
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан-Ресей университеті
- •Студенттерге арналған бағдарлама ( силлабус)
- •Астана, 2012
- •1. Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу уақытын бөлу
- •4. Пәннің қысқаша сипаттамасы
- •6. Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары
- •7. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •9. Негізгі әдебиеттер:
- •11. Білімнің бағалануы туралы ақпарат
- •12. Баға қою саясаты Пән бойынша білім бағалау кестесі
- •13. Студенттердің білімін бағалау шкаласы
- •Практикалық сабақтар
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестері, терминдер:
- •2. Орыс тілінен қазақ тіліне аударыңыз.
- •3. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз, Қазақстанды компьютерлендіру
- •4. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Жай сөйлем
- •Сөйлем түрлері
- •1. Сөздікпен жұмыс.
- •2. Сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.
- •3. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Ақпарат және есептеу машиналары.
- •4. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. Етістіктің баламасын табыңыз.
- •Мәтінге қажетті сөз тіркестері:
- •Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыз:
- •Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Компьютердің құрылғылары
- •4. Мәтін бойынша тапсырмалар:
- •Жай сөйлем түрлері
- •IV сабақ. Компьютер
- •Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестері:
- •Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Компьютер
- •3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4. Мағынасына сәйкес сөзді тұсына жазыңыз және сол сөзбен сөйлем құраңыз.
- •1. Етістіктерді орыс тіліне аударыңыз.
- •Мәтіңді оқыңыз, аударыңыз. Жаңа ақпараттық технологиялар.
- •4. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •VI сабақ. Принтерлер мен плоттерлер.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерімен танысыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Принтерлер мен плоттерлер.
- •Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Күрделі баяндауыш
- •VII сабақ. Компьютерлік жүйелер.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестері:
- •2. Сөздер мен сөз тіркесін қазақ тіліне аударыңыз.
- •3. Мәтінді оқыңыз, қазақ тіліне аударыңыз. Компьютерлік жүйелер
- •4. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •VIII сабақ. Компьютерлік желілер.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестері.
- •2. Сөз тіркестерін оқыңыз, жаттап алыңыз.
- •3. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Компьютерлік желілер.
- •Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •IX сабақ. Компьютерлік вирустар
- •1. Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерін оқыңыз, аударыңыз.
- •2. Жаңа сөздер мен, сөз тіркестерімен танысыңыз.
- •Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Компьютерлік вирустар
- •Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Анықтауыш
- •Кесте бойынша толықтауыштың жасалу жолымен танысыңыз.
- •X сабақ. Сөйлесу қатынас құралдары
- •1. Мына сөз тіркестерін оқып, орыс тіліне аударыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Сөйлесу қатынас құралдары
- •3. Мәтінге қажетті сөздікпен танысыңыз.
- •4. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •XI сабақ. Электрондық пошта
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, аударыңыз.
- •2. Сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз.
- •Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Электрондық пошта.
- •Құрмалас сөйлем (сложное предложение)
- •XII сабақ. Іnternet желісі
- •1. Желіге қатысты сөздер тобы:
- •2. Төмендегі сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.
- •Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, аударыңыз.
- •Мәтінді оқыңыз, аударыңыз.
- •Internet желісі
- •4. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Ыңғайлас салалас
- •XIII сабақ. Ақпараттық жүйелер және оның ұғымдары
- •2. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестері:
- •3. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.
- •4. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Ақпараттық жүйелер және оның ұғымдары
- •5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •XIV сабақ. Ақпараттық технология – зор стратегиялық ресурс
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін оқыңыз, аударыңыз.
- •2. Сөздерді және сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.
- •3. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Ақпараттық технология – зор стратегиялық ресурс
- •XV сабақ. Нейрожелілік технологияның негізгі қолдану салалары.
- •1. Мәтінге қажетті сөздер мен сөз тіркесін аударыңыз.
- •2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз Нейрожелілік технологияның негізгі қолдану салалары.
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Сөж тапсырмалары
- •1. Берілген сөздерді, сөз тіркестерін жаттаңыз.
- •2. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз, Қазақстанды компьютерлендіру
- •1. Жаңа сөздерді жаттаңыз.
- •2. Мәтінді мазмұндаңыз. Ақпарат және есептеу машиналары.
- •Жаңа сөздерді жаттаңыз.
- •2. Мәтінді мазмұндаңыз. Компьютердің құрылғылары
- •Жақсыз сөйлем.
- •IV сөж тапсырмасы
- •Жаңа сөздерді жаттаңыз.
- •Мәтінді мазмұндаңыз. Компьютер
- •V сөж тапсырмасы
- •1. Жаңа сөздерді жаттаңыз.
- •2. Мәтінді мазмұндаңыз. Жаңа ақпараттық технологиялар.
- •VI сөж тапсырмасы
- •1. Жаңа сөздерді жаттаңыз
- •2. Мәтінді мазмұндаңыз. Принтерлер мен плоттерлер.
- •VII сөж тапсырмасы.
- •Жаңа сөздерді жаттаңыз.
- •2. Мәтінді мазмұндаңыз. Компьютерлік жүйелер
- •VIII сөж тапсырмасы
- •Жаңа сөздерді жаттаңыз
- •Мәтінді мазмұндаңыз. Компьютерлік желілер.
