Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хожин.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
712.7 Кб
Скачать

6.1 Сурет– Қосалқы станцияның құрылымдық (а), қысқартылған(упрашенный) (б) сұлбалары және толық бірсызықты (в) сұлбалардың үзіндісі

 

         Станцияның  және  қосалқы  станцияның  сұлбаларын  таңдаған  кезде  станцияның және қосалқы станцияның энергожүйедегі маңыздылығы мен

қызметін, олардың энергожүйедегі орнын, электрқамтамасыздандыру  сенім-ділік деңгейі бойынша тұтынушылар санатын кеңейту және даму  деңгейін ескеру  қажет.

Электрқондырғылардың сұлбасын таңдаған  кезде мүмкін болатын ҚТ тоқ деңгейін  және қажет  жағдайда тоқ  шектегіш қондырғыларын ескеру  қажет.

Электрқондырғылардың  бас сұлбасын таңдауға әсер ететін күрделі  комплекстік талаптардан тұтынушылар  санатын, тұтынушылардың  электр-қамтамасыздандыру сенімділігін,  жөндеу  жұмысын  жүргізуге  бейімділігін, сұлбаның икемділігі және оның экономикалық мақсаттылығын аңғаруға  болады.

Сенімдік талаптары негізгілердің бірі болып  табылады. Бұл  сенімділік  астына жүйе және  аппараттың  сенімділігі берілген  процесс параметрлерін   сақтай отырып, әртүрлі қолданыс  кезіндегі сұлбаның  өз  функциясын  сақтау  қасиеті кіреді.

Жөндеу жұмысына бейімділігі жөндеу жұмысын ешбір ақаусыз жүргізумен немесе тұтынушылардың электрқамтамасыздандыруды шектеу-мен  анықталады.

Сұлбаның оперативті иілгіштігі (гибкость) оның қажетті қолданыс  режимін туғызу бейімділігімен оперативті қайта қосуды жүргізумен  анықта-лады. Оперативті икемділік оперативті қайта қосылудың санымен,   күрделі-гімен, ұзақтылығымен бағаланады.

Бас сұлбалардың тиімділігін бағалау, қабылданған техникалық  шешімдердің экономикалық тиімділігін талдау әдістемесі бойынша қор  салымдығын және жылдағы қолданыс шығындарын ескеретін әртүрлі  сұлба  нұсқауларын орындауға кеткен есептік  шығындарды салыстыра отырып іске  асырылады.

Бас сұлбаның икемділігі (маневренность) сұлбаның өзгерген жұмыс  шартына оңай бейімделу мүмкіндігін көрсетеді.  

Күту қауіпсіздік шарты  маңызды болып табылады.

 

6.2 Электр станциялары  және  қосалқы  станцияларының     

құрылымдық  сұлбалары

 

6.2 суретінде ЖЭО-ның  құрылымдық  сұлбасының  кейбір  нұсқаулары  көрсетілген. Егер ЖЭО кернеуі U=610кВ тұтынушылардың қасында  орналасса, 6-10кВ  кернеуге генераторлық тарату құрылғысы  (ГТҚ) болуы  керек. ГТҚ  қосылатын  генератор  саны 6-10 кВ жүктемесіне байланысты. 6.2, а  суретінде екі  генератор  ГТҚ-на  қосылған, ал  біреуі  қуатты,  ол  шарт  бойынша жоғарғы кернеу тарату құрылғысына (ЖК  ТҚ) қосылған. Осы ТҚ-ға    жалғанған 110-220 кВ желі, энергожүйемен  байланыс  орнатады.

Егер ЖЭО қасында энергосыйымдылықты өндіріс болса, ол 35-110кВ ӘЖ  арқылы қоректенеді. Мұндай жағдайда ЖЭО 6.2, б суретіндегідей орта  кернеу тарату  құрылғысы (ОК ТҚ)  қарастырылады. Әртүрлі  ТҚ  арасындағы  байланыс үш орамды трансформаторлар және  автотрансформаторлар  арқылы  іске асады.

 

 

6.2 Сурет– ЖЭО   құрылымдық  сұлбалар  нұсқаулары

 

6-10 кВ шиналарының аз жүктемелерінде генератормен жоғарылатқыш  трансформаторды блок түрінде жалғау тиімді болып табылады.  Қазіргі қуатты ЖЭО блок қосылысы түрінде келеді.

6.3 суретінде станцияның құрылымдық сұлбасы электрэнергияны жоғары кернеумен тарату құндылығымен көрсетілген. Бұл КЭС, СЭС және АЭС-лары сияқты қуатты станциялар. Мұндай станциялардың қасында  тұтынушылардың болмауы ГТҚ-ны қажет етпейді. Барлық генераторлар жоғарылатқыш трансформаторлар мен блок түрінде болады. Егер электрэнергия жоғарғы  және  орта кернеумен берілсе, 6.3 б және 6,3 в суретінде көрсетілгендей ТҚ араларындағы байланыс, генератормен блок түрінде қосылған байланыс автотрансформаторы  және  автотрансформатор  арқылы  іске асады.

 

 

6.3 Сурет -  КЭС, СЭС, АЭС  құрылымдық  сұлбалары

 

Құрылымдық сұлбаны анықтағаннан кейін соңғы бір сызықты электр-қосылыстың бас сұлбасын көрсететін  электр  қондырғы  сұлбасын  көрсетеді. 

 

6.3  ЖЭО-дағы байланыс трансформаторының саны мен қуатын    

таңдау

 

Генератор кернеуіндегі шинасы бар станцияларда бұл шиналарды жоғарғы кернеу шиналарымен қосу үшін байланыс трансформаторы  қарас-тырылады. Байланыс  трансформаторлардың саны  үштен  аспайды,  көбіне олар  екеу болады. 

Байланыс трансформаторлары өзіндік мұқтаждық жүктемесін және

генератор кернеуіндегі тарату құрылғылардың минималды жүктеме



периодындағы жүктемелерін ескермегендегі генератортор өндірген барлық  активті  және реактивті қуаттың  бәрін  энергожүйеге  берілуін  қамтамасыз  етуі  қажет. Трансформатор арқылы берілетін қуат әртүрлі мәндерді генератор cos  -ін, тұтынушыларды және жүктемелерді ескере отырып  анықталады

мұнда Рr, Qr- жинақ  шиналарына  қосылған генератордың қосынды  активті  және  реактивті  қуаттары,

Рн, Qн - ГТҚ-ның  активті  және  реактивті  жүктемесі;

Рс,н, Qс,н - өзіндік  мұқтаждықтың  активті  және  реактивті  жүктемесі.

 

Белгілі  максималды  жүтемеде  байланыс  трансформаторының  қуаты  анықталады. Екі   трансформаторды  орнатқан  кезде

мұнда   КП - трансформатордың  асқын  жүктелуіне  рұқсат коэффициенті.