
- •Мамандық әлемінде
- •Он маман
- •Менің мамандығым
- •Қ.И. Сәтбаев – тұңғыш академик
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Банк қызметі
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Маркетингтік қызмет
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. «болашақ» бағдарламасы
- •Инфляция
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Ұлттық байлық
- •Қазақстанның пайдалы қазбалары
- •Менеджментті дайындайтын үш орталық
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Жарнама
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Бухгалтерлік есеп
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Демократия формалары
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •Менеджмент
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Лицензия
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Өсімдік және медицина
- •Аукцион
Менеджер және ұйым
Ұйымның сипаттамасы. Менеджментті оқып білу үшін ұйымның не екенін, неге басқару керек екенін білу қажет. Ұйым менеджерлер әлемінің негізін құраушы және менеджменттің өмір сүруінің негізі болып табылады.
Ұйым дегеніміз не? Қандай да бір топ ұйыммен санасу үшін бірнеше міндетті талаптарға сәйкес болу керек.
Осы топтың бөлігі деп санайтын кем дегенде екі адамның болуы;
Осы топтың барлық мүшелеріне ортақ болып саналатын кем дегенде бір мақсаттың болуы;
Мақсатқа жету үшін бірге жұмыс істейтін топтың мүшелері болуы.
Осы сипаттарды төмендегі анықтама аламыз:
Ұйым дегеніміз – ортақ мақсатқа жету үшін қызметтері біріктірілген адамдар тобы.
Ұйымдар ресми және бейресми деп бөлінеді. Егер ұйым жоғарыдағы талаптарға сай болса, ол ұйым формалды болып табылады.
Бейресми ұйымдар – бұл аяқ астынан шыққан топтар, бірақ мұнда да адамдар өзара байланысты болады.
Күрделі ұйымдар – бұл өзара байланысты мақсаттардың жиынтығынан тұратын ұйымдар.
Ұйымдар формасы, мақсаттары, ұйымдық құрылымы бойынша ерекшеленеді, сонымен қатар ортақ сипаттары бөлініп шығады. Ұйымның бес ортақ қасиеттері табысқа, жетістікке жету үшін ұйымды не үшін басқару керек екенін түсінуге көмектеседі.
Олар:
Ұйымның ресурстары.
Сыртқы ортаға тәуелділігі.
Көлденең еңбек бөлінісі.
Бөлімдер.
Тік еңбек бөлінісі.
Жаңа сөздер:
санасу- біріктіру-
талаптар- бейресми-
мақсат- жетістік-
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып, аударыңыз.
2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Ұйымның сипаттамасы қандай?
Ұйым дегеніміз не?
Ұйымдар қалай бөлінеді?
Ұйымның бес ортақ қасиеттерін атаңыз.
3. Сөз тіркесін жасаңыз.
Ұйыммен ... , ортақ мақсатқа ... , өзара ... .
4. Мәтін бойынша сұхбаттасыңыз.
“ӘДІЛЕТТІ” САЛЫҚ
Салықты қарапайым тілмен айтатын болсақ – оны мемлекеттік бюджет деуге болады. Ал, мемлекет кім – ол өзіміз, ол біздер.
Мемлекеттік бюджетті толдыру – үлкен мәселе. Екінші үлкен мәселе – өндірісті қалай көтереміз. Қазақстанда өндірісті көтермесек, салық та түспейді, мемлекет болмайды. Тәуелсіз мемлекетте әр уақытта өз өндірістің күшті болғаны жөн. Осы үшін үкімет бөлу функциясын пайдалануы қажет. Ол үшін жақсы өнім беретін, сұранысқа ие өнім беретін өндірісте салықты төмендетуге болады. Екіншіден, кім сол салықты жинайды – тек қана таза адам болуы керек.
Мемлекеттік қызметкер басқа мемлекетте үлкен жалақы алады, үлкен жеңілдіктерге ие болады. Ал, егер қателессе, оның ұрпағы да қызметке алынбайды. Қателесу, заңсыздыққа бару – өз мемлекетіне қарсы қылмыс жасау болып табылады. Басқа еуропалық мемлекеттерде салық бойынша қылмыскерге жеке ауыр қылмыскерлерден де қатаң жаза береді. Неге десеңіз, жай адам мүмкін жеке адамға зиянын тигізсе, салық саласындағы қылмыскер мемлекет үшін, халық үшін үлкен қылмыс жасайды, яғни көп адамға – халыққа зиянын тигізеді.
Салық саясатының мақсаты болуы керек дейміз. Ол мақсаттар қандай: біріншіден, өз мемлекетін көтеріп, тәуелсіз мемлекет болуы үшін; екіншіден, бәріміз үшін, әрбіріміз үшін салық төлеу – төлемегеннен тиімді болуы керек. Салық төлеу – бір жағынан ұлттық, азаматтық міндет болып саналады, патриотизм болуы керек.
Естуімізше, АҚШ-та салық түрі өте көп, бірақ олар ең алдымен салық төлеу үшін жұмыс істейді. Бізде ондай мәдениет, патриотизм төмен, бұл Қеңес Одағы кезінен қалыптасқан әдет. Салық саясатын жүргізгенде үкімет халықтың мүддесімен сай келетін нүктені табу керек.
Жаңа сөздер:
өндіріс – сұраныс –
жеңілдік – қылмыскер –
зиян – салық саясаты –
азаматтық міндет – мүдде –
Тапсырмалар:
Мәтінді оқыңыз.
Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.
Мәтінді мағыналық жағынан бөлімге бөліңіз.
Жоспарыңыз бойынша мәтінді әңгімелеңіз.
Салық болмаса мемлекет бола ма?
Әр елге ортақ салық түрлерін атаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.
2. Күзекова З. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана: Таным, 2003.
3. Қарабаева Қ. Қазақ тілі. Алматы: Қазақ университеті, 2004.
4. Күзекова З., Қарақұсова Г. Қазақ тілі (ЖОО экономика факультеттеріне арналған). Алматы: Қаржы-қаражат, 1997.
5. Әкімбеков С. Баймұхамбетова А. Жанайдаров У., Экономикалық теория. Алматы, 2001.
6. Байгісиев М., Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы, 1998.
7. БайжомартовҮ.С.,Жүнісов Б.А., Мүсіров Ғ.М., Экономикалық ілімдер тарихы. Ақтөбе, 2005.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары [қосымша 1, 2, 6, 9, 17]
1.«Менеджер және ұйым» тақырыбына сөзжұмбақ құраңыз.
4-тақырып. Қоғамдағы отбасының қызметі. Отбасы. Кәсіби мәтін: Маркетингтік қызмет. Шылау. Септеулік, демеулік, жалғаулық шылаулар...
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары: