
- •Мамандық әлемінде
- •Он маман
- •Менің мамандығым
- •Қ.И. Сәтбаев – тұңғыш академик
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Банк қызметі
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Маркетингтік қызмет
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. «болашақ» бағдарламасы
- •Инфляция
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Ұлттық байлық
- •Қазақстанның пайдалы қазбалары
- •Менеджментті дайындайтын үш орталық
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Экономикалық тәуелсіздік
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Жарнама
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Бухгалтерлік есеп
- •Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Демократия формалары
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою. Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •Менеджмент
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •Лицензия
- •1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.
- •2. Тапсырмаларды орындау.
- •4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.
- •Өсімдік және медицина
- •Аукцион
Ұлттық теңгеміз туралы
Ақша жалпы эквивалент рөлін атқарды. Заңды төлем қызметін атқаратын ақшаның түрлеріне қағаз ақшалар (банкноттар) және ұсақ металл ақшалар жатады. Қазақ елінің ақша бірлігі «теңге» деп аталады. Олар: 1, 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000, 5000, 10000-дық теңгелер.
Әрбір елдің тағдырында үлкен тарих, шежіре жатыр. Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болдық. Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар. Елтаңба, Әнұран және Туымызбен бірге тағы бір белгі – ұлттық теңгеміз бар. Ұлттық теңге 1993 жылы 15 қарашада дүниеге келді.
Теңгенің авторы болу бақытты қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалиев пен Мендібай Әлиннің үлесіне тиді. Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін елге жеткізді.
Адамдардың ішкі сырын білуге болады, ал теңгедегі 16-ға жуық құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған.
Біз мемлекеттік рәміздерді және ұлттық теңгемізді құрметтейміз. Себебі, теңге – тәуелсіздіктің үлкен бір белгісі, әрі халық үшін ХХ-шы ғасырдағы үлкен жетістік.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.
2. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
Еліміз тәуелсіздікті қашан алды?
Тәуелсіздіктің қандай белгілері бар?
Сіздің елде басқа елдің валютасы жүре ме?
Ұлттық валюта қай жылдан бастап айналысқа енді?
3. Сөйлемдегі етістіктер қандай етістерде тұрғанын көрсетіңіз.
Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған.
Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін елге жеткізді.
Бухгалтерлік есеп
Бухгалтерлік есеп – кәсіпорынның қаржы және шаруашылық қызметінің нәтижелерін есепке алу жүйесі. Нарықтық қатынасқа көшу кезінде кәсіпорында бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы мен оның жайы үшін басты жауапкершілік кәсіпорынның иесіне немесе жауапты басшыға жүктеледі. Олар меншік иесі алдында мүлік пен қабылданған міндеттеме үшін, сондай-ақ кәсіпорынның пайдалы жұмыс істеуі үшін жауап береді.
Бухгалтерлік есепті олардың өздерінің жүргізуіне, немесе бухгалтер жалдауына, бухгалтерлік есеп жүргізуге маманданған фирмамен келісуіне болады. Бухгалтерлік есептің функциясы да өзгеруде. Оның көмегімен кәсіпорынның өз мүлкіне, қаржы міндеттемесі мен пайдасына, сондай-ақ тәуекелге және инвестициялардан түседі деп күтілетін кіріске баға беріледі. Бұл үшін бухгалтерлік баланстарда қолда бар мүлікті, меншікті қаржы қорын және қарыз қаржыларын көрсету керек.
Жаңа сөздер:
қаржы және шаруашылық қызметі – есепке алу жүйесі –
әкімшілік жүйесі – басты жауапкершілік –
меншік иесі – мүлік –
қабылданған міндеттеме – жалдау –
маманданған фирмамен келісу – қаржы міндеттемесі мен пайда –
тәуекел – күтілетін кіріс –
қолда бар мүлік – қаржы қоры және қарыз қаржысы
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып, аударыңыз.
2. Мәтінді әңгімелеуге қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңыз.
3. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, қосымшаның түрін анықтаңыз, сөйлемді көшіріп жазыңыз (екі сөзді сөз құрамына талдаңыз).
Нарық... қатынасқа көш... кезінде кәсіпорын... бухгалтер... есептің ұйым...тыр...уы мен оның жайы үшін басты жауап...шілік кәсіпорынның иесіне немесе жауапты бас...ға жүктел...ді.
4. Мәтінге синтаксистік талдау жасаңыз.
5. Жаңа сөздерді жаттаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.
2. Күзекова З. Қазақ тілі. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (тілдерді оқытып үйретудің ортаңғы кезеңі үшін). Астана: Таным, 2003.
3. Қарабаева Қ. Қазақ тілі. Алматы: Қазақ университеті, 2004.
4. Күзекова З., Қарақұсова Г. Қазақ тілі (ЖОО экономика факультеттеріне арналған). Алматы: Қаржы-қаражат, 1997.
5. Әкімбеков С. Баймұхамбетова А. Жанайдаров У. Экономикалық теория. Алматы, 2001.
6. Байгісиев М., Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы, 1998.
7. БайжомартовҮ.С.,Жүнісов Б.А., Мүсіров Ғ.М. Экономикалық ілімдер тарихы. Ақтөбе, 2005.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (13-тақырып) [қосымша 5, 15]
1. Реферат немесе слайд «Әлем валютасы»
2. «Ақша» сөзімен экономикалық сөздік жасаңыз.
10-тақырып. Қазақстанның географиялық орны. Қазақстан климаты. Кәсіби мәтін: Кеден Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем. Ыңғайлас, қарсылықты с.қ.с.