- •IX сөж тапсырмасы
- •2. Мәтінді мазмұндаңыз. Компьютерлік вирустар
- •X сөж тапсырмасы
- •Жаңа сөздерді жаттаңыз.
- •2. Мәтінді мазмұндаңыз. Сөйлесу қатынас құралдары
- •XI сөж тапсырмасы
- •1. Жаңа сөздерді жаттаңыз.
- •2. Мәтінді мазмұндаңыз. Электрондық пошта.
- •XII сөж тапсырмасы
- •1. Жаңа сөздерді жаттаңыз.
- •2. Мәтінді мазмұндаңыз.
- •Internet желісі
- •XIII сөж тапсырмасы
- •Ақпараттық жүйелер және оның ұғымдары
- •XIV сөж тапсырмасы
- •Жаңа сөздерді жаттаңыз
- •Мәтінді мазмұндаңыз. Ақпараттық технология – зор стратегиялық ресурс
- •XV сөж тапсырмасы
- •2. Мәтінді мазмұндаңыз. Нейрожелілік технологияның негізгі қолдану салалары.
- •Глоссарий
- •Мазмұны
Жай сөйлем
Бір ойды білдіре алатын сөздер тобын сөйлем дейміз. Сөйлем – ойды білдіретін тілдің ең кіші бөлшегі. Сөйлем ойды білдіруімен қатар екінші бір ерекшелігі: оның белгілі дауыс ырғағы, интонациясы болады. Әр сөйлем бас әріппен басталып жазылады.
Сөйлем түрлері
Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлем болып бөлінеді.
Хабарлы сөйлем - айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі.
Мысалы: Мен жалақы алдым.
Сұраулы сөйлем - жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем.
Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады:
а) Сөйлемде сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы. Не үшін?
ә) ма, ме, ба, бе, па, пе, ша,ше шылауларының қолдануы арқылы. Жерім жаман ба?
б) ғой, қой, -ау,-еу шылауларының , ә, сірә сияқты оқшау сөздердің; болар, шығар, қайтеді, білемін деген көмекші сөздердің сұрау мәнінде қолданылуы арқылы:
– Осы ғой алған жоспары? – Иә, осы.
в) Сұрау интонация арқылы. Япырай, ие бермей кетпесе?
Бұйрықты сөйлем - біреуге бұйыру, тілек – өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем.
Бұйрықты сөйлемде интонация біркелкі бола бермейді: бірде хабарлы сөйлем интонациясымен айтылса, бірде лепті сөйлем интонациясымен айтылады да, соған сәйкес сөйлем соңында нүкте(.) я леп белгісі(!) қойылады. Бұйрықты сөйлемнің баяндауышы етістіктің бұйрық рай тұлғасынан және бұйрық не шартты рай тұлғасына тілек-өтініш мәнді –шы, -ші жұрнағының үстеуі арқылы жасалады. М: Бар! Шап! Жиып кел тегіс! – деді...
Лепті сөйлем - айтушының көңіл күйін (қуану, ренжу, зеку, алу, өкіну т.б.) білдіретін сөйлем.
Лепті сөйлем ерекше әуенмен айтылып, дауыс ырғағы сөйлем соңында да көтеріңкі қалыпта болады. Соған сәйкес сөйлем соңында леп белгісі (!) қойылады. Құнанбай қатты зекіп қалып:
Жә, тоқтат! – деді. (М.ә)
5-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді лепті сөйлемге айналдырыңыз.
Мынау қоян жепті ғой.
Не күдігіңіз бар еді?
Қандай айғақ таптыңыз?
Телғараның оянбағанын қарашы.
6-жаттығу. Берілген хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыз.
Менің ағаларым - өте жақсы адамдар. Тоғжан өлең айтады. Жұмысшылар зауытқа барады. Мен теміржол бекетінде жұмыс істеймін. Қонақтар төргі бөлмеде дастархан басында отырады. Жеңіс машинасын әдемілеп жуады. Сәбит ауыр жұмыс істеп отыр. Назым емтиханды жақсы тапсырып жатыр.Сіздер дәлізде қазақша сөйлеп тұрсыз.
ІІ сабақ. Ақпарат және есептеу машиналары.
1. Сөздікпен жұмыс.
Өңдеу, негізгі құрал, жеке пайдаланылатын, жобалау ісі, түбегейлі түрде, ғылыми зерттеу, ғылыми зерттеу, білім беру, құрал–сайман, құрылғы, есептеу машиналары, мақсаттарда пайдалану, өндіріс технологиясы, өндірісті жоспарлау, бұйым жасау істері, жұмыстарды оңайлату, қарым–қатынас жасау, компьютерлік сауаттылық, мәдениеттіліктің белгісі, мәліметтерді айқындай білу, адамдардың қолмен істелетін жұмыстары, нәтижелерді талдау, тәсіл, жетік меңгеру, кеңінен қолданыла бастады, адамдардың жұмыстарының мазмұндары, ақпарат іздеу жолдары, мәдениет иесі, тиімді пайдалану, керекті мәліметтерді айқындай білу.