладкасына ауысыңыз және OnClick оқиғасын тауып, оның оң жағын екі рет тышқанмен шертіңіз. Келесі кодты енгізіңіз:
Label1.Caption := ‘Алғашқы жетістіктер!’;
Жобаны соңғы рет сақтаңыз. Іске қосыңыз және тестілеңіз.
Шығарылатын «Алғашқы жетістіктер!» репликасының түрін, түсін және өлшемін стандарттыдан айрықша етіп жасаңыз. Ол үшін Object Inspector Font қасиеті жолағының оң жағын екі рет шертіңіз.
«Шығу» батырмасының түрін әдемілеуіне ауыстырыңыз. Батырманы ауыстыру үшін бар батырманы жою керек, ал басқасы Additional вкладкасының компоненттер палитрасынан табу керек. Ол сол жақ шетте орналасқан және BitBtn деп аталады. Сосын оның түрін Kind қасиетінің көмегімен өзгерту керек .
«Сәлемдеме» батырмасын басқаннан кейін «Бірінші және ақырғы емес!» хабарлама экранға шығатын етіп жасаңыз. Ол үшін Label1 таңба белгісінен Caption қасиетінің Button1 батырмасының OnClick оқиғасын редакциялау кезіндегі мәнін өзгерту керек.
Орындалған pr_fam2.exe файлын Delphi ортасында емес Windows ортасында іске қосыңыз. Ол үшін Delphiден Windowsқа шығыңыз және к Windows сілтеуішін қолданыңыз.
Нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.
Delphi бағдарламасынан шығыңыз.
Бақылау сұрақтары
Unit.pas модулі неден тұрады?
Жобалаушы формаға компонентті орнатуда, код редакторы терезесінде қандай өзгерістер пайда болады?
Оқиғаларды өңдеу процедурасы қалай құрылады?
Процедура аттарын өздігінен анықтауға бола ма?
Тілдер және бағдарламалар технологиясы
№ 3 зертханалық жұмыс