Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Оқу материалыІІ семестр ЭИ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
132.77 Кб
Скачать

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау.

3. Мәтіндерден жаңа сөздерді сөздікпен аударту.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

5. Кәсіби мәтіндерді оқып, аударту.

Өсімдіктердің тіршілік формалары

Адамзат дамуының алғашқы дәурінде адамның негізгі қорегі өсімдік болды. Ертедегі египеттіктерге алоэ, қараған, зығыр, лотос, жалбыз, тал, арша, т.б. өсімдіктердің емдік, шипалық қасиеттерінің болғанын жазба деректер дәлелдейді. Бұдан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана білген. Қытайда дәрілік өсімдіктер жөнінде алғашқы кітап бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған. Орта ғасыр ғалымы Парацельс ерте заманнан келе жатқан ілім бойынша «емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі мен иісі аурудың сипатына сай келуі тиіс» дейді. Қазақ халқының емшілік салтында шипалы өсімдіктерді пайдалану ежелден бар дәстүр. Халық емшілері бұл жөнінде көптеген тәжірибелер жинаған. Мысалы, қазақтардың қылшадан дәрі жасауына сүйеніп, 1924 жылы П.С. Моссагетов Қазақстанда өсетін қырықбуын қылшасының шипалы қасиетін ашқан. Қазақстанда өсетін тағы да бір шипалы шөп – мақсыр, немесе марал тамыр (рапотник). Кейінгі жылдары дәрілік өсімдіктер қатарынан жусан, мыңжапырақ (тысячелистник) –биіктігі 30-70 см-дей көп жылдық шөптесін өсімдік. Халық медицинасында дәрілік өсімдіктердің ішінде женьшень сияқты адам организміне әл, күш беретін дәрілік өсімдіктер жиі кездеседі.

Тапсырмалар.

  1. Мәтін бойынша сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыз.

  2. Мәтінді оқып, аударып, түсінгендеріңіз туралы әңгімелеңіз.

  3. Емдік, шипалық, дәрілік, өсімдік сөздерін аударып, сөйлем құрастырыңыз.

  4. Адамзат дамуының алғашқы дәурінде адамның негізгі қорегі өсімдік болды. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

Қазақстанның «қызыл кітабы»

«Қызыл кітап» деген сөз 1966 жылы Табиғат және табиғат ресурстарын Қорғаудың Халықаралық Одағының түрлерді сақтап қалу туралы Комиссиясы дүниежүзінде жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлері енгізілген «Фактілердің Қызыл Кітабын» дайындап шығарғанда пайда болды.

Қазақстанда «Қызыл кітап» Республика Үкіметінің 1978 жылдың 16 қантарындағы қаулысы бойынша бекітілді. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі 1979 жылы қаңтар айында жарық көрді. Бұл кітапқа омыртқалы жануарлардың 87 түрі, оның ішінде: сүтқоректілер – 37, құстар – 43, бауырымен жорғалаушылар – 8, қосмекенділер – 1 және балықтардың 4 түрі тіркелді. 1981 жылы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының екінші бөлімі жарық көрді.

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы – республика территориясында кездесетін сирек, саны азайып немесе жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы оларды ғылыми зерттеу, қорғау, қалпына келтіру және тиімді пайдалану туралы толық мәліметтері бар негізгі құжат. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына тіркелген жануарлар мен өсімдіктер түрлері еліміздің барлық территориясында ерекше қорғауды қажет етеді; бұл түрлерді ұстауға (жинауға) қатаң тыйым салынған.

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына тіркелген кейбір аң-құстар:

Қоқиқаз (Фламинго). Саны кеміп келе жатқан, республикамыздың түрлі аудандарында ұялайтын қоқиқаздың Еуразияның ең солтүстігіндегі ұялайтын қонысы болып табылады. Бұл құстың тобындағы саны жылма – жыл 5 мыңнан 50 мыңға дейін ауытқып отырады. Су қоймаларының гидрологиялық жағдайының бұзылуы және ұялайтын уақытта құстар жиналған жерде адамдардың болуы қоқиқаз үшін аса қауіпті.

Сұңқылдақ аққу. Соңғы он жыл ішінде бұл аққу Сырдарияның аңғарында, батыс, шығыс, орталық және солтүстік Қазақстанның өзен – көлдерінде ұяламайтын болды. Оның орнына бұл жерлерде сыбырлақ аққулар көптеп кездеседі.

Бүркіт. Біртіндеп таралу аймағы тарылып, саны қысқарып келе жатқан құс. Оған басты себептері қолға ұстап, құсбегілікпен айналысу үшін балапандарын ұядан алу және мекендеу ортасы мен қорек қорының азаюы, электр тарату жүйелерінің тірегінде өлім – жітімге ұшырау, улы заттарды шашу мен қасақылық. Көпшілік арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, пайдалану тәртібін реттеу және қасақылықпен күресу, электр тарату жүйелерінің тіректерін қорғаныш материалдарымен жабдықтау керек.

Барыс. Қазақстандағы ең үлкен жабайы мысық. Тянь – Шань, Жоңғар Алатауы мен Алтайдың биік тауларында мекендейді. Саны 200-ден аспайды және жыл сайын кемуде. Негізгі себептері – қасақылық және таутекелер мен басқа жабайы тұяқтылардың санының кемуіне байланысты азық қорының азаюы.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Мәтіннен таныс емес жаңа сөздерді, сөз тіркестерін аударыңыз.

3. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, қосымшаның түрін анықтаңыз, сөйлемді көшіріп жазыңыз.

Қазақстан Республикасы... Қызыл кітаб... – республика территориясы... кездесетін сирек, саны азай... немесе жойылып кет... қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түр...і туралы оларды ғылыми зерттеу, қорғау, қалпына келтіру ... тиімді пайдалану туралы толық мәліметтері бар негізгі құжат.

4. Жаңа сөздерді жаттаңыз.