Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақ тілі Оқу материалыІІ семестр ЭИ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
132.77 Кб
Скачать

ІІ семестр

1-тақырып. Мамандық әлемінде. Менің мамандығым. Қ.И. Сәтбаев – тұңғыш академик. Есімше.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары:

1. Грамматикалық тақырыптарға мысалдарды мәтіндерден табу.

2. Тапсырмаларды орындау

3. Мәтіндерге қатысты жаңа сөздермен таныстыру.

4. Өтілген тақырыптар бойынша студенттерге сұрақтар қою.

Мамандық әлемінде

Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші, журналшы, мүсінші, суретші, сәулетші, экономист, есепші, ұшқыш, ғарышкер болу үшін оқу керек. Жақсы жұмысшы, кенші, металлург, жүргізуші, балташы, құрылысшы, тоқымашы, тігінші болу үшін өндірісте істеу керек. Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Ал, аяқ киім жөндеуші, сатушы, шаштараз, сағат шебері, зергер болу үшін тұрмыстық қызмет көрсететін салада істеу керек. Өнер саласына жататын мамандықтар: әнші, биші, музыкант, композитор, режиссер, т.б.

Сіздің мамандығыңыз қандай? Мамандығыңыз қай салада? Өзіңіздің салаңызда жақсы маман болу үшін не істеуіңіз керек?

Тапсырмалар:

  1. Мәтінді аударыңыз.

  2. Мәтін бойынша сұрақ дайындаңыз.

  3. Мамандық атауларын сала бойынша қойып жазыңыз.

  4. «Мамандық» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

  5. Оқып, аударып, жаттап алыңыз.

Он маман

Бір баламыз – бақташы,

Екіншісі - егінші,

Үшіншісі – үлгіші,

Төртіншісі – теңізші,

Бесіншісі – балташы,

Алтыншысы – аспазшы,

Жетіншісі – жылқышы,

Сегізіншісі – сырнайшы,

Тоғызыншысы – тігінші,

Оныншысы – орманшы.

(Ермек Өтетілеуұлы)

Менің мамандығым

Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Әр адам өмірінде бір мамандықтың иесі болуға тиіс. Ол үшін көп еңбектену керек. Ең алдымен өз мамандығыңның қыр-сырын үйренуге міндетті. Қай мамандық болсын, адамға көптеген талаптар қояды. Жақсы маман, яғни инженер, экономист, ғалым, менеджер, сәулеткер, маркетолог, есепші, аудитор, оқытушы болу үшін жақсы оқу қажет. Ал жақсы жұмысшы, кенші, құрылысшы, металлург, жүргізуші, балташы, тоқымашы, тігінші болу үшін, өндірісте жақсы істеу керек. Ауыл шаруашылығында жұмыс істесең, онда сенің бақташы, диқан, шопан, сауыншы, бағбан, омарташы атанарың анық.

Қазіргі заманда болашақ мамандарға қойылатын талаптардың бірі оның теориялық білімі мен іскерлік қасиеттерін ұштастыра білуі. Сонда ғана ол жақсы жұмысқа орналасып жұмыссыз қалмауы мүмкін.

Өзім экономика және менеджмент факультетінде оқимын. Болашақ мамандығым өзіме ұнайды. Маркетинг мамандығы бойынша білім алудамын. Алғашқы екі курста біз жалпы пәндерді оқимыз. Жоғары курстарда мамандық пәндері басталады. Бірінші курсты аяқтап, шілде айында біз өндірістік практикаға барамыз. Біздің практикамыз Қарқаралы ауданында орналасқан университеттің «Политехник» демалыс зонасында өтеді. Қарқаралы көрікті де әдемі жер. Қазақ халқының өмірі табиғатпен тығыз байланыста өткен. Сондықтан да табиғатты қастерлеп киелі деп санаған, оған сүйіспеншілікпен қарап, қамқорлық жасап, аялаған. Ол жерде біз әртүрлі зерттеу жұмыстарын жүргіземіз. Бұл практика біздің мамандығымызға деген үлкен қызығушылығымызды арттырады. Осы мамандықты қалағаныма өкінбеймін, өйткені оның болашағы зор. Университетті бітіріп жақсы маман болып, алған білімімді Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдер арасына кіруіне өз үлесімді қосуға бар күшімді саламын.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдаңыз.

2. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Қандай мамандықтарды білесің?

  • Сенің туыстарың кім болып істейді?

  • Өзің қай жерде оқисың?

  • Сенің болашақ мамандығың қандай?

3. Мәтін бойынша ауызша сұхбат дайындаңыз.

4. Жақсы маман болу үшін не істеуіңіз керек? Осы тақырыпта сұхбат құрастырыңыз.

5. Өнер туралы қандай мақал-мәтел білесіз?