Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Оқу материалыІІ семестр ЭИ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
132.77 Кб
Скачать

Лицензия

ЛИЦЕНЗИЯ – ұйымдардың немесе жеке адамдардың патенттермен қорғалған өнертабысты, техникалық білімді, тәжірибені, өндірістік құпияларды және тағы басқаларын пайдалануына арнаулы рұқсат (келісімі). Өнертабысты пайдалану құқын беру лицензиялық шартпен хатталып, қосымша шығын жұмсамай-ақ лицензияға (патент иесіне) табыс әкеледі. Өнертабыстан бұрынғы ғылыми-техникалық жұмыстарға жұмсалған шығынның орнын белгілі дәрежеде толтырады. Өнертабыстың еркін әкелінуіне, шығарылуына немесе транзитіне рұқсат етілмейтін тауарлардың әкелінуіне, шығарылуына немесе транзитіне мемлекеттік ұйымдардан алынатын арнайы рұқсат.

Лицензияның бірнеше түрлері бар. Олар: бір жолғы лицензия, жай лицензия, ұласпалы лицензия, мәжбүрлеу лицензиясы.

Лицензиялық сауда – технологиямен халықаралық сауда жасаудың сондай-ақ «ноу-хау», өнертабыс патенттері мен лицензиялары жөнінде мәмілеге келудің негізгі нысаны.

ЛИЦЕНЗИАТ (лицензия алушы) – лицензия сатып алушы ретінде әрекет ететін жеке адам немесе заңды ұйым, яғни өнертабысты белгілі бір уақыт мерзіміне жеке кәсіптік және коммерциялық пайдалану құқығын белгілі бір сыйақыға сатып алушы.

Жаңа сөздер:

қорғалған – бір жолғы –

өнертабыс – ұласпалы –

өндірістік құпия – мәжбүрлеу –

арнаулы рұқсат – мәміле –

тәжірибе – хатталады –

қосымша шығын – рұқсат етілмейтін –

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазып, аударыңыз.

3. Жаңа сөздерді жаттаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Күзекова З. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана: Таным, 2003.

3. Қарабаева Қ. Қазақ тілі. Алматы: Қазақ университеті, 2004.

4. Күзекова З., Қарақұсова Г. Қазақ тілі (ЖОО экономика факультеттеріне арналған). Алматы: Қаржы-қаражат, 1997.

5. Әкімбеков С. Баймұхамбетова А. Жанайдаров У. Экономикалық теория. Алматы, 2001.

6. Байгісиев М., Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы, 1998.

7. БайжомартовҮ.С.,Жүнісов Б.А., Мүсіров Ғ.М. Экономикалық ілімдер тарихы. Ақтөбе, 2005.

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары: [қосымша 1, 15]

1. «Су – тіршілік көзі» тақырыбына шығарма жазының немесе слайд жасаңыз.

2. «Қызыл кітапқа енген жануарлар» реферат немесе слайд жасаңыз.

14-тақырып. Өсімдік және медицина. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері.

Кәсіби мәтін: Аукцион. Аралық тест. Төл сөз. Төлеу сөз.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары:

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді сөздікпен аударту.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

5. Кәсіби мәтіндерді оқып, аударту.

Өсімдік және медицина

Қазақстан табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Соның 500 түрінен дәрілік заттар алынады. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген. Әбу Насыр Әл-Фараби, Әбу-Әли Ибн-Сина қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40%-ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу фитотерапияда, үй жағдайында кеңінен қолданылады. Ол үшін “дәрісіз ем-домды” дәрілік өсімдіктен іздеуіміз керек. Бұған дәлел халық нақылы “Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады”. Емдік шөптер – үйіміздің жанында, бау-бақшамызда және далада, жол бойларында кездесетін шөптерде. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірлік маңызы зор. “Мың теңге тұратын дәрі дәл шарбағыңнын түбінде өсіп тұр”. Біздің тұрып жатқан жерімізде дәрілік өсімдіктердің түрлерінің 60% өседі. Оларға мынадай өсімдіктер жатады. Жабайы өсімдіктерден – жолжелкен, қалақай, жусан, жалбызтікен, сексеуіл, дәрілік түймедақ, итбүлдірген, бақ-бақ, мия, адыраспан.

№1 сызба

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, жаңа сөздерді аударыңыз.

2. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, қосымшаның түрін анықтаңыз, сөйлемді көшіріп жазыңыз.

Жер жүзі...дегі дәрілердің 40%-ы өсімдік... дайында...ады екен.

Өсімдіктер сарқыл...йтын қазына емес, сондықтан о...ды орынды пайдалан..., қорғай білудің өмір... маңыз... зор.

4. Мәтіннен зат есімдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.

5. Мәтіннен сан есімдерді тауып, түрлерін ажыратыңыз.

5. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеңіз.

6. Жаңа сөздерді жаттаңыз.