Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
делфи_лаб_каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
478.21 Кб
Скачать

Деректер базасындағы навигация Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл

Жұмыстың мақсаты:

Деректер базасындағы жазылымдар бойынша көшуді жүзеге асырып үйрену.

Жұмыстың орындалу тәртібі:

1-кезең. Delphi бағдарламасын жүктеу және жоба құру

  1. Delphi жүктеңіз.

2-кезең. Компоненттерді кірістіру және оқиғаларды өңдеушілерді орнату

  1. Формаға BDE бөлігінен TTable компоненттерін және DataAccess бөлігінен TDataSource компонентін орналастырыңыз.

  2. Олардың қасиеттерін DBDEMOS деректер базасының animals кестесінен деректер жиынына орнатыңыз.

Белгіленген

объект

Object Inspector

Қасиеттің және оқиғаның аты

Орындалатын амалдар

Table1

Properties

DatabaseName

DBDemos

TableName

animals.dbf

DataSource1

Properties

DataSet

Table1

  1. Барлық өрістерді өрістер редакторында қосып, деректер жиынын құрыңыз.

Ол үшін Table1-ге екі рет шерту арқылы өрістер редакторы терезесін ашыңыз, содан соң өрістер редакторы жанама менюінен Add all fields командасы арқылы кестеден барлық өрістерді (Name, Size, Weight, Area, BMP) қосыңыз. [x] батырмасына шерту арқылы өріс редакторы терезесін жабыңыз.

  1. Формаға OnCreate оқиға өңдеушісін құрыңыз. Ол үшін формаға екі рет шертіңіз.

  2. OnCreate оқиға өңдеушісіне деректер жиынын ашатын әдісті шақыруды қосыңыз:

Table1.Open;

  1. Формаға DataControls бөлігінен TDBNavigator комопнентін орналастырыңыз және оны деректер көзімен (DataSource қасиеті тізімнен DataSource1таңдау) байланыстырыңыз.

  2. Формаға DataControls бөлігінен TDBEdit компонентін орналастырыңыз және оны деректер көзімен (DataSource қасиеті – тізімнен DataSource1 таңдау) байланыстырыңыз.

  3. DBEdit1компонентін Name деректер базасының өрісімен байланыстырыңыз.(DataField қасиеті – тізімнен Name таңдау).

  4. Формаға DataControls бөлігінен TDBImage компонентін орналастырыңыз және оны деректер көзімен байланыстырыңыз (DataSource қасиеті – тізімнен DataSource1 таңдау).

  5. DBImage1 компонентін BMP деректер базасының өрісімен байланыстырыңыз (DataField қасиеті – тізімнен BMP таңдау).

  6. Аспаптар тақтасында орналасқан Save all батырмасына шерту арқылы жобаны Менің құжаттарым-Студент бумасында сақтаңыз.

  7. Қосымшаны орындауға жіберіңіз. Навигация (>) батырмасы арқылы деректер базасының барлық жазылымдарын қараңыз.

  8. Шығу батырмасын қойыңыз(қосымша жұмысты аяқтау үшін).

  9. Нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.

3-кезең.Навигатормен жұмыс

1. Алдыңғы сабақта құрылған қосымшаны ашыңыз және деректер базасының өрістері бойынша навигация орнатыңыз.

2. Нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.

Бақылау сұрақтары:

  1. 2 кезеңде кірістірілген компонентердің негізгі қасиеттерін сипаттаңыз.

  2. Демонстрациялы деректер базасының жұмысын суреттеп беріңіз.

  3. Навигаторға үнсіз келісім бойынша қандай батырмалар қосылған?

Тілдер және бағдарламалау технологиясы

№ 17 зертханалық жұмыс

Sql тілі. TQuery компоненті Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл

Жұмыстың мақсаты

TQuery компоненті көмегімен деректер жиынын құрып үйрену, SQL-операторларды пайдаланып деректерді редакциялауды орындау, SQL Explorer утилиті көмегімен кесте құрылымын қарап үйрену.

Жалпы мағлұмат:

SQL тілі – бұл түрлі өндірушілердің деректер қорына әмбебап сұраныстар тілі.SQL тілінің операторларын пайдалану түрлі ДҚБЖ арасында деректерді тасымалдауды жеңілдетеді, сондай-ақ, қосымшаны өңдеуді жеңілдетеді.

SQL тілі SQL-операторларынан тұрады, оларды кейде SQL командалары, және кірістірілген функциялар қатары деп атайды.

Деректер жиынын құру үшін SQL-операторы SELECT пайдалана отырып, TQuery компоненті деректер базасына BDE деректер қоры машинасы арқылы қатынауды жүзеге асырады.

Create Table операторы деректерді анықтау тілінің операторы болып табылады. Ол құрылатын кестенің құрылымын сипаттайды. Жаңа жол кірістіру үшін және бар жолды жою үшін SQL-операторлары Insert және Delete пайдаланылады.

Жұмыстың орындалу тәртібі:

1-кезең. Delphi бағдарламасын жүктеу және жоба құру

  1. Delphi жүктеңіз.

2-кезең. TDataSource және TQuery компоненттерін қою, олардың оқиғаларын өңдеу

  1. Формаға компоненттер политрасының DataAccess бөлігінен TDataSource және TQuery компоненттерін орналастырыңыз.

  2. TQuery компонентін орнату үшін екі қасиет мәнін анықтап алған жеткілікті: DatabaseName қасиеті және SQL қасиеті. Таңдалған деректер базасына қандай кестелер кіретінін білу үшін SQL Explorer қосымшасын шақыру керек. Ол үшін Database – Explorer командасын орындау керек, содан соң SQL Explorer сол жақ тақтасындағы Databases бөлімінен қажетті дерктер базасын таңдау, екі рет шерту арқылы оны ашу керек, SQL Explorer тақтасының сол жағындағы Tables секциясына шерту керек. Tables секциясына екі рет шерткенде сол жақ тақтада кесте тізімі беріледі. Өріс мәндерін қарау үшін Data бөлігіне көшу жеткілікті.

  3. Топ тізімі кестесін TQuery компоненті үшін деректер жиынын екі бағана ретінде Аты-жөні және Телефон анықтаңыз.

  4. Ол үшін келесі әректтерді орындаңыз:

Белгіленген

объект

Object Inspector

Қасиеттің және оқиғаның аты

Орындалатын амалдар

Query1

Properties

DatabaseName

fam

және SQL қасиетінің оң жағына екі рет шертіп String List editor терезесін ашыңыз, онда келесі SQL-операторының мәтінін теріңіз:

Select Фамилия, Телефон from Топ студенттері

  1. Өріс редакторын шақырыңыз (ол үшін тышқанның оң жақ батырмасымен Tquery компонентін шертіңіз, Fields Editor…таңдаңыз) және жаңа екі өріс қосыңыз (Add all fields). Өріс редакторы терезесін жабыңыз.

  2. Деректер қорының деректер көзімен байланыстырыңыз.Ол үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

Белгіленген

объект

Object Inspector

Қасиеттің және оқиғаның аты

Орындалатын амалдар

DataSource1

Properties

DataSet

Query1

3-кезең. TDBGrid компонентін кірістіру және оқиғаны өңдеу

1. Формаға DataControls бөлігінен TDBGrid компонентін орналастырыңыз және оны деректер көзімен байланыстырыңыз. Ол үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

Белгіленген

объект

Object Inspector

Қасиеттің және оқиғаның аты

Орындалатын амалдар

DBGrid1

Properties

DataSource

DatabaseSource1

2. Келесі әрекетті орындап, деректер жиынын ашыңыз:

Белгіленген

объект

Object Inspector

Қасиеттің және оқиғаның аты

Орындалатын амалдар

Query1

Properties

Active

True

3. Қосымшаны орындаңыз. Алынған кестені қараңыз. Қосымша жұмысын аяқтаңыз.

4. Нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.

5. Қосымшаны жабыңыз.

Бақылау сұрақтары:

  1. SQL тілі деген не?

  2. SQL-операторларының үш тобын сипаттаңыз.

  3. SQL тілінде қандай жұмыс топтармен қолданылады?

  4. TQuery компонентінің қызметі және оның негізгі қасиетін сипаттаңыз?

  5. SQL бүтіндік шарттары қалай жөнделеді?

  6. SQL Explorer қарау және кестелерді редакторлауды қалай ұйымдастырады?

  7. Транзакция қалай орындалады және оның шегінуі?

  8. Навигатор тақтасы қандай батырма арқылы деректер тобын жаңартады?

  9. SQL Explorer сұранысты кіргізу қалай жүзеге асырылады?

  10. Жолдарды қалай қою және өшіру керек?

Өздік жұмыс

Өзіңіздің деректер базасына бірнеше запрос құрыңыз.