- •Мамандық әлемінде
- •Он маман
- •Менің мамандығым
- •Қ.И. Сәтбаев – тұңғыш академик
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Жеке адам, топ және ұжым
- •Банк қызметі
- •Менеджер және ұйым
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Маркетингтік қызмет
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. «болашақ» бағдарламасы
- •Инфляция
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Ұлттық байлық
- •Қазақстанның пайдалы қазбалары
- •Менеджментті дайындайтын үш орталық
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Жарнама
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Бухгалтерлік есеп
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Демократия формалары
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •Менеджмент
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Лицензия
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Өсімдік және медицина
- •Аукцион
Қ.И. Сәтбаев – тұңғыш академик
Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899 – 1964) – аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. Туған жері – бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Аққелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).
Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қ. Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да; мәдениет саласында да; тарихта да қалдырған ізі сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақағанда, жағдайдың аса қиын ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көрегендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы – кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі.
Ол – геология ғылымына қатысты әлемдік, одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі толып жатқан комиссиялардың, комитеттердің мүшесі, басшыларының бірі; бірнеше мәрте КСРО және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты, съездерінің делегаты, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің президиумының мүшесі. Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған. Оның есімі институттар мен кен-металлургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай-ақ Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған бірнеше мұражайлар бар.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Қ.Сәтбаев кім болған?
Қ.Сәтбаев қай жерде туған?
Қандай оқу орынын бітірген?
Қай жердің кен байлығын ашқан?
Қандай сыйлықтар алған?
Қандай мектептің негізін қалаушы?
3. Мәтіннен есімшелерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Күзекова З. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана: Таным, 2003.
2. Күзекова З., Қарақұсова Г. Қазақ тілі (ЖОО экономика факультеттеріне арналған). Алматы: Қаржы-қаражат, 1997.
3. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.
4. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (2-тақырып) [қосымша 1, 2, 9]
Ұлы ғұлама ғалымдар туралы реферат жазыңыз немесе слайд жасаңыз.
«Экономика» сөзінің анықтамасын жазыңыз.
2-тақырып. Адам және қоғам. Салауатты өмір салты. Кәсіби мәтін: Банк қызметі. Көсемше.
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары:
