
- •Мамандық әлемінде
- •Он маман
- •Менің мамандығым
- •Қ.И. Сәтбаев – тұңғыш академик
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Банк қызметі
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Маркетингтік қызмет
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. «болашақ» бағдарламасы
- •Инфляция
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Ұлттық байлық
- •Қазақстанның пайдалы қазбалары
- •Менеджментті дайындайтын үш орталық
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Жарнама
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Бухгалтерлік есеп
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Демократия формалары
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •Менеджмент
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Лицензия
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Өсімдік және медицина
- •Аукцион
1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
2. Тапсырмаларды орындау
3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. «болашақ» бағдарламасы
Біз, осы заманғы білім беру жүйесін белсенді түрде дамытып, білікті мамандар даярлап шығаруымыз қажет. «Болашақ» бағдарламасының қол жеткізген табыстары негізінде, елімізге шет елдің ең үздік деген мамандарын тартумен қатар, шетелде оқитын Қазақстандық студенттеріміздің білім алуын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселесіне ерекше назар аударуымыз керек.
Бізге Қазақстанды алға бастайтын, бүгінгі заман талабына сай білімді азаматтар қажет. Сонымен қатар, бізге әлемнің ең беделді оқу орындарын бітіріп, сол елдің тілін жетік меңгерген, халқымен еркін байланыс құра білетін түлектер керек. Олар еліміздің дамуы үшін жаңа технология жүйесін әкеледі. Бізге жаңа ғылым қажет, бізге білімді адамдар қажет. XXI ғасыр – бұл білім бәсекелесі, сондықтан мен тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап-ақ, «Болашақ» бағдарламасын құруды жөн деп шештім. Бүгінде 800-ге жуық жас қыздарымыз бен жігіттеріміз шетелдерден бітіріп келіп, еліміздің экономика саласында қызмет атқаруда.
Мемлекетіміз тарапынан қолдау көрсеткен жағдайда ғана, жастарымыз тұрақты, әрі өмірдегі орны мен бағытын нақты анықтай алады. Жастарға өте сапалы шетелдік білім беруге жағдай жасау – мемлекеттік жастар саясатының басым бағыты болуы тиіс.
1993 жылдың 5 қарашасында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен халықаралық «Болашақ» шәкіртақысы бекітілді. Бұл бағдарламаны құрудың негізгі мақсаты – дарынды жастардың сапалы білім алуын қамтасыз етіп, шетелде алған білімдерін елдің жарқын болашағы үшін жұмсауына мүмкіндік туғызу.
1994 жыл мен 2004 жылдары аралығында «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 800 шәкіртақы тағайындалды. Бұл «Болашақ» түлектерінің қызмет сатысындағы жетістіктері мен кәсіби шеберлілігін арттыруды қамтамасыз етті. Бұған бағдарлама бойынша оқуын бітіріп келген, бүгінде мемлекеттік қызметте, жергілікті және орталық қызмет атқару органдарында, халықаралық мекемелер мен өкілдіктерінде, түрлі ұлттық компанияларда, акционерлік және қаржы, білім саласында қызметін өткізуді ұйымдастыру шараларын, 2005 жылғы Елбасымыздың бүкіл халыққа арнаған жолдауын жүзеге асыру мақсатындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №301 жарлығымен 2005 жылдың 4 сәуірінде құрылған «Халықаралық бағдарламалар орталығы» қамтамасыз ете бастады. Алғашқы рет жоғарғы арнаулы білім мен бакалавриат дәрежесінде білім алғысы келетін үміткерлер үшін шәкіртақы бөлінді. Сонымен қатар, бірінші рет бағдарламаның білім беру аясы кеңейді. Үміткерлер енді АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Австралия, Австрия, Венгрия, Дания, Испания, Италия, Канада, Қытай, Малайзия, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Польша, Сингапур, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Швейцария, Оңтүстік Корея мен Жапония жоғарғы оқу орындарында білімдерін жетілдіре алады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев
Тапсырмалар:
Мәтінді оқып аударыңыз.
Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
білім беру жүйесі,
білікті мамандар, мемлекеттік бағдарлама,
заман талабына сай,
жетік меңгерген,
байланыс құру,
түлектер,
білім бәсекелесі, жастар саясаты,
дарынды жастар, кәсіби шеберлік.
Мәтінге жоспар құрыңыз. Жоспар негізінде мәтінді ауызша баяндап беріңіз.
Мәтін мазмұнын түсінгеніңізді дұрыс жауабын «шын» немесе «жалған» таңдай отырып, дәлелдеңіз.
«Болашақ бағдарламасы жайында не білесіз?» тақырыбына сұхбат құрыңыз.