Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Оқу материалыІІ семестр ЭИ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
132.77 Кб
Скачать

Аукцион

Тауар және басқа құндылықтарды сатуды ұйымдастырудың көпшілік алдында сауда-саттық өткізуге негізделген нысаны (формасы). Аукциондық сауда сатып алушылардың бәсекелестігі принципіне негізделген. Аукционға қатысушының ең жоғары баға ұсынғаны сатып алу құқығына ие болады.

Аукционның негізгі түрлері – тауар және валюта аукциондары. Тауар аукциондарында өнер туындылары, зергерлік бұйымдар, бағалы аң терілері, сондай-ақ сирек кездесетін және жоғары сұранымға ие басқа да тауарлар мен құндылықтар сатылады.

Валюта аукциондары сатып алу қабілеті жоғары, еркін айырбасталымды валютаны ұлттық валютаға конкурстық негізде сату үшін ұйымдастырылады. Валюта аукциондары ұлттық валюта айырбасталымдылығына септігін тигізетін құралдардың бірі болып табылады:

АУКЦИОНДЫҚ ТАУАРЛАР (СТРИНГ – ағылш. қатар)

Аукциондар арқылы сатылатын, өзгеше сипатты, сапасы бар тауарлар. Топта (лоттар) бірдей сапа бойынша сұрыпталады, сапасы ұқсас лоттан неғұрлым ірі топтарға – стрингтерге топтастырылады. Әрбір лоттан және стрингтен көзтартарлық үлгілер іріктеліп алынады.

АУКЦИОН ЕРЕЖЕЛЕРІ – аукционға тауар жеткізу, тауарларды сату, өзара шарттарды әзірлеу және сатып алынған тауарларды алу ережелері. Негізгі ережелерге мыналар жатады: тауарларды қабылдау уақыты мен тәртібін, оларды көру мерзімін, сауда-саттықты өткізу ережелері мен өткізу уақытын белгілеу, өзара шарттарды әзірлеу және тауарларды алу тәртібі.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.

3. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, қосымшаның түрін анықтаңыз, сөйлемді көшіріп жазыңыз.

Тауар аукциондарында өнер туындылары, зергерлік бұйымдар, бағалы аң терілері, сондай-ақ сирек кездесетін және жоғары сұранымға ие басқа да тауарлар мен құндылықтар сатылады.

4. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз: сирек кездесетін, сапасы бар.

5. Жаңа сөздерді жаттаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Күзекова З. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана: Таным, 2003.

3. Қарабаева Қ. Қазақ тілі. Алматы: Қазақ университеті, 2004.

4. Күзекова З., Қарақұсова Г. Қазақ тілі (ЖОО экономика факультеттеріне арналған). Алматы: Қаржы-қаражат, 1997.

5. Әкімбеков С. Баймұхамбетова А. Жанайдаров У. Экономикалық теория. Алматы, 2001.

6. Байгісиев М., Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы, 1998.

7. БайжомартовҮ.С.,Жүнісов Б.А., Мүсіров Ғ.М. Экономикалық ілімдер тарихы. Ақтөбе, 2005.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (14-тақырып) [қосымша 5, 15]

1. «Дәрілік өсімдіктер» тақырыбына буклет жасаңыз

2. «Аукцион» тақырыбына сөзжұмбақ жасаңыз

15-тақырып. Қайталау. Қорытынды. Емтиханға дайындық.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары:

1. Фонетика, лексика, морфология және синтаксис тақырыптарын қайталап өту.

2. Емтиханның бірінші сұрағы бойынша тест тапсырмаларын қайталау.

3. Аудармаға арналған мәтіндермен жұмыс жүргізу.