
- •Мамандық әлемінде
- •Он маман
- •Менің мамандығым
- •Қ.И. Сәтбаев – тұңғыш академик
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Банк қызметі
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Маркетингтік қызмет
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. «болашақ» бағдарламасы
- •Инфляция
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Ұлттық байлық
- •Қазақстанның пайдалы қазбалары
- •Менеджментті дайындайтын үш орталық
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Жарнама
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Бухгалтерлік есеп
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Демократия формалары
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •Менеджмент
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Лицензия
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Өсімдік және медицина
- •Аукцион
Демократия формалары
Еуропада Нидерландия, Франция, Германияда басқару ісіне жұмысшылардың қатысуы заңды түрде бекітілген. 1950 жылдары Германияда директорлар кеңесіне жұмысшылардың дауыс беру құқығына міндетті түрде қатысу керектігі заң бойынша қабылданған.
Жапониядағы "басқаруға қатысты" жүйесі ұлттық экономиканың барлық деңгейлерінде қызмет етеді:
• Жұмыс орны, учаске, цех деңгейінде – сапа үйірмелері және автономды бригадалар түрінде;
• Кәсіпорын деңгейінде – қызметшілер өкілдері мен әкімшілікті қосатын өндірістік комитеттер, сонымен қатар "жұмысшы - директор" түрінде;
• Мамандық өкілдері мен басқарушылардан тұратын салалы, кеңестік комитеттер түрінде;
• Жұмысшылар шешім қабылдау процесіне шаруашылық-еңбектік, басқару және әлеуметтік саясат сұрақтары бойынша қатысуға құқылы;
• Басқарудың іс-әрекеттік, әлеуметтік аспектісін күшейту, ұйым мәдениетіне назар аудару. Жұмысшылардың, басқару функцияларын орындауға қатысуы.
Қазақстандағы менеджменттің шет елдік менеджменттен айырмашылығы мынадай: АҚШ-та және Батыс Еуропада жұмысшыларды басқару ісіне тарту белсенді. Қазақстанда жұмысшыларды басқару ісіне тарту бәсеңдігімен ерекшеленеді. Бұдан шығаратын қорытынды: жапондық фирмалардың жоғарғы деңгейдегі бәсекеге тұрақтылығы жұмысшыларға байланысты, жапондық менеджерлер фирманың потенциалы жұмысшылардың шеберлігі деп есептейді.
Жаңа сөздер:
басқару ісіне – құқылы –
директорлар кеңесі – назар аудару –
дауыс беру – белсенді –
заң бойынша – бәсең –
міндетті түрде – жұмысшылардың шеберлігі –
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып, аударыңыз.
2. Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.
3. Жаңа сөздерді жаттаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.
2. Күзекова З. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана: Таным, 2003.
3. Қарабаева Қ. Қазақ тілі. Алматы: Қазақ университеті, 2004.
4. Күзекова З., Қарақұсова Г. Қазақ тілі (ЖОО экономика факультеттеріне арналған). Алматы: Қаржы-қаражат, 1997.
5. Әкімбеков С. Баймұхамбетова А. Жанайдаров У., Экономикалық теория. Алматы, 2001.
6. Байгісиев М., Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы, 1998.
7. БайжомартовҮ.С.,Жүнісов Б.А., Мүсіров Ғ.М., Экономикалық ілімдер тарихы. Ақтөбе, 2005.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (1-тақырып) [қосымша 1, 15]
1. «Табиғатты аяла» шығарма немесе слайд жасаңыз.
2. Конспект «Демократия формалары»
12-тақырып. Жер құнары-өмір нәрі. Ақ бидай Кәсіби мәтін: Менеджмент.
Сабақтас құрмалас сөйлем. (мезгіл, мекен, мақсат)
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары:
1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
2. Тапсырмаларды орындау
3. Кәсіби мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.
4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Жер құнары - өмір нәрі
Жер деген – әркімнің туған анасы тәрізді. Жалпы адамзат баласының өмір сүрген ортасы жер планетасы болғандықан, жерде өсетін өнімдер түрлі жеміс-жидек көкөністер мен олардан бөлінетін дәрумендер адам организміне өз пайдасын тигізеді. Жердің құнары – адам өмірінің нәрі. Егер жерді сүйсең, сырын білсең, ол саған құнары мен нәрін береді. Жер – ана тәрізді, жыламасаң, еңбек етіп тер төкпесең, ештеңе бермейді. Жер еңбек еткенді сүйеді. Еңбек оны түрлендіреді. Еңбек жердің қасиетін, құдіретін аңызға айналдырады. Біздің осы көп өнім алып жүрген жеріміз күнделікті түрлендіріп, гүлдендіріп бағып - күтуді талап етеді.
Мұндай жерден өнімді тыңайтқыштың күшімен және еңбектің, мына қолдың күшімен алып келеміз. Мысалы: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақал-мәтелдерде осының дәлелі. Сол себепті «жердің қасиетін арпа,бидай дән егіп, оны орған біледі» демекші, күнделікті өмірде тұтынатын тағамдар мысалы, нанның өзі жерден өсіп шығатын арпа, бидайдан алынатынын білеміз.
Жерді сүйіп қана қою жеткіліксіз, оны баптап, аялай білу керек. Жерді білу дегеніміз – оның қасиетін, топырағының қасиетін, білу деген сөз.
Тапсырмалар.
Мәтін бойынша сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыз.
Мәтінді оқып аударып, түсінгендеріңіз туралы әңгімелеңіз.
«Жер туралы», «Еңбек туралы» мақал-мәтелдерді дәптерлеріңізге жазып жаттап алыңыз.
Жер, өнім, өмір, еңбек, аяла сөзерін қатыстырып сөйлем құрастырып жазыңыз.
Жерді сүйіп қана қою жеткіліксіз, оны баптап, аялай білу керек. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.