Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Оқу материалыІІ семестр ЭИ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
132.77 Кб
Скачать

Банк қызметі

Банктік жүйе – өндірістік инфрақұрылым. Өндіріс болса, банк керек. Банк бос капиталды өзіне жинап, оны мұқтаж болып отырған кәсіпорындар мен адамдарға қарызға береді. Біздің елде банктік жүйе екі деңгейлі. Біріншісі – мемлекеттік, екіншісі – коммерциялық банктер. Ұлттық банктер бірінші, екінші деңгейдегі банктерді тексереді, тіркейді. Әр банк сайын Ұлттық банк лицензия береді. Ұлттық банк басқа банктерді жиі тексереді. Банк жұмысы нашар болса, лицензияны қайтарып алады, жабады.

Коммерциялық банктер – екінші деңгейдегі банктерге жатады, олар жеке де, акционерлік те болады. Банктер инфляция болмауын жүзеге асырады. Ұлттық банк коммерциялық банктегі ақша айналымын үнемі тексеріп отырады.

Банк қарыз беруші мен қарыз алушының арасында делдалдық жасайтын, сөйтіп ақша капиталымен сауда жүргізетін мекеме. Банктер несие (кредит) саясатын жүзеге асырады. Еліміздің байлығы, беделі экономистерге, банкирлерге тікелей байланысты. Банктік жүйе жақсы жұмыс істемесе, біз қарызға батамыз.

Тапсырмалар:

1. Мәтінге жоспар құрыңыз.

2. Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздерді, сөз тіркестерін, терминдерді теріп жазыңыз.

3. Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңіз.

4. Таныс емес сөздердің мағынасын сөздікті пайдаланып анықтаңыздар.

5. Мәтіннен көсемшелерді тауып, түрін ажыратыңыздар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Күзекова З. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана: Таным, 2003.

3. Қарабаева Қ. Қазақ тілі. Алматы: Қазақ университеті, 2004.

4. Күзекова З., Қарақұсова Г. Қазақ тілі (ЖОО экономика факультеттеріне арналған). Алматы: Қаржы-қаражат, 1997.

5. Әкімбеков С. Баймұхамбетова А. Жанайдаров У., Экономикалық теория. Алматы, 2001.

6. Байгісиев М., Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы, 1998.

7. БайжомартовҮ.С.,Жүнісов Б.А., Мүсіров Ғ.М., Экономикалық ілімдер тарихы. Ақтөбе, 2005.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 1, 15]

1 «Банк қызметі» буклет жасаңыз.

2 «Салауатты өмір салты» шағын әңгіме жазыңыз, слайд жасаңыз.

3-тақырып. Жеке адам, топ және ұжым. Менеджер және ұйым. Кәсіби мәтін: «Әділетті» салық. Үстеу екен, мезгіл, күшейткіш т.б.)

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары:

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Жеке адам, топ және ұжым

Ұжым – күрделі оркестр,

онда әркімнің өз аспабы болады,

сол аспабымен ойнайды.

В.А.Сухомлинский

Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адамның қалыптасуы қоғамның дамуымен байланысты қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.

Басқалармен қарым-қатынасқа түсу қай жастағыларға болмасын, оған ұйқы, демалу, киім-кешек, баспана қандай қажет болса, қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Қарым-қатынас «топ», «ұжым» деген ұғымдармен тікелей байланысып жатады.

Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат – мұратына жете алмайды, ол ылғи да топпен бірге өмір сүретіні белгілі. Ал топтың түрлері сан-алуан, шағын (микро), ресми, бейресми, формалы, формасыз, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, табиғи, референттік болып бірнешеге бөлінеді. Топтағылар ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте, белгілі уақыт ішінде бір-бірімен араласып іс-әрекет жасайды.

Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі – ұжым (коллектив) деп аталады.

А.С. Макаренконың дәлелдеуінше ұжым адамдардың жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы.

Нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі. Осыған байланысты қоғамның бастапқы бір ұясы болып саналатын оқушылар, студенттер ұжымы басқа ұжымдармен байланыста болуы тиіс, оның алдында қоғам мен ел алдындағыдай міндеттер тұрады.

А.С.Макаренко атап көрсеткен ұжымды сипаттайтын міндеттер бүгінгі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол міндеттер:

  • ұжым алдындағы айқын мақсат;

  • ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы;

  • ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы;

  • өз арасында міндеттер белгілеуі;

  • белгіленген міндеттерді орындау;

  • қатаң тәртіптің болуы;

  • өз мүшелері үшін ұжымның жуапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, қайырымдылық қарым – қатынастың болуы.

Тапсырмалар:

1. Адам неге қоғамнан тыс өмір сүре алмайды?

2. Қоғамның бастапқы ұясы болып табылатын ұйым?

3. «Ұжым » деген ұғымды қалай түсінесіз?

4. Топ пен ұжымға мысал келтіріңіз....