
- •Қосымшаларды өңдеу интегралданған ортасымен танысу.
- •Жұмыстың мақсаты
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •1 Кезең. Delphi бағдарламасын жүктеу
- •2Кезең. Интегралданған ортаны оқып үйрену
- •3 Кезең. Жоба мен модуль файлын құру және сақтау.
- •4 Кезең. Компоненттерді қосымшаға кірістіру
- •5 Кезең. Формада компоненттерді редакциялау.
- •6 Кезең. Қасиеттердегі мәндерді өзгерту
- •7 Кезең. Іс әрекетті орындаушысын анықтау
- •Оқиғаларды өңдеу
- •Жұмыс мақсаты:
- •Жұмыстың орындалу тәртібі:
- •1 Кезең. Delphi бағдарламасын жүктеу
- •Delphi бағдарламасын жүктеңіз.
- •2 Кезең. Қосымшаға компоненттерді қою
- •3 Этап. Оқиғаларды өңдеу процедурасын құру
- •4 Кезең. Жаңа жобаны құру
- •«Сұхбат» атты жобаны құру
- •1 Кезең. Delphi бағдарламасын жүктеу және жоба құру
- •2 Кезең. Қосымшаға компонеттерді орналастыру
- •3 Кезең. Компонеттер қасиеттерән Редакциялаужәне оқиғаны өңдеуші процодурасын құру.
- •4 Кезең. Бағдарламаны сақтау және іске қосу
- •5 Кезең. Компоненттер қасиеттерін өзгерту
- •«Анықтама» атты жобасын құру
- •1 Кезең. Delphi бағдарламасын жүктеу және жобаны құру
- •2 Кезең. Формаға компоненттерді енгізу
- •3Кезең. Компоненттердің қасиеттеріне түзетулерді енгізу және оқиғаларды өңдеу процедурасын құру
- •4Кезең.Бағдарламаны сақтау және іске қосу
- •5Кезең. ListBox1 компонентімен жұмыс жасау
- •6 Кезең. Компоненттердің қасиеттерін өзгерту
- •Sdi (Single Document Interface) қосымшасын құру Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •Mdi (Multiple Document Interface) қосымшасын құру Орындау уақыты: 2сағат Рейтинг: 1 балл
- •Қолданбалы интерфейсінің құрылысы Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •Анимация және графиктерді көрсететін компоненттермен жұмыс Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •Delphi бағдарламасын жүктеңіз.
- •Delphi жабыңыз.
- •Бақылау сұрақтары
- •Графиктерді бейнелеу және анимациялау үшін компоненттерімен жұмыс Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •Деректер қорымен жұмыс Орындау уақыты: 4 сағат Рейтинг: 2 балла
- •"Топ тізімі" атты кестесі
- •Деректер базасындағы навигация Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •Sql тілі. TQuery компоненті Орындау уақыты: 2 сағат Рейтинг: 1 балл
- •Тілдер және бағдарламалау технологиясы
- •Бақылау сұрақтары
Тілдер және бағдарламалау технологиясы
№ 1 зертханалық жұмыс
Қосымшаларды өңдеу интегралданған ортасымен танысу.
Орындау уақыты: 2 сағат Бағалау: 1 балл
Жұмыстың мақсаты
Қосымшаларды өңдеу интегралданған ортасының мүмкіндіктерін, негізгі компоненттерді, редакциялау тәсілдерін үйрену.
Жұмыстың орындалу тәртібі
1 Кезең. Delphi бағдарламасын жүктеу
Delphi бағдарламасын жүктеңіз.
2Кезең. Интегралданған ортаны оқып үйрену
Бағдарлама құрастырудың интегралданған ортасының терезесімен танысыңыз. Негізгі терезенің мазмұнын, форма қарастырушы терезесін, код редакторы мен объект инспекторын оқып үйреніңіз. Зейін аударыңыз, негізгі терезе бас мәзірінен, құрал саймандар тақтасынан (Standard, View, Debug, Custom) және палитра компоненттерінен (Palette) тұрады және де бас терезе Delphi жүктеліп тұрған кезде ашылады.
Бас мәзірдің барлық бөлімдерін, құрал саймандар тақтасы мен палитра компонентін оқып үйреніңіз.
3 Кезең. Жоба мен модуль файлын құру және сақтау.
Жаңа жоба құрыңыз. Ол үшін Файл-Жаңа-Қосымша (File - New Application) командасын орындаңыз.
Орындау (Run) батырмасына тышқанды шертіңіз, 1 бөлімде құрылған “бос” бағдарламада орындалады. Экрандағы барлық көмекші терезелер жоғалып, форманың координаталық сеткасы көрінбей қалады.
Delphi ортасына қайта оралу үшін <Alt + F4> пернесін басыңыз.
Жобаны сақтаңыз. Ол үшін File – Save Project as командасын орындаңыз, оны Менің құжатым – Студент бумасына pr_fam1.dpr деген атпен сақтаңыз (fam дегеніміз жұмысты орындап отырған адамның фамилиясының алғашқы үш әріпі).
Delphi жабыңыз.
Delphi жүктеңіз.
Атын дұрыс беріп, өз жобаңызды File – Open Project командасымен жүктеңіз.
4 Кезең. Компоненттерді қосымшаға кірістіру
Delphi үнсіз келісім бойынша қойылған копоненттер белгішелері мәзір жолының төменінде орналасқан компоненттер политрасында орналасқан. Delphi ортасы барлық компонент тізімін алфавит бойынша береді. Бұл тізім мәзірден Component List View немесе <Alt + V + C> командасы бойынша ашылады.
Формаға Standard терезесіндегі барлық компоненттерді орналастырыңыз, компоненттер палитрасы көмегімен келесіні орындаңыз:
- Standard парағын таңдаңыз.
- Керекті компонент үстінен тышқанды шерту арқылы формаға орналастырыңыз.
- Форманың керекті жеріне шертіңіз. Кез келген компонентті екі рет шертсек форманың ортасына орналасады.
Ескерту. Бірнеше компонентті формаға орналастыру үшін компонентті тышқанмен қайта-қайта шертудің қажеті жоқ. Мысалы: егер сізге формаға үш Label компонентін орналастыру керек делік. Ол үшін <Shift> батырмасын басып отырып Label компонентін тышқанмен шертіңіз. Компонент палитрадағы стрелкасы бар батырманы(сол жағындағы) Label компоненті таңдалып тұрады.
Форма құрастыру терезесі астында орналасқан код редакторы терезесінің (UNIT1.PAS) кез келген жерін тышқанмен шертіңіз. Назар аударыңыз: әрбір формаға қосылған компонентті Delphi автоматты түрде хабарлап түрады.
10 жаңа форма құрыңыз (File – New Form), төменде келтірілген палитра терезесінің компонент құралымен Additional, Win32, System, Data Access, Internet, FastNet, Dialogs, Samples, ActiveX, Servers.
Әр түрлі компоненттерді қоя отырып, олардың визуалды немесе визуалды емес екеніне назар аударыңыз. Визуалды емес компоненттер (вкладка Data Access) бағдарламасын орындау барысында ол экранда көрінбейді (мысалы Timer компоненті сияқты), немесе олар шақырылғанда көрінеді (мысалы, сұхбат терезесі немесе мәзір сияқты). Визуалды емес компоненттер қосымшаларды өңдеу кезінде формада пиктограммалық жазу түрінде көрінеді